Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «Қоршаған ортаны қОРҒаудың АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны


Қазақстан Республикасының «Жасыл даму» жетілдіру және Астаналық бастаманы іске асыру үшін аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуы



бет8/14
Дата08.06.2016
өлшемі5.6 Mb.
#122933
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Қазақстан Республикасының «Жасыл даму» жетілдіру және Астаналық бастаманы іске асыру үшін аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуы. Жобаның мақсаты министрлердің MCED-6 қабылданған декларациясын орындау үшін Еуропалық және Азия-Тынық мұхит елдері арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға институционалдық көмек көрсету болып табылады. 2012 жылдың қорытындылары бойынша Астаналық бастаманы орындау үшiн «Жасыл көпір» Серіктестік Бағдарламасын іске асыру жоспары әзірленді, басқару құрылымы толық талданып, ОДК отырысы жүргізілді. 2013 жылы «Жасыл көпір» Серіктестік Бағдарламасын іске асыру жұмыс жоспарын әзірлеу жоспарлануда. 5 жылға қорларды алу стратегиясы және «Жасыл көпір» көпжақты Траст Қоры құру бойынша ұсыныстар.

Аймақтық жоспарлауға және тұрғындарға әлеуметтiк қызметтер көрсетуге инновациялық тәсiлдерді енгізу арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Жобаның мақсаты тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және Шығыс Қазақстан облысында, негізінен бұрынғы Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен аудандарда Мыңжылдық дамуы мақсатына жету бойынша шараларды іске асыру. Жобаны орындау мерзiмі 2011-2015 жылдар. Осы жобаның нәтижесінде басқарудың жергiлiктi органдары халықтың осал топтарның қажеттiлiктерін қанағаттандыру үшiн бюджеттi тиiмдi жоспарлауға және қолдануға үйретуi керек. Жергiлiктi даму бағдарламаларын жоспарлау және бақылау үшiн мәліметтер қоры құрастырылды және толықтырылды.

Қазақстанда мыңжылдық даму мақсатына жетудi жеделдету үшiн есеп беруге міндетті мемлекеттiк басқаруды нығайту. Жобаның мақсаты мемлекеттiк мекемелердің есеп беруге міндеттерін нығайту, жұмыс тиiмдiлiгін жоғарылатуды көздейтін Қазақстанның үкiметiн бастамасын қолдауы болып табылады. Мемлекеттiк мекемелердің қызметін бағалауға азаматтық қоғамның қатысуы үшiн жағдайлар жасалды. Жобаны орындау мерзiмі 2011-2015 жылдар. Нәтижесінде мемлекеттiк мекемелердің жұмысын қоғамның бағалауы және мембасқару жүйесiндегі реформалар туралы қоғамды ақпараттандыруды үшiн жағдай жасауы керек.

Ауылшаруашылық аудандарды дамыту және қоршаған ортаның тұтастығын сақтау үшiн жайылымдарды орнықты басқару. Жобаның мақсаты Алматыдан қашық емес жердегі пилоттық ауданда жайылымдарды жылжымалы басқаруды қайта жандандыру. Жобаны орындау мерзiмі 2009-2015 жылдар. Жобаның орындау нәтижесінде ұлттық және жергiлiктi деңгейдегi жайылым ресурстарын орнықты басқару үшiн қолайлы орта құрылуы керек, және де жайылым ресурстарды орнықты басқарудың кешендi тәсiлдерін қолдану бойынша билiктiң жергiлiктi органдарының, ауылшаруашылық ұйымдары мен фермерлердiң әлеуетін көтеру, жылжымалы мал шаруашылығының дамуына себепшi болатын жергiлiктi инфрақұрылым жақсарту керек (№7 Кесте).

Табиғатты қорғау шараларын іске асыру шеңберінде, қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң тапсырысы бойынша биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және орнықты пайдалануды қолдау бойынша бес жылдар (2007-2012гг.) ішінде келесі жобалар атқарылды және жүзеге асырылды: «Қазақстанның экологиялық жағдайын, табиғат қорларын пайдалану дәрежесін, қоршаған ортаға шаруашылық қызметтің әсерiн, ортаға келетін кері әсерлерді азайту шараларын бағалау бойынша ұлттық зерттеулер». «Қазақстан Республикасында қоршаған орта жағдайы көрсеткіштерін анықтауды ғылыми тұрғыдан негiздеу». «Қазақстан Республикасын экологиялық аудандастыру». «Солтүстік Қазақстанда биоәртүрлiлікті экологиялық бағалау және оны оңтайландыру іс-шараларын әзірлеу» «Трансшекарааралық мазмұндағы мәселелерді шешу үшін Қазақстанның шекаралық аудандарындағы экологиялық жай-күйін зерттеу». «Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны «50 жылдық бақылау негізінде) экожүйелеріндегі зат және энергия айналымының балансталған математикалық үлгісі және орнықты сипаттамасы». «Қазақстандағы құрғақшылықты зерттеу және болжау». «Қазақстанда су-жер қорларын пайдалану деңгейін экологиялық нормалау жүйесін әзірлеу». «Батыс Қазақстан облысы бойынша мәліметтер базасын құру және шөлдену үрдісінің көрсеткіштерін әзірлеу». «Экологиялық дағдарыс ошақтарындағы шөлдену үрдістерін бағалау әдістірі мен күресу шараларын әзірлеу». «Шөл жайылымдарында фитомелиорацияның агроклиматтық негізі». «Қазақстан қалаларының экологиялық атласы». «Қазақстан Республикасының 1:1 000 000 масштабтағы арнайы экологиялық карталар кешенін құрастыру және баспаға дайындау». «Солтүстік Балқаш маңындағы табиғатты пайдаланушылардан Балқаш көлі экожүйесінің технологиялық ластануын азайту». «Қазақстан Республикасы жер беті суларының жай-күйі, қорғау және пайдалануына талдау жүргізу». «Іле-Балқаш бассейнінің су қорының жағдайын, жер беті суларының сапасын және Қытай Халық Республикасының аумағындағы Іле өзен алабынан су тұтыну көлемінің артуынан күтілетін мүмкін салдарды бағалау». «Батыс Қазақстан облысы табиғи экожүйелерін қалпына келтіру және ерекше тіршілік мұраларын сақтау бойынша iс-шаралар әзiрлеу». «Кіші өзендердің экологиялық қауiпсiздiгін зерттеу және оны жақсарту iс-шараларын әзiрлеу». «Орал өзен алабының экологиялық жай-күйін кешендi зерттеу». «Тобыл-Торғай су алабының гидроэкологиялық мәселелерiн кешендi бағалау». «Шортанды-Бурабай көлдер жүйесінің гидрографиялық атласын жасау». «Каспий теңiзi және жағалау бөлігін (Қазақстандық сектор) жағдайын бақылаудың интегралды жүйесiн ғылыми тұрғыдан негiздеу». «Қазақстандық Алтай аумағының қорық зонасын Бүкiләлемдiк халық мұрасы тiзiмiне енгізуді ғылыми тұрғыдан негiздеу». «Шортанды-Бурабай аумағындағы шипайжай зонасының орнықты даму жолдарын анықтау үшін кешенді экологиялық зерттеулер жүргізу». «Арал маңы экологиялық қауіп аймағында өмір сүретін халықтың әлеуметтiк маңызды ауруларға шалдығуының себеп-салдарын анықтау».


7 Кесте – Қазақстандағы халықаралық табиғатты қорғау жобаларының тізілімі



Жоба атауы

Орындаушылар

Кезеңі (жылдар)

Серіктестер:


1

Далаларды ұтымды пайдалану және қорғау

ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

2009-2013

ҚР АШМ; ҚР ҚОҚМ; АЖРБ агенттігі; Жергілікті қауымдастықтар мен ҮЕҰ; Жергілікті басқару мекемелері

2

Қазақстан Республикасында климаттың өзгеруі мен стратегиялық жоспарлау сұрақтарының бірігуі арқылы орнықты даму саласындағы әлеуетті күшейту

ҚОҚМ,

БҰҰДБ


2009-2010



ҚР ҚОҚМ

3

Дала экожүйелерін сақтау және орнықты басқару

ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

2009-2013


ҚР АШМ; ҚР ҚОҚМ; АЖРБ агенттігі; Жергілікті қауымдастықтар мен ҮЕҰ; Жергілікті басқару мекемелері

4

Орталық Азияның бес мемлекетінде жер қорларының деградациясымен күресу стратегиясын және бірегей тәсілін орындау үшін ұлттық және халықаралық деңгейде әлеуетін күшейту бойынша халықаралық жоба

БҰҰДБ

2010-2013

ҚР АШМ; ҚР ҚОҚМ.

5

Қазақстан Республикасының «Жасыл даму» жетілдіру және Астаналық бастаманы іске асыру үшін аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуы

ҚР ҚОҚМ

2010-2015

ҚР АШМ; ҚР ҚОҚМ; ҚР ЭДСМ; ҚР ИТМ; «Самрұқ-Қазына» АҚ; «Союз «Атамекен» ҚҰЕП

6

Аймақтық жоспарлауға және тұрғындарға әлеуметтiк қызметтер көрсетуге инновациялық тәсiлдерді енгізу арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру (Семей аймағы мысалында)

ШҚО әкімшілігі,

Семей қ. әкімшілігі



2011 – 2015

ҚР ЭДСМ; ШҚО әкімшілігі, Семей қ. әкімшілігі

7

Қазақстанда мыңжылдық даму мақсатына жетудi жеделдету үшiн есеп беруге міндетті мемлекеттiк басқаруды нығайту

БҰҰДБ;

ҚР Президентінің әкәмшілігі; ҚР ЭДСМ; Мемлекеттік мекемелер қызметінің тиімділігін бағалау жұмыс тобы




2011

ҚР Президентінің әкәмшілігі; ҚР ЭДСМ

8

Ауылшаруашылық аудандарды дамыту және қоршаған ортаның тұтастығын сақтау үшiн жайылымдарды орнықты басқару

ҚР ҚОҚ; БҰҰБД

2009-2015

ЖЭҚ / БҰҰДБ; ҚР АШМ

2.4 Биоәртүрлілік мәселелері бойынша секторлық және сектораралық даму бағдарламаларына шолу

Қазақстанда дамудың «жасыл» экономикасына ауысуға бағытталған жаңа саясат қабылданды. Бұл қағидаларды енгізу алғышарттары дамудың бұрын игерiлген келесі бағдарламалық құжаттарында берілген. Халықаралық және ұлттық жобаларда. Ірі халықаралық конференциялар шешiмдерi, оның ішінде: Азия-Тынық мұхит аймағы елдерiнің 6-шы Министрлiк конференциясы (Астана қаласы, 2010ж.). Еуропалық экономикалық комиссиясы елдерінің 7-шi Министрлiк конференциясы (Астана қаласы, 2011ж.). Астаналық экономикалық форумдар (Астана, 2010-2012жж.). Орнықты даму бойыша БҰҰ конференциясы – «РИО+20» (Рио-де-Жанейро, 2012ж.). Биологиялық әртүрлiлiктi сақтау бойынша Тараптар Конференциясы (Хайдарабад қаласы, 2012ж.).

«Жасыл» экономикаға ауысу бойынша Ұлттық стратегияны әзiрлеудің концептуалды негiзін келесілер құрайды: 2030 жылға дейiн Қазақстаның даму стратегиясы. 2020 жылға дейiн Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары. 2003-2015 жылдары индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттiк бағдарламасы. «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары» Бағдарламасы, және де индустрияландыру саласындағы басқа бағдарламалар. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы. Энергоэкологиялық стратегия. 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл көпір» Астаналық бастаманы іске асыру бойынша Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерiнің Серіктестік Бағдарламасы. 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл Даму» салалық бағдарламасы.

Биоәртүрлiлікті сақтауы және қоғамның орнықты дамуына бағытталған бағдарламалық құжаттардың мақсаттылық көрсеткiштерiнiң бiрi агроөнеркәсiптiк кешенде еңбек өнiмдiлiгiн 2 есе арттыру болып табылады. Бұл табиғи жүйелерге және тұрғындардың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсерді төмендетуді, атмосфералық ауа сапасын көтеру; су ресурстарды ластануы мен тапшылық деңгейін төмендетуді айқындайды. Экожүйелердің тұрақтылығын қалпына келтіру және сақтау саласында тапсырмаларды шешу бойынша негiзгi бағыттар қарастырылған: орнықты дамуға ауысу үшiн жағдай жасау; климаттың өзгеруі мен оған бейімделуін болдырмау; биоәртүрлiлікті сақтау және шөлдену мен топырақтың деградациясын болдырмау; экологиялық апат аймақтары мен ластанған аумақтарды оңалту.

Экожүйе қызметінде табиғи қорларды және инвестицияларды экологиялық тиімді пайдалану табиғи қорларды тұрақтандыруға және келесі бағдарламалық салаларда экожүйе қызметтерін сақтау үшін инвестицияны көбейтуге мүмкіндік береді: Экологиялық мониторинг мүддесінде трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту және күшейту мақсатында техникалық, ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсету. Биоәртүрлілікті қорғау үшін, орнықты балық аулау, және жер, су экожүйелерінің антропогендік ластануын ескерту үшін экономикалық құралдарды насихаттау. Экожүйелерді интегралды басқаруға қатысты алдыңғы қатарлы тәжірибелерін ынталандыру, экожүйелерді басқарудың жаңа үлгілерін іске асыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану. Халықаралық сауда келiсiм сөздер шеңберiнде қолданылатын табиғи қорларды тиiмдi қолдануды бақылау жүйесiн әзiрлеу. Халықаралық ұйымдар және басқа серiктестермен бірге жаhандық экологиялық мән бар қорықтар және саябақтарды басқарудың орнықты әдiстерін әзірлеу және енгізу; су қорларын тиiмдi пайдаланудың қазiргi және сенімді технологиялары, осы технологияларды тасымалдау механизмдері туралы бiлiмдерді алу жолын жақсарту.

2010-2014жж. арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламада қоршаған орта сапасын жақсартуға және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттары қойылған. 2009-2011 жж. және 2011-2015жж. «Жасыл даму» бағдарламасының мақсатына жету ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспарына және Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде анықталған шараларға сәйкес орындалады. Бұл шаралар келесі жаңа тапсырмаларды шешу арқылы анықталған: қоршаған ортаның компоненттеріне және халықтың денсаулығына антропогендік әсерді азайту; табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру; су ресурстарының ластануы мен тапшылығын төмендету; қоршаған орта сапасын басқару жүйесін жетілдіру.


2.5 Биоәртүрлілікті сақтау саласындағы қызметтердің жетістіктері

Жаhандық климаттың өзгерудi және биоәртүрлiлік саласында жылулық газдарды реттеудің жаңа саясаты өзара тығыз байланысты. Температураның жоғарылауы, құрғақшылық, тасқын, көшкiннің жиі болуы аймақтың деңгейде өте үлкен зиянын тигізіп, ғаламдық биоәртүрліліктің жоғалуының басты факторы болып табылады. Сонымен қатар, көптеген экожүйелер қызметтерiнің жоғалуы болжамды, ауруға шалдығу және теңiз дауылдарын реттеу; судың бар болуы және гидроэнергетикалық потенциал; тамақ өнімдерін өндіру және туризм.

Қазақстан үшiн климаттың күтiлетiн өзгеру келеңсiз салдары шаруашылықтың барлық қызмет секторларында байқалады: құрғақшылықтың артуы кезінде дәндi дақылдар өнiмдiлігi көлемінің төмендеуi. Экожүйелердің жылу және ылғалмен қамтылуының нашарлауы. Қардың көлемiнiң азаюы. Жұқпалы ауруларды тасымалдаушылар, зиянкестердiң әрекеттiң саласының кеңеюi және арамшөптердің дамуы. Жайылымдарда ауа райының суық қыс және ыстық жаз секілді ауытқулары бар жылдық аралық және мезгілдік өзгеруінің артуы болжанады. Жазықтықтығы жайылымдарда жазғы мал бағу жағдайларының қатал болуы; өнiмдiліктiң төмендеуi және мал жайылымдарының жазда ерте өртенуі.

Климаттың өзгеруі орман шаруашылығында бағалы қалың ормандардың (қарағай, самырсын, балқарағай және самырсын) құны төменірек (жалпақ жапырақты) ормандарға, сексеуілдер мен бұталы өсімдіктердің өнімділігі төмен аумақтарына ауысуына алып келеді. Климаттың әсерінен таулы, дала, су және жағалаулық экожүйелердің түбегейлi өзгереді, ал өл өз кезегінде биогеоценоздардың, нақты аумақтардың ауа райының өзгерісіне және тиiсiнше қызыл кітапқа енгізілген, жоғалу қаупіндегі флора мен фауна түрлерінің көбеюіне себепші болады.

Жоғары аталғандарға сәйкес биота үшін климаттың өзгеруі салдарына бейімделу және зардабын жұмсарту бойынша нақты шаралар қолдану қажет. Нормативтердi белгілеудің аймақтық тәсiлінің мысалы Киото хаттамасы болып табылады. Бұл хаттама 2008-2012 жылдарға жылулық газдардың шығуы бойынша өнеркәсiбі дамыған елдер үшiн міндетті мақсаттық көрсеткiштерді бекітеді. Киото Хаттамасы өз мiндеттемелерiн орындаудың ұлттық өлшемдерiне қосымша ретінде елдер пайдалана алатын үш икемді тетіктерді (бірігіп жүзеге асыру, таза даму тетігі және шығындылар квотасымен халықаралық сауда жасау) ұсынады.

Қазақстан Республикасы жылулық газдардың деңгейі өте жоғары елдер қатарына жатады, нәтижесінде Киото Хаттамасының механизмдері бойынша жобалар жасау үшін үлкен әлеуетке ие болып саналады. 2010 жылдың наурыз айында Таза Технологиялар Қорының Қамқоршылар комитеті Қазақстандағы жалпы құны 1,01 млн. АҚШ доллары болатын жеңілдікті қосымша қаржыландыру түріндегі Инвестициялық Жоспар бекітілді. Мұнда үш бағыт бойынша жоспарлар бекітілген: ТҚ үшін келешекті сектор немесе бағдарламалар қатарында қалпына келетін энергия көздерін дамыту, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту, қаржы институттары арқылы энергия тиімділігін арттыру жобаларын қаржыландыру бар. Антропогендік қысым факторларын төмендету есебінен экожүйелердің тұрақтылығын күшейтуге себепші болады.

Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін төмен көмірсутекті дамуға ауысу жоспары жасалған, бұл жоспар жылулық газдар шығынын азайту, энергетикалық қауiпсiздiк және тіршілік деңгейi бойынша сандық міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін төмен көмірсутектік дамуға ауысу Концепциясы мен Табиғи өзгерістер мен экожүйелердің трансформациясы жағдайында климаттың өзгеруіне бейімделу Концепциясы әзірленді.

«Жасыл Даму» салалық бағдарламасының мақсаты жаңа технологияларды ендіру және ресурстарды үнемдеу жүйесін құру шараларын жоспарлайтын «жасыл» экономиканы дамыту есебiнен табиғи экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру бойынша жағдайлар құруға бағытталған. Қабылданған мiндеттемелердi орындау шеңберлерiнде Жылулық газдардың Мемлекеттiк кадастры; Көміртекті бірліктердің Мемлекеттiк тiзiлiмі құрылады; растау және детерминация жүйесi қалыптасады; нормативтiк-құқықтық база жасалады.

Сонымен бiрге 2011-2015 жылдарға ҚР ҚОҚМ Стратегиялық жоспарында елдің жылулық газдар квоталарымен сауда жасау және «жасыл» экономика қағидаларын қалыптастыру үшін нарықтың қызмет етуiне жағдай жасауды жоспарлайтын дамуға төмен көміртектіге елдiң ауысуы анықталған. Төменкөміртекті немесе экономиканың өсуi мүмкiндiк беретiн парникте өскен газдардың шығуы, қатар төмендетуiн қоршаған ортаны ластау болдырмаумен қысқартылуға сияқты анықталуға “балауса”. Заң қабылданған Қылмыстық, Әкiмшiлiк, салық кодексi “экологиялық сұрақтар бойымен ҚР кейбiр заңнамалық актiлерде өзгерiс пен толықтыруларды енгiзу туралы”; Заң «банкроттық туралы» және 2011 жылдың желтоқсаны басқа нормативтiк құжаттар), белсендiлiктiң шаруақорлығынан табиғатты пайдалану және зиян экологиялық талапты қаталдандырған. Үлкен қосымшалар Экологиялық кодекске кiргiзген.

9-1 Тарау. Жылулық газдардың шығындыларын жұту саласында мемлекеттiк реттеу 12 баптан тұрады және келесілерді анықтайды: квоталарды таратудың ұлттық жоспары; сертификаттарды өзгерту, беру және қайта ресiмдеу; табиғатты пайдаланушыларды әкiмшiлiк етудiң субъектiлерi; шығуларды қысқартудың және жылулық газдарды жұтуының нарықтық тетiгі; ақпаратты тәуелсiз жеткiзушiсi; iшкi жобалар; парникті газдардың шығындыларын қысқарту бойынша мониторинг үрдісі және («жасыл») экологиялық инвестициялар.

20-1 Тарау. Жылулық газдардың шығындылары және жұтылуын бағалаудың мемлекеттiк жүйесі келесі баптардан тұрады: Шығындылар және жұтуларды реттеудің мемлекеттiк жүйесі. Шығынды көздер және жұтулардың мемлекеттiк кадастры. Көмiртектi бiрлiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмі. Парникті газдарды түгендеу туралы есепті растау және валидация (детерминация).

Үкiметтiң Қаулысымен бекітілді: Тарату, беру, сатуды, квота ережесі, сонымен бірге алдыңғы жылдарда сол парникті газдардың шығындыларның көлемі ережесі; Ұлттық даму Жоспарының квоталарын көлемі резервiнен. Растау, валидация (детерминацияны ) жүргізетін тәуелсiз ұйымдарды аккредитациялау ережесi; Жобаларды қарастыру, мақұлдау және өткiзу. Жылулық газдар шығындылары мен жұтуларын жүргiзу және мемлекеттiк кадастрды қамтамасыз ету ережесi. Жылулық газдарды түгендеудiң мониторингі және бақылау ережесi. Қазақстан Республикасы халықаралық келiсiм-шарттарында қарастырылған, жылулық газдар шығындыларын сертификациялық қысқарту бірлігін, жұтылу бірлігін және басқа туындылардың бекітілген мөлщерін құру ережесі. Шығындыларды және жұтылуларды мемлекеттік тіркеудің толықтылығын, тазалығын және анықтылығын тексеру ережесі. Жылулық газдар шығындыларына квоталарды таратудың ұлттық жоспарындағы квотаның қор көлемі және бекітілген мөлшерін қалыптастыру ережесі.

Қоршағанортаминінің бұйрықтарымен қабылданған: Жылулық газдарды түгендеу туралы есеп түрі. Жылулық газдардың шығуы және көмiртектi бiрлiктер квотасының сауда ережесi. Шығындарды өлшеудi және есептеуді стандарттау ережесі. Сауда мақсаттары үшiн жылулық газдардың шығындылары мен көмiртектi бiрлiктер бойынша есепке алу мен тіркеуді, мониторинг жүргiзуi ережесі. Жылулық газдарды түгендеу есептерiн әзiрлеудің критерилері және әдiстемесі. Жылулық газдар шығуларын қысқарту бойынша ішкі жобаларды қарастыруға және мақұлдауға, есеп беруге, тіркеугі және мониторинг әзiрлеу ережесi. Көмiртектi бiрлiктердi жүргiзудің мемлекеттiк тiзiлiмі ережесі. Квоталар бiрлiгінде жылулық газ шығындылары және жұтуларын реттеу саласында жобалық тетiктердiң бiрлiктерiн конвертациялау ережесi. Жылулық газдар шығындыларын қысқарту бойынша iшкi жобаларды әзiрлеу ережесі. Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiм-шарттары негiзiнде квоталар және басқа көмiртектi бiрлiктердiң бiрлiктерiн өзара мойындауды жүзеге асырудың ережесi. Жылулық газ шығындыларынының квотасын тарату кезіндегі субъектілердің мониторинг жоспарын әзірлеу әдістемесі.
2.6 Қазақстанның биологиялық ресурстарын орнықты пайдалану және сақтау шараларын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдесі №477 Орман кодексінде. Соңғы редакцияның күні: 25.01.2012, №3 61, 68 баптарда.

Қазақстан Республикасы Орман кодексі орманды қалпына келтіру, сақтау және орман қорғау, ормандардың мемлекеттiк мониторингісін жүргізу, тұрғындардың және қоғамдық бiрлестiктердің орман қорын сақтау және қорғауға қатыстыру заң қағидаттарына негiзделедi.

Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 9 шiлдесі №481 Су кодексі. Соңғы редакцияның күні: 25.01.2012, 40-63 баптар.

Суды қорғау аймақтарымен байланысты су нысандары мен құжаттарын ұтымды пайдалану бойынша облыстардың (республикалық мәні бар қалалар, астаналар) жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарын келiсуді қарастырады; су нысандарын қорғау және кешендi пайдаланудың бекітілген бас алқаптық схемасына сай бас алаптық су ресурстарын басқару. Су нысандарын қалпына келтіру және қорғау, суды пайдалану және су қорын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау. Суларды ұтымды пайдалану, қорғау және жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар. Су нысандарын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар. Су нысандарының мемлекеттiк мониторингі.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсан №99-IV кодексi (Cалық кодексі) Бюджетке төленетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы. Соңғы редакцияның күнi: 27.04.2012, 499-502 баптар.

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем келесілерді анықтайды: табиғи ортадан жануарларды шығаруға рұқсаттама алған жағдайда төлем тәртібі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтар №212 Экологиялық кодексi, соңғы редакцияның күнi 10.07.12ж., 7-10, 23, 24, 29, 39, 40, 47, 82, 111, 137, 142, 149, 173, 176, 195, 203, 205, 207, 219, 225, 227, 236-269 баптар.

Экологиялық кодексте Қоршаған ортаны қорғау нысандары, Өсiмдiк және жануарлар әлемін қорғау, қайта өндiру және пайдалану саласында арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыреті; Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған қоршаған орта сапасының нормативтерi белгіленген. Сондай-ақ, Экологиялық сараптама және экологиялық аудит, мемлекеттiк бақылау жүргізгенде биоәртүрлiлікті бағалау Мемлекеттiк экологиялық мониторинг, табиғи қорлардың мемлекеттiк кадастрларының бiрегей жүйесін жүргiзу. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апат. Шаруашылық және өзге қызметтерді орындау кезіндегі экологиялық талаптарды әзiрлеу және бекiту реті.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтар № 155 Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекс, соңғы редакцияның күнi: 27.04.2012

Кодекстің № 35, 126, 282-300, 307 баптарында келесі ережелердi бұзушылығына әкiмшiлiк жауапкершiлiгiн қаралады: өсiмдiктердiң өсу орындарын және жануарлардың мекен ортасын қорғау; орман қорын пайдалану; балық қорларын қорғау және балық аулау, жануарлардың өзге түрлерін пайдалану және қорғау; жасыл желектерді, екпе ағаштарды қарау және қорғау, кәсiпорындар және басқа объектiлердiң, елді мекендердің құрылысы және жобалауда өсiмдiктер мен жануарларды қорғау. Пiшен шабындыларының және жайылымдарының бүлiнуi, және де заңсыз пiшен шабу және мал бағу, орман қорының жерлерінде техникалық шикiзатты және дәрiлік өсiмдiктерді жинау, жануар және өсiмдiк әлеміне мемлекеттiк меншiк құқығының селекциялық-генетикалық маманданған нысандарды бұзу немесе жою.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлде N 167 Қылмыстық кодексі, соңғы редакцияның күнi:16.02.2012, 287-294 баптар заңсыз әрекеттерді қарастырады: балық қорларын және басқа су жануарлары мен өсiмдiктерін өндiрудi, аң аулауды, ағаштарды және бұталарды заңсыз кесудi; жоғалу қаупіндегі жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек түрлерін пайдалану, тыйым салынған өсiмдiктерді жинау мен жануарларды аулау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тәртібін, жануарлар әлемін қорғау ережелерiнiң бұзушылығы. Ормандарды бұзу немесе жою.

Заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың құқығын бұзғаны үшін әкiмшiлiк айыппұл әкiмшiлiк жазалары қолданылылады; арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестаттан (куәлiк) айыру немесе әрекеттердiң нақтылы бір түріне белсендiлiгін немесе белгілі қызметтерді iске асыруға әрекетiн тыйым салу; заңсыз тұрғызылған немесе құрылыстағы ғимаратты ықтиярсыз қирату; әкiмшiлiк тұтқындау; Қазақстан Республикасының шектерiне шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамды әкiмшiлiк себеппен қуып шығу.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа берілетін әкiмшiлiк айыппұл заңнамалық актiге сәйкес бекітілетін айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріне сай жүргізіледі.

Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар оларға келтірілген зиянын қазіргі Кодекске және Қазақстан Республикасы басқа заңнамалық актiлеріне сәйкес өтеуге міндетті.

Қылмыстық құқық бұзушылық үшін жеке тұлғалар айыппұл төлейді, не сотпен бекітілген мерзімде түзету жұмыстармен, не белігілі бір қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру арқылы жазаға тартылады.



III БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША МАҚСАТТЫ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ МЫҢЖЫЛДЫҚ ДАМУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУГЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУЫ
3.1 Биоәртүрлікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша стратегиялық жоспардың мақсатты міндеттерін жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 17 маусымындағы № 43-IV «Биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын ратификациялау туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы жаңа халықаралық міндеттерді өзіне жүктеді. Осы заманғы биотехнологияны қолдану нәтижесі болып табылатын және биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете алатын кез-келген тірі өзгертілген ағзалардың адам денсаулығы үшін тәуекелдерді ескеріп және трансшекаралық орын ауыстыруына ерекше назар аударып, оларды қауіпсіз ету, өңдеу және пайдалану саласында қорғанудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуде көмек көрсету болып табылады.

Хаттаманың 2 бабына сәйкес Қазақстан, тиісінше, заңдарды өңдеуді және қабылдау бойынша, әкімшілік органдарды құруды немесе заңдармен және міндеттерді жүзеге асыруға жауапты бар орагндарды тиісінше өкілеттіктер беру.

Қазақстан Республикасымен Биологиялық әртүлілік туралы Конвенцияға биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасынан шығатын міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 26 желтоқсанындағы № 1282 – «Қазақстан Республикасымен Биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасынан шығатын міндеттерді орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» қаулысымен – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құзыретті ұлттық орган, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі – ұлттық үйлестіруші орталық болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 26 желтоқсанындағы № 1282 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2009 жылдың 20 желтоқсанындағы №579 бұйрығымен Қазақстан Республикасының БҒМ ғылым Комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК биологиялық қауіпсіздік саласында (биоқауіпсіздік бойынша бітістірушілік механизімі бойынша үйлестіруші орталық) делдалдылық тетігін жүзеге асырудың байланыс пункті ретінде тағайындалды.

Биоқауіпсіздік бойынша делдалдықтың тетiгi (бұдан әрi - БДТ) Хаттаманы жүзеге асыруға Тараптарға көмек көрсетуге арналған ақпаратпен алмасу тетігін білдіреді. Хаттаманың көп жағдайлары БДТ ақпараттарды беруiн талап етеді, және бұл тетiк өзгерген ағзалар туралы азық-түлiк, жем немесе оны өңдеу ретінде тікелей пайдалануға арналған ақпаратпен алмасуға байланысты ерекше рөл атқарады.

БДТ Үйлестіруші орталығы берiлетiн мәлiметтердiң растауына, Картахен хаттамасы Секретариатымен байланысқа, Биоқауіпсіздік бойынша делдалдылық тетігін қалыптастыру және дамыту мақсатында ақпаратпен алмасудың желілік инфрақұрылымын құруға жауап бередi.

БДТ Үйлестіруші орталығы биоқауіпсіздікке арналған Картахен хаттамасы бойынша Ұлттық үйлестіруші орталықпен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде, құзіретті ұлттық мекеме ҚР Білім және ғылым министрлігі ретінде, ҚР Денсаулық сақтау министрілігі ретінде, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ретінде, басқа да құзіретті министрлер ретінде, биологиялық және медициналық өзге де ғылыми және университеттік мекемелер Биоқауіпсіздікке арналған Картахен хаттамасының талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға қажет ақпараттарды алу үшін өзара қызмет етуі керек.

2011 жылдың соңында БДТ бойынша ҰҮО Ұлттық биотехнология орталығы ТҚК Секретариатының сұранысы бойынша Биоәртүрлілік туралы Конвенцияға Биоқауіпсіздікке арналған 2-ші Ұлттық есебін дайындады. Бұл құжатта осы хаттама шеңберінде орындалған жұмыстар көрсетіліп, Қазақстанда биоқауіпсіздік туралы Картахен хаттамасы шеңберінде міндеттерді орындау үшін әлеуетін нығайту қажеттілігі көрсетілген.

ҚР БҒМ ҒК Ұлттық биотехнология орталығы Қазақстан Республикасында Картахен хаттамасынің ережелерін орындау бойынша біршама жұмыстар атқарды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы 3 шілдеде № 21-21.87 ҚР Үкіметіне елдегі генно-инженерлік қызметті бағындыратын заң жобасын дайындауды тапсырды.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті, 1998 жылғы 24 наурыздағы ҚР «Нормативті құқықтық актілер туралы» Заңының 14 бабы, 5 пунктіне сүйене отырып, техникалық міндеттерге «2009-2011жж. Генетикалық өзгерген нысандар айналымын мемлекеттік тіркеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» ҒТБ (ары қарай бағдарлама), «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша тапсырмасын енгізді, ал оны орындаушы ретінде ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығын» бекітті.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жетті:

Өсімдік тұқымдарындағы, азық өнімдеріндегі, жемдегі генетикалық өзгерген ағзаларды анықтаудың тест-жүйесі құрылды. Қазақстан Республикасында Генетикалық өзгерген ағзаларды (ГӨА) құрумен, пайдалану және айналымға шығарумен байланысты әлеуетті және ықтимал қауіптерді ғылыми тұрғыдан негіздеу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Ауыл шаруашылығында ГӨА пайдалану қаупін алдын алудың кешенді шаралары ұсынылды.

Ішектердің қолайлы миклорасына ГӨА өнімдерінің кері әсерін бағалау үшін тесттердің тиімді кешендері әзірленіп, тексерістен өткізілді. Құрамында ГӨА өнімдердің қауіпсіздігін бағалау үшін, оның токсинділігін, иммундық токсинділігін, аллергиясын, эмбриотоксинділігін және гендік токсинділігін зерттеу үшін тесттер кешені әзірленіп, тексерістен өткізілді.

Генетикалық өзгерген ағзалар туралы ақпараттық база құрылды. Мәліметтер базасы интернет желісіне орналастырылды (http://gmobase-ncb.kz).

«Гендік инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заң жобасы әзірленді, мұнда алғаш рет заң жүзінде ГӨА айналымы мен гендік-инженерлік қызметті реттеу нормалары бекітілді.

Қазақстан Республикасының «Гендік инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

ГӨА айналымын реттеу және бақылау сұрақтары бойынша халықаралық тәжірибені талқылау нәтижелері негізінде «Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген ағзалардың айналымын мемлекекттік реттеу және бақылау концепциясы» жобасы дайындалды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының екі заңдарының жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде қарастырылуда.

Биоәртүрлілік туралы Конвенцияға Биоқауіпсіздік жөнінде Картахен хаттамасы бойынша міндеттерді мүдделі және құзыретті органдардың орындау үшін (ҚОҚМ, АШМ және БҒМ) 2013-2015жж. келесі басты міндеттерді орындау тиісті.

«Гендік инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заңды талқылауға және қабылдауға белсенді қатысу.

БДТ Үйлестіруші орталығында Биоқауіпсіздік бойынша Сарапшылардың Ұлттық тізілімін құру.

БДТ Үйлестіруші орталығында (ҚР АШМ) Биоқауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасына тірі өзгерген ағзалардың (ТӨА) трансшекаралық таралу қаупіне жауап беру және шығынын өтеу туралы Нагоя-Куала-Лумпур қосымша хаттамасына қол қоюға бастамашы болу.

БДТ Үйлестіруші орталығында Биоқауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасының бұл хаттама бойынша қызметтерін толық орындау (АШМ жауапты бөлімшені және жеке жауапты адамды тағайындау).

ТҚК Биоқауіпсіздік бойынша делдалдық тетігінің (мамандардың тұрақты штаты, биоқауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұлттық тетіктермен тікелей байланысты міндетін атқарушылар) ұлттық байланыс пунктінің жұмысын қаржыландыру үшін сұрақтар, үрдістер және бюджеттік ассигнация тетіктерін әзірлеу.
3.2 Мыңжылдық даму мақсаттарының міндеттері шеңберінде биоәртүрлілікті сақтау жетістіктері

2005-2007 жылдары Қазақстан ұлттық экономиканың экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк құжаттарды қатарын қабылдады: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Заңы және басқалар. Биоәртүрлiлікті сақтау және табиғи ортаның ластану деңгейін төмендетуге ықпал ететін халықаралық экологиялық конвенциялар бекiтiлген. 7-шi МДМ-да (Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету: Қазақстанда МДМ туралы есеп, 2007 ) орнықты дамудың қағидаттары Қазақстанның әлемнiң бәсекелес 50 ел қатарына ену Стратегиясынан (Қазақстанның Күн тәртібі-21 туралы Қоршаған ортаны қорғау министрінің баяндамасы, Астана, 2006 жыл) көрініс тапты. 7-шi Мақсат, Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету – қоғамның орнықты әлеуметтiк-экономикалық дамуына жету үшін негiзгi басымдылық болып табылады. 2004-2006 жылдары экологиялық тұрақтылықтың әлемдiк рейтингінде Қазақстан 75-шi орыннан 70-шi орынға жоғары көтерiлдi.

Басым бағыт ретінде орнықты даму, халықтың тұрмысын жақсарту, адамзат капиталын арттыру анықталды. Әр аймақта және әр салада орнықты дамудың мақсатты көрсеткіштері мен индикаторлар жүйесін енгізу жоспарлануда. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының таралуы және пайдаға асыруды мемлекеттiк бақылауды күшейту, тиiмдi табиғатты пайдалануды ынталандырудың тетiгiн әзiрлеу, кәсiпорындарда экологиялық менеджмент және халықаралық экологиялық стандарттарды енгізу жолымен қоршаған ортаны ластану деңгейдiң төмендетуді жоспарлайды. Мұнай серiктестiктерiнiң белсендiлiгiнен шығатын зиянды заттарды экологиялық бағалаудың әдiстемесi жасалған, осы мәселенi реттеудің халықаралық-құқықтық тетiктері жандандырылды, экологиялық мониторинг жүйесi құрылуда. 2013 жылдан бастап Қоршаған ортаны қорғау министрлігі шығындарға аймақтық квоталар орнатуы тиіс. ҚР Эколгиялық Кодексіне сәйкес Жылулық газдар (ЖГ) шығындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды (ОБЗ) мемлекеттік реттеу мақсатында олардың шекті мүмкін деңгейлері белгіленеді. ЖГ көздерін мемлекеттік тіркеу туралы талаптар заңмен бекітілген.

Қазақстандағы табиғи орта мен экологиялық-экономикалық ахуалға – 9 міндеттің орындалуы туралы өткен есепте берілген баға (Қазақстандағы Мыңжылдық жоспар мақсатының орындалуына шолу, 2005ж.) бұл міндеттің іске асырудың аса қиын екендігін көрсетті. Мұның себептері республиканың экономикалық дамуының минерал-шикізат пен отын қорларын өндіру көлемін арттыруға байланыстылығында жатыр. Бұл үрдіс табиғи қорларды жоғалту және техногендік ластаудың жоғарғы деңгейімен қосарлана жүрді. Ұлттық байлықты сақтау мен тиімді пайдалану жөніндегі ресми бағдарламаның жоқтығы, орман шаруашылығын басқарудың салалық саясатының жетілмегендігі, биоәртүрлілік нысандарын түгендеу және тізімге алу шараларының жоқ екендігі, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесінің осалдығы, табиғат қорғау шараларын қаржыландырудың жеткіліксіздігі орын алып келеді. Бұл міндетке қол жеткізудегі ілгерілеушілік көрсеткіштері мынандай анықтағыштарды пайдалану арқылы бағаланады:



  • Жерүсті ортасының биоәртүрлілігін қолдау үшін күзетілуші аумақтың пайызы.

  • Оттегі қосқышқылының шығарылуы (жан басына) және озонсіңіргіш Орман жабындылы аумақтың пайызы.

  • заттардың қолданылуы.

  • Экологиялық-экономикалық көрсеткіш – ІЖӨ энергия сыйымдылығы.

Экожүйелер

Қазақстанда табиғи жүйелердің 60% астамы шөлдену үрдісіне ұшыраған, әсіресе, жерлерді жырту және мал жаю кезінде шөл және дала аймағында орын алған. Қолдағы бағалаулар бойынша, ел аумағының шамамен 75% экологиялық дестабилизацияның жоғары қаупіне ұшыраған.

Антропогендік әсер деңгейі төмен су экожүйелерін қоса есептегенде, фондық аумақтар дамыған елдерге қарағанда аз. Каспий, Арал, Семей (Экологиялық тұрақтылық индексі (ЭТИ) 55,55). Қатты өзгеріс қаупіндегі экожүйелердің жалпы саны ең ірі бәсекелес елдерден төмен (ЭТИ 40,92). Жалпы, Қазақстандағы экологиялық тұрақтылықтың жалпы саны қоршаған ортаға жеткіліксіз инвестиция салдарынан толық тұрақты емес (ЭТИ 48,6). Инновациялық индекс, ЭТИ 2,64 еғ дамыған елдердегіден өте төмен.
3.3 Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін биоәртүрлілікті сақтаудың іс-жүзіндегі нәтижелері

Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалар шешілуі тиіс: климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту. Биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу. Экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту. Су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу. Табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

Ары қарай ғаламдық және ұлттық артықшылықтарға сәйкес алынған нәтижелердің бағасы көрсетілген.



1 Мақсат. Экожүйелер, мекен ортасы және биомассның биологиялық әртүрлілігін сақтауға қатысу. 1.1 Мақсатты міндет. Әлемнің әрбір экологиялық ауданын 10% тиімді сақтау.

Қазақстан үшін 1.1 Мақсатты міндет. ЕҚТА ауданын мемлекет аумағынан 8,5 % дейін, маңызды экожүйелердің қорғалуын қамтамасыз етіп кеңейту.

ЕҚТА тиiмдi жүйесін қалыптастырудың басты міндеті олардың үздіксіздігін қалыптастыруында, мұнда қорғалатын ошақтар (қорықтар, ұлттық саябақтар) бір-бірмен өте қатты қорғалатын аумақтармен біріктіріледі, сонымен қатар экологиялық желі элементтерімен – экологиялық дәліздер, орман массивтері, су қорғайтын зоналармен, басқа да қорғалатын аумақтармен қосылады. Іле Алатауында, Жоңғар Алатауы мен Алтай аймағында мемлекет ішілік аймақтық экологиялық желілер қалыптасуда. Халықаралық деңгейде экологиялық желі элементтері қалыптасуда – олар Батыс Тянь-Шань және Алтай-Саян экологиялық аудандары.

Экожүйелердің қорғалуын және олардың компоненттерiнiң әртүрлiлiгiн сақтауға бағытталған бірнеше заңнамалық актiлер қабылданып, үнемі өзектi сипат бередi: ҚР Экологиялық, Орман, Су, Жер кодексі, ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» заңы, ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңы, Республиканың ұлттық қауіпсіздігі туралы заң, мұнда экологиялық қауіпсіздік бойынша елдің табиғи әлеуетін қорғау және сақтау жөніндегі көп баптар бар.

Мақсатты міндеттерге Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiн даму Жоспары мен Стратегиясын жүзеге асыру шеңберіндегі секторлық және сектораралық стратегиялар, жоспарлар мен бағдарламалары енгізілді: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды 2030 жылға дейін дамыту және орналастыру тұжырымдамасы. Үкімет қызметінің жоспары мен бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау бойынша Ұлттық Жоспар, Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауы, Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар желісін дамыту бағдарламасы. Үкіметтің Қаулысымен республикалық мәні бар ЕҚТА тізімі бекітілді. Оған табиғи-қорықтық қордың 107 нысаны кіреді. ЕҚТА ауданы қазірг қорықтардың кеңеюі және жаңа табиғи резерваттар құру есебінен артқан.

ЕҚТА артуы ландшафттық және биологиялық әртүрлілікті, сулы-батпақты жерлерді сақтауға, сирек кездесетін жануарлардың аумағын кеңейту, республиканың барлық климаттық зоналарындағы өсімдіктердіңэндемикті және сирек кездесетін өкілдерін қорғауға алу (тау, орман, дала, орманды дала, шөл, шөлейт, жағалау және сулы экожүйелер). Республикада қазір ресми түрде жойылу қаупінде омыртқалылардың 126 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі, өсімдіктердің 207 түрі бар. Қазіргі антропогендік әрекеттердің қарқындылығынан флора мен фаунаның сирек және ерекше түрлерін сақтау, өлі табимғат нысандарын қорғау тек ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың репрезентативті жүйелерін ұйымдастыру жолымен мүмкін.

1.2. Мақсатты міндет. Биоәртүрлілік үшін ерекше мәні бар аудандарды қорғау. Қазақстан үшін мақсатты міндеттер.

1.2.1. БӘ үшін маңызды болатын ЕҚТА аудандарының мәртебесін беру бойынша зерттеу және жобалық жұмыстарды жалғастыру, сонымен қоса мемлекеттік жерлер және жеке меншіктегі жерлер.

Табиғат кешендерін сақтау үшін ЕҚТА жүйесін дамыту бағдарламасына сәйкес Алматы, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облыстарында жаңа ЕҚТА құрылуда. Оның ішінде Тарбағатай Мемлекеттік табиғи қорығының табиғаты алғашқы түрінде сақталып қалған, биоәртүрлілігі жоғары деңгейде және Еуразиялық материктің а фауна үшін маңызды аймағына жатады. Баянауыл Мемлекеттік саябағының, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағы кеңейтілді. Орал өзені атырауы және Каспий теңізі маңы жағалауы аумағындағы жерлер үшін, Алакөл және Сасықкөл және Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі үшін су мекенінің мониторинг бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Мәдени және табиғи мұра тізіміне, халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер Рамсар конвенциясының ерекше қорғауындағы Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы орнитологиялық аумақтар Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі енгізілді.



Орал өзені атырауы және Каспий теңізі маңы жағалауы аумағындағы халықаралық мәні бар сулы-батпақты жерлер тізіміне енгізілген. Бұл тізімге енген екінші қазақстандық аумақ, мұнда омыртқалылардың 460 түрі, балықтардың 76 түрі, рептилиялардың 20 түрі, құстардың 292 түрі мен сүтқоректілердің 48 түрі кіреді. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер тізіміне енгізудің негізгі себептері Каспийдің сол жағалауындағы басты мұнай барлау жұмыстарының қарқындылығы, балық аулау қарқындылығы себебінен.

1.2.2. Трансшекаралық экожүйелерді зерттеу және қорғау жұмыстарын жалғастыру

Сулы-батпақты жерлердің биоәртүрлілігін сақтау және миграциялық маршруттарды дамыту, ақтырна және басқа да субатпақты құстарды сақтау үшін сулы-батпақты жерлерді дамыту бойынша халықаралық келісімшарттарды орындау шеңберінде «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватын құру және дамыту қарастырылады.

Қазақстан аумағында ақбөкендердің үш– бетпақдала, үстірт және орал популяцияларымен көрсетілген қазіргі мекен ету ареалы мен қорларының негізгі бөлігі жатыр. Ақбөкендерді қорғау және қалыптастыру тиімділігін арттыру үшін Ақтөбе облысында Ырғыз-Торғай МТР құрылған. Қазақстанның барлық аумағында ақбөкендерді 2011 жылға дейін ғылыми мақсатта пайдаланудан бөлек аулауға тыйым салынған.

Жабайы жануарлардың миграцияланатын түрлерін сақтау Конвенциясы және Жабайы тұяқты жануарлардың жоғалу қаупіндегі түрлері мен ақбөкендерді сақтау және орнын толтыру бойынша Бағдарлама шеңберінде Жамбыл облысында Республикалық мәні бар Андасай мемлекеттік табиғи қорықшасы аймағында құландардың 30 дарасы жерсіндірілді. Тоғай маралы дараларын «Алтын Емел» МҰТС ауыстырылды.

2 Мақсат. Түр әртүрлілігін сақтауға қатысу

2.1 Мақсатты міндет. Жеке таксон топтары түрлерінің популяциясын қалыптастыру, сақтау немесе шектеу.

2.1.1 Табиғи жағдайлар немесе техногендік әсер ету, мөлшерден тыс пайдалану нәтижесінде түр саны мен ареалының кеңеюін сақтау бойынша Бағдарламаны әзірлеу және іске асыру.

«Батыс Тянь-Шань биологиялық әртүрлілігін сақтау» ғаламдық экологиялық қор Жобасы Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейтіп, бірегей биологиялқы қауымдастықтарды қорғауды көздейді. Республика аумағындағы ормандарды сақтау мен орман жайылымын өсіру толық масштабты жоба әзірленді, ол Ертіс бойының жолақ ормандары мен Қзылорда облысында сексеуіл екпелерін қалпына келтіру мен сақтауға, республикалық орман шаруашылығы саласын қолдауға, жайылым алқаптары мен сексеуіл ормандарын пайдаланудың экологиялық нормасын тәжірибеге енгізуге бағытталған.

Орманды молықтыру және өсіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазақстанның жануарлар дүниесін сақтау үшін Жойылу қаупі бар және сирек кездесетін тұяқты дала жануарлары мен ақбөкендерді сақтау және орнын толтыру бойынша Бағдарлама іске асырылды. Бағдарламаны іске асыру Ақбөкендерді сақтау бойынша жүргізілген шаралардың тиімділігін арттыруға, тұяқты дала жануарлары мен ақбөкендерді олардың таралу ареалында сақтау ға мүмкіндік береді.

2.2 Мақсатты міндет. Жоғалу қаупі бар түрлер мәртебесі жақсарды

2.2. 1 Жоғалу қаупі бар түрлер саны мен жағдайының мониторингін жүргізу.

Қазақстанның Қызыл кітабы сирек кездесетін, республика аумағында жоғалу қаупі төнген жануарлар түрлері туралы деректердің жиынтығын беретін негізгі құжат болып табылады.

Қазір Қазақстан өсімдіктерінің Қызыл кітабы жаңа редакцияда шығарылуға әзірленіп жатыр. 2006 жылы 31 қарашада ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер түрлерінің тізіліміне» 387 түрлі өсімдіктер енген.

«Қазақстан Рекспубликасының Қызыл кітабы. Том 2, 2 бөлім. Өсімдіктер қоғамдастығы» («Жасыл кітапқа») табиғи табиғаты бар сирек өсімдіктер қоғамдастығы енгізілетін болады.

Қызыл кітапқа кіргізуге ұсынылған синтаксондар тізіміне 41 қоғамдастық енген: Орман (ағашты) қоғамдастықтар -4; Шөлейт-орманды қоғамдастықтар - 11; Жартылай бұталы жартылай талды қоғамдастықтар - 22, шалғынды және сазды қоғамдастықтар – 4.

Қазақстанның Қызыл кітабы (Том 1. Жануарлар. 1 бөлім. Омыртқалылар. 3-шығарылым, 1996 ж.) омыртқалы жануарлардың 125 түрлері мен түршелері енген, оның ішінде құстар - 56, сүтқоректілер - 40 және Қызыл кітаптың екінші бөліміне (Том 1. Жануарлар. 2 бөлім. Омыртқасыз жануарлар) 96 түрлі омыртқасыздар түрлері енгізілген.

Ең маңызды проблемаларға, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан, 16 түрлі балықты сақтап қалу жатады, олар Қызыл кітапқа енгізілген және республика балықтары биотүрлілігінің 11,5% құрайды.

Бекірелілер жоғалу қаупі төнен, жабайы фауна мен флора түрлерін сату бойынша, халықаралық конвенция нысандары тізіліміне енгізілген.

Реттелмеген жануарларға аңшылық, басқа да антропогендік факторлар республика жануарлар әлемінің жүдеуіне әкеледі. Қазақстан аумағында 20 ғасырдың ортасында қазақстандық құлан, тұран жолбарысы, сол сияқты қабылан да жоғалып кетті.

2004-2012жж. Кезеңінде Қазақстан Республикасының флорасы мен фауна жағдайының мониторинг динамикасы жыл сайын жаңарып тұратын Табиғат кадастрларының мемлекеттік жүйесінде көрсетілген, олар: балық, орман; ерекше қорғалатын табиғат аумақтары және жануарлар дүниесі кадастры. Флора және фауна жағдайының динамикасын бағалау, сондай-ақ ресурстық әлеуетін бағалау республика, облыс, нақты мемлекеттік, жеке құрылымдар деңгейінде жүргізіледі. Республика бойынша материалдарды Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеті, аумақтық басқармалар, жергілікті – меншік иелерімен көрінді. Жүйе ГАЖ-технология негізінде әзірленіп, қызмет атқарады. Бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман, балық қорларын реттеу бойынша басқармалық шешімдерді бағалау және қабылдауға мүмкіндік береді. Аңшылық шаруашылықтың орналасу аумағына сәйкес жануарлар әлемін аулау шегін орнатады (1: 1 000 000 және 1:200 000 масштабтағы сандық карталар).

Нормативті жоспарда «Қазақстан Республикасының жоғалу қаупіндегі жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылу туралы»; «Жануарлар дүниесін қорғау, орнын толтыру және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік тіркеу, кадастры және мониторинг жүргізу ережелері» Заңдары үлкен маңызға ие.

Сонымен қатар, флора мен фаунаның сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлерін сақтау бойынша мәселелердің ішінде МСОП жоғалу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің тізіміне енгізу жөнінде уәкілетті органдардың жеткіліксіз белсенділігін айта кеткен жөн, ол өз кезегінде бағдарламалар мен жобалар арқылы халықаралық ұйымдарға қаржылық қолдау көрсетеді.

Екіншіден, қазақстандық барлық сирек өсімдіктер CITES Конвенциясының Қосымшасына енгізілген. Бұл Конвенция тірі табиғаттың өсімдік, шикізат және дериват нысандарымен сауда жасау ережесін реттейді.

Үшіншіден, уәкілетті органдар мен ғылыми орта МСОП және CITES тізіміне жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды енгізу үрдістерімен таныс емес, яғни ол флораның сақталу және оның құнды түрлерінің жойылуын болдырмау үрдістерін тежейді.



2.2.3 Сирек және жоғалып бара жатқан түрлерді сақтау бойынша Мемлекеттік Бағдарлама.

Мақсаты табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тиімді негізін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілердің теңдік негізінде құру болып табылатын Бағдарлама келесілерге мүмкіндік берді: Қазақстан Республикасының 2 балық өсіру шаруашылығы суқоймаларында мелиорациялық жұмыстарын өткізу, балық өсірушілік инвестициялық қызықтырушылықты жақсарту және балықты өңдірудің табиғи және жасанды жағдайларын жетілдіру. Тоғайлық бұғының, қарақұйрықтың, арқарлардың, құландардың олардың тарихи таралу аймағы бойынша популяциясын орнықты дамуына дейін қалпына келтіру үшін сандарын тұрақтандыру. Ақбөкендердің жыл сайынғы көбеюін және өсімдік әлеміндегі эндемикалық және сирек түрлерінің сақталуын, су қамтамасыз етті. Биоәртүрлілігі ұзақ сақталатын және қоршаған орта жағдайының тұрақтылық жағдайына кепіл беретін басым аймақтардағы қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтті.



2.2.4. Жеке меншік және аңшылық жағдайындағы ЕҚТА түрлердің сақталуына ықпал ету

Қазақстан Республикасында аңшылық алқабы 234,6 млн. га құрайды, оның (49,0%) 662 аңшылық шаруашылықтарға бекітілген, қалғандары жалпы қолданылатын алқаптар болып саналады.

Жануарлар дүниесін қорғау және өсіруді жақсарту үшін 30 астам нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, қабылданды. Шаруааралық аң аулау сұрақтары шешілуде, аңшылық жерлердің резервті қорларын аң аулаудың экономикалық тексеруі жүргізіледі. Аң аулау жерлерінде жануарлар дүниесін қорғау егерлердің көмегімен жақсартылған. Аң аулау шаруашылығының егерлер қызметінің құқықтық мәртебесін анықтау, оларға браконьерлікке хаттамасын құру құқығын беру жануарлар дүниесін қорғауды жетілдірді. Бекітілген аң аулау жерлерінің ауданын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. Аң аулау шаруашылығын дамытуды басқару жүйесі мен қаржылық қамту жүйесі жақсартылады, және е аң аулау шаруашылығының материалдық базасы бекітіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жер учаскелерін жеке және заңды тұлғаларға ұсыну бойынша инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарына сай жұмыстар реттелетін туризм және рекреация мақсатнда пайдалану үшін жалғасып жатыр.


3 мақсат. Генетикалық түрлілікті сақтауға ықпал ету

3.1. Мақсатты міндеттер. Ауылшаруашылық дақылдарының, үй жануарларының, өнеркәсіптік масштабта алынатын ағаш түрлері, балықтар, тірі табиғат, сол сияқты, сақталатын құнды өсімдік түрлерінің генетикалық түрлілігін сақтау және олармен байланысты аборигенді және жергілікті білімдерді қолдау.

Мемлекеттің стратегиялық мақсаты – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша әрекетті шаралар қабылдау, жануарлар әлемі мен орман ресурстарын қалпына келтіру және қорғау үдерісіне капитал тарту, осы сферадағы жұмыстардың жағдайына жауапкершілікті өсіру. Алғашқы реттік шаралар әзірленді: Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамыту және орналастыру Концепциясы; экономиканың су секторы мен су шаруашылық саясатын дамыту; балық шаруашылығын дамыту. Агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуы. Ауыл шаруашылық министрлігінің стратегиялық жоспары. «Жасыл ел» және «Жасыл даму» Бағдарламаларын іске асыру жалғасуда. Бірнеше халықаралық жобалар жасалған. Селекция- тұқым өсіру және селекция-генетикалық маңызды нысандарды айқындау жолымен тұрақты ормантұқымдық базаны қалыптастыру келесі кәсіпорынмен жүргізіледі – «Алматы орман селекциялық орталығы» РМҚМ мен «Көкшетау орман селекциялық орталығы» РМҚМ, ауылшаруашылық өсімдіктерінің генетикалық ресурстарының Арал маңы тәжірибелік станциясы.

Арал маңы өсімдіктердің генетикалық ресурсы тәжірибе «Республиканың оңтүстік - батысында селекцияда пайдалану үшін, жоғарғы өнімді және стресс факторларына төзімді көздерді айқындау мақсатында, жемдік, дақылдық, көкөністік және құмайттық гендік қорларды сақтау, толықтыру және тану» ӨҒЗ жоспары іске асырылуда.

Орнықты даму Концепциясының приоритеттерін биотүрлілікті сақтау бойынша іске асыру үшін, келесі жобалар әзірленіп, орындалуда: Қазақстанда агро-биотүрлілікті өсіп жатқан табиғи жерлерінде сақтау; Алтай-Саян экоаймағының биотүрлілігін орнықты пайдалану мен сақтау; Жаһандық –маңызды сулы-саздақ алқаптарды суда жүзетін құстар мекендейтін орта ретінде кешенді сақтау; сонымен қатар, сирек кездесетін тұяқты дала жануарлары мен ақбөкендерді қорғау және орнын толтыру бойынша; су ресурстарын, жануарлар дүниесі мен діру бойынша бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда.

Осы ұсыныстарды орындау мен қорғалатын табиғи аумақтарға экологиялық туризмдік ерекшелік сұранысты қамтамасыз ету, тұрғындардың өзіндік мәдениеті мен салттарымен үйлестіре отырып, Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұрақты даму бойынша Жердің Саммиті (2002,2012жж.) шешімі бойынша сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сақтау, сол сияқты турлар географиясын үнемі кеңейтіп отыру, Қазақстанда туризмнің осы бағытының дамуын болжауға мүмкіндік береді.
4 Мақсат. Орнықты пайдалану мен қабылдауға ықпал жасау

4.1. Мақсатты міндеттер. Биотүрлілік өнімдерін орнықты басқарылатын көздерден алу және өндіретін аудандарды биотүрлілікті сақтау міндеттеріне сәйкес басқару.

4.1.1. Жергілікті биоресурстар негізінде өнім шығаратын кәсіпорындар мен фермалардың дамуына мемлекеттік қолдау көрсететін (салық жеңілдіктері, несиелеу, бағдарламалар, қарыз беру, қорлар) экономикалық және заңдылық тетіктерді әзірлеу.

Басқару, бақылау жүйелерін дамыту бойынша кодекстер, заңдар және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу есебінен табиғатты қорғау заңнамасын жасауға бағытталған қолдаудың мемлекеттік тетіктері. Су, орман, жер ресурстары, биотаны пайдалану бойынша экологиялық талаптарды күшейту. Ауылшаруашылық жерлерінің өнімділігін, мал шаруашылығы, жем өндіру өнімділігін арттыру, қоршаған ортаға қысымды азайту, экономиканың өндірістік секторынан шығатын ластағыштарды азайту.

Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша Үкіметтің Бағдарламасының нәтижелігі мен сапасын нығайту; ет-сүт өнімдерінөндіруді және өңдеуді дамыту; балық өндіретін және балық өңдейтін салаларды халықаралық стандарттар мен әлемдік тәжірибеге сай балық шаруашылығы саласындағы жаңа әдістерді және технологияларды ескеріп тауарлық балық өнеркәсібін дамыту. Өндірістің тиімділігін өсіру, селоларда қаржылық қызметтер нарығын дамыту, жаңа материалдық-техникалық қамсыздандыру, елді-мекен халқының тұрмысын жақсарту үшін жаңа технологияларға, әдістерге, жабдықтарға қол жеткізу. Мемлекет тиімді қолдау көрсететін агроөнеркәсіптік кешеннің динамикалық дамуы. Ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік кешендерді қалыптастыру. Ауыл шаруашылық саласындағы мамандарды (комбайнерлер, трактористтер, слесарьлар, мал өсірушілер, аграном, фермерлер, электриктер т.б.) оқыту жүйесін ұйымдастыру. Кіші және орта бизнес, фермерлік шаруашылықты ұйымдастыру бойынша тренингтер және біліктілікті жетілдіру курстарын жүргізу; құнды саясаттың маркетингтік зерттеу жүргізу; бизнес-жоспарлар дайындау және жобаларды басқару; ауыл шаруашылық қызметкерлерін басқару.

ҚОРЫТЫНДЫ
Биоәртүрлілік саласындағы жағдайларға, тенденциялар мен қауіптерге шолу нәтижесінде республикамыз экожүйелерінің бай флоралық, фауналық әртүрлілігі қатерлі түрде азаю қаупінде екенін байқатты. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерінің Қызыл кітапқа енген флора және фаунаның саны артуда. Тау, орман, дала, шөл, шөлейт, сулы және жағалық аумақтардағы табиғи кешендердің тұрақтылығы нашарлаған. Табиғи әлеуеттің ең қауіпті өзгерістері таулы, шөл, су және жағалық экожүйелерде байқалады. Мысалы, өсімдіктің шалғындық типі жоғалу қаупінде тұр. Қар барсы – Қазақстанның нышаны да толық жойылу қаупінде тұр. Доминантты экожүйелердің орнына арамшөртер көбейді, жануарлар әлеміне және микроағхзалардың зиянкестері кең таралған.

Қазақстанның ресурстық әлеуеті де төмендеуде. Орман массивтерінің, аң аулау және балық шаруашылығы өнімділігі үнемі азаю үстінде. Республиканың үлкен шикізаттық қоры (дәрілік, жаңқа, өнеркәсіптік, техникалық дақылдар, өзен, көлдердің түптік шөгінділері) тиімді пайдаланылмайды. Шикізат ресурстарының экспорты мен ішкі тұтыну мөлшері артуда.

«Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасын» іске асыру бойынша ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының ауданын кеңейту, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлерін сақтау, биоәртүрліліктің сирек түрлерінің мекен ету орталары мен ерекше экожүйелерін сақтау шараларына қарамастан, республикамыз үшін халықаралық стандарттар бойынша ЕҚТА қызметін қамтуға инвестиция тарту ең өзекті мәселе болып қалды. Білікті мамандарды дайындау; ірі автожолдардың, теміржолдардың, құбырлардың, жасанды каналдардың, тікенді сымдар қоршауының қиылысында құрлық жануарларының және ақбөкендердің миграция жолдарын инженерлік қорғау.

Табиғи ресурстық әлеуетін төмендетудің жоғары әлеуметтік-экономикалық маңызы бар. Ел экономикасының жіберілген табысы энергетикалық ресурстарды пайдаланудың төмен тиімділігімен, жердің тозуы және су ресурстарының тапшылығымен себептеледі; қоршаған ортаның ластануымен – топырақ, ауа, өсімдік және жануарлар әлемі. Экономика пайдасының азаю себептерінің бірі жер сапасының төмен болуы, жайылымдар мен жерлердің өнімділігінің төмендігі, экожүйе биоәртүрлілігінің әралуындығы, осының барлығы табиғат ресурстарын қорғаудың және басқарудың тиімсіз тәсілдерімен себептеледі. Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өндіріс пен тұтынудың үлгілерін сауықтыру қажет, және де қолайлы жағдайлар жасау, инвестиция тарту, энергияның қалпына келетін көздерінен электрэнергиясын алу бойынша күштерді өндіру және «жасыл» экономика ұстанымдарын ендіру. «Жасыл» экономиканың артықшылықтары ішінде энергия үнемдеу, су ресурстарын және биологиялық әртүрлілікті сақтау және пайдалану.

Биоәртүрліліктің таусылуы флора мен фауна түрлерінің жойылуы есебінен, сондай-ақ олардың сандық ареалының қысқаруы есебінен, фитоценотикалық белсенділігінің және репродуктивтілік қабілетінің төмендеуі есебінен жүреді. Қазіргі кезде Қазақстанның Қызыл кітабында өсімдіктердің 387 түрі, омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыз жануарлардың 96 түрі енгізілген. «Қазақстан республикасының Қызыл кітабы. Өсімдік бірлестіктері» («Жасыл кітап») баспаға дайындалған, оның ішінде 40 экожүйелер бар, олар: Орманды, Шөлді-орманды, жартылай бұталы, жартылай шөпті, Шалғындық және батпақ бірлестіктері. Жалпы, Қазақстан Республикасынң экологиялық аудандастыру материалдары бойынша экожүйелік трансформация ауқымы өте кең және Арал маңы, каспий маңы, Балқаш маңын алып жатыр.

Ұлттық баяндаманы дайындау кезінде биоәртүрлілік туралы конвенция тараптарының шешімімен талдау жасалды. «ҚОҚАТО» РМК мамандарымен бірге ратификацияланған кезінен бастап Биологиялық әртүрлілік туралы Конвенция тараптарының шешімдерінің жинағы шығарылды. Сондай-ақ, республиканың тиісті органдарына, орталық азияның аймақтық экологиялық орталықтары мен қорларына («ҚР БҒМ «Ұлттық биотехнология орталғы» РМК), АШМ, Қазақстанның биоәртүрлігін сақтау қорына, ЖЭҚ/БҰҰДБ/ҚР Үкіметінің "Үш аумақта ұшып-қонып жүретін құстардың мекендері ретінде басым ғаламдық мәні бар сулы-батпақты жерлерді кешенді сақтау» жобасына, «Қазақстан Республикасындағы жабайы табиғаттық әлемдік қоры» жобасына сұраныстар жіберілді.

Негізінен, экожүйелердің ғаламдық трансформациясын келесі табиғи факторлар (Аралдың тартылуы, Каспий суының көтерілуі, климаттың өзгеруі) айқындайды: жылыну, сортаң басу, су және жел эрозиясы. Бұл жағдайда антропогендік қысым шөлдену қарқыны мен дәрежесін анықтай отырып, табиғи үрдісті тездететін қосымша күшті плюр болып табылады. Олардың ішінде негізгі антропогендік анықтаушы әсерлер жер бетіне физикалық әсер ету (жолдар салу, карьерлер қазу, құрылыс, барлау жұмыстары, бұрғылау және т.б.); атмосфералық ауаға шығатын тастандылар; топырақ және су көздерінің, жануарлар мен өсімдіктерінің өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және тұрмыстық сектор қызметінен ластануы.

Аумақтың экологиялық жағдайының нашарлауынан ресурстық әлеуеттің төмендеуі есебінен шаруашылық әрекет қысқарып, тиісінше, жұмыссыздық деңгейі жоғарылайды. Су сапасының нашар болуы, атмосфералық ауаның ластануы, табиғат және аграрлы жүйелердің өнімділігінің аз болуы, аумақтық эпидемиологиялық жағдайының нашар болуы; топырақ пен судың токсинді заттармен ластануы салдарынан халықтың жағдайы нашарлайды. Жалпы, қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайының өзара байланысын талдай отырып, олардың арасында тікелей корреляция болмаса, экология адамдардың ауруға шалдығу қаупінің күшті факторы болып табылады.

Биоәртүрліліктің таусылу тенденциясы аумақтың ресурстық әлеуетінің төмендеуі көрсеткіштерінен көрініс табады – класс, дәреже, шөлдену қарқыны. Осы көрсеткіш бойынша ең күшті өзгеріс және биологиялық әртүрліліктің нашарлауы Батыс және Орталық Қазақстанның ең дамыған өнеркәсіптік аудандарына тән. Жалпы,республика бойынша тек 4,5% (12,1 млн. га) аумақта экожүйелер жағдайы қолайлы; 24,5% (67,0 млн. га) аз өзгерген; 70% астамы антропогендік қысымда; оның ішінде ең аз қысымға 25,5% (69,4 млн. га) ұшыраған, экологиялық дағдарыс зоналары 1,5% (4 млн. га) алып жатыр.

Қоршаған ортаны сауықтыру болашағы аймақтық экожүйенің өзгерістерінің жағдайын, оның биоәртүрлілігінің мәліметтер қорының құрылуын, өнімділігін, қорларды игерудің жыл сайынғы нормативтерін әзілеу, өзгерген экожүйелерде биоқорларды пайдаланудың қатал шектерінің анықтауды ескеретін жер құрылымының облыстық карталарын әзірлеумен тікелей байланысты. Ол үшін Экологиялық кодекске ерекше қорғалатын табиғат аймақтары, экологиялық қауіп аймақтары мәселелері бойынша экожүйелерді сақтау шаралары мен регрессияны тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер енгізу керек.

Биоәртүрліліктің адамдардың әл-ауқаты жағдайына негізгі үлес қосатын және ғаламшардағы тіршілік кепілі ретінде оның жоғалуын болдырмайтын шұғыл және тиімді шараларды қабылдау үшін 2020ж. дейін ғаламдық Стратегиялық жоспар мен мақсатты міндеттер әзірленді. Олардың негізгі бағыттары: биоәртүрліліктің жоғалу қаупін болдырмау; экожүйелерді, түрлерді және генетикалық әртүрлілікті сақтау; биоәртүрлілік пен экожүйелік қызметтермен қамтамасыз етелетін халықтың табыс көлемін арттыру; экожүйелерді орнықты пайдалану және қорғауды қамтитын тиімді жоспарлау және басқару.

Қазақстан Республикасының жаhандық мақсаттарына сәйкес Биологиялық әр түрлiлiктi сақтау және орнықты пайдалану бойынша Стратегиялық жоспардың ұлттық мiндеттерi анықталды, оның мазмұнында бағдарламалық құжаттарды талдау; ЕҚТА және экологиялық желiні дамытудың оңтайлы үлгiлерiн әзірлеу; әр түрлi экономика секторларында түрлi биоәртүрлілік сұрақтарын енгiзудiң тетiктерiн әзiрлеу; генетикалық эрозияны минимизациялауға және генетикалық әр түрлiлiктiң сақтауға арналған стратегияны әзірлеу; биоәртүрлілікті сақтаумен, бағалық құндылығының және жоғалтудың зардаптарымен байланысты бiлiм беретiн бағдарламаларды дамыту; ресурстарды жұмылдырудың стратегиясын әзiрлеу.

Қазақстан Республикасында Биологиялық әр түрлiлiктi орнықты пайдалану және сақтау бойынша Стратегиялық жоспарды әзiрлеу және жүзеге асыру үшiн жақсы алғышарттар бар.

Реформ жылдары Республикада дамудың ұзақ, орта және қысқа мерзiмдi жүйесінің басымдылықтары қалыптасты, оның ішіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері Стратегиялық құжаттарға енгізілді: Қазақстан 2030. Оны жүзеге асырудың стратегиялық жоспары (2010, 2020); Президенттiң жолдауы; Әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары; Орнықты даму бойынша Бүкiләлемдiк Саммиттер мен Табиғатты қорғау Тараптары Конфренциялары шешiмдерiн жүзеге асыру; Қазақстанның Халықаралық бастамалары «Энергоэкологиялық стратегия» және Әрiптестiктiң бағдарламасы «Жасыл көпiр». Табиғи потенциалды орнықты пайдалану және сақтау сұрақтарына арналған құқықтық база (ҚР Экологиялық, Орман, Жер, Су, Қылмыстық, Әкiмшiлiк, Салық кодекстері, ҚР Ұлттық қауiпсiздiк заңы) үнемi жетiлдiредi.

Биоәртүрлілік сұрақтары бойынша орманды, далалар, шөлдер, тау аумақтарын, су және жағалаудағы экожүйелерді, мал жайылымы, агроциноздарды қорғау және ұтымды пайдалану бойынша; жер қорлардың тозуымен күресу стратегиясын және тәсiлдерін іске асыру; Орнықты даму, климаттың өзгеруіне бейiмделу саласында әлеуетін нығайту; халыққа әлеуметтiк қызмет көрсетуге және инновациялық тәсiлдерді енгiзу арқылы аймақтардың бәсекеге қабiлеттiлiгін жоғарылау бойынша бірнеше жобалар орындалды.

Сонымен қатар, республика қабылдаған Биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның міндеттерін орындау бойынша жүйелі жұмыстар қажет. Ол үшін республикада түрлі мекемелер атқаратын бағдарламалық, ақпараттық және жобалық материалдарды біріктіру тиіс. Қоршаған орта министрлігіне ақпаратты жіберудің бірегей формасын әзірлеу, Конвенция секретариатымен үнемі өзара әрекетті, жиындарға, отырыстарға, форумдарға белсенді қатысуды, сектораралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуы, Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту Стратегиясына биоәртүрлілік қаупін болдырмау сұрақтарын енгізуді қамтамасыз етеді.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет