Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер



бет6/9
Дата18.05.2022
өлшемі104.5 Kb.
#457179
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ас мәзірі

аперитивтер – ақ вермут, қызыл вермут, ащы апери­тив, анис аперитиві және т.б.;
күшті спирттік ішімдіктер мен ликерлар – арақ, виски, джин, ром, бренди, коньяк, кальвадос;
сыра – отандық, импорттық;
аралас ішімдіктер – коктейльдер;
алкогольсыз ішімдіктер – минералды су, лимонад, шырындар.
Арақ-шарап, темекі және ішімдіктер бағаларының прейскуранты мынадай кезекпен жазылады: арақтар, ащы тұнба арақтары, жемістен ашытылған арақтар мен шараптар, күшті жүзім шараптары, ақ және қызыл асхана шараптары, шамалы тәтті жүзім шараптары, десерт шараптары, шампан шарабы, коньяктар, ликерлар, сыра, мине­ралды және жеміс сулары, шырындар, темекі бұйымдары. Кейде прей­скурантқа кондитерлік бұйымдар мен жемістер кіреді. Ашқаннан кейін дәмі мен сапасы бұзылмайтын ішімдіктердің (арақтар, ко­ньяктар, ликерлар, жүзім шараптары) 100 г бағасы көрсетіледі.
Прейскурантта төрт бағана болады: біріншісінде ішімдіктің атауы, екіншісінде шөлмектің көлемі (0,25; 0,33; 0,5; 0,75 л және т.с.с.), үшіншісінде толық шөлмектің бағасы, төртіншісінде – 100 г бағасы қойылады.


3. Арнайы ас мәзірінің түрлері

Арналуы бойынша ас мәзірінің бірнеше түрлері болады: тағамдарды еркін түрде таңдап алуға болатын ас мәзірі; бір күндік рационның тапсырыс бойынша жасалатын тағамдар; кешенді түскі ас (таңғы, кешкі ас); күндізгі тағамдар мен жеңіл тамақтар; банкет ас мәзірі; қызмет көрсетудің арнайы түрлерінің ас мәзірі (мысалы, үйлену тойы, жаңа жыл мерекесі); диеталық тамақтану ас мәзірі.


Тағамдарды еркін түрде таңдап алуға болатын ас мәзірі әралуан кәсіпорындарында болуы мүмкін. Тағамдар ас мәзірінде топтарға бөлініп, көрсетіледі, ал клиенттер оларды өз қалауымен таңдап алады.
Тапсырыс бойынша жасалатын тағамдардың ас мәзірі тағамдарды еркін түрде таңдап алуға болатын ас мәзірінің бір түрі болып табылады. Мұндай ас мәзірі люкс және жоғарғы санаттағы мейрамханалар мен кафелерде болады. Тапсырыс бойынша ас мәзіріне әртүрлі жеңіл тамақтар, көжелер, екінші тағамдар, тәтті тағамдар кіреді. Барлық тапсырыс бойынша фирмалық тағамдар клиенттердің тапсырысы бойынша дайындалып, 15-20 минуттан кейін беріледі.
Бірінші санаттағы мейрамханаларда тапсырыс ас мәзірімен қатар жылдам қызмет көрсету мақсатында түскі ас тағамдарының ас мәзірі жасалады. Сонымен қатар, бөлек бланктарда экспресс-түскі ас ас мәзірі құрастырылады, және осы ас мәзіріндегі тағамдар тапсырыс ас мәзірінде қайталанбауы тиіс. Түскі ас мәзірі және экспресс-түскі ас мәзірі тек қана күндіз қолданылады.
Съезд, конференция, слет, әртүрлі делегацияларға қатысушыларға қызмет көрсетілетін жағдайда бір күндік рацион ас мәзірі қолданылады. Екінші таңғы ас пен түстік ас (полдник) болса, бір күндік рацион үш немесе төрт реттік болуы мүмкін. Келушілердің жасына, ұлтына қарай күндік рационының энергниялық құндылығы 2000 –нан ккал дейін болуы мүмкін. Күндік рацион ас мәзірі клиенттің қалауы бойынша тағамдарды таңдап алу ас мәзірі немесе алдын ала қалыптасқан жинақ ас мәзірі болуы мүмкін. Мұндай ас мәзірі тамақтанудың физиологиялық нормаларын ескерумен кейде белгілі бір мерзімге (бір айға, 20 немесе 10 күнге) құрастырылады, адамдардың бірегей топтарына арналған. Ауруханаларда, санаторияларда, демалыс үйлерінде, балабақшаларда, күндік рационды құрастырған кезде адамдардың жасы, еңбек сипаты, тамақтанудың сапалық және сандық құндылығы ескеріледі. Тәулік рационы еңбек сипаты мен режимге байланысты реттеледі (мысалы, түскі ас 50 %, таңғы ас пен кешкі ас – 25 %).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет