Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер


Ас мәзіріне қойылатын талаптар



бет4/9
Дата18.05.2022
өлшемі104.5 Kb.
#457179
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ас мәзірі

1. Ас мәзіріне қойылатын талаптар

Ас мәзірі келушілерге анық болуы тиіс (тағамдардың, сусындардың, кондитерлік бұйымдардң атауларында қысқартулар болмауы тиіс): тұтынушы оған қандай тағам, қандай мөлшерде және қандай бағамен ұсынылатынын анық білуі қажет;


әрбір фирмалық тағам немесе сусынның өзінің қысқа әрі әдемі атауы болуы тиіс, оған тапсырыс беру ыңғайлы болады (мысалы, «мака­ронмен, трюфельмен және қаз бауырынан жасалған пюремен тарталеткалар» деп тапсырыс бергенше оның тарихи атауын – «Медичи» деп атау қолайлы келеді).
безендіруге қойылатын талап: ас мәзірі мейрамхананың ерекшелігін, өзгешелігін көрсетуі қажет және оны жарнамалауы тиіс. Ас мәзірін кәсіпорынның осындай ерекшелігін бейнелейтін эмблемасы әшекелйді. Ас мәзірі жақсы қағазда оқуға ыңғайлы шрифтпен басылуы керек. Шрифттің түрі мен кеглін, әріптер мен сөздер арасындағы арақашықтықты дұрыстап таңдап алу қажет. Адам әдетте, ашық менюдің оң жақ парағының үстіңгі жағында орналасқан мәтін мен суретке ең алдымен назар аударатын көрінеді. Сондықтан осы жерде фирмалық тағамдар, жеңіл тамақ пен сусындар туралы ақпаратты орналастыру қажет. Сол жағындағы төменгі тұста қонақтың назарын аудару үшін мысалы, тағамның жарқын суретін немесе тарихи анықтаманы орналастыруға болады.
Ас мәзірін типографияда басқан кезде әрбір тарауында ас мәзіріне қосымша тағамдар, жеңіл тамақ пен сусындардың атауларын енгізуге болатындай орын қалдыру қажет.
Шетел туристеріне қызмет көрсететін мейрамханаларда шетел тіліндегі ас мәзірі болуы тиіс.
Ас мәзіріндегі тағамдар тамақ ішу ретіне сәйкес жазылады. Фирмалық және порциялық тағамдар жалпы ас мәзірінде арнайы тарауға енгізіледі. Тағамдар тізімінің реті ассортименттік мини­мумға – күнде сатуға арналған тағамдар мен сусындардың белгілі бір көлеміне сәйкес келуі тиіс. Ассортименттік минимумға жататын тағамдар мен сусындар атауларының санын қықартуға болмайды. Керісінше, ас мәзіріне маусымдық және фирмалық тағамдарды енгізу арқылы, ассортиментті кеңейтуге болады.
Ас мәзірінде тағамдардың реті мынадай: ащы емес тағамдар, ащы тағамдар, аздап қана пісірілген, пісірілген, қуырылған және бұқтырылған тағамдар.
Ас мәзіріндегі тағамдар мен салқын тамақтардың орналасуы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет