Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері



бет14/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Тәжірибелік сабақ 5.

Тақырыбы: Жер қойнауын қорғау құқығы. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі.

Жер қойнауы мен оны пайдалану құқығының пәні қатынастардың мынадай негізгі топтарынан тұрады:

- жер қойнауына деген меншік қатынасы;

- жер қойнауын пайдалану құқығын беру, өзгерту мен тоқтатуға байланысты қатынастар;

- басқа біреуге жер қойнауы телімдерін сервитут ережесі бойынша берумен байланысты қатынастар;

- жер қойнауын геологиялық зерттеумен байланысты қатынастар;

- геологиялық ақпаратты алу, пайдалану, алмасу мен сақтаумен байланысты қатынастар;

- геологиялық нысандар құру мен қорғауға байланысты қатынастар;

- минералды шикізат пен пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қатынастар;

- минералды шикізат пен пайдалы қазбаларды түпкі өнім (тауар) алу мақсатымен бастапқы өңдеуге байланысты қатынастар;

- жер қойнауын пайдаланумен ілесе жүргізілетін пайдалы қызметтің басқа түрлерін атқарумен (мысалы, мұнайдан газ, күкірт, парафин сияқты басқа да пайдалы заттарды бөлу) байланысты қатынастар;

- жер қойнауларын өзгеше пайдаланумен (мысалы, жерасты құрылыстарын салу мен пайдалану, жерасты суларын алу, емдік су мен батпақты пайдаланумен) байланысты қатынастар;

- жер қойнауын зерттеу я әзірлеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты қатынастар;

- жер қойнауын қорғау мен ұдайы өндіруге байланысты қатынастар;

- жер қойнауын мемлекеттік басқарумен және жер қойнауын пайдаланушылар қызметіне мониторинг жүргізумен байланысты қатынастар.

Қазіргі кезеңде жер қойнауы мен оны пайдалану жөнінде қолданылып жүрген заңдарда жер қойнауы мен оны пайдалану құқығы пәніне мынадай жайттармен - жер қойнауын пайдалану құқығын беру конкурсын өткізу және конкурстық негізде мердігер таңдаумен; келісімшартқа отыру жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын заңды түрде бекітумен; Қазақстан жұмысшыларын жалдау; жергілікті қызмет пен тауарларды алумен; жер қойнауын пайдаланушылардан пайдалы қазбаларды алуға мемлекеттің бірінші кезекті құқығын жүзеге асырумен байланысты қатынастар да жатқызылған. Ал бұлар азаматтық, еңбек туралы және басқа да сәйкес заңнамалармен реттелуі тиіс.

Жер қойнауы мен оны пайдалану құқығының пәні туралы айтылғандарды жалғастыра келе, адамдар, азаматтардың бірлестіктері, заңды тұлғалар,  мемлекет пен оның өкілетті орындары түсетін қатынастар өзара тығыз байланыста болып бір тұтастық түзілетінін атап көрсеткен жөн. Демек, құқық та қоғамдық қатынастар мен оның тұрақты белгілері мен қасиеттерін білдіретіндіктен тұтас түзілім ретінде көрінеді.

Құқық жүйесі құқықтың белгілі бір елдегі нақты қоғамдық қатынастарды білдіретін ішкі формасы ретінде көрінеді. Құқық жүйесін құрайтын нормалардың бәрі өзара байланысты және тәуелді сипаты жағынан өздері реттейтін қоғамдық қатынастармен бірдей болады. Сөйтіп, жүйелілік құқықтың кез келген типінің ажырамас қасиеті болып табылады. Жүйенің болуы құқықтың шашыранды заңдық нормалардың кездейсоқ жиынтығы емес, тұтас та тұрақты түзілім екенін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет