Оразаның дәлелді жағдайлармен тоқтатылуы
Әйелдердің хайыз және нифас күндерінің келуі;
Адамды қауіп-қатерден құтқаруға байланысты, мысалы, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде су жұту т.б.
Сапарға шығып, мүсәпір болған жағдайда намазды қасыр оқуға және ораза ұстамауға рұқсат етіледі;
Науқастың ораза ұстайтын күш-қуаты болмаса, не аурудың асқынуынан қорықса;
Екіқабат не бала емізетін әйел өзіне не баласына нұқсан келуінен күмәнданса.
* Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты ораза тұтуды тоқтатқан адамдар кейін күніне күн қазасын өтейді.
ЖАМАН ІСТЕН ТЫЙЫЛУ
«Сіздерден біріңіз ораза ұстаса жаман сөз айтпасын, дауласпасын! Оны біреу балиғаттаса немесе дауласса, ол: «Мен оразамын», – деп айтсын».
Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және имам Муслим риуят етті.
«Кім жалған айтудан және жалғандыққа барудан тыйылмаса, Аллаһ Тағала оның ішпей-жемей жүргенін қажет етпейді».
Хадисті Әбу Һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари риуаят етті.
Оразада ұмытып жеу
«Сендерден кімде-кім оразада ұмытып ішіп-жеп қойса, оны Аллаһ Тағала тамақтандырып, сусындатқаны. Ол адам оразасын толықтырсын».
Түсініктеме: «…оразасын толықтырсын…» – шариғат бойынша төмендегідей жағдайда ораза бұзылмайды:
Ұмытып ішіп-жеу. Бұл жағдайда ораза екені еске түскеннен ішіп-жеуден тыйылу керек;
Әлсірететіндей мөлшерде қан алдыру. Анализ үшін қан алдырту оразаны бұзбайды;
Еріксіз тамағына түтін, тозаң, шыбын кіру.
Бой дәретсіз таң атыру. Мысалы, ерлі-зайыптылар жыныс қатынасынан кейін;
Түкірік жұту;
Тістің арасындағы көлемі бұршақтан кішкентай нәрсені жұту;
Ұйықтап жатып ихтилам болу.
Хадисті Әбу Һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
Достарыңызбен бөлісу: |