Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «Қоршаған ортаны қОРҒаудың АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны



бет2/14
Дата08.06.2016
өлшемі5.6 Mb.
#122933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

7

I БИОӘРТҮРЛІЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ҚАУІПТЕРГЕ ЖӘНЕ АДАМДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

10

    1. Экожүйенің қазіргі жағдайы

10

    1. Табиғат жүйелерінің ресурстық әлеуеті (орман, балық, жануарлар әлемі, аңшылық шараушылық кадастрлары)

25


    1. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жай-күйі

37

    1. Адамдардың әл-ауқатына қажетті табиғи әлеуеттің және биоәртүрліліктің төмендеуінің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы

40


    1. Биологиялық әртүрліліктің төмендеуінің себептері мен факторлары

49

    1. Биоәртүрліліктің азаюының адам денсаулығы мен әл-ауқатына әсері

56

1.7 Биоәртүрліліктің азаю тенденциялары мен оның салдары

60

II ОРНЫҚТЫ БИОӘРТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР

71


2.1 2011-2020 ж. Биоәртүрлікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша ғаламдық стратегиялық жоспардың мақсатты міндеттері

71


2.2 Биоәртүрлікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша стратегиялық жоспардың мақсатты міндеттері

75


2.3 Биоәртүрлілік мәселелері бойынша бағдарламаларды, жобаларды шолу

80

2.4 Биоәртүрлілік мәселелері бойынша секторлық және сектораралық даму бағдарламаларына шолу

84


2.5 Биоәртүрлілікті сақтау саласындағы қызметтердің жетістіктері

85

2.6 Қазақстанның биологиялық ресурстарын орнықты пайдалану және сақтау шараларын жүзеге асыру

88


III БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША МАҚСАТТЫ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ МЫҢЖЫЛДЫҚ ДАМУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУГЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУЫ

91


3.1 Биоәртүрлікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша стратегиялық жоспардың мақсатты міндеттерін жүзеге асыру

91


3.2 Мыңжылдық даму мақсаттарының міндеттері шеңберінде биоәртүрлілікті сақтау жетістіктері

94


3.3 Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін биоәртүрлілікті сақтаудың іс-жүзіндегі нәтижелері

95


ҚОРЫТЫНДЫ

104

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

108

ҚОСЫМША 1

110

ҚОСЫМША 2

139

ҚОСЫМША 3

148

ҚОСЫМША 4

152

ҚОСЫМША 5

153

ҚОСЫМША 6

160

ҚОСЫМША 7

162

ҚОСЫМША 8

167

ҚОСЫМША 9

168

ҚОСЫМША 10

175

ҚОСЫМША 11

185

ҚОСЫМША 12

186

ҚОСЫМША 13

187


КІРІСПЕ
Биологиялық әртүрлілік адамзаттың әлеуметтік-экономикалық дамуы және адамзаттың тіршілігі үшін өмірлік манызды рөл атқарады. Қамтамасыз етілітін тауарлар мен қызметтер ғаламдық және жергілікті деңгейде пайда алып келеді. Жер бетінде биоәртүрлілікті сақтау миллиондаған адамдардың өмір сүру әрекеті мен әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тікелей байланысты және де осылайша тұрақты дамуға және кедейлікпен күресуге ықпал етеді.

Соған байланысты 1992 жылы 5 маусымда (Рио-де-Жанейро, Бразилия) халықаралық келісім – Биологиялық әртүрлілік конвенциясы қабылданды (1 Қосымша). Конвенцияға 1992 5 маусымда қол қойыла бастады және 1993 жылы 29 желтоқсанда өз күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Биологиялық әртүрлілік туралы БҰҰ Конференциясын 1994 жылы ратификациялады, сонымен қатар келесі міндеттерді қабылдады:

ұлттық жоспарларда, бағдарламада, саясатта орындалатын биоәртүрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау бойынша шаралар қабылдау, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау мен мониторингін жүргізу;

in-situ және ex-situ биоәртүрлілікті сақтау, яғни экожүйелер мен табиғи мекен ортасын сақтау, және де табиғи ортадағы түрлер популяцияларын қолдау және қалыптастыру, негізінен өздерінің ерекше қасиеттеріне бейімделген ортадағы үй жануарлары немесе өсірген түрлерге қатысты.

Биологиялық әртүрлілік конвенциясы аясында биоәртүрлілікті сақтау және биологиялық ресуртарды ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен 1994 жылы 19 тамызда «Қазақстан Республикасының Биологиялық әртүрлілік конвенциясын мақұлдау және оның алдын-ала анықталған міндеттерін орындауды ұйымдастыруы туралы» № 918 Қаулысы қабылданды.

Биологиялық әртүрлілік конвенциясы ережелерін орындау үшін, елдің тұрақты дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес 1999 жылы Биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша іс-әрекеттердің Ұлттық Стратегиясы мен Жоспары құрастырылды.

Биологиялық әртүрлілік нысандарын қорғау бойынша әрекеттер кезегін анықтау үшін бірнеше критерийлер бойынша артықшылықтары белгіленді. Ормандардың биоәртүрлілігін сақтау біздің Биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша іс-әрекеттердің Ұлттық Стратегиясы мен Жоспарының басты бағыты болып танылды.

Биоәртүрлілікке барлық түрлер, ішкі түрдегі формалар, барлық өсімдіктер типтерінің, микроорганизмдердің, жануарлардың, сол сияқты экожүйелердің табиғи жағдайларда және сорттарды, породаларды, түзулер мен штаммдарды адамдардың өсіріп және көбейтіп алуы арқылы популяциясы кіреді. Осы маңызды өмір сүру көзін дұрыс пайдалану мен сақтау проблемасын өзектілігі жағынан адамзаттың басқа проблемаларымен салыстыруға болмайды. (2012 ж. Биоалуантүрлілігі туралы конвенция тараптарының 11 Конференция Декларациясы).

Берілген міндеттер 2012 жылдар Биоәртүрлілікті сақтау бойынша Ұлттық Стратегия мен Жоспардан көрінеді, оның негізгі стратегиялық мақсаттары үкімет пен қоғам әрекеттеріне биоәртүрлілік тақырыптарын енгізу арқылы биоәртүрлілікті жоғалтудың негізгі себептерімен күресуге бағытталған. Биоәртүрлілікке тура әсер күшітерін қысқарту орнықты дамуға жағдай жасайды. Экожүйелердің, түрлер мен генетикалық алуан түрліліктің тұрақты механизмдері негізінде және биоәртүрлілікті тиімді пайдалану, тиімді табиғи әлеуетті жоспарлау, басқару, құруды арттыру есебінен барлық адамдар үшін пайда көлемін арттыру негізінде биоәртүрлілік жағдайын жақсарту мүмкін.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін 20 негізгі міндеттер анықталды: биоалуантүрліліктің құндылығын анықтау, көрсеткіштерді ұлттық бағдарламалар мен даму жоспарларына енгізу; биоалуантүрлілік әлеуеттік және аумақтық экологиялық тұрақтылығын сақтауға ыңталандыру негізінде биоалуантүрлілікті ең аз шамаға төмендету; флора мен фаунаның табиғи ортасының деградацияға ұшырау деңгейін азайту. Түрлі экожүйелердің (орман, тау, шөл, дала, су, ерекше қорғанатын аумақтар) табиғи ресурстарын орнықты пайдалану механизмдерін немесе жүйелерін антропогендік күшті (шығынды, тастанды, механикаалық әсер) төмендету негізінде жасау.

Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, ерекше экологиялық, ғылыми және реакциондық маңызы бар бірегей эталонды учаскелерді, табиғи, тарихи-мәдениет кешендер мен нысандарды сақтаудың ең тиімді шаралары – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (әрі қарай - ЕҚТА) жасау болып табылады.

Қазақстан аумағында 835 омыртқалы жануарлар түрлері, онын ішінде: сүт қоректілер – 178, құстар – 489 (олардың 396 осы жерде ұя салады, қалғандары қыстауға, немесе көктем мен күзде ұшып өтеді), бауырымен жорғалаушылар - 49, жер бетіндегілер 12, балықтар - 104 және дөңгелек қауыздылар- 3 түрлі.

Қазақстанда 5754 түрлі жоғарғы өсімдіктер өседі, 68 түрлі ағаш, 669 бұталар мен талдар, 2598 түрлі көпжылдықтар, 849 түрлі біржылдық шөптер. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 387 түрлі өсімдіктер кіреді.

Қазақстан Республикасының табиғи-қорықтық қорының қазіргі күйін талдау 178 түрлі сүтқоректілердің 140 (78,6%) қоғалатынын, 22 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, құстардың 346 түрі (87,4%), бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі (63,2%), балықтардың 23 түрі (22,1%), осылардың өзі Қазақстанның бірегей фауна мен флоралық биотүрлілігін сақтауды және табиғи экожүйенің барлық кешендерінің тұрақты күйін қолдауды қамтамасыз ете алмайды.

Қазақстанда жаһандық маңызы бар экожүйелер қатары бар, оған солтүстік шөлейттер, реликті қылғанды ормандар мен тау экожүйелері кіреді. Қазақстанның шөлейт және тау жүйелері, ең маңызды экологиялық аймақтарды (орталық-азиялық шөлейттер мен ортаазия таулы далалары және орманды массивтерді) қамтитын Әлемдік жабайы табиғат Қорының Жаһандық Тізіліміне енгізілген. Рамсар конвенциясының халықаралық маңыздағы су-сазды жайылымдары тізіміне Каспий теңізі жағалауына жақын жатқан Орал өзенінің дельталық аумағы, Алакөл-Сасықкөл және Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі енген.

Қазақстанда ландшафтық және биологиялық түрлілікті азайуы мен жойылтуының негізгі факторлары болып, өмір сүру ортасына антропогенді және техногенді әсер ету және аридизация мен шөлейттенудің табиғи үдерістері жатады. Биологиялық түрлілікті жоғалту табиғи экожүйелердің бұзылуы, аумақтың су режимінің өзгеруі, орман массивтерінің жоғалуы, биологиялық ресурстарды шектен тыс пайдалану, өндірістік және иррагациялық сулардың шығарылуы, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін енгізу әсерінен жалғасуда. Биоалуантүрлілікті жоғалту қаупі температураның жоғарылауымен байланысты ауа-райының өзгеруі, экожүйелерді сумен қамтамасыз ету жағдайының нашарлауы салдарынан тиісінше шөлденудің қарқындылығымен/ресурстық әлеуетінің таусылуымен байланысты.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бесінші ұлттық баяндаманың құрылымы үш негізгі бөлімнен тұрады, мұнда қазіргі жағдайдағы биоалуантүрлілік саласындағы мәселелерге талдау жасау бойынша негізгі ойлар мен қорытындылар, тенденциялар мен қауіп-қатерлер және адамдардың тұрмысына тигізетін әсерлері; биоалуантүрлілікті сақтау бойынша ұлттық стратегиялар мен іс-әрекет жоспарын жасауға қажет алғы-шарттар; мыңжылдық мақсат жетістіктеріне биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша іс-шаралардың қосқан үлестері баяндалады.

Берілген баяндама қоғамға биоалуантүрлілік туралы ақпараттарды тарату үшін жасалған пайдалы құрал бола алады. Осы мақсатта баяндама мәтініне көрнекілік кестелер, суреттер, тізбектер, карталар, бейнелер енгізілді. Сонымен қатар, осы баяндаманың негізгі бөлімдерінің ақпараттары мен қорытындылары Қазақстанның биологиялық алуантүрлілік генофондын сақтау және табиғат ресурстарын орнықты пайдалану бойынша ұлттық стратегия мен іс-әрекеттер жоспарын жасауға негіз болады.

I БИОӘРТҮРЛІЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ҚАУІПТЕРГЕ ЖӘНЕ АДАМДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ
1.1 Экожүйенің қазіргі жағдайы

Қазақстанның географиялық орналасуы (55°26’- 40°56’с.к. және 46°27’-87°18’ ш.) сібір тайгасы мен ортаазиялық шөлейттер арасында, ішкі континентті үлкен сулы – Каспий теңізі мен аса үлкен Тянь-Шань таулы жүйесінің болуы табиғи жағдай мен ландшафтын аса көп түрлі болуынан көрініп отыр.

Қазақстанның ландшафтық аймақталуына сәйкес жазықтық бөлігінде 5 ландшафтық тип айқындалған –орманды дала, дала, құрғақ дала, шөл, шөлейтті, ал таулы жүйелерінде – 7 тип нивалды, таулы-шалғынды, орманды, орманды дала, дала, шөл, шөлейтті (1 Cур.).

1 Сур. – Қазақстанның ландшафттық аудандастыру картасы
Қазақстанда үлкен алуан түрлі таулы экологиялық жүйелер бар, оның ішінде төрт ірі тау блогы бөлінеді: Батыс Тянь-Шань (Қаратау және Батыс Тянь-Шань таулары), Солтүстік Тянь-Шань, Қазақстандық-Жоңғарлық және Алтайлық. Таулар олардың етектеріндегі жазықтықтарға үлкен әсер етеді, оларда оңтүстік Қазақстандағы таулы шөлейттері сияқты, ерекше инверсионды экожүйелер типі бар.

Қазақстанның экологиялық жүйелері жеткіліксіз және тұрақсыз ылғалды континенттік климат жағдайында қалыптасады.



Орманды дала. Қазақстанда ормандалалы аймақтың ауданы үлкен емес, Петропавловск және Көкшетау қалаларынан солтүстікке қарай 54 градус с.е. Өсімдік жамылғысы – ормандармен және түрлі шөпті қайта түрленген далалармен ерекшеленеді.

Оңтүстік нашар ылғалды орташа-жылы орманды дала Қазақстан аумағының 1,0% алып жатыр және сұр орманды сортаң топырақтарда және қаратопырақтағы терек-қайын экожүйелерімен, теректі ормандармен, шалғынды далалармен байқалады. Пайдаланылуы: ағаш дайындау, жер жырту, шөп шабу, жайылым және аң аулау.

Орташа-құрғақтау шоғырланған ормандала республика аумағының 1.04% алады. Экожүйелері теректі-қайынды шоғырлар, қаратопырақтағы байтүрлішөпті-дақылды далалармен байқалады. Пайдаланылуы: ағаш дайындау, жер жырту, шөп шабу, жайылым және аң аулау.

Орманды даланың шоғырланған ормандары жұмсақ жапырақтылармен сипатталады: қайындармен, теректермен, үйеңкілермен; ағаш тәрізділер және бұталы талдар: тікенектілер, тобылғылар, шиелер, ырғайлар. Орманды даланың шалғынды және дала учаскелерінің 60-90 % жыртылған.

Ормандалалы аймақ фаунасында сүтқоректілерінің 48 түрі бар. Ең көп саны кемірушілер отрядына жатады (21), одан соң жабайылар (10), жәндікқоректілер (7), қолқанаттылар (5), екітұяқтылар (3), қоян тектілер (2). Сары орман тоқалтіс орманды далада ғана кездеседі. Еліктер, бұғылар, кәдімгі кірпі, орман тышқаны сияқты орман формаларымен қатар, ашық (дала) ландшафтардағы дала тышқаны, қарсақ және басқалар кездеседі.

Ең көп таралған амфибия жасыл құрбақа, сүйірбетті бақа, шөп бақасы мен сібір өткіртісі болып табылады. Бауырымен жорғалаушылар ішінде түрі жағынан ең көбі – жыландар (7) түрі. Шыбын –шіркейдің 3500 артық түрі айқындалған, дегенмен 5-7 мың түрі кездеседі.

Орманды дала аймағында 167 түрлі құс ұя салады (42,9%). Жүйелі қатынаста бұл құстар 9 отрядқа бөлінеді: ржанка тәрізді, тауық тектілер, хайуандар, жапалақтектілер, көгершін тектілер, көкек тектілер, тентекқұс тәрізділер, тоқылдақ тектілер. Олардың көбі ағаш-бұталы өсімдіктермен байланысты орман құстары.

Далалар. Далалы аймақтың ауданы 110,2 млн.га; 3 кіші аймаққа бөлінеді:

Орташа-құрғақ және құрғақ жылы кәдімгі және оңтүстік қаратопырағындағы түрлішөпті-бозды дала (20,1 млн. га -7.4%). Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар.

Орташа-құрғақ және жылы қараталшынды және талшынды топырақтағы бетеге – бозды дала (57,2млн.га-21.0%) ксерофитті түрлі шөптермен. Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар. Даланың 60 % жыртылған.

Шөлденген құрғақ, орташа ыстық ашық каштан топырақтағы жусанды-бозды дала (шөлейт) (32,9 млн.га – 12,1%). Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар.

Дала аймағында дала қоғамдастықтарының 250 артық түрлері айқындалған, олар адамның іс әрекет әсерінен өзгерген. Үлкен масштабта жерлердің жыртылуы негізі далалардың плакор типтерінің жоғалуына әкелді (байтүрлішөпті-бозды және түрлішөпті – бозды далалардың 90%, ақсақ шоқылардың 30 %). Жазық аумақтардағы құрғақ далалардың 50-60 %, ал ұсақ шоқылы жерлерінің 10-15 % жыртылған. Осы кіші аймақтардағы далалардың қалған учаскелері (тасты дала, сортаң тұзды топырақтардағы кешенді далалар) малдардың көп жайылуынан қатты өзгерген. Бұл аймақтардың бозды далалары бетеге, австрия жусаны, арамшөпті қоғамдастықтарға айналған. Олар өздерінің алғашқы түрін жоғалтқан.

Дала аймағында өсімдіктердің негізгі 20 формациясы байқалады, негізгі доминанттар – боздар, қылқан селеу, бетеге және сұлы. Бұта формациялырының ішінде: бөртегүл, қараған, бадам.

Орманмен алып жатқан алқап үлкен емес. Орман өсімдіктері қайын-теректі, кей жерлерде қарағайлардың аралды, жолақты массивтермен, сол сияқты талдар, бөртегүл, қараған бұталармен көрінеді.

Сәбізділер, қызыл боз, жергілікті қоржық боз, сұлы және шалғынды далалар, кейбір бұталы экожүйелер, граниттегі сирек қарағайды, қайынды, черноольшанниктер, ормандар бар байтүрлішөпті далалар өте сирек немесе жоғалу қаупі бар, сондықтан қорғауды талап етеді. Далалы аймақтың 38 млн. га астам ауданы жыртылған. Егістіктен шығарылып тасталған аумақтарды арам шөпті өсімдіктер алып жатыр.

Дала аймағының фаунасында 73 түрлі сүтқоректілер бар, олардың ішінде кемірушілерге 35 түрі, жабайылар – 13, қолқанаттылар – 9, шыбын-шіркеймен тамақтанушылар – 7, қос тұяқтылар – 5, қоян тәрізділер -4, 6 түрлі жер мен суда өмір сүрушілер және 14 түрлі рептилиялар жатады.

Дала жануарлар тұрғындарының негізгі ядросын шалғынды-далалы далалық жасылмен коректенетін құстар құрайды; қанатты шыбын – шіркейлермен (саяқ шегіртке, сегізкөздер және басқалар), кәдімгі және тоқалтіс табыны, суырымен (байбақ) қоректенеді. Дала аймағында 156 түрлі (40,2 %) құстар. Оның ішінде 12 отрядтың өкілдері бар, негізінен қаздар, жабайылар, жапалақ тәрізділер, тауық тектілер, тырна тектілер, тентекқұс тәрізділер және торғайлар.



Шөлдер. Жалпы ауданы – 124,6 млн.га. Тау массивтерінің етектеріндегі бірегей өсімдіктерімен көрінеді: шөлейттің эфемероидты-дақылды-жартылайбұталы және эфемероидты-бұталы қоғамдастықтары. Батыс Тянь-Шань және Қаратау тауларын айналып жатқан жазықтықтарда эфемероидты жартылайбұталы және саваноиды деп аталатын, ірішөптілер қоғамдастықтары таралған. Шөлейтті аймақта бес ендік кіші аймақтар айқындалады:

Солтүстік далалы құрғақ, орташа-ыстық шөлейт ауданы 40,0 млн.га, немесе республика аумағының 14,7 % құрайды. Өсімдік жабыны сұр топырақтардағы шөлейттің дақылды-жартылай бұталылары және адырлы, қатарлы құмдардағы құмды-бұталалармен көрінеді. Пайдаланылуы: жайылымдық, шабылатын жемдік алқаптар.

Орта (солтүстік тұран) құрғақ, ыстық шөлейт (51,2 млн.га немесе республика аумағының 18,9%), қызғылт, сұр-қызғылт құмды топырақтардағы жартылай бұталы, сексеуілтекті, бұталы, өсімдіктермен көрінеді. Пайдаланылуы жайылымдар, орман, отын (сексекілдер) дайындау және өсімдік шикізаты, жекелей – суарылатын жер өндеу.

Оңтүстік өте ыстық, құрғақ, ауданы 30,3 млн.га (11,1 %). Агроқоғамдастықтарымен көрінеді: сұр-қызғылт топырақтардағы эфемерлі-жартылай бұталылар мен адырлы, қатарлы аллювиалды-эолды құмдардағы бұталы-сексеуілдер мен эфемерлілер. Пайдаланылуы: жайылымдар, жартылай суарылатын жер өңдеу.

Тау алды құрғақ, өте ыстық шөлейт (3.2млн. га-1.2%) сұр-қызғылт және сұр топырақтардағы бай эфемерлі өсімдіктер мен ірі шөптер және жартылай бұталылармен көрінеді. Пайдаланылуы: жайылымдар, өсімдік шикізаты.

Тау алды өте құрғақ шөлейт ауданы 11,6 млн.га немесе республика аумағының 4,3% құрайды. Дақылдылармен көрінетін эфемерлі-псаммофитті шөлейттердегі экожүйелермен байқалады. Пайдаланылуы: жайылымдар, жартылай суарылатын жер өндеу.

Солтүстік аймақтарда негізінен, жақсы жайылымдықтар болатын, жусандылар көп таралған, құдықтардың, қыстаулар мен кенттер маңайында және мал жайылатын жол бойында шамадан артық өрістер байқалады. Орта және оңтүстік шөлейттерде, әсіресе республиканың батысында экожүйелердің бұзылуы мал бағудан басқа, техногенді әсерлерден және жол торабынан болып отыр. Барлық шөлейт аймағында құмды шөлдердің (сексеуілдер, псаммофиттібұталылар, псаммофиттіжусандылар) және тау алды өссімдіктері антропогендік әсерлерге төзімсіз және осыған байланысты қазақстандық эфемероидты жусанды шөлдер жойылған (суару аудандары мен өріс аумақтары).

Сексеуілді ормандар 5 млн. га артық үлкен аумақты алады және орман қорына енгізілген. Ең көп тарағаны құмды акациямен, доналылар, айрауықтар, жүзгіндермен аралас сексеуілдер кең таралған. Қызылқұмдағы, Бетпақдаланың батыс бөлігінде, Сарысу өзенінің орта ағысында, Іле өзенінің төменінде, Мойынқұмда қарасексеуілдердің пайдаланылуының маңызы үлкен. Ақсексеуілдер жыл бойы пайдалануға жарайтын ең жақсы жайылымдар, дегенмен, олар отынға кесіліп, дефляцияға ұшырап отыр. Шөлейтте зайсан сексеуілдері, эндемикалық спиреантустар қоғамдастықтар және құмдағы эндемикалық экожүйелер таспалары, копеечник қорғауды талап етеді.

Шөл аймағының фаунасы 119 түрлі сүтқоректілермен, оның ішінде: кемірушілердің 53 түрі, жабайылар – 21, қолқанаттылар -20, шыбын – шіркеймен тамақтанушылар – 12, қос тұяқтылар – 7. Қоян тәрізділер – 5, қостұяқтылар емес -1 жатады. Шөлейт аймағында шамамен 200 құстар ұя салады (51,4). Тек шөлейт аймағына сүтқоректілердің 36 түрі тән, олардың ең көбісі жұқатабанды суыр, сары суыр, ең көп песчанок түрлері тышқандар, ала жертеселер, құлақты және ұзынинелі кірпілер, қоян-толай, жейрен, сайғақ, Маңғышлақ пен Үстірттің шөлейтті тауларындағы уриал, барханды мысық, қарақал өкілдері.

Тау экожүйелері. Қазақстанның тау экожүйелері (ауданы 18,6 млн.га) құрамы мен экожүйе жинағы бойынша жазыққа қарағанда күрделірек. Таулардағы экожүйелердің белдеулілік құрылымы көптеген факторларға байланысты, оның ішінде ең маңыздылары: осы тау жүйесін айналып жатқан жазықтың (пьедесталдарды) аймақтық жағдайы; тау рельефінің сипаты, жоталардың бағыты, абсолютті және салыстырмалы биіктік амплитудасы; топырақ-өсімдік жамылғысының ерекшеліктері.

Қазақстанның тау экожүйелері белдеулік типі бойынша 3 топқа бөлінеді: Тарбағатай-Саур-Алтай, бұл тау алды дала экожүйлері шегінде орналасқан тауларға тән; Жоңғар-Солтүстік Тянь-Шань белдеулік тип топтары – орташа (салыстырмалы салқын) экожүйелер шегінде орналасқан тау жоталарына тән; Батыс Тянь-Шань белдеулік тип топтары орташа жылы оңтүстік шөлейт шегінде орналасқан тауларға тән.

Тау экожүйелерінің өсімдіктері негізгі типтері – тундралық, шалғынды, орманды, бұталы, дала, сол сияқты сирек кездесетін, тек Батыс-Тянь-Шаньда ғана кездесетін аридті арша сирек ормандары. Тек Орталық Азия биік таулары мен Оңтүстік Алтайда таулы тундра өсімдіктері бар. Шалғынды бірлестіктер мезофитті ылғалсүйгіш дақылдар мен түрлі шөптерден құрылған, альпі және субальпі белдіктерінің өсімдіктері қалыптасады.

Альпінің аласа шөпті, әдемі дақылды-түрлішөпті шалғындары жоғары таулы ылғалды жағдайда таралған (Солтүстік Алтай, Батыч Тянь-Шань). Альпінің аласа шөпті шалғындарында криофиттілердің ерекше типі сарыкүйіктер (көбіне бос жерлер деп аталатын) құрғақ және суық тауларда кездеседі (Оңтүстік Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатау).

Субальпілік орта шөпті шалғындары альпі шалғындарынан төмендегі барлық тау массивтерінде таралған. Олардың ішінде сан алуан түрлі-дақылды, сол сияқты манжет және гератий шалғындардың арша нуларымен аралас өсуі жиірек кездеседі. Қазақстанның тау жүйелерінде қылқан жапырақты және жапырақты ормандар көп тараған.

Қылқан жапырақты май қарағайлы және самырсынды ормандар солтүстік-батыс Алтайда ғана кездеседі. Шренк шыршасынан тұратын қылқанды шыршалы ормандар Солтүстік Тянь-Шаньның орта таулы беткейінде тараған. Сібір балқарағайларымен бірге ашық қылқан жапырақты ормандар ылғалды жағдайда Орталық және Оңтүстік Алтайда таралған.

Қарағайлы ормандар және петрофитті-далалы түрлер Орталық Қазақстанның аласа гранитті массивтерінде және Алтайда кездеседі. Қарағайлы ормандар таулы аймақтардан басқа, Торғай аймағы мен Ертіс бойында да кездеседі. Ылғалды қарағайлы ормандар флораның солтүстік элементтері болып табылады. Қарағайлы және теректі ормандар барлық аймақтарда кездеседі.

Әртүрлі тау жоталарында ылғал сүйгіш мезофитті бұталы нулардың түрлері аса көп. Ең көп тарағандары раушан гүлділер, спирейниктер, қарағандылар, вишарниктер. Таулы далалар Қазақстанның Алтайдан бастап Қаратауға дейінгі барлық тауларында кездеседі. Олар үш түрлі кіші типтермен көрінеді: жоғарғы таулы ксерофитті далалар, аласа тауларда шымды дәндідақыл дала, ал Тянь-Шань мен Қаратау төменгі таулы беткейлерінде құрамы жағынан эфемерлі-шымдыдақылдылар, саванна текті шымды дақылдар және таулыксерофитті-дақылдылар.

Аршалы сирекормандар тек Батыс Тянь-Шань ортатауларында және Қырғыз жотасы шатқалында кездеседі. Шөп жабыны жағынан аршалы ормандары шалғынды, шалғынды-далалы, саваноидті жамылғысымен деп бөледі. Батыс Тянь-Шань жазық-тау алды аумағында долана өсетін сирекормандар жоғалып кеткен.

Қаратау тауларында өсімдіктің ерекше типтері тау жусандары таралған. Флоралық құрамы ерекше, оның ішінде аласашөпті эфемерлі, сол сияқты ірішөпті саваннатектілер, дала дақылдары мен таулы ксерофитті элементтері кіреді.

Биік шөптесінді саваноидтар Батыс Тянь-Шань биік тау алды орналасқан. Олар ірі шөптермен аралас биік эфемерлі дақылдармен ерекшенеледі. Аласа тау беткейлерінде әдетте бұталылар (бадам, раушан, шие) көп. Аласа шөпті саваноидтер Батыс Тянь-Шаньнің төменгі тау алқабында кездеседі.

Өзен жазығы, көлдер мен су қоймаларының жағалауы сан алуан түрлі. Өзен жазығы даласында жалпақ жапырақты теректер, емен фрагменттері (Орал өз.) және ұсақ жапырақты теректі – қайынды ормандар, талдар кездеседі. Өзен жазығы шөлейті ерекше мезотермді алқартық ормандар-тоғайлар (терек, әртүрлі жапырақты және көкшіл сұр жиде), ағаш-бұталы (негізінен талдар) және бұталы нулармен (жыңғылдар мен айрауықтар түрлері) көрінеді. Терең шатқалдарда (Чарын өз.) реликті ақ үйеңкі ормандар кездеседі. Өзен аңғарлары мен атырауларында, көлдер жағалауларында шөпті батпақтар (қамыс, қоға, түйнек қамысы) мен түрлі шалғындар (бидайық, айрауық, майсана, түлкіқұйрық), әртүрлі галофитті (ажректі, ақмамық, жауқияқ, арпалылар) шалғындарға бай. Оңтүстік далалар мен шөлейттерде шиден тұратын ірідақылды шалғындар тараған.

Тау экожүйелері фаунасы сүтқоректілерінің 110 түрінен тұрады. Олардан кемірушілер отрядына – 45 түрі жатады, жабайылар – 20, шыбын-шіркейлермен қоректенетіндер – 10, қолқанаттылар – 22, екітұяқтылар – 7, қоян тектілер – 6. Оның ішінде: қоңыр аю, дала мысығы, бұлғын, күдір, бұлан, марал, ала тышқан, тиін, ақ-қоян және басқалар бар. Таулы даланы мекендейтіндер– суыр, саршұнақ; тасты биотоптарда мекендейтіндер– шақылдақ, сұр тышқан, тас сусары , сібір тау ешкісі, ілбіс (тау барысы).

Таулы аймақта құстардың 255 түрі ұя салады (65,6%). Жабайылар, тауықтұқымдастар, көгершін тектестер, тоқылдақ тектестер және торғай тектестер басым.

Қазақстанның тау жүйелерінде 29 түрлі жерүсті және бауырымен жорғалаушылар, олардың ішінде 7 түрлі амфибия және 22 түрлі рептилилер бар. Әр тау жүйелері үшін биотоптарының түрленуіне байланысты белгілі түрлер жинағы сипатты, оның ішінде тірі туатын кесіртке, пысық кесіртке, сұр жылан, су жылан, жетісу бақасы.

Қазақстанның бөлек таулы ландшафтарының фаунасы өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның құрамында эндемикалық және реликті типтер мен кіші типтер өте көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет