Кешенді түскі ас мәзірі тамақтанудың физиологиялық нормаларын ескеріп, құрастырылады. Үш-төрт тағамнан тұрады. Мұндай ас мәзірі апта күндері бойынша өзгеріп тұрады. Әдетте, бағасы өзгермейді, сондықтан келушілерге абонемент бойынша қызмет көрсетуге болады. Ас мәзірі 12 күнге құрастырылады.
Мейрамханаларда түскі ас мәзіріне оңай дайындалатын және оңай өткізілетін күндізгі (дежур) тағамдары кіреді. Мұндай ас мәзірі бірінші санаттағы мейрамханаларда және вокзал жанындағы мейрамханаларда күндізгі мезгілде кеңінен қолданылады.
Түскі ас мәзірі бір тағамнан (әдетте, екінші ыстық тамақ), екі тағамнан (көже және екінші ыстық тамақ), үш тағамнан (салқын жеңіл тамақ, көже немесе екінші ыстық тамақ, десерт), төрт тағамнан (салқын жеңіл тамақ, көже, екінші ыстық тамақ, десерт), бес тағамнан (салқын жеңіл тамақ, көже, балықтан жасалған еекінші ыстық тамақ, еттен жасалған екінші ыстық тамақ, десерт) және алты тағамнан (салқын жеңіл тамақ, ыстық жеңіл тамақ, көже, балықтан жасалған еекінші ыстық тамақ, еттен жасалған екінші ыстық тамақ, десерт). Бес және одан да көп тағамнан тұратын түскі ас мерекелік немесе банкеттік түскі ас деп аталады.
Күндізгі (дежур) тағамдары құрамына: үш-төрт жеңіл тамақ, екі бірінші тағам, 4-5 екінші тағам, тәтті тағамдар, 3-4 ыстық және суық сусындар және кондитерлік ұн бұйымдары кіруі тиіс. Осындай ассортимент клиентке толық түскі ас нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік береді (кейбір жеңіл тамақтар мен тағамдарға жарты порциялық тапсырыс беруге болады).
Порциялық тағамдардың ас мәзірлері типографиялық әдіспен шығарылады. Оларды бүкіл маусым бойы пайдалануға болады.
Күнгі түскі ас пен экспресс-түскі ас мәзірлері күнде басылады. Оларды тапсырыс қабылдаған кезде клиентке ұсынады. Ас мәзірі көркем түрде безендіріледі.
Банкеттер ас мәзірінің ерекшелігі – оны құрастыруына тапсырыс беруші белсене қатысады. Банкет өтетін уақыт ескеріледі: банкет таңғы, түскі, кешкі ас түрінде өтуі мүмкін. Банкет түрлері: даяшылардың толық қызмет көрсетуімен, даяшылардың ішінара қызмет көрсетуімен, банкета-фуршет, коктейль, шай, тақырыптық банкеттер.
Банкет-түскі ас мәзіріне, мысалы, бірнеше салқын жеңіл тамақ, бір ыстық жеңіл тамақ, көже, бір-екі екінші ыстық тамақ (балық, ет, құс, көкөніс), десерт, жемістер, кофе немесе шай кіруі мүмкін. Банкет-кешкі ас мәзіріне: крабтан салат-коктейль, бекіре немесе албырт балықтың түйір уылдырығы салынған воловандар, лимонмен және зәйтүнмен ақсерке балығы, желедегі ветчина, тауық паштеті, көкөністер, қаймақта пісірілген саңырауқұлақтар, решеткада қуырылған филе, балмұздақ, нарзан, шампан шарабы.
Достарыңызбен бөлісу: |