Фразеологиялық бірліктер ұлттық тілдің ерекше жүйесі болып табылады. Фразеологизмдерді тілдің құрылымыдық бірліктері ретінде қарастырудың теориялық негіздері мен принциптері тіл білімі қала берді түркітану ғылымында аса көрнекті фразеолог, академик І. Кеңесбаевтың зерттеулерінде қалыптасқан болатын. Қазақ тіл білімі түркітануда фразеологиялық ілімнің қалыптасып дамуына ықпал етті. Фразеологизмдерді номинативтік бірлік деп қарау негізінде етістікті фразеологизмдердің даму бағдарын ұсындық.
Ұлттық фразеологиялық қордағы фразеологизмдердің мағынасы, синонимдік қатары, варианттарды зерттеу елегінен өтіп, едәуір ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Міне, бұл бағыттағы зерттеулер фразеологизмдерді таза құрылымыдық тұрғыдан тексеруге жатады. Фразеологизмдерді құрылымдық тұрғыдан зерттеу кезінде оның құрамындағы сөздің мағынасын ашу, этимологиялық талдау жасау, варианттарын көрсету, синонимдік қатарын анықтау тәрізді маңызды жұмыстар атқарылды. Біздің еңбегімізде етістікті фразеологизмдерге грамматикалық семантикалық, мағыналық топтарына мән бердік, жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстарын шама-шарқымыз жеткенше бір жүйеге топшыладық.
Сондай-ақ жалпы халықтық тілдегі фразеологизмдерді етістікті фразеологизмдер негізінде қарастыру арқылы олардың тілдік табиғатын тілдік тұрғыда тереңірек түсініп, қазақ фразеологиясы саласында теориялық зерттеулердің пайымдаулардың шеңберін кеңейте түстік, сонымен бірге әр типтегі фразеологиялық бірліктерді қарастырудың тәсілі мен әдісін нақтылай түсуге мүмкіндік жасадық. Диплом жұмысын жазу барысында әдеби тіл үлгілеріндегі тұрақты сөз орамдарын қарастырудың теориялық мәселелерін айқындай түсуге септігін тигізуі мүмкін.
Тұрақты сөз орамдарын немесе фразеологизмдерді тілдік құрылымдық жүйе ретінде күрделі бірлік ретінде лингвистикалық деректерді молынан пайдалана отырып жан-жақты қарастырдық.
Тұрақты сөз орамдары әдетте сөйлеу кезінде жасалмайтындығын. “даяр” күйнде қолданылатынын, тұлғасы жағынан сөз тіркесі немесе сөйлемге, мазмұн жағынан дара сөзге ұқсас тиянақты тілдік бірліктердің қатарына жататындығына тоқтала келе олар фразеологиялық мағынасынан басқа мәдени ұлттық мазмұнға, өзге тілдік бірліктерге қарағанда аса бай болатындығы ескерілді.
“Фразеологимздердің грамматикалық ерекшеліктері” деп аталатын алғашқы тарауда қазақ тіліндегі фразеологиялық тұлғалар, олардың сөз табына қатысы лексикалық құрамы мен грамматикалық сипаты, компонент құрамы, морфологиялық құрылысы, синтаксистік қызметі жиналған материалдармен талданды. Сонымен бірге қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40-жылдардан бастап зерттеушілер назарына ілінгендігі, олардың зерттеу объектілері болды.
Екінші тарауда етістікті фразеологизмдердің бір мағынада жұмсалуымен қоса, бірнеше мағынада жұмсалатындығы да тілдік тұрғыда қарастырылды. Алайда фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиомалық түрлері әрдайым дара мағыналы болады, ал фразалық тіркестердің кейбіреулері ғана көп мағыналы болатындығы байқалады. Сондай-ақ етістік фразеологизмдерінің варианттылығы етістік фразеологиялық синонимдер, етістік фразеологиялық антонимдер өз ішіндегі компоненттермен салыстыру арқылы байқалады.
Үшінші тарауда етістікті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу үшін анықтауды бірінші кезекте қажет ететін етістіктің семантикасы мәселесіне тоқталдық. Түркі және қазақ тіл біліміндегі тәжірибелерге сүйене отырып, етістікті фразеологизмдерді былай топтастырып қарастырдық. Топтастыруда лексика-семантикалық топ мүшелерінің жалпылауыш семалар арқылы байланысуын, парадигмалық қатар жасау мүмкіндігін, мағыналық жағынан ұштасып жатуын, а/ актив әрекет, іс-қимыл етістікті фразеологизмдер, ә/ сөйлеу етістікті фразеологизмдер, б/ қарым-қатынас етістікті фразеолгизмдер деп бірнеше топқа бөліп қарастырдық.
Сонымен қатар жағымсыз эмоциялы етістікті фразеологизмдерді жылау, қорқу етістікті фразеологизмдер деп қарастыра отырып, шылацу етістікті фразеологизмдерді оны бейнелейтін етістікті фразеологизмдердің образдылығы да ерекше екендігіне мән бердік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Назарбаев Н. “Қазақстанның болашағы қазақ тілінде” “Егемен Қазақстан” № 7 4б.
2. Шанский Н.М. Лексикология современного русского языка. М., 1972.
3. Болғанбаев Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы, Санат. 1994.
4. Кеңесбаев І. Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсы. Алматы, 1950.
5. Смағұлова Г. Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдер /Автореферат/ .
6. Әуезов М. Абай 1-том, 1-кітап. Алматы, 1955.
7. Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том Алматы, ҚазССР-нің Ғылым баспасы, 1977.
8. Юлдашев А. Принципы составления тюркско-русских словарей. М., 1972.
9. Сәрсенбаев Р. Қазақ тілі фразеологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 1973.
10. Муратов С. Устойчивые словосочетания в тюркских языках. М., Издательство Восточной литературы, 1961.
11. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы,Санат, 1966.
12. Кеңесбаев І. О некоторых фразеологических единицах в казахском языке. Известия АН КазССР N 135, Выпуск 1-2-А., 1954.
13. Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. Алматы, Мектеп, 1988.
14. Қожахметова Х. Фразеологизмнің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, Мектеп, 1972.
15. Нұрғазиева Г. Етістік фразеологизмнің қазақ тілі түсіндірме сөздігінде берілуі // Қазақ тілі түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы, Ғылым, 1989.
16. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы /өңделіп және толықтырылып 2-басылуы/ Алматы, Санат, 1994.
17. Рахматуллаев Ш. Некоторые вопросы узбекской фразеологии.
18. Қайдаров А., Жайсақова Р. Принципы классификации фразеологизмов и их классификационные группы в современном казаахском языке //Известия АН КАЗССР. Серия филологический № 8 Алматы, 1978.
19. Оразов М. Қазақ тілі семантикасы. Алматы, Ғылым, 1991.
20. Османова А. Синонимдес етістіктердің семантика-стилистикалық қызметі. Алматы, Ғылым, 1991.
21. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмнің ұлттық мәдени аспектілері. Алматы, Ғылым, 1998.
22. Нелунов А. Глагольная фразеология якутского языка // Автореферат дис. кан. филолог. наук. Якутск, 1977.
23. Смағұлова Г. Адамның көңіл-күйін білдіретін /күлу, жылау/ фразеологизмдері // Қазақ тілі мен әдебиеті. № 3-4 Алматы, 1997.
Достарыңызбен бөлісу: |