Ордабаева жанар мергалиевна



бет6/14
Дата11.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#128861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қалау рай. Етістіктің қалау, тілек, арман, өтініш, жалыныш мағыналарында айтылған түрі қалау рай деп аталады.

Осы тарауда морфологиялық рай категориясының функционалды сипаты, яғни оның білдіретін мағыналары қарастырылды. Модальділікті білдіретін тіл құралдары сан алуан және олардың барлығын бірге жинақтап беру модальділік категориясын функционалды-семантикалық өріс ретінде қарастырумен байланысты [125].

Алайда етістікке қатысты субьективті модальдылық мағына тек раймен ғана байланысты емес. Модальдылық мағынаның құрамы өте кең, сондықтан ол рай мағынасына сыймайды. Райдан тыс модальдық мағыналарды білдіретін тілде модальдық мағыналы арнайы көрсеткіштер де бар, олар өзінше бір топ құрайды.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне аудағанда модальдылық түп нұсқадағы жолдармен, басқа да жолдамен беріледі немесе мүлдем өзінің формальды көрінісін таппайды. Алайда соңғы жағдайда ол мүлдем көрініс таппайды деп санау дұрыс емес. Бұл айтушының шындыққа қатынасы арнайы модальдық көрсеткіш арқылы емес, ал айтылғанның мазмұнымен беріледі. Басқаша сөзбен айтқанда осы сөйлемде модальдылық эксплицидті емес (ашық айтылған), ал имплицидті (жасырын).

Алайда етістікке қатысты субьективті модальдылық мағына тек раймен ғана байланысты емес. Модальдылық мағынаның құрамы өте кең, сондықтан ол рай мағынасына сыймайды. Райдан тыс модальдық мағыналарды білдіретін тілде модальдық мағыналы арнайы көрсеткіштер де бар, олар өзінше бір топ құрайды [125,56].

Модальдылық мағына ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де, грамматикалық және лексикалық жолдармен беріледі.

Етістіктің рай категориясы тұлғаларының әрқайсысы әр түрлі модальдық мағына да береді. Өйткені сөйлемде айтылатын ой бірде обьективті шындықпен бірдей болса, бірде бірдей болмай шығуы да мүмкін. Соған орай модальдық мағына айтылатын пікірдің ақиқатқа қатынасын не реальді болып, неғайбіл болып көрінеді. Осындай ерекшеліктеріне қарай яғни неғайбіл райлар болып сараланады, реалды–ашық рай нереальды яғни неғайбіл райлар: бұйрық рай, шартты рай, қалау рай [85,281].

Етістіктің рай категориясы деп қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категория деп аталады. Қазақ тілінде төрт түрлі райы бар: ашық рай, бұйрық рай, щарты рай және қалау рай. Осы аталған райлардың қимылдың шындық өмірді білдіру дәрежесі бірдей емес [108,85].

Шартты рай деп қимылдың шындық өмірге қатысын білдірмей, қимыл туралы субьектінің пікірін ғана білдіретін райды атаймыз. Ол қимылдың жасалу-жасалмауына шарт қоятынын білдіреді.

Қазақ тілінде шартты рай деп екінші қимылдың жасалу-жасалмауына шарт болатын қимылды білдіретін етістік аталады.

Шартты райдағы етістік те шындық өмірде болған, шындық өмірге қатысты реальды қимылды білдірмей, сөйлеушінің ойына қатысты қимылды білдіретін болғандықтан, неғайбіл райларға жатады да, шартты модальдылықты білдіреді [109,580].

Ағылшын тілінде шарты рай сөйлеушінің ойында көрініс табатын бейреальды, гипотетикалық іс-қимылды немесе қалыпты білдіреді. Гипотетикалық іс-әрекет қалау, міндеттілік, шарт, ниет-пиғыл, болжал немесе шындыққа қарама-қарсылық ретінде берілуі мүмкін. Осыған орай ғалымдар ағылшын тіліндегі шартты райды өз ішінде бірнеше түрге бөледі [85,285].

Ағылшын тілінде шартты рай ашық райдың Past Indefinite және Past Perfect шақ формалары арқылы беріле алады. Сонымен қатар шартты рай to формантының жалғауынсыз тұйық етістігі (инфинитив) және should, would, may, might етістіктерімен және Сould+инфинитив арқылы шартты рай мағынасында жасалады. Ағылшын тілінде шартты рай Subjunctive I және Subjunctive II деп екіге бөлінеді. Subjunctive I басыңқы сабақтас құрмалас сөйлемде қолданылса, ал Subjunctive II бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемде қолданылады [94,148].

Ағылшын тілінде гипотетикалық іс-әрекетті білдіретін бір рай: (Subjunctive mood) шартты рай ғана болса, қазақ тілінде екі рай бар. Олар: шартты рай және қалау рай. Егер шартты рай қимылдың жасалу-жасалмауына шарт болатын қимылды білдіретін болса, қалау рай сөйлеушінің қимылды жүзеге асырғысы келетін ниетін,ықыласын ойын білдіретін етістіктің түрі деп аталады.

Шартты рай етістікке -ca, -ce жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады және қазақ тіліндегі шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлем ағылшын тіліндегі Subjunctive II формасына сәйкес келеді. Мысалы: Егер мен сені көрсем, мен саған бұл туралы айтатын едім. If I had seen you, I should have told you about it. If you rang them up tomorrow, they would come.- Егер сіз оған ертең қоңырау шалсаңыз, олар келер еді.

Қазақ тілінде кейде сөйлеуші -шы,-ші жалғауларын қосу арқылы өкініш мағынасын білдіргісі келеді. Мысалы: If I had told you about it, you wouldn’t have done it. Ертерек айтсамшы, бұлай болмас еді. Сонымен қатар -шы,-ші жұрнақтары қазақ тілінде қалау, ниет, ықылас және ашу мағыналарын білдіреді. Мысалы: I wish you told me the truth. Білгеніңді айтсаңшы, бәрін қазбалап қайтеді [94,149].

Қазақ тіліндегі қалау рай ағылшын тіліндегі шартты райының етістіктің I wish/wished конструкциясына сәйкес келеді, сонымен ол ниет, ықылас және өкініш сезімдерін білдіредді. Мысалы: I wish I was a little girl!-Мен кішкентай болсам ғой! I wish it wasn’t snowing!-Қар жаумаса ғой!

Сонымен қатар қазақ тілінде өкініш лексикалық жолмен өкінішті сөзі арқылы беріледі. Мысалы: I wish the hotel had been better.-Қонақ үйдің жаман болғаны ғана өкінішті.

Ағылшын тілінде өкініш мағынасы I wish/wished конструкциясы арқылы берілсе, қазақ тілінде осы шақта шартты райдың -ca,-ce және екен, игі және өткен шақта ғой арқылы беріледі. Мысалы: I wish I lived in London.-Мен Лондонда тұрсам екен (игі). I wish I were (was) taller. Менің бойым биікрек болса екен.-I wish I had learnt English when I was younger.- Мен ағылшын тілін жас кезімде оқысам ғой [94,151].

Қазақ тілінде шартты рай Шартты Сабақтас Құрмалас сөйлемдерде қолданылады. Ағылшын тілінде шартты рай қолданылатын үш түрлі шартты сөйлем бар. Олар: реальды, аздаған орындалу мүмкіндігі бар реальды және нереальды сөйлемдер бар. Сонымен қатар аралас шартты сөйлемдер қолданылады.

Үш түрлі шартты сөйлемдердің іс-әрекеттің орындалу мумкіндігі сөйлемде қолданылған шақ формаларына тікелей қатысты анықталады.

Қазақ тіліндегі шартты сөйлемдер өзара бөлінбейді және арнаулы атаулары жоқ және іс-әрекеттің орындалу мумкіндігі сөйлемде қолданылған шақ формаларымен байланысты. Мысалы: (I түрі реальды сөйлем) If it doesn’t rain we’ll go to the park.-Егер жаңбыр жаумаса, біз саяжайға барамыз. If I have time, I’ll call you.-Егер менің уақытым болса, мен саған қоңырау шаламын [94,153].

Ағылшын тіліндегідей іс-әрекеттің орындалуы (шындық) ашық райдың көмегімен беріліп тұр.

(II түрі аздаған орындалу мүмкіндігі бар реальды сөйлем) If I had a good job, I could be happy. Егер менің жақсы жұмысым болса, мен бақытты болар едім. If I were (was) you, I would invite him. Егер мен сенің орныңда болсам, мен оны қонаққа шақырар едім [94,157].

Егер ағылшын тілінде іс-әркеттің аздаған орындалу мүмкіндігі had (етістіктің Past Indefinite шағында) және would арқылы беріле, қазақ тілінде ол бағыныңқылы сөйлемде етістікке щартты райдың жаұрнақтары -ca,-ce жалғануы арқылы, және басыңқы сөйлемде есімшенің –ар,-ер жұрнақтары және еді формантының қосылуы арқылы жасалады.

(III түрі бейреалды) If I had known about it, I would have visited you.-Егер мен бұл туралы білгенде, мен сені көріп кетер едім. Егер ағылшын тілінде іс-әрекеттің неғайбілділік, шартты мағынасы had known (Past Perfect шағында) және would have visited арқылы берілсе, қазақ тілінде шартты мағына етістікке Past Perfect шағына сәйкес келетін Бұрыңғы өткен шақтың -ған, -кен,-қан, -кен жұрнақтары және бағыныңқы сөйлемде шартты мағынаны білдіру үшін -да,-де жалғану арқылы және басыңқы сөйлемде көсемшенің –ып,-іп,-п және есімшенің ар,-ер жұрнағы және еді формантының қосылуы арқылы жасалады. Бүл істің орындалу мүмкіндігінің жоқтығын көрсетеді.

Сайып келгенде, біз шартты райдың субективті модальдылық мағынаны білдіруде ағылшын және қазақ тілдерінде бірдей маңызды қызмет атқарады деп айта аламыз.

Шартты рай категориясы екі тілде де бірдей қиын құбылыс болып саналады. Екі тілдегі субьективті модальдылықты білдіретін шартты райды салыстыратын болсақ, ағылшын тіліндегі Subjunctive Mood мағынасы жағынан қазақ тіліндегі шартты райға сәйкес келеді, сонымен қатар қазақ тіліндегі қалау райдың қызметін ағылшын тіліндегі шартты райдың I wish/wished конструкциясы білдіреді. Екі тілде де бірдей шартты рай дау туғызатын, қиын рай болып саналады. Шындық өмірге қатысты қымылдың орындалу мүмкіндігі шақ формаларымен де тікелей байланысты.

Қимылдың аздаған орындалу мүмкіндігі (Past Indefinite шағына сәйкес келетін Жедел өткен шақ ) арқылы берілсе, қимылдың орындалмайтындығы (Past Perfect шағына сәкес келетін Бұрыңғы өткен шақ) арқылы беріледі. Сонымен қатар, айта кететін жайт ағылшын тілінде қазақ тіліндегідей қалау рай сияқты ниет, ықыласты білдіретін арнайы рай жоқ, ағылшын тілінде ондай модальділік шартты райдың құрамындағы әр түрлі конструкциялар арқылы беріледі. Жалпы алғанда екі тілде де бірдей обьективті мағынаны білдіруде шартты рай мағыналары сәйкес келеді.

Алдында айтып кеткендей негізгі екі модальділік түрінен басқа, яғни субьективті және обьективті модальділіктердіен басқа әр түрлі маңызды модальді мағыналар мен модальді реңктер бар. Негізгі модальді мағыналар модаль сөздер жәненегізінен аналитикалық форманттар арқылы берілсе, ал модальді реңктер осыған қоса одағайлар және т.б. сөз таптары арқылы білдірілуі мүмкін.



Қазақ тіліндегі модаль мағыналы аналитикалық форманттар

Қазақ тілінде модаль мағыналы аналитикалық форманттар бар. Ол форманттар сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. Мысалы, оқи алады, айта алады, келе алады. Сөйлеушінің қимылға көзқарасы, қимылдың жасалуы туралы пікірі модаль мағынаға жатады. Осы модаль мағына жоғарыдағы мысалда -а ал форманты арқылы беріледі. Осындай модаль көрсеткіштердің мағынасы өте тұрақты және олар бір мағыналы көрсеткіштер қатарына жатады. Олар әрдайым кез келген контексте сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. Сондықтан да модаль мағынаны білдіретін арнайы көрсеткіштер бар және осы модаль көрсеткіштердің етістіктің түрлену системасында өзіне тиісті орны бөлек. Модаль мағыналы аналитикалық форманттар негізінен қимылдың өту сипаты көрсеткіштерінің соңынан тіркеседі: оқы-п бере алады, айт-ып қой-а алса т.б [85,278].

Жоғарыдағы мысалда біз (оқып бере алады) қимылды біреу үшін жасау мүмкіндігінің барын білдірсе, екінші мысалда (айтып қоя алса) қимылды тез, жедел мүмкіндігін білдіретінін көреміз. Модаль мағыналы форманттардың қимылдың өту сипаты категориясының форманттарымен еркін тіркесуі осы форманттарды көрініс көрсеткіші ретінде санау шындықпен сыйымсыздығын көрсетеді. Бір сөзде екі көрініс көрсеткіші қолданылмайтындығын біз әбден білеміз. Сөз құрамында модаль мағыналы формант рай көрсеткішімен сыйыса алады. Модальдылық көрсеткіштердің соңына рай көрсеткіштері тіркеседі. Жоғарыда көрсетілген мысалдардың біріншісі ашық райда, соңғысы шартты райда қолданылған. Модаль мағыналы форманттар сөзде қимылдың өту сипаты категориясы мен рай категориясының арасында орналасады [85,280].

Мүмкінділік модальділік

Мүмкінділік модальділігі (модальность возможности) дегеніміз сөйлеушінің субьективті қимылды жасау мүмкіндігі бар, жоғын білдіретін етістік мағынасы. Ол бұл хатты жаза алады. Бұл мысалдарда субьектінің істі орындала алатындығы көрсетіледі, субьектінің оған мүмкіндігі жайлы айтылады, сонымен бірге істі орындала алмау мүмкіндігі де айтылады. Сөйлеушінің субьектінің қимылды немесе іс-әрекетті жасау мүмкіндігі бар деген пікірді білдіретін қазақ тілінде төмендегідей аналитикалық форманттар бар: -а ал, –а біл, –уға бол, -уға кел [85,284].



Міндеттілік модальділік

Міндеттілік модальділік (модальность должествования) етістік қимылды жасауға субьектінің міндетті екенін білдіреді. Тілде міндеттілік мағынаны білдіретін мынандай аналитикалық форманттар бар: -у керек, -уге тиіс, -у қажет. Мысалы, Менің сол жерге дәл сол күні баруым керек.

Міндеттілік мағынаны болымсыз түрде де айтылады, ол үшін емес, жоқ көмекшілері форманттарға тіркеседі. Мысалы, Оған ескерту керек емес.

Сөйлемдегі міндеттілік модальділік тұлғада етістіктер аналитикалық тұлғадағы етістіктерге жатады. Мысалы, Сен оған барлығын айтуға тиіс емессің [85,285].



Ниет-пиғыл модальділігі

Сөйлеуші кісі қимылды жасауға субьектінің ынтасы ауғанның, ниеті түскенін білдіруі ниет модальділігі (модальность намерения) деп аталады. Мысалы, Менің жазғым келеді. Оның көргісі келеді. Бұл сөйлемдердің алғашқырларында сөйлеуші субьектінің қимылды жасауға ниетті екенін білдірген. Соңғы сөйлемде сөйлеуш өзінің қимылды жасауға ынталы екенін білдірген [85,282].

Ниет модальділігі түбір етістіктерге -ғым кел аналитикалық форманты қосылу арқылы жасалады. Бұл формант арқылы жасалған қимылдың кімге қатысты екені яғни жақ мағынасын -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағынан кейін жалғанатын тәуелдік жалғауы білдіреді. Мысалы, Ол шешесін бұрыннан бері көргісі келген.

Ниет модальділігі қимылдың өмірде болған, болмағанын, болатын, болмайтынын яғни қимылдың шындық өмірге қатысын білдірмейді. Ол тек сөйлеушінің қимылға қалай қарайтынын ғана білдіреді [85,286].

Сөйлеушінің қимылға қатысты ынтасы, ниеті қашан пайда болғанын білдіру үшін аналитикалық формантқа шақ көрсеткіштері жалғана алады. Мысалы, Сенің барғың келеді, оның оқығысы келеді және т.б. Олар қимылдың жасалған шағы емес, сөйлеушінің ниетінің пайда болған шағын ғана білдіреді. Бұл осы формантта рай форманты емес екенін дәлелдейді, өйткені бір етістік әрі қарай қалау рай, әрі ашық райдың шақ формаларында тұра алмайды. Сондықтан да тюрколог ғалымдар А.А.Юлдашев, қазақ тілі ғалымдарының –ғы кел формантын қалау райға жатқызбайды [85,287].

Болжал модальділігі

Сөйлеушінің субьектінің қимылды жасау-жасамауы күдікті деп санауы болжал модальділік (предположительная модальность) деп аталады. Мысал:

Бұл мысалдардағы болса керек, алған сияқты, болуы мүмкін деген аналитикалық формалы етістіктер қимылдың жасалуын болжалады түрде білдірген.

Тілде қимылдың болжалдық мәнін білдіретін мынадай аналитикалық форманттар бар: -уі мүмкін, -са керек, -ған болар, -ген көрінеді, -ғанға ұқсайды, -уы ықтимал, -ған шығар, -ді білем, -ген тәрізді, -етін тәрізді, -ген сияқты, -тін сияқты, -ген секілді, -ді кәдік. Мысалы: Ол манағы жерге барған көрінеді [109,611].

Егер ағылшын тілінде модальділік морфологиялық жолмен рай категориясымен бірге түрлі рай категориясы қолданылған конструкцияларында білдірілсе, қазақ тілінде рай катгориясы әр түрлі аналитикалық форманттармен бірге қолданыла алады және түрлі модальді мағыналарды білдіре алады.

Модаль мағыналы форманттардың соңынан үнемі рай көрсеткіші тіркеседі. Рай көрсеткішісіз ол контекстіде қолданыла алмайды. Мыалы -ғы кел форманты дәлел, өйткені ол басқа рай көрсеткіші арқылы түрлене алады. Қазақ тілінде ерікті қалау райдың көрсеткіші болып табылады [85,285].

Алайда қазқ тілінде аналитикалық форманттардың бәрі сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіре алмайды деп есептеледі. Мысалы -п бол, -а жазда, -ған бол форманттарында модаль мағына жоқ.

Осылайша қазақ тіліндегі модаль мағыналы аналитикалық форманттардың саны шектелген десе де болады. Олардың қатарына төмендегідей форманттарды жатқызуға болады: -а ал, -ғы кел, -а біл... [85,287].



-а ал (а алма) - субьектінің қимылды жасау мүмкіндігінің бар жоқ екендігін білдіреді. Ол кешке мерекеге бара алмады.

Модаль аналитикалық форманттардың таза модальді мағыналары болады және рай категориясы мен модальділік категориясы тең бір құбылысқа жатпайды. Олардың әрқайсысының тілде өзіндік көрсеткіштері бар.



-а біл форманты қимылды жасау субьектінің қолынын кетлетінін, субьектінің қимылды жасай алатындығын білдіреді. Ол субьектіге қатысты етістіктерге тіркеседі. Билей біледі, сөйлей біледі, тыңдай біледі. Оның қарындасы адамды тыңдай біледі. Мағынысы -а ал формантымен ұқсас келеді.

-а біл болымсыз түрде қолданылғанда, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыз жұрнақтары қосылады. Сыйлай білмейді, көздей білмейді. Өзі де қонақтарын сыйлай білмейді [85,288].

-ғы кел форманты субьектінің имылға көзқарасын, оның қимылды жасалуын ұнататынын сөйлеуші тұрғысынан білдіреді. Білгісі келеді, келгісі келеді. Оның осы жерге келгісі келгені бәріне мәлім [85,286].

А.Н.Кононов, А.А. Юлдашев сынды тюркологтар бұл формантты рай көрсеткіші деп танымайды, оны модаль категориясының морфологиялық көрсеткіші деп таниды.

Сондай-ақ әр рай түріне байланысты аналитикалық форманттары бар. Мысалы ашақ райда мезгілді білдіруде нақ осы шақтың аналитикалық форманттарына -п отыр, -п тұр, -п жатыр және -п жүр жатады. Ол күннен-күнге сұлуланып келе жатыр. Қатыстық өткен шақтың аналитикалық форманттары еді көмекші етістігі арқылы жасалады. Мысалы -тұр еді, -п жүр еді, -мақ еді, -ыр еді, -атын еді, -ушы еді. Өзім осылай манадан айтып отыр едім. Қазақ әйелінің қоғамдық жайларын жұқалап сұрамақшы еді... [109,612].

Қазақ тілінде бұйрық райдың арнайы қосымшасы жоқ, өйткені бұйрық мағына етістіктің түбірінде берілген. Бар! Айт! Қара! Алайда бұйрық райдың аналитикалық формасын жасайтын арнайы аналитикалық форманттары бар. Оларға -ушы болма, -а көр, -а көрме жатады.



-ушы болма тыйым салуды білдіреді. Сен олардың көзінше жылаушы болма!

Бұйырудың тілек түрін -а көр, -а көрме аналитикалық форманттары білдіреді. Айта көрмеңіз! [85,286].

Қалау райдың аналитикалық форманттарына -са екен, -са игі, -са еді, -ғай еді жатады. Бұл аналитикалық форманттардың жалпы мағынасы бір, яғни тілек мағынасын білдіреді. Ең алдымен күн ашылса екен [85,287].

Шартты райдың аналитикалық форманттары -ған болса, -р болса, -са болса, -са болды. Әкең айтпай өзің білген болсаң, батамды берейін (М.Ә) [85,288].




    1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдері.

Ағылшын тілінде модальділік мағынаны берудің ең негізгі лексика-синтактикалық тәсілдері дербес топты құрайтын модаль етістіктері болып табылады.

Модаль етістіктерінің сипаттамасына келетін болсақ, барлық модаль етістіктері басқа етістіктерден екі сипатқа ие. Біріншіден, сөйлемде тек предикативті функциясын атқарып, жақсыз формасы жоқ болғандықтан жеткіліксіз болып саналады. Олар инфинитивта тұрған күрделі модальді баяндауыш құрап, бастауыш пен етістік арасындағы предикативті қатынасын реттейді. Екіншіден, модаль етістіктері тек қана инфинитивпен тіркесінде қолданылады, яғни дербес өз бетінше қолданылмайды. Осы бізге модаль етістіктерін грамматика тұрғысынан және лексика тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде ағылшын тіліндегі модаль етістіктердің инфинитивпен тіркесін лексика-грамматикалық, дәлірек айтқанда модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдеріне жатқызады [39].

Модаль етістіктерінің грамматикалық және лексикалық мағынасы бойынша ажыратылатындықтан, модальділіктің алғашқы және екінші мағынасы бойынша екіге бөлуге болады. Алғашқы модальділік грамматикалық обьект пен предикат арасындағы қатынасының модификациясында құралады. Осы функцияда модаль етістіктері өзінің алғашқы лексикалық мағынасында қолданылады. Екінші модальділіктің мәні біртұтас сөйлемнің модальділігін берілуінде жатыр. Осы жағдайда модаль сөзінің лексикалық мағынасы айтылғанның шындылығының деңгейін және сөйлемдегі сенімділік деңгейін анықтай отырып артта қалады.

Модаль сөздер туралы сөз қозғағанда лингвистер арасында олардың білдіретін мағыналары даулы сұрақ болып қала береді. Модаль етістіктерін зертейтін лингвистер арасында модаль етістіктерінің семантикасы жайлы сұрақ ашық болып қалып отыр. Кез келген модаль етістігі тек жалғыз ғана мағынаға ие бола ала ма, әлде кез келген модаль етістігі бірнеше мағынаға ие болады ма деген сұрақ туындайды.

Л.М.Фомина және Т.И.Полянских модаль етістіктерінің мағынасының сан алуандығы жайлы өз пікірлерін айтады. Олар ағылшын тіліндегі барлық модаль етістіктерін екі топқа бөледі: қажеттілік және мүмкінділік [126].

Егер модаль етістіктерді модальділікті беруде лексика-синтактикалық тәсілге жатқызуда көп ғалымдардың пікірлері сәйкес келсе, ал модаль етістіктерінің суьтективті я болмаса обьективті модальділікті берудегі қатыстылығы жайында сұрақ шешілмеген болып қала береді.

Г.В.Колшанский, В.Г.Адмони сынды лингвистердің көпшілігі модаль етістігінің инфинитивпен тіркесі обьективті модальділікті беруде қатысады. Осылайша осы конструкциялар айтылғанның обьективті шындыққа қатынасын білдіреді. Басқа жақтан қарағанда айтылымның шындығына қатысты сөйлеушінің қатынасын білдіреді, өйткені айтушының субьективті бағасын қамтиды [27].

Г.А.Вейхманның пікіріне сүйенсек модаль етістіктерін обьективті модальділікке жатқызбаудың негізгі себебі олардың сөйлемде жиі қолданылмауы болып табылады. Мүмкінділік және қажеттілік мағыналары тек іс-әрекеттің субьектісі бар сөйлемдерде ғана жүзеге асырылады [127].

Е.И.Беляеваның пікірі бойынша сөйлеушінің айтылымға деген субьективті қатынасы ешқашан модаль етістігі+инфинитив арқылы жүзеге асырылмайды. [69,14].

Біз модальділікті обьективтілік пен субьективтіліктің бірлігі ретінде қарастырудың негізінде, біз модаль етістіктерді олардың қолданылу жағдайлларына байланысты обьективті-субьекті деп қарастыруды дұрыс санаймыз.

Ағылшын тілінде модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдеріне as if, as though, if, in case, unless, supposing that, so that, lest және т.б., бағыныңқы сөйлемдердегі шылаулар да жатады. сонымен бірге whatever, whichever, whoever, however, no matter сияқты және т.б.шылау-сөздер жатады.

Ф.А.Агаеваға сәйкес дәл осы бірліктер баяндауыштың етістіктің бағыныңқы сөйлемдегі модальді мағынаны білдірумен ерекшеленіп, оның құрамдас элементі бола отырып, оны басыңқы сөйлеммен байланыстырады [39, 233].

Осы аталған шылаулар арқылы тек қана бейреальді модальділік беріле алады.


2.2.1. Ағылшын тіліндегі модаль етістіктері, модальді конструкциялар мен демеулік шылаулар
Модаль етістіктерінің ешбір етістіктің грамматикалық категориясы жоқ (түр және ырыс), олардың баяндауыштың көрсеткіші бола алатын тек шақ және рай формалары бола алады. Осыған және оның предикативті емес (инфинитив, герундий, причастие) формаларының жоқ болуына байланысты модаль етістіктері ағылшын тіліндегі етістіктер жүйесінің шегінде тұрған жоқ.

Сөйлемде модаль етістіктері қызметтік функцияларын атқарады. Олар негізгі етістікпен берілген іс-әрекеттің мүмкіндігін, қабілетін, ықтималдығын білдіреді. Олар іс-әрекетті емес, ал тек модальді қатынасты білдіретіндіктен, олар ешқашан сөйлемнің мүшесі бола алмайды. Модальды етістіктер әрқашан тек тұйық етістігімен (инфинитив) үйлесіп, сөйлемде күрделі модальді баяндауыш бола алатын тіркестерді құра алады [128].

Этимологиясына келетін болса, модаль етістіктері претерито-презентті болып келеді. Модаль етістіктерің басқа етістіктеріне тән барлық формалары жоқ болғандықтан тапшы немесе жеткіліксіз етістіктер (Defective Verbs) болып табылады. Оның ашық райдағы, осы шақтағы, жекеше түрдегі 3 жақта -s флексиясының жоқтығы тарихи түрде түсіндіріледі: осы шақтың қазіргі формаларыбір кезде өткен шақтың формалары болған, ал қткен шақтың 3-ші жағында мүлдем жалғау болмаған. Must, should, ought to, will-would, may-might, need модаль етістіктері болжамның түрлі реңктерін білдіре алады. Ғалымдар модаль етістіктері обьективті шындықты, ал қыстырма сөздер субьективті шындықты білдіреді деп болжайды. Can және may етістіктері мүмкіндіті, must, should, might етістіктері міндеттілік мағынасынан басқа, perhaps, possibly, probably, certainly сықылды қыстырма сөздердің мағынасымен тығыз байланысты мүмкін және ықтимал іс-әрекетті білдіреді [128,21].

Ағылшын тіліндегі модаль етістіктер бірнеше модальді мағынаға ие болуы мүмкін.

Модаль етістіктері мен қыстырма сөздер бірге қолданылғанда, осы жағдайда біз синонимдік құрылымдарды кездестіреміз. Сөйлемдерде модаль етістіктері құрамдас модальды баяндауыш деп аталатын тіркесті құратын тұйық етістіктігімен (перфекті немесе перфекті емес инфинитивпен) үйлеседі. Модаль етістіктері жеке сөйлем мүшелері ретінде қолданыла алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет