Орындаған: Еділ Әділет Серікұлы №1 тапсырма: Қазақ күресінің әдістері


Жеңнен және жағадан ұстап, аяқтың алдынан шалу



бет3/4
Дата11.03.2023
өлшемі18.31 Kb.
#470644
1   2   3   4
3 тапсырма

Жеңнен және жағадан ұстап, аяқтың алдынан шалу – бұл тәсіл 
қарсыласымен түрлі арақышықтықта қолданыла береді: 
жіберілетін қателіктер: 
- аяқты қапталға қоя білмеу; 
- қарсыласын дұрыс шала білмеу; аяқ-қолды дұрыс қолдана білмеу. 
қорғану тәсілдері: 
- аяғын шалатын аяқтан асыра лақтыру. 
қарсы қолданылатын әдістер: 
- белден және жағадан ұстап, кеудеден асыра лақтыру; 
- салмақ түсіп тұрған аяқтың сыртынан шалу. 
Жеңнен және иықтан ұстап аяқтың сыртынан шалужарыс кезінде 
көбірек қолданылады, жеңіске жеткізу мүмкіндігі жоғары: 
жіберілетін қателіктер: 
- алыстан аяқтан шалады; 
- қарсыласын өзіне тартып, тепе-теңдік күйінен шығару; 
- қарсыласының кейін шегінуіне мүмкіндік бермеу. 
қорғану тәсілдері: 
- қарсыласының шапанының жеңінен ұстау, белбеуінен ұсатп оның 
шалуына мүмкіндік берему; 
- кейін тез арада шегініп кету керек. 
қарсы қолданылатын әдістер: 
- жеңнен және белдіктен ұстап, арқадан асыра лақтыру. 
Аяқтан қағу әдістері – қарсыласын тепе-теңдік қалпынан шығарып
кілемге сүріндіріп немесе қағып жығу әдісі: 
жіберілетін қателіктер: 
- аяқтың жанымен қағу керек; 
- қарсыласының денесін бұрап, сонымен қатар бір уақытта аяқтан қағып 
үлгеру; 
- қолмен жұмыс істей білмеу. 
қорғану тәсілдері: 
- аяғын көтерген күйде қарсыласының аяғынан қағу; 
- аяқты бүгіп, еңкейген күйде қарсыласының қағуына кедергі жасау керек. 
қарсы қолданылатын әдістер:
- сырттан шалу керек. 
Іліп тастау әдістері –аяқтан шалу әдісіне ұқсас келеді: 
- әдіс қолданушы палуан қарсыласының аяқтарын іліп алып тастайды. 

Қолтықтың астынан және жеңінен ұстап, аяқтарын іліп тастау – бұл 
әдіс қарсыласының алға қарай еңкейген сәтінде қолдануға болад: 
-жіберілетін қателіктер: 
- қарсыласының аяғын іліп алуға мүмкіндік болмау; 
- дененің саламғы түскен аяқты әдіс қолданатын жаққа бұрмалау. 
-қорғану тәсілдері: 
- қолмен бүйірден тіреп, қарсыласының» әдіс қолдануына жағдай 
туғызбау. 
қарсы қолданылатын әдістер:
- қолдан және белден қапсыра ұстап сырттан қырқа шалу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет