Орындаған: Әбуова Мейрамгүл Мамандық: 6В04103 – Есеп және аудит Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп Қабылдаған


Жалдау бойынша бағалануы жəне есебі



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі77.4 Kb.
#486697
1   2
Мемлекеттік мекемелердегі жалдауды есепке алу

Жалдау бойынша бағалануы жəне есебі
Қаржылық жалдауға байланысты жалдаушы жүзеге асырған қызметке тікелей жатқызылатын ретінде анықталған шығындар актив ретінде танылған сомаға қосылады.
Активтер мен міндеттемелер бастапқы жалдау күніне анықталған соманың ішіндегі ең төмен сомада танылады: жалға берілген мүліктің əділ құны; жəне ең төменгі жалдау төлемдерінің дисконтталған құны.
Активті жалға алушы амортизациялайды. Жалға алынатын активтің амортизацияланатын құны өзінің жеке амортизацияланатын активтері үшін жалға алушы қабылдайтын амортизация саясатына сəйкес қолдануды күтетін мерзім бойы əр есеп кезеңіне бөлінеді: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне жиналған амортизацияны көрсету бойынша тиісті қосалқы шоттың кредиті.
Жалдау бойынша сыйақы есептеуді мемлекетік мекеме 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті бойынша көрсетеді.


Жалдау бойынша сыйақы есептеу шоттар байланысы



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Қаржылық жал, қысқа
мерзімді алынған қарыздар
бойынша сыйақылар
есептеу

7310 Сыйақылар
бойынша шығыстар

3250 Төленуге тиісті
қысқа мерзімді
сыйақылар

2

Сыйақыларды төлеу

3250 Төленуге тиісті
қысқа мерзімді
сыйақылар

1091 Жеке
қаржыландыру
жоспары бойынша
міндеттемелер
қабылдауға
арналған жоспарлы
тағайындаулары

Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақыларды өтеу 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті жəне «Ақша қаражаты жəне олардың баламалары» шоты қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.


Мемлекеттік мекеме жалданатын активтердің баланстық құнын «Активтердің құнсыздануы» бөлімінің ережелеріне сəйкес құнсыздану тұрғысынан мерзімді қайта қарастыруы тиіс.
Жалға беруші жалдау мерзімінің басында баланста қаржылық жалдау шеңберінде алынатын жалдау төлемдеріне тең дебиторлық берешекті таниды.
Активті жалдауға беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті жəне қаржылық жалдауға берілген активтің тиісті қосалқы шотының кредиті.
Жалдау бойынша сыйақы есептеу 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті жəне 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджет кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді бюджетке аудару тəртібі «Дебиторлық жəне кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған).
Есепті кезеңнің аяғында мемлекеттік мекеме жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектің ағымдағы бөлігін мынадай жазбамен көрсетеді: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті жəне 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының кредиті.
Операциялық жалдауды есепке алу кезінде жалға алушы операциялық жалдау кезінде жалдау төлемдерін (жүйелі шығыс төлемге байланысты емес) өзге жүйелі негіз қолданушының пайда алудың уақытша кестесінің артық көрсетуін қамтамасыз еткен жағдайдан басқа жағдайларда жалдау мерзімі ішінде тура сызықты негізде бөлінген шығыстар ретінде көрсетеді.
Жалдау төлемдері (жалдау бойынша шығыстар) 7130 «Жал бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жалға алушы енгізген алдын ала төлеу сомасы «Өзге активтер мен міндеттемелер» бөліміне сəйкес ескеріледі.
Операциялық жалдауға алынған активтерді жалға алушы 01 «Жалға алынған активтер» баланстан тыс шотында ескереді. Жалға берушілер баланста осындай активтердің сипатына қарай операциялық жалдау шартындағы активтерді ұсынады.
Келіссөздер жүргізу кезінде жалға беруші тартқан алғашқы тікелей шығындар жəне операциялық жалдау бойынша жалдау шартын ұйымдастыру жалдау активінің баланстық құнына қосылады жəне жалдау мерзімі бойы жалдау кірісі сияқты негізде шығыс ретінде танылуы тиіс.
Операциялық жалдан жалдау кірісі (сақтандыру жəне қызмет көрсету сияқты ұсынылған қызметтер үшін түсімдерді қоспағанда) өзге жүйелі негіз жалдауға алынған активтен пайданың азаю уақытша кестесін артық ұсынуды қамтамасыз еткенжағдайларды қоспағанда, кірістер құрамындажалдау мерзімі бойы тура сызықты негізде танылады. Операциялық жалдаудан түсетін кіріс былайша көрсетіледі: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті жəне 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті.
Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджеттің кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді аудару «Дебиторлық жəне кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған).
Шығындар, оның ішінде жалдау кірісін алу кезінде тартқан шығындар шығыстар құрамында танылады, бұл кезде мынадай тізбек жүзеге асырылады: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.
Жалдауды құжаттамалық ресімдеу жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалған жалдау шартын жасаудан басталады. Жалға берілген активтерді талдамалы есепке алуды жалға берушілер бойынша активтердің əр объектісі бойынша (жалға берушінің түгендеу нөмірлерібойынша) Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі. «Операцияның мазмұны» бағанында жалдау шартының нөмірі мен күнін, жалға берушінің атауын көрсету қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет