Кейіннен В. В. Петров өзінің тұжырымын толықтырып, былай деп анықтай түсті:
«Қоршаған ортаның сапасын нормалау адамның қоршаған ортаға жол берілетін шекті ықпалдарының нормативтерін белгілеу жөніндегі қызметі болып табылады [5]».
Тəжірибенің қазіргі кезеңінде ғалымдар да мынаны түсініп отыр: адамның табиғатқа шаруашылық қызметімен қалдықтардың зиянды ықпалын толық жоюға болмайды. Бірақ табиғи ортаның ластануы мен оның қалыпты қызмет істеуінің арасындағы белгілі бір тепетеңдікті орнату арқылы осы ықпалды біртіндеп төмендетуге қол жеткізуге болады, ол табиғат теңгерімі бүзылуынан аулақ болуга мүмкіндік береді. Бұл міндет те экологиялық нормативтерге жүктеледі [3].
Экологиялық Кодекстің 22-бабына сəйкес қоршаған ортаның сапасын нормалау – экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық əртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу жəне оған жол беруге болатын əсерді белгілеу мақсатын көздейді[6].
Достарыңызбен бөлісу: |