Оразгүл хасенқызы мұхатова


Иллюстрацияларды рәсімдеу және безендіру



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата24.07.2023
өлшемі0.49 Mb.
#475799
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
treatise18760

Иллюстрацияларды рәсімдеу және безендіру 


Иллюстрациялар (сызбалар, карталар, графикалар, тізбелер, компьютерлік 
шығарылымдар, диаграммалар, фототүсірілімдер) диссертацияның мәтінінде 
белгілі бір мәселегеге қатысты айтылатын тұста соған сәйкес, мәтіннен кейін 
қойылады. Егер иллюстрациялар бір бетке сыймай келесі бетінде жалғасын 
тапса, онда оның жалғасы деп көрсетіледі. Иллюстрацияларды компьютерлік 
нұсқада және түрлі-түсті етіп беруге болады. Диссертацияда барлық 
иллюстрацияларға сілтемелер жасалуы тиіс. 
Диссертацияға қойылған барлық сызбалар, тізбелер, диаграммалар, 
сызықтар, иллюстрациялар Біртұтас конструкторлық құжаттама жүйесінің 
мемлекеттік стандарттарына (БКҚЖ) сәйкес келуі тиіс.
Сызбаларды, графиктерді, диаграммаларды, тізбелерді компьютерлік 
басылым түрінде орындау арқылы қолдануға болады.
А4 форматтан кіші көлемдегі фототүсірілімдер стандартты ақ қағазға 
желімделуі тиіс.
Иллюстрациялар олардың қосымшаларынан өзгелері араб цифраларымен 
реттік қатарда нөмірленуі қажет.
Егер сурет біреу ғана болса, онда ол " 1 сурет" деп белгіленеді. "Сурет" 
деген сөз және оның атауы сөйлем ортасына жазылады. Иллюстрацияларды 
тараудың ішінде де нөмірлеуге жол беріледі. Мұндай жағдайда 
иллюстрацияның нөмірі тарау және иллюстрация нөмірінен тұрады, араларына 
нүкте қойылады. Мысалы, « 1.1 сурет». 
Иллюстрациялардың қажет жағдайда атаулары және түсініктеме жазбасы 
(суретті сипаттайтын мәтін) болуы мүмкін. "Сурет" сөзі және оның атауы ол 
туралы мәлімет берілгенгеннен кейін мынадай түрде қойылады: 1 – сурет. 
Азаматтардың құқықтары туралы Декларация. 
Әрбір қосымшаның иллюстрациясына жеке нөмір араб цифраларымен оның 
алдына қосымшаның белгісі қосылып, қойылады. Мысалы, 3 А сурет. 
Иллюстрациялар Г қосымшасына сәйкес рәсімделіп, безендіріледі.
Иллюстрацияларға сілтемелер берілген жағдайда тарау ішінде нөмірлеуді 
былайша «...2 суретке сәйкес» реттік нөмір қойылғанда, «...1.2 суретке сәйкес» 
жазу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет