Кесте диссертацияда мәтіннен кейін қойылады, алайда ол туралы жоғары
жағында айтылады. Мысалы,
«Құжат және құжаттану ғылымының қалыптасуы, оның ішінде құжаттама
жүйелері, құжат айналымы және т.б. туралы Н.Н Кушнаренко, В.А. Кудряев, В.
Ларьков, В.И. Калтунова, А.Н. Сокова, В. Гельман-Виноградов, В.В. Пеневчик
өз пікірлерін білдіріп, еңбектерінде ой тұжырымдаған. Аталған еңбектерде
құжаттану
ғылымының
теориялық-методологиялық
мәселелері
және
қолданбалы аспектілері қарастырылған. Құжаттанудың
теориялық негіздері,
соның ішінде құжатұғымы айқындалып, оның анықтамасы берілген. Осы
бағытта жазылған еңбектердің арасынан М.В. Ларинның, Н.С. Ларьковтің
зерттеулері құнды болып табылады. Айтылған ойды жүйелеп, көрнекі түрде
ықшамдап, кесте түрінде көрсетуге болады.
1-кесте.
Құжат ұғымының туралы көзқарастар
Р.с автор
Еңбектің атауы
Пікірі немесе тұжырымы
1.
Н.С. Ларьков
Документоведение
Құжат («документум» латын
тілінен аударғанда - куәлік) –
бұл
ақпараттық мәліметтер
жазылған, оны уақыт пен
кеңістікте жеткізуге арналған
материалды тасымалдаушы.
Құжат
бейнені,
мәтінді,
дыбысты
және
өзге
де
ақпаратты мазмұндайды.
2.
М.В. Ларин
Управление докумен -
тацией в организациях
Кестеде берілген мәліметтер міндетті түрде талдануы тиіс. Сондықтан да
кестеге сілтеме жасалып, ой түйінделеді. Кестеден кейін жазылатын тұжырым
«кестеден көріп отырғанымыздай» немесе «кестеден көрінетіндей» деген
тәрізді сөздерден басталады. Мсыалы, өзіміз көрсеткен кесте жайында айтатын
болсақ,
Осылайша, диссертацияның мәтініне байланысты бірнеше кестелерді беруге
болады. Алайда оларға жұмыста сілтеме жасалуы тиіс. Кестелер реттік қатарда
нөмірленіп беріледі. Егер кесте үлкен болып, ол жұмыстың келесі бетінде
жалғасатын болса, онда кестенің жалғасы деген
белгі сол жағына қойылады,
алайда оның атауы қайталанбайды. Мысалы, №1 кестенің жалғасы.
Көп санды бағаналардан тұратын кестені бірнеше бөліктерге бөліп, бір
бөлігін бір бетте, екінші бөлігін келесі бетте көрсетуге болады. Дегенмен
кестенің қысқа да нұсқа, бір бетте болғаны дұрыс. Егер жолақтар мен
бағаналар
бір бетке сыймай, келесі бетке көшірілсе, онда оның басты
жолғандағы атаулар мен мәліметтердің атаулары қайталанып беріледі.
Егер кесте графаларының әртүрлі жолақтарында қайталанатын мәтін бір
сөзден тұратын болса, онда бірінші рет жазудан кейін оны тырнақшамен
аыстырға болады; егер сол сөздер екеу және одан көп болса, онда бірінші реткі
қайталаудан кейін «сол да»дегн сөзбен, ал
ары қарай тыршақшамен
аамастыруға болады. Тырнақшаны қайталанатын цифралардың, белгілердің,
мәліметтердің, т.б. орнына қоюға тиым салынады. Егер цифралық немесе өзге
де мәліметтер кесте жолағында көрсетілмесе, онда олардың орнына мәлімет
жоқ дегенді білдертін белгі - сызықша қойылады,
Цифралық материал ереже бойынша кесте түрінде безендіріледі. Кестенің
үлгісі төмендегі 1- суретте берілген. Кесте
берілмес бұрын оның жұмыс
бойынша реттік нөмері және атауы көрсетіледі. Кестенің атауынан кейін нүкте
қойылмайды. Кестенің нөмері араб цифралары арқылы және өспелі түрде
белгіленеді. Содан кейін ғана кестенің өзі сызылады. Мысалы:
1-кесте. Халықаралық ұйымдар құжаттарының жүйесі
Рет
саны
Халықаралық
ұйымдардың атаулары
Құжаттардың
атаулары
сипаттамасы
Құжат
жүйесінің
атауы
1.
Біріккен ұлттар ұйымы
Азаматтардың
құқықтары
туралы
декларация
Ұйымдық-
құқықтық
Әрбір тараудың ішіндегі кестелерді бөлек нөмерлеуге де болады. Мұндай
жағдайда келесі тараудағы кестелер нөмері қайтадан бірден басталады. Қажет
жағдайда кесте шрифтінің мөлшерін кішірейтіп көрсетуге болады. Мәселен,
жұмыс мәтінін 14 шрифтпен, ал кестені 12 шрифтпен беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: