Дәрет алып бастарда:
Арабшасы: اَلحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى جَعَلَ الْمَاءَ طَهُورًاوَجَعَلَ اْلاِسْلاَمَ نُورًا
Оқылуы: Әлхамдулилляһил ләзии жәъәләл мәә-а таһууран уә жәъәләл исләәмә нуран
Мағынасы: Суды тазалаушы, Исламды нұр қылған Аллаһ Тағалаға мақтау-мадақ болсын!
Ауыз шаярда:
Арабшасы: اَللّٰهُمَّ اَسْقِنِي مِنْ حَوْضِ نَبِيِّكَ كَاْساً لاَ أَظْمَأُ بَعْدَهُ أَبَداً
Оқылуы: Аллаһумма әсқинии мин хәудый нәбиикә кә’сән лә әзмәу бәъдәһу әбәдән
Мағынасы: Аллаһым! Маған Пайғамбардың (с.а.у.) хауызынан еш шөлдеместей бір кесе су ішкіз.
Мұрын шаярда:
Арабшасы: اَللّٰهُمَّ لاَتَحْرِمْن۪ى رَائِحَةَ نَعِيمِكَ وَجِنَانِكَ
Оқылуы: Аллаһумма лә тәхримни рааихәтә нәъиимикә уә жинәәникә
Мағынасы: Аллаһым! Мені нығметтеріңнің және Жәннаттарыңның хош иісінен мақұрым етпе!
Жүз жуарда:
Арабшасы: اَللّٰهُمَّ بَيِّضْ وَجْهِى بِنُورِكَ يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ
Оқылуы:Аллаһумма бәийд уәжһи бинуурикә йәумә тәбиәдду ужууһун уә тәсуәдду ужууһун
Мағынасы: Аллаһым! Қаншама жүздердің ағарып, жарқырап, қаншама жүздердің қарайып, түнеретін күні жүзімді нұрыңмен ағарт, нұрландыр!
Оң қолды жуарда:
Арабшасы: اَللّٰهُمَّ أَعْطِنِى كِتَابِى بِيَمِينِى وَحَاسِبْنِى حِسَاباً يَسِيراً
Оқылуы: Аллаһумма аътыйни китәәбии би йәмиинии уә хәәсибнии хисәәбән йәсиран
Мағынасы: Аллаһым! Амал дәптерімді оң жағымнан бер, есебімді жеңіл ет!
Сол қолды жуарда:
Арабшасы: اَللّٰهُمَّ لاَ تُعْطِن۪ى كِتَابِى بِشِمَالِى وَلَامِنْ وَرَاءِ ظَهْر۪ى وَلاَتُحَاسِبْنِى حِسَابًا شَدِيدًا
Оқылуы:Аллаһумма лә туътыйнии китәәбии шимәәлии уә лә мин уәрааи заһри уә лә тухәәсибнии хисәәбән шәдиидән
Мағынасы:Аллаһым! Амал дәптерімді сол жағымнан берме, есебімді қиындатпа!
Басқа мәсіх тартарда:
Арабшасы: اَللّٰهُمَّ غَشِّنِى بِرَحْمَتِكَ وَاَنْزِلْ عَلَىَّ مِنْ بَرَكَاتِكَ
Оқылуы: Аллаһумма ғашшинии би рахматика уә әнзил ъәләийә мин бәракәәтикә
Мағынасы: Аллаһым! Мені рахметіңе бөле! Берекетіңді жаудыр!
Достарыңызбен бөлісу: |