Су және су жағалары. Қазақстан аумағы, әсіресе оның солтүстік бөлігі сулы-батпақты алқаптарға бай, негізінен бұл жерлерде 48 мыңға дейін жететін ірі және ұсақ көлдер бар. Олардың ішінде тайыз тұзды көлдер де көп, олардың жағалауында өсімдіктердің болмауы суда жүзіп аулаушы құстарды (мысалы, қаздар мен үйректер) қызықтырмайды, дегенмен, олардағы аралдар күлік, шағала, тұмсықты шағала, тіпті қызғылт қоқиқаз (Теңіз көлі) сияқты, коллониялы құстар түрлері үшін ұя салуға өте жайлы. Басқа көлдер, әсіресе дала аймағында, қамысты нуларға бай, олар суда жүзетін құстар үшін, тек қана ұя салу кезеңінде емес, жаз аяғында балапан шығаратын кезде, көктемгі және күзгі көш-қоны кезінде де тығылатын орын ретінде маңызды.
Материк ортасында орналасқан, Сібірден Каспийге дейін, Азия және Африка қыстайтын жолдарда бұл көлдердің аңшы құстар санын басқару үшін стратегиялық маңызы бар. Орталық Қазақстандағы екі көл жүйесі – Қорғалжын және Ырғыз-Торғай көлдері тіпті 70-жылдары, ең алдымен, суда жүзетін құстар ортасы, халықаралық маңызды су-батпақты алқаптар деп танылып, Рамсар конвенциясына енгізілгені тектен тек емес.
Дала аймағының өзен аңғарлары шалғынды және су-батпақ экожүйелері типтерімен араласып келетін тал және терек ормандары экожүйелерімен көрсетілген. Шөл аймағындағы өзен аңғарлары үшін орман бірлестіктері тән: теректер мен жиде, талдар және жыңғылбас. Көл жағалаулары бойынша қамыстар үлкен алапты алып жатыр. Күшті антропогендік қысым (реттелмеген шөп шабу, жүйесіз мал бағу, су ағысының су қоймалары мен ирригация, алқаптық жерлердің жыртылуы және басқалар) жазық экожүйелерінің шөлейттену үдерісін жылдамдатады.
Өзен жазығы мен өзен бойындағы котловиндердің өзіндік орман-шалғын және шөлейтті экожүйелер дала мен шөлейт аймақтарына аймақтық емес экожүйелер ретінде кіреді. Олардың ішінде далаларда талды-теректі ормандар, арасында шалғын мен шалғынды-сазды өсімдіктер дақтары. Шөлейттерде – талды және жиделі-тораңғысы тоғайлы ормандар, жыңғылбастар және ішінде қамыстылар кездесетін, шалғынды дақылды экожүйелер. Өзендер жағалауында шалғынды – батпақты және шалғынды өсімдіктер сортаң шалғынды-далалы және галофитті типті шөлейт экожүйелерімен алмасады.
Өзен аңғарлары, өзен алқабы және шалғындар 6 млн. га ауданды алып жатыр. Жоғарғы өнімді шығанақты шалғындар 2,2 млн. га, оның 1,3 млн.га алқаптық шалғындар жоғары өнімді қамыстарды жойды. Ботаникалық құрамның нашарлауы, өнімнің азаюы, шабындықтар мен жайылымдардың трансформациясы кеңінен кездеседі. Әсіресе, Іле, Сырдария Шу өзендері алқабындағы шалғынды өсімдіктер өзгеруі көп, жоғары өнім қамысты қоғамдасмтықтар тіпті құлдыраған.
Дала аймағында ең көп түрлілігі жағынан нағыз және батпақты шалғындар, сазды және сулы өсімдіктерімен ерекшеленеді. Жоғарғы беттің сумен басылу мерзімі азайғанда немесе болмағанда, шалғынды өсімдіктер далалыққа айналады. Өзен ағысының шектеуінен шалғынды өсімдіктер құлдырайды және шалғындар өсімдік типі ретінде біртіндеп жоғалады.
Шаруашылықтық пайдалануы бойынша жағалаулық экожүйелер орман қорын, шабындық алқабын, жыртылатын жер, рекореакциондық аумақтармен байқалады. Шөлдер мен далалардағы аймақтардан өтетін өзен жағалауындағы шалғынды-тоғайлы экожүйелер ауданы 5 округке бөлінеді. Бұл масштабта көлдер жағалауының экожүйелері бөлінбеген. Қорғауды талап ететін сирек эндемикалық экожүйелер: тораңғы, ақ үйеңкі.
Су және батпақ экожүйелері су деңгейі мен тұздылығының ауытқуын сезеді, олар ағысының соңғы құйылатын облысымен ерекшеленеді, Солтүстік Мұзды мұхитқа барып құйылатын Ертіс бассейнінен басқасына, үнемі кеуіп кету тән. Өздерінің аборигенді ихтиофаунасының жиыны жағынан бассейнді экожүйелердің суда жүзетін құстар мен жемдік базасының айырмашылығы болады: бентосы, планктоны, балдырлары, жағадағы су өсімдіктері.
Су экожүйелерінің фаунасы 10 түрлі сүтқоректілермен, оның ішінде: шыбын-шіркеймен тамақтанушылар – 2 түрі; жабайылар – 4; кеміргішілер- 4 жатады.
Ұя салатын құстардың 115 түрі (29,5%). Оның ішінде 9 отряд өкілдері: гагаралар, сұқсыр үйрек сияқтылар, ескек аяқтысы, сирақтысы, қызғышысы, қоқиғаз секілділер, қазтәрізділер, бағатын және қара бидайларға ұқсастар.
Қазақстанның аборигенді ихтиофаунасы алғашқыда балықтар мен жайын ауыздылардың 100 түрінен артық болмаған. Олардың жаңа түрлері климатқа бейімделуі бойынша жасалған кең масштабты жұмыс нәтижесінде артты. Қазір олардың 24 тұқымдасқа жататын 130-140 түрлері мен түршелері бар. Бірқатар балық түрлері (түршелері) жеке бассейндер мен аймақтар үшін эндемикалық болып табылады. Эндемиктердің бір бөлігі (Балқаш алабұғасы, арал албырты, аралдық қаяз және басқалар) жаһандық масштабтағы генофондар өкілдері болып саналады. Онда эндемиктердің 4 тегі, 31 эндемик түрлері, 45 эндемик түршелері өмір сүреді. Каспий теңізі әлемдік генофондының резерваты және бекіре балықтарының делдалдық қоры болып табылады.
Агроэкожүйелер. Адамның реттеуімен құруымен жасалған экожүйелер ерекше ландшафтар топтарын береді: егістіктер, саяжайлар, жүзімдіктер, орманпарктік отырғызулар, топырақ қорғайтын және жол бойынғы орман жолақтары, техногенді бұзылған жерлерге отырғызылғандар, тыңайған жерлер, жақсартылған жайылымдар және басқалар. Олардың түрлілігі адамның шаруашылық әрекетіне байланысты және адам анықтайды.
Қазақстан Республикасының жалпы ауданының 272 490,2 мың га (2009 жылғы 1 қараша) жерінің 91 704,5 мың га аумағын ауылшаруашылық алқаптар алып жатыр: оның 59 628,2 - жайылым, 24 073,0 – егіндік жер, 5 036,7 – шөп шабындықтары, 5 036,7 – кең, 117,7 – көпжылдық отырғызылымдар.
Егістіктер. Егістік жерлер агроэкожүйелері негізінен мәдени дақылдар басым моноценоздармен көрінеді. Агроэкожүйелердің биотүрлілігі алдымен, өсіп тұрған өсімдіктер мен арам шөптер түрлерінің санымен (флоралық), сондай-ақ, өсімдіктер мен арам шөптер арасындағы әртүрлі сәйкестіктермен (фитоценотикалық түрлілік) анықталады.
Қазақстан Республикасының климаты мен топырағының сан алуандығы өсімдік өсуінің көп профилдігін, экожүйелер агротехникалық ерекшеліктерін анықтайды. Солтүстік мәдени кеңділігімен қатар, оңтүстікте жылу сүйетін өсімдіктер суарылып өсіріледі. Мәдени дақылдардың негізгі түрлері: дәнді (бидай, қара бидай, жүгері, күріш, ешпен, тары, балжүгері, қарақұмық, бұршақ, үрме бұршақ, соя); техникалық (картоп, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, темекі); көкөніс (қырықжапырақ, шомыр, ақжелкек, шалғам, қызанақ, бұрыш, кәді, сәбіз, желкен, аскөк, қияр, пияз, сарымсақ, қызылша); бақшалы (қарбыз, қауын, асқабақ, кәділер, самсар); жемдік (жоңышқа, эспарцет, мысыққұйрық, судан шөбі, итқонақ, нұт, рапс); жеміс-жидектер (алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы, жүзім, қарақат, бүлдірген, таңқурай). Аталған мәдени өсімдіктер республикада көптеген сорттарымен белгілі, оның ішінде агрофитоценоздарды ішкі түрлілігін жасайтын қазақстандық селекциямен алынған сорттар да көп.
Агроэкожүйелерде арам шөптердің таралуы көптеген экожүйелер үшін тән. Арамшөптердің көп тараған түрлері 55 тұқымдасына, 294 тұқымына, 582 түріне жатады. Әсіресе, ең көп тараған күрделігүлілер, дақылдылар, шаршы гүлді, бұршақ, итбүлдірген және алаботалар тұқымдасы кең тараған. 25 млн.га тың және тынайған жердің жыртылуы салдарынан Қазақстанда жерлердің әртүрлі типтегі арамшөптердің көптігін қалыптастырды. Қара топырақты құнарлы жерлерде шөптердің ошаған-қарасұлы типтерімен, ауырсаздақ механикалық құрамды қызғылт топырақтарда бидайық – жаушалғынды арамшөптермен басқаны көрінеді. Жеңіл механикалық құрамдағы топырақтары бар жыртылатын жерлері қалқан-қураймен басып қалған. Керексіз арамшөптерді түрлі гербецидтермен жою топырақты ластайды, ал ол фаунаның жоғалуына қауіп төндіреді.
Тыңайған жерлер. Қазіргі кезде топырақтың дегумикациясы, эрозиясы мен дефляциясымен байланысты жайылымдарда туындаған шөлдену және тұздану үрдістері дамыған жерлер шамамен 5 036,7 мың га жерді алып жатыр. Жарамсыз қалған жайылымда арамшөпті өсімдіктер көп өсуде. Жарамсыз өсімдіктердің көптеп өсуі жерді игеру және топырақты трансформациялау, тыңайтқыштарды пайдалану, жерлерді суландыру, аурулар мен зиянкестерге қарсы химиялық дәрілер себу тәсілдерімен себептеледі.
Далалардың табиғи әлеуетін оңтайландыру үшін жоғалған экожүйелерді қалпына келтіру, түрлі шөптесіндерді (8,5 млн га), шөптесінді-бетегелі (13,6 млн га) өсімдіктерді қалыптастыру шараларын қабылдау керек. Кейбір түрлер Қызыл кітапқа енген: азықтық 21 түрі, дәрілік өсімдіктердің 20 түрі.
Бұл жайылымдардың шөл аймағында тыңайған жерлерде азот сүйгіш өсімдіктер қалыптасады, ал қайтара тұзданған суарылатын жерлерде – тұзды жақсы көретін түрлер (15-25 жыл және одан да көп) уақыт бойы түпкілікті өсімдіктердің табиғи қайта қалпына келу үдерісі барысында біржылдық арам шөптіктен көпжылдық аймақтыққа дейін өзгереді. Бірақ топырақ эрозиясы мен дегумификациясынан кейін аймақтық топырақ экожүйелерінің қалпына келу үдерісі өте ұзақ болуы (50-100 жылға дейін) мүмкін.
Себілген жайылымдар. Табиғи төмен өнімді жемдік алқаптарды жақсарту жолымен жасалатын жайылымдар мен шабындықтардағы мәдени экожүйелер ерекше. Жемдік агроэкожүйелер ішінде түпкілікті жақсартылған жайылымдар мен шабындықтар басым. Тамырлы жақсарту егілетін шөптерді дұрыс таңдап алуға байланысты. Дала және құрғақ дала аймағында сары және көк жоңышқа, құмдағы эспарцет, ақ және сары түп шөп, жалпақ және енсіз сабақты мысыққұйрық негізгілер болып саналады. Қой шаруашылығы дамыған құрғақ далалы аймақты аудандарда елекшөпті қияқ, прутняк сияқты көпжылдық өсімдіктердің келешегі зор.
Орман отырғызылымдары. Республикада орман агроэкожүйелерін жасау орман жамылымын өсіру қажеттігінен туындайды, әсіресе қажеттігінен туындайды, әсіресе орман аз аудандарда, және бақша-парктер инфрақұрылымдарын дамыту үшін. Қорғайтын орман жолақтары мен бақша-парктерді отырғызу ауылшаруашылық дақылдар өнімділігін, жалпы жеміс, жидектер көлемін жинауды өсірумен қатар, биологиялық түрлілікті сақтауда үлкен рөл атқарады. Бұл агроорман экожүйелері көптеген жануарлар мен құстарға пана болады, олардың шегінде құнды өсімдіктер мен микроорганизмдер сақталады.
Түр алуантүрлілігі. Қазақстан флорасының түрлілігі әртүрлі таксондардың (түрлер, тектер) құрамы мен саны бойынша өзгереді. Дала және шөл аймақтарының жазық бөлігінде флораның әртүрлілігі мен өзіндік сипаттары батыстан шығысқа қарай, ал тау экожүйелерінде – солтүстік шығыстан (Алтай) оңтүстік-батысқа қарай (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) арта түседі.
Қазақстан аумағында 6000 артық жоғары тамырлы өсімдіктер, шамамен 5000 саңырауқұлақтар, 485 – қыналар, 2000 артық балдырлар, 500 мүк тәрізділер тіркелген. Саңырауқұлақтар мен жоғары өсімдіктер арасында 14% түрі эндемиктер болып табылады. Эндемиктердің ішінде 10 түрлі монотиптерін атап өткен жөн: туу соршөбі, рафидофитон, жалған шөл масағы, жалған бүйіражапырақ, бочанцевия, канкриниелла, таволгоцвет, іріаталық, пастернаковник, недзвецкия. Эндемиктердің ішінде реликтілер де аз емес.
Жалпы, Қазақстанның жоғары өсімдіктер флорасы толығымен субтропикалық эоцен өсімдіктері, мезофилді-орман олигоцен флорасы, ескі ортатеңіз неоген флорасы. Өткен кезеңнің бірқатар өкілдері реликтілер ретінде сақталынған. Олар – Шренк таволгоцвет, Регель рафидофитон, зайсан лақса, Потанин балжапырақ; Түркістан қайыны, түйе жаңғақ, Сиверса алма ағашы, парсы шетен ағашы, Талас терегі және басқалар; көн тәрізді қияқ, аласа рауғаш, көп тамырлы пияз.
Қазақстан микрофлорасының 4,8 % эндемикалық түрлер болып саналады. Әсіресе, жоғарғы эндемизм сферопсидті саңырауқұлақтарға тән (3 тектері және 124 түрлері).
Қазақстанда әлемдік маңызды агробиотүрлілік (АБӨ) өсімдіктерінің бірегей генетикалық ресурсы топтасқан. Оларға 24 түрлі ауылшаруашылық дақылдардың генетикалық әлеуетін анықтайтын 194 түрлі өсімдіктер өнеді. Жемісті АБӨ, әсіресе жабайы алма және кәдімгі өрік әлем елдері мойындаған жемістер. Олар Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Кетмен, Жетісу Алатауы және Тарбағатай таулы ормандарында өседі. Сол сияқты кәдімгі пісте, кәдімгі бадам және шараптық жүзімдіктер секілді генетикалық ресурстар экономикалық маңызға ие. Қазақстанда осы түрлердің ең солтүстіктегі ареалдары орналасқан. Бұл олардың табиғи таралуында аязға төзімді, суыққа шыдамды генетикалық негіздерінің болуына жағдай жасайды.
Қазақстанда идек өнімдерін кеңейту үшін қарақаттың 10 түрі және қарлығанның 1 түрі өсіріледі. Көкөністік АБӨ сәбіз, портулак, қояншөп, пияз және сарымсақ жатады. Республикада пияз бен сарымсақтың жабайы тұқымдастарының 120 түрлері өседі. Бұл ұлттық және ғаламдық деңгейдегі бай генетикалық материал болып табылады.
Агробиологиялық гүлді-декоративті өсімдіктерді өсіруді игерудің болашағы бар. Бәйшешектердің отаны деп Голландияны атау қалыптасқан. Дегенмен, олардың түрлік және генетикалық алуантүрлілігі Қазақстанда шоғырланған. Мүнда бәйшешектердің 31 түрі өседі.
Республикада бидайдың 70 астам сорты, жеміс-жидектердің 68 сорты, көкөніс-бақшалықтардың 60 астам сорты, картоптың 23 сорты анықталып, аудандастырылған.
Жоғарғы өсімдіктердің флора құрамында дәрілік, жемдік, техникалық, азықтық, декоративті, сондай-ақ, ағаш-бұталы өсімдіктер де аз емес. Көпжылғы зерттеулерден илік өсімдіктердің 20 артық түрлері айқындалды, олардың ішінде таулықтар, қымыздықтар, рауғаштар бар. Осы түрлердің құрғақ тамыр қоры 200 мың тоннаны құрайды. Кешенді пайдаланылатын техникалық өсімдіктер – кәдімгі қамыс, жылтыр ши, қопалары соңғы кезде көп азайып кеткен. Зерттелген 450 эфирмайлы өсімдіктердің ішінде шамамен 70 май құрамы мен маңызы бойынша маңызға ие. Олардың ішінде жусан, иссоп, жалбыз, мың жылдық өсімдіктер бар.
Негізгі дәрілік өсімдіктер ресурстары (80%) Іле Алатауы, Кетмен, Күнгей, Теріскен, Жоңғар Алатауы, Қырғыз жотасы, Боралдайтау, Алтай, Тарбағатай тауларында таралған. Кейбір түрлер бойынша республика экспортшы бола алады. Осылайша, қырықбуын эфедра ресурсы шығынсыз 700 тонна құрғақ шикізат әзірлеуге мүмкіндік береді, жалаңаш және орал мия ресурсы қоры 75 мың тоннаны құрайды. Басқа өсімдік түрлері бойынша ресурстар ішкі сұранысты қанағаттандыруға жеткілікті.
Фауна. Қазақстанның фаунасын түгендеу тек омыртқалы жануарлар үшін ғана аяқталды (835 түрі), олардың ішінде сүтқоректілер – 178, құстар – 489 (олардың 396 осы жерде ұя салады, қалғандары қыстауға келеді, көктем мен күзде ұшып өтеді), қосмекенділер – 49, жер мен суда мекендеушілер – 12, балықтар – 104 және жайна ауыздар – 3 түрлі.
Қазақстанда 80 мыңға жуық омыртқасыздар жануарлар мекен етеді, олар келесі типтермен көрсетілген: шыбын-шіркейлер 50 (300 жақын түрі), бунақ аяқтылар (60 мыңнан астам, шыбын-шірмекейлер 50 мыңға жақын және өрмекші тәрізділер 10 мыңдай); құрттар (200 артық түрі); немертиндер; ішекқуыстылар; губкалар және қарапайымдар (10 мыңнан кем).
Сүтқоректілердің барлық түрлік сан алуандығының жартысына жуығы кемірушілер тұқымдастарының 82 түрі құрайды, олардың ішінде Қазақстан үшін эндемикалық селевинияның түрі мен тегі, немесе боялычная соня және Батыс Тянь-Шаньнің эндемигі –Мензбира суыры.
Аңшылық сүтқоректілердің 33 түрінен алдыңғы орында тұяқтылар (бұғы, қабан, елік, сайғақ, сібір тау ешкісі, таутеке, марал) және жабайылар (қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сілеусін, аю, сусар, бұлғын, дала күзені) тұр. Олардың көбісі жоғалу қаупі болғандықтан Қызыл кітапқа енгізілген.
Ертеден келе жатқан – сайғактың тағдыры мысал бола алады, ХХ және ХІХ ғасырларда екі рет жоғалу шегінде болып, ғалымдар мен өндірушілердің күш салуымен ғана қалған. Қазір сайғақ – маңызды аңшылық түрі, орнықты пайдаланылуы олардың санын мониторингтеп отыруға байланысты.
Құстардың 489 түрі ішінде аңшылық түрі 40-тан астам – қазтәрізділер, ржанко тәрізділер, гагаралар, сұқсыр үйректер, ескек аяқтылар және тынратәрізділер. Қазақстанның дала және шөлейттегі суалқаптарында жүздеген мың құс ұя салады, ал мезгілдік көш-қон кездерінде, миллиондаған үйректер, қаздар, қарашақаздар, шалшықшылар және басқа да сулы-саздақтар құстары.
Аңшылық-өндірісте екінші орынды тауық тұқымдастар алады (құр, шіл, бұлдырық, кекілік, қырғауыл, ұлар, бытпылдық). Жабайы құстардың 35 түрінің ішінде кездесетіндері бүркіттер, ақсары, сұңқарлар, қаршыға, ұлы жыландар, ара жейтіндер, күшігендер, құмайлар, қозықұмайлар. Аяусыз қыру нәтижесінде республикалық Қызыл кітапқа ірі қырандар, сұңқарлар және өлекселер енгізілді, оның ішінде бүркіт – Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасының символы.
Қазақстандық фаунада тұтас эндемиктердің болмауына қарамастан, бірқатар даланың қанатты мекендеушілері тек біздің аумағымызға сыйпатты, мысалы қара бозторғай, сол сияқты ақбас тырна және шалшықшы ақсұңқар.
Қазақстанда бауырымен жорғаушылардың 49 түрі көп уақыт бойы, (40-180 мың данадан жылына) дала тасбақасы даярланды, бұл оның санының кемуіне әкелді. Бұл жағдай ұлы жыландарғада – боз жыланға, кәдімгі және дала сұр жыландарына да қауып төндіреді, жыланның уын алу үшін оларды аулап алынады. Соңғы жыландары әртүрлі өрмекшілер уларына сұраныс бар.
Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасы 100 жақын балық санын көрсетеді (15 жерсіндірулік). Балықшаруашылық үшін маңызы бар балықтардың 19 түрі анықталады: бекірелі – қортпа, орыс бекіре, шоқыр, шип, және частиковые – шортан, шабақ, аққайран, ақбалық, қарабалық, шығыс тыран, күміс мөңке балық, сазан, ақ толстолоб, ала толстолоб, кәдімгі лақа, кәдімгі алабұға, балқаш алабұға, кәдімгі көксерке.
Барлық дөңгелекқауыздылар мен түрлі балықтардың (140 түрге жақын) қазір 5-8 түрі жасанды жолдармен өсіріліп, гибридтер де қосылады. Олар Каспийдегі бекірелілер, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы ақсақалылар, ақ амур және дөнмаңдай балықтар, оңтүстік аймақтарында барлық жерлерде дерлік – тұқы балықтар, сол сияқты гибридтер қатары. Майшабақтылар, ақбалық, хариус, таймень, шортан, каспийлік торта шабақ, кутум, қарабалық, қаяз, көкбасы, балхаш алабұғасы, нельма, Жабайы популяцияның өнімділігін жоғарлату үшін селекциалық және генетикалық мақсатта қолданылуы мүмкін; олардың арасында аквариумда көбейтуге жарамды эндемикалық және субэндемикалық формадағы карпалық және вьюндық ұсақ түрлері бар.
Амфибия мен рептилилердің генетикалық ресурсы ретінде улы жыландар түрін қарауға болады: дала және кәдімгі сұржылан, қара сұр жылан, қалқантұмсық жылан, сол сияқты шығыс медицинасында пайдаланылатын бақа-тістер, шығыс айдаһары. Ортаазия тасбақасы экспорттың маңызды бабы болып саналады.
Жануарлар әлемінің агробиотүрлілігі (жабайылар мен үй жануарлары) Қазақстанда жеткілікті танылмаған, қазіргі кезде селекциялық жұмысқа пайдаланылмай отыр. Республика аймағында ертеде тұқымдары үй жануарлары болған жабайы омыртқалылар түрлері мекендейді олар муфлон, арқар, қабан, құлан, шиебөрі, қасқыр, дақты мысық және басқалар. Құстар ішінде – бұл, алдымен үйректілер (үйректер, қаздар) және тауықтылар.
Республика аумағында жергілікті үй жануарларының түрі пайдаланылады, оның ішінде қазақстандық селекциямен алынған: ірі қара мал (4), қойлар (9), ешкі (3), жылқылар (2). Дегенмен дала жануарларының бірқатары ауылшаруашылық түрлерді шығармай-ақ пайдаланылуда, мысалы маралдарды жасанды өсіруі; мамық жүнді дала аңдары (қаракүзен, бұлғын, түлкі). Терісі бағалы дала аңдардың селекциялық-генетикалық пайдалану келешегі бар: ақкіс, бозсуыр, ондатра, кәмшат. Қарақұйрықты үйге үйрету тәжірибесі өткізіледі.
Орнитофаунаның селекциалық-генетикалық зерттеудің нысандары сұр үйрек, сұр қаз, барылдауық үйрек, бөдене болып табылады. Фермаларда белгілі аңшылық түрлерді өсірудің үлкен келешегі бар: даудақ, қырғауыл және басқа тауық түрлерін.
Бунақты, кәдімгі, үлкен және кіші түркептерлер, қара бозторғайлар, қара сайрауық, шетен-сайрауықтар, ала тасты сайрауық, қарала торғайлар және басқа да торғай түрлерін «экзотикалық» құстар ретінде өсіріп, сыртқа шығаруға болады.
Микроорганизмдер. Биологиялық түрлілік микроорганизм әлемдерінде олардың морфология емес, ал қызметімен, табиғи ортасындағы көп жақтық қызметпен және әр түрлі технологиялардағы микроорганизмдердің ферментілік әлеуетінің байлығы.
Микроорганизмдер екі ғаламдық ғаламшар үдерісінің – көміртектің және азоттың айналымына белсенді қатысушы болып табылады. Нақ микроорганизмдер органика қалдықтырын көмір қышқылына дейін минералдайды, атмосфера азотын органикалық азотты қоспасы құралымына түрге ауыстырады.
Микроорганизмдер жер құнарлығының қалыптасуына және бұзуына белсенді қатысады. Мысалға, бидайдың монодақылын қайта өсіру нәтижесінде топырақ құнарлығы деңгейінің нашарлауы топырақтың органикалық заттарын минералдандыруға, нитраттауға қатысатын бактериялар санының өзгеруі есебінен болады. Нәтижесінде Қазақстанның қара топырағы мен қызғылт топырағы бастапқы мөлшерден 25-35% қарашірігін (гумус) жоғалтқан. Топырақтың ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен ластануы микроорганизмдердің түрлік алуантүрлілігінің азаюымен жүзеге асады.
Азоттың биологиялық тіркелімі ассоциативтік және симбиотикалық азот тіркегіш микроорганизмдер көмегімен орындалады. Өсімдіктің ризосферасындағы еркін тұратын азот тіркегіштер мекен етеді, топырақты қопсытқанда олардың саны артады. Оңтүстіктегі суарғыш жерлерінде азот тіркегіштерінің түрлі топтары аңықталған. Күріштің суланған топырағында азоттың тіркелімі анаэробті бактериялармен жүзеге асады. Еркін азоттың симбиотика тіркелімі жабайы және екпе бұршақты өсімдіктің тамырлы түйнектерінде бактериялармен орындалады. Жоңышқа, соя, түйе бұршақ, козлятник тамырларынан экологиялық тыңайтқыш (нитрагин) алу үшін түйнек бактериялар анықталған.
Қазып алынған флора мен фауна. Қазақстан Республикасы аумағында палеозой, мезозой және кайнозой дәуірінің палеонтологиялық қалдықтарының орны көп. Шу-Іле тауларында 420 млн. жыл жастағы тамырлы өсімдіктер өкілдерінің ертедегі қалдықтары табылған. Қазақстанның оңтүстік-шығысында Азиядағы ең көне 280 млн. жыл бұрын өмір сүрген төртаяқты омыртқалы жануарлар қалдықтары табылған. Қазақстанның оңтүстігінде Қаратаудағы юра дәуірінің көлі белгілі, мұнда 150 млн. жыл бұрын мекен еткен жәндіктер, өсімдіктердің, балықтар, қолтырауын, ұшатын жүнді кесірткелердің қалдықтары көп.
Елдің батысы мен солтүстік-батысында юра және бор кезеңінің су және жер беті жорғалаушылары, өсімдіктерінің қалдықтары, сонымен қатар кайнозой дәуірінің палеофлорасы мен сүтқоректілерінің қалдықтары табылған. Солтүстік-шығыс Арал маңында динозаврлардың үлкен мекен орындары мен бор дәуірінің өсімдіктері орын алған.
Қазылған флора мен фаунаның өкілдері бұрынғы геологиялық дәуірлердегі өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігінің өзгеру үрдістері туралы, бір топтардың жойылып, жаңа түрлердің пайда болу себептері мен факторлары туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, шаруашылық қызметтің нәтижесінде Қазақстандағы кейбір осындай мекендер жойылған. Мұндай қалдықтардың жартысы құрылыс материалы ретінде жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарымен тастарды пайдалану кезінде, жолдарды, елді-мекендерді салу кезінде жойылады.
Палеозой, мезозой және кайнозой дәуірлерінің омыртқалы жануарлары мен өсімдіктерінің қалған негізгі орындары: Шу-Іле таулары (Жердегі ең көне өсімдіктер), Кульденентемір (бор флорасы), Тақырсор (пальмалы эоцен дәуірінің субтропиктік флорасы), Ержылансай, Алтын-Шоқысы (Торғай орман флорасы), Өтеген (Азиядағы ең көне кейінгі карбон-ерте пермьнің омыртқалы жануарлары), Шах-Шах (бор дәуірінің динозаврлары және басқа да омыртқалы жануарлар мен өсімдіктер), Әулие (юра дәуірінің ұшатын кесірткелері, қолтырауындар, жәндіктер, өсімдіктер), Күшмұрын; Приозерное (бор дәуірінің мозозаврлары және басқа да теңіздік бауырымен жорғалаушылар), Қараторгай, Ақтау уна (алып индрикотерий мүйізтұмсығы – Жердегі ең ірі сүтқоректі), Павлодар «пра-африкалық» фауна: керіктер, түйетұмсықтар.
Қазіргі таңда Қазақстанда палеозой, мезозой және кайнозой эраларының сүтқоректі жануарлары фаунасының және флора қалдықтарының шамамен 225 негізгі мекен еткен орындары белгілі. Олардың ішінде бір палеозойлық омыртқалылар қалдығы және 100 өсімдіктер түрі. 36 мекен орындарында мезозой мен кайнозой фаунасының және 126 флораның қалдықтары сақталған.
Қазіргі кезде қалдықтардың тек үш мекен орны қорғалады: екеуі Ақсу-Жабағлы қорығының аймағында және Павлодар қаласындағы табиғат ескерткіші. Қалдықтардың кейбір мекен орындары табиғат және антропогендік факторлардың әсерінен жартылай және толығымен жойылған. Дүниежүзілік маңызы бар қалдық орындардың ішінде: Галкино (Успенское) – юра жәндіктері, сүтқоректілері және өсімдіктер; Кульденентемір – Орталық Азия аймағындағы бор дәуірінің бірінші қалдық орындары толығымен жойылған.
Сонымен қатар, Қазақстанның геологиялық дәуірінің флорасы мен фаунасының сақталу жағдайын анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу және шаралар қолдану қажеттігі туындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |