Қорытынды
Құрылыс материалының ішінде гипс тиімді материалға жатады. Бұл негізінде табиғатта шикізат қорының көптігінде және де өндірістің тиімділігінде, аз отын, энергия қуаты аз жұмсалады. Гипс материалын плита, панель және де басқа әсемдік бұйымдар жасау үшін пайдаланады, сонымен бірге сәулетті, отқа берікті жасанды мрамор өнімдерін жасайды.
- түрлі гипстен қабырға тастарын жасайды. Гипстен құрылыс материалын жасау үшін Г-2-ден Г-5-ке дейінгі гипс байланыстырғышы пайдаланылады. Керамикалық медициналық өндірістер үшін Г-5 -ден Г- 25- ке дейінгі маркалы гипс байланыстырғышы пайдаланады.
Ангидрит байланыстырғыш материалын линолеумның астына салу үшін жеңіл бетон, жасанды мрамор жасау үшін қолданады.
Жоғарғы температурада күйдірілген гипстен (800-1000°С) суға берік, суыққа төзімді бұйымдар жасайды.
Гипстің жылдам қатаю және оның жоғары қалыптау қасиеттері гипс бұйымдарын өндірудің технологиялық процессін қысқартуға, қалыптардың айналымдылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ғимараттардың құралмалы ірі өлшемді элементтерін дайындауға және құрылыс төмендетуге жол ашады.
Гипс бұйымдары салыстырмалы төмен тығыздығына қарамастан жеткілікті беріктікке ие, жылу өткізгіштігі төмен және дыбысизоляциялық қасиеті жоғары; олар механикалық өңдеуге ыңғайлы (кесіледі, бұрғыланады, және т.б.) және әртүрлі түстерге боялады.
Жоғарыда келтірілген артықшылықтармен қатар гипс бұйымдарының айтарлықтай кемшіліктері де бар – суға төзімсіз, гипс бұйымдары ылғалданғанда беріктілігі көп төмендейді, сондай-ақ жайылымдылық байқалады (тұрақты салмақпен пластикалық деформацияның артуы). Сондықтан гипс бұйымдарын тек құрғақ бөлмелерде қолдану керек немесе оларды ылғалданудан қорғау керек. Жайылымдылықты азайту үшін гипс массасына ұнтақталған домна шлагын қосады.
Гипс бұйымдары гипс және гипсбетон түрлеріне бөлінеді. Гипс бұйымдарын илемінен (кейде аздаған органикалық немесе ұнтақталған минералдық толтырғыштар қосады) дайындайды.
Гипсбетон бұйымдары гипс ерітіндісінен немесе әдетте жеңіл және кеуекті минералдық толтырғыштар қосылған бетоннан жасалады. Олармен гипс тасы құммен және қиыршық таспен қарағанда жақсы жабысады.
Минералдық толтырғыш ретінде отын және домна шлактары, туф және пемза шақпақ тасы, ұлутас және т.б., ал органикалық толтырғыш ретінде – ағаш түгі, сабан, қамыс, ұнтақталған қағаз қалдықтары, үгінділер және т.б. қолданылады.
Толтырғышты қолдану гипс шығынын азайтқанымен, бұйым беріктілігін төмендетеді. Гипс және гипсбетон бұйымдарының беріктілігін арттыру үшін судың шығынын азайтады, ал қалыптағанда дірілдету, гипстеу, нығыздау қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |