Opындaғaн: Әуелжан м мамандығы: география-тарих Тeкcepгeн



бет3/3
Дата10.03.2023
өлшемі92.87 Kb.
#470607
1   2   3
8тап каз физ геог

Қорытынды

Республика мұздықтарының ірі шоғырлары ірі өзендері басталатын жерлерде орналасқан. Сондықтан мұздың суы – тау өзендерінің қоректену көзі. Тау өзендерінің басталар жерінде суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суынан құралады. Алтайдың Қатын, Үлбі, Шарыш өзендері, Жетісу Алатауында Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, Биен, Көксу, Тянь-Шань тау жүйесіндегі Үлкен, Кіші Алматы, Есік, Түрген, Шарын, Текес, Күнгес өзендері мұздықтардан басталады. Қазақстанның биік тауларында климат қатал. Қыста мұз бетінің температурасы – 10°С-қа төмендейді. Жазда мұздың беткі қабаты еріген кезде температура 0°С шамасында болады. Биік таулардың мұндай қатал климаты мұздықтармен жапсарлас жатқан жерлерге де əсерін тигізеді. Қазақстан тауларында ауданы 20000 км²-дей, көп жылдық тоң зонасы қалыптасқан. Көп жылдық тоңның төменгі шекарасы Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м, Жетісу Алатауында 2800 м жəне Тянь-Шань жоталарында 3000 м биіктікпен өтеді. Қазіргі кезде республика мұздықтарының көлемі кішіреюде. Орташа алғанда, Алтайдың мұздықтары жылына 15-20 м-ге, Жетісу Алатауында 30-40 м-ге, Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына 30 м-ге дейін шегініп отырады.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Ə.Бейсенова, Қ.Карпеков Қазақстанның физикалық географиясы. – Алматы: «Атамұра» 2004. - 255 с.


2. Берг Л.С. и Игнатов П. О колебаниях уровня озер Средней Азии и Западной Сибири. Известия Императорского Русского географического общества №1, 1910.
3. Вилесов Е. Н., Уваров В. Н. Эвалюция современного оледенения в Заилийском Алатау в ХХ веке. – Алматы: КазГу, 1999. – 87 с.
4. Оледенение Тянь-Шаня / Пол ред. М.Б. Дюргерова, Лю Шаохая и Се Зичу.- М., 1995. – 234 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет