- Т
- А
- Л
- Д
- А
- У
- (а
- н
- а
- л
- и
- з)
| - Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Үйренуші әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.
- Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, жан-жақты игерумен ерекшеленедi.
- Талдаудың түрлерi:
- 1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
- 2. Астарлы мағынаны ажырату /Подтекст/ - екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).
- 3. Мотивация - себептердi айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.
| - 1. Негiзiн тану
- - Бөлімдердің өзара айырмашылықтарын келтiрiңiз/ салыстырыңыз.
- - Қалайша жіктеуге (классификациялауға) болады?
- 2. Астарлы мағына
- - Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) мәнi қандай?
- - Мынаны қалай түсiнесiз?
- - Егер мынандай болса, онда қалай болады?
- 3. Мотивация
- - Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) себебi мен салдары қандай?
- - Мынау нелiктен дәл осындай, басқаша емес?
| - Бөліп шығару, талдау, бөлу, ретін дәлелдеу, санап шығару, тәжірибе жасау, тестілеу, салыстыру, қарама-қарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету, тексеру, талқылау, анықтап сұрау, салыстыру, мәселені шешу, жіктеу, сұрыптау, категорияларға бөлу, себеп-салдарын айқындау
| |