1 кезең – шикізатты қабылдау және сақтау. Шикізат нан пісіру кәсіпорындарына ыдысқа салынып және ыдыссыз жеткізіледі. Сондықтан нан зауыттары әртүрлі типтегі қоймалармен жабдықталады. Ұн өндіріске арнайы автоұнтасушы көлікпен (ыдыссыз тәсіл) немесе қаппен (ыдысты тәсіл) жеткізіледі. Ұнды ыдыссыз сақтау қоймасы (ЫСҚ) ұнды 6...7 күндік сақтауға арналған. ЫСҚ қоймаларында көп дегенде 8 бункер орналастырылады, оның бірі – қосалқы болып саналады. Бун- керлердің сыйымдылығы – 14,63 тонна. Ұн бункерлерге автоұнтасушы көліктің цистернасынан құбыр желісі арқылы тығыздалған ауаның – аэрзольтранспорт немесе пневмотранспорттың көмегімен толтырылады. Ұнды ыдыссыз жеткізу мен сақтау тиеу-түсіру жұмыстарын механи- зациялауға, қойманың санитарлы жағдайын жақсартуға, ұнды ысырап етуді 2,3 есеге төмендетуге мүмкіндік береді. Ұнды ыдыста сақтау қоймаларында (ЫСҚ) ұн қаптары биіктігі еденнен 15 см ағаштан жасалған стеллаждарға орналастырылады. Қаптар биіктігіне қарай 10...12 қатар болып қойылады. Кертік батондарды өндіру барысында ұннан басқа жылдам бұзылатын азық-түліктер де қолданылады (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, майлар, жұмыртқа). Оларды сақтау үшін нан зауыттарында мұздатқыш камералар қойылады. - Яғни араластыру, еріту, тортасын айыру, сүзу және басқа да операциялар жүргізу. Бұл санитарлық қалпын және технологиялық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Шикізаттың ластануы мен оған бөтмен заттардың түсіп кетуінің алдын алу үшін мына талаптарды қатаң сақтау керек: шикізат арнайы оқшау бөлмеде ыдысынан босатылады; сусымалы өнімдер шаң мен ластан шөткемен тазартылады; қаптың аузы мұқият сөгіледі; жіптің қалдықтарын арнайы жинағышқа салады; барлық сусымалы өнімдер сүзіліп, магниттер арқылы металл қоспалардан тазартылады; шикізат салынған жәшіктер мен бөшкелер жаңасы, шегелері мен сымдары шикізатқа түсіп кетпейтіндей мұқият ашылады; ашар алдында банка мен бөтелкелерді мұқият сүртеді немесе сумен жуады. Бункерлер мен қаптардан шыққан ұн бөтен және металл қоспалардан тазартылып, содан кейін автоматты таразыларда өлшеніп, өндірістік бункерлерге жіберіледі. Одан ары қамыр илейтін машиналарда орналасқан дозаторларға кеп түседі. Ұнды транспорттау иірмектер және нориялардың немесе пневмо- және аэрозольстранспорттар көмегімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |