Белдесу және арақашықтық.
Белдесу: - ұзақ белдесу;
- тез арада немесе бірден белдесу.
Арақашықтық – палуандардың бір-бірін итежеп ұстауы:
- ұстаудың алдындағы арақашықтық;
- алыс арақашықтық;
- орта қашықтық;
- жақын қашықтық;
- өте жақын қашықтық.
Жұлқу – палуанды тепе-теңдік қалпынан шығаратын айла-тәсіл:
- шапанның жеңінен;
- жағасынан;
- белбеуден;
- белден ұстап қолдануға болады.
Тарту – қарсыласын тепе-теңдік қалпынан шығаратын айла-тәсіл:
- екі қолмен;
- бір қолмен белінен тарту.
Арқадан тастау әдістері – қарсыласын қапысыз жеңудің ең қолайлы әдісі:
- жеңнен ұстап лақтыру;
- белбеуден ұстап лақтыру.
Бұл кезде жіберілетін қателер:
- қарсыласын тепе-теңдік қалпынан шығара алмау;
- қолмен жақсылап тарта білмеу;
- жамбасты ішке сұғына енгізу;
- тізе буынын жаза білмеу.
Жоғарыдан және қолтықтың астынан ұстап арқадан тастау –палуан
қарсыласының жағасынан және қолтықтың астынан өзіне қарай жұлқи тартып
тепе-теңдік күйінен шығарады:
жіберілетін қателіктер:
- қарсыласын тепе-теңдік күйінен шығара алмау;
- дұрыс тарта алмау;
- жамбаспен басу;
- тізе буынын жаза алмау.
қорғану тәсілдері:
- қарсыласының қимылдарына кедергі жасау;
- аяқтан шалып етпетінен құлату.
қарсы қолданылатын әдістер:
- кеудеден асыра лақтыру;
- аяқтың сыртынан шалу.
Жеңнен және белдіктен ұстау, жамбас арқылы лақтыру – қазақ
күресінің тиімді айла-тәсілі:
жіберілетін қателіктер:
- қарсыласын тепе-теңдік күйінен шығара алмау;
- жеңінен дұрыс тарта алмау;
- белдіктен тартып, жамбаспен басу;
- тізе буынын жаза білмеу.
қорғану тәсілдері:
- қарсыласының қимылдарына кедергі жасау;
- аяқтан шалып етпетінен құлату.
қарсы қолданылатын әдістер:
- кеудеден асыра лақтыру;
- аяқтың сыртынан шалу.