Организационно-педагогические условия развития профессиональной компетентности будущих учителей изобразительного искусства в процессе изучения специальных дисциплин



бет25/45
Дата08.06.2024
өлшемі1.32 Mb.
#502435
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Конференция журнал,,

Әдебиеттер:

1. Е. Төлепбаев. Картинаны көру мен оқудың арасы жер мен көктей Нұр Астана , республикалық саяси - қоғамдық газеті. № 30 қаңтар 2008


2. С.Ә. Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы, 2006 ж.


Ахманұлы Субхан
ЕҰУ редакциялық баспа бөлімінің аға маманы
Қазақ қолөнерін жаңа заман өнерімен ұштастыру

Мәдени мұра бағдарламасы өнер мамандарының шығармашылық тәжірибесін дамытуға шынайы белсенділік танытып келеді. Мәдениетіміз ұлттық шеңбермен шектелмей, әлемдік мәдениет кеңістігінде өмір сүруі тиіс. Қазақстандық бiлiм берудiң ұлттық моделi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, көп деңгейлi әрi үздiксiз бiлiм беру сипаттарымен ерекшеленбек.


Қазақ халқының мәдениетi мен өнерi, қазақ жерiнде тұратын өзге халықтар өнерi мен мәдениетiнiң бiрлiгi ұлттық өзiндiк сананың дұрыс қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар, ол өзiне ең жақсысын, әлемдiк көркем мәдениеттiң озығын, өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесiндегi әлемдiк тәжiрибесiндегi оң жетiстiктерiн алуы тиiс.
Қазақ елінің топырағынан жаратылып, жоғары дәрежелі білім алып, қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф тарихшы, әдебиетші, өнер танушы аталарымыз Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, Т.К.Бәсенов т.б.жұмыстарын айта кетуімізге болады. Қазіргі таңда, жас елде көне өнер түріне сүйіспеншілік, оны үйрету процестері көптеген елді мекендерде, ауыл-қалаларда тез дами бастады. Мектептерде үйірмелер, арнаулы сабақтар жүргізіліп, көрмелер ашылды. Көптеген шағын кәсіпорындар, кооперативтер киім, кілем, ыдыс, ағаш бұйымдарды жасауда ою-өрнектерді көптеп қолдана бастады [1].
Жалпы қазақ халқының дәстүрлі қолөнері 18 түрлі. Олар негізінен мыналар: ағаштан бұйымдар жасау, жүннен бұйымдар жасау, арқан-жіп есу, киіз басу, киізден бұйымдар жасау, кілем тоқу, теріден бұйымдар жасау, сүйектен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау, металдан бұйымдар жасау, ши тоқу, ер-тұрман жасау, кесте тігу, киім тігу, аяқ- киім тігу, сабын жасау, бояу жасау.
Қазақ қолөнерінде жас жеткіншектердің ой өрісі мен білімін, дүниетанымын кеңейтуде ою-өрнектің алатын орны айрықша. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша осы уақытқа дейін ою-өрнектің 200-дей түрі анықталып отыр. Соның ішінде мүйіз тектесі қазақ ою-өрнектерінің төркіні деп саналады.
Қолөнер – қашаннан халықтың күнделікті тұрмыстық қамтамасыз етуге қызмет атқарады. XIX ғасырда және XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу кең өрістеді. Бір ғажабы осы уақытта жастарға арнап ер-тұрман, белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасауға сұраным артты. Бұл әрине, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы мен рухани жан-дүниесінің дүр сілкінген кезеңі болса керек. Жалпы қазақ қолөнерінің дамуында әр дәуірдің өзіндік табы бар.
Әрине, адамзат қоғамы алға жылжыған сайын қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің бірқатары жаңа түрге ие болып, кейбірі күнделікті тұрмысқа қажет те бола қалмағаны ақиқат. Бұл күндері фарфордан, тоттанбайтын металдан, эмаль жалатылған темірден, пласмассадан, жасанды талшықтардан жасалған сәнді жиһаз, бұйымдар көп. Халқымыз ғасырлар бойы тұтынып келген, көптеген мүліктердің түрлері мен сапасы да үсті-үстіне жаңаруда. Бірақ қазақ қолөнері бұнымен халық тұрмысын да өзінің ежелгі маңызын жоғалтып отырған жоқ. Олай болса, қазақ халқы қолөнердің бай мұраларына қазіргі заманға сай жаңаша сипат бере отырып, оларды жетілдірудің техникалық жүйесін қалыптастыру қажет-ақ. Зергерлік өнердегі әсемдік және бағалы заттарды сыйлық, естелік ретінде көптеп шығару да республиқалық деңгейде ойластырылатын мәселе.
Рас, ел ішіндегі бірқатар қолөнер шеберлерінің қазіргі таңда жасап, халыққа таратып жүрген бұйымдарының бірқатары эстетикалық жағынан жоғары талапқа сай емес. Қолөнер шеберлерін оқыту, үйрету істерінің де ұмыт қалуынан бүгінгі қазақ қолөнері көп жерлерде өздерінің заңды даму гармониясын таба алмауда. Тек ағайынды Тұрсынжан Махмұт, Айтберген Құлмановтар XVI-XVII ғасырлардағы қару-жарақтың және зергерлік заттардың үлгісін түрлендіріп, қазақ қолөнерін қайта жаңғыртуда [2]. Алайда елімізде халық өнерінің бұйымдары тек қана мұражайлар мен көрмелерде ғана тұруға тиіс деген теріс бір көзқарас қалыптасып, шеберлер қолынан шыққан асыл бұйымдарды күнделікті тұрмыста пайдалануға мән бермеуде. Бүгінгі таңда осы жағына басымдау мән берілсе – оны қызыға жасайтын қолөнершілер де көбейіп, тұтынушы адамдар да молая түсер еді. Бүгінгі ұрпақтың міндеті осы жойыла жаздап, қайта жандана бастаған қолөнер шеберлігін қайта түлету. Оны халық арасына кеңінен насихаттау.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Самұратова Т. Бейнелеу өнері тарихы. –Астана: ЕҰУ, 2010.
2. www.zashtar.biz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет