Ораза тұту – парыз


Оразаны бұзбайтын жағдайлар



бет4/6
Дата13.09.2023
өлшемі0.76 Mb.
#477472
1   2   3   4   5   6
Ораза ережелері

Оразаны бұзбайтын жағдайлар

  1. Күндізгі уақытта біле тұра қасақана ішіп-жеу;

  2. Жыныс қатынасына бару;

  3. Әдейі несептен мәни шығару;

  4. Әдейі құсу;

  5. Асқазан, ішекті жуу мақсатымен клизма жасату не ине арқылы қорек болатын дәріні бойға сіңіру;

  6. Әйелдің етеккірі немесе босануы кезінде қан кетуі;

Ескерту:
* Рамазан айының күндізгі уақытында қасақана жыныс қатынасына барғандар сол күннің қазасын өтейді әрі арасын бөлместен екі ай бойы ораза тұтып, күнәсін жуады. Егер оған шамасы келмесе 60 міскінді тойдыра тамақтандырады.
* Кімде-кім оразаның қаза болған күндерін өтемек болса, келесі Рамазан айы басталғанға шейін қазасын өтеуге асығуы тиіс.


Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы…
Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру – уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең, яки кешке тамақтандыру жеткілікті.
Құранда Аллаһ Тағала: «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін», (Бақара, 2/184) – дейді. Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят – кәрі адамдар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». Дегенмен кейбір қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе, Аллаһтан кешірім тілейді. «Аллаһ адамға көтере алмайтын жүкті бермейді» (Бақара, 2/186.3).
Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның уәжіп болғаны жайлы Ислам факиһтері арасында ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес. Оған мына аят дәлел: «Аллаһ сендерге дінде қиыншылық жасаған емес» (Хаж, 22/78).
Оразаны бұзбайтын жағдайлар
Ұмытып ішіп-жеу немесе білмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізгенде Аллаһ» (Муслим, Сиям. 171). Басқа бір хадисте: «Рамазанда ұмытып оразасын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес» (Ибн Мажә. Сиям. 15) – делінген. Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.

  1. Бір адам таңертең жүніп болып тұрса және кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бірақ әлбетте намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз. Аллаһ Құранда: «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар», (Маида, 5/6) – дейді.

  2. Қан алдыру немесе сүлік салдыру оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қажылықта аузы берік кезінде қан алдырған. (Бухари. Тыбб. 11).

  3. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.

  4. Көзге, құлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.

  5. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану – сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып, жуу.

  6. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.

  7. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.

  8. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішіне тартса, ораза бұзылады.

  9. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсе тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.

  10. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді.

  11. Еріксіз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі де.

  12. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет