Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Дәріс 11. Тақырыбы: Табиғи ресурстарды пайдаланғандығы, қоршаған ортаны ластандырғаны үшін төлемдер және табиғатты қорғау шаралары



бет33/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Дәріс 11.

Тақырыбы: Табиғи ресурстарды пайдаланғандығы, қоршаған ортаны ластандырғаны үшін төлемдер және табиғатты қорғау шаралары.

Табиғи  ресурстардың бағалығы болған жағдайда ғана оларды ұтымды үнемдеп пайдалануға болатындығы мәлім. Бұрыңғы кезде ресурстардың кей бір түрлерінен, әсіресе қазба байлықтардан төлемдер алынбай келгені белгілі.

Бұл жағдай минералды – шикізаттар ресурстарын қалай солай ұқыпсыздықпен пайдалануға әкеліп соқтырды.

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдісі мыналардан тұрады:



  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру – бұл шараларда болжамдық және бағдарламалық нысаналы құжаттар мен материалдар ескеріледі. Қазақтан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуын индикативті жоспарлаудың жобаларын, табиғат пайданаудың әр түрлі бағыттары жөніндегі ұлттық (мемлекеттік) бағдарламалар мен тұжырымдамаларға негізделеді;

  • Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу пайдалаудың жекелеген түрлері үшін көзделген жалпы мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар түрінде пайдаланушылардан алынады;

  • Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу – ластайтын заттарды шығарғаны үшін және ластағаны, өндіріс пен тұтыну қалдықтары орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қоршаған ортаны белгіленген лимиттерден тыс ластағаны үшін ақы заңдарда белгіленген тәртіп пен көтеріңкі мөлшерде алынады;

  • Табиғи ресурстарды қорғау және молықтыру үшін ақы төлеу – табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттік шығындардың орнын толтыру өтемі ретінде алынады.

Қазіргі кезде Қазақсан Республикасының бюджетіне табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін 7 төлем бар. Олардың ішінде Республикалық салыққа жататындар:

  • Қаржыланған төлемдер;

  • Табиғи ресурстардың салықтары.

Міндетті жергілікті салықтарға және оларды жинауға жататындар:

  • Жер салығы;

  • Орман табысы;

  • Су үшін төлемдер.

Геологиялық барлауға және геологиялық іздеу жұмыстарына кеткен шығындар – өнімнің өзіндік құнына жатады және Республикалық бюджетке кіреді. Жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлемдерді анықтағанда төлемдер төлеу сомасы – Республиканың жер қойнауын пайдалану, қорғау және минералдық шикізаттар базаларын ұлғайту қорларына, шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты болады. Солай болғандықтан төлем минералдық шикізаттар қорын өтеу немесе оларды шығарудың көлеміне байлансты. Минералдық шикізаттарды шығаруды іске асыру құқығының төлемі Қазақстан Республикасы президентінің 1994 жылғы 15 сәуірден «жер қойнауындағы қазба байлықтарды геологиялық зерттеу және шығаруды тәртіпке келтірудің қосымша шаралары туралы» Жарлығында қаралған және жер қойнауын пайдаланудағы төлем түрлеріне лицензия беру құқығы да белгіленген.

Мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынатын жер учаскесіне ақы төлеу (сатып алу бағасы), оның мерзімі және басқа да шарттарды меншік иесінің немесе жерді пайдаланушының келісімімен белгіленеді. Сатып алу бағасын белгілеу кезінде оған жер учаскесінің немесе оны төлеу құқығының және ондағы жылжымайтын мүліктің нарықтық құны енгізіледі.

Меншік иесіне немесе жерді пайдаланушыға келтірілген шығындар, шығынды келтірушінің есебінен өтеледі. Мемелекеттік органның шешімі салдарынан шығын келтірген жағдайда шығын тиісті бюджет есебінен өтеледі.

Өтеу мөлшерін айқындау кезінде оған:



  • Инфляцияны ескере отырып, меншік құқұықтығын немесе жер пайдалану құқығын сатып алу сомасы;

  • Жеміс ағаштары мен көп жылдық өсімдіктерді қоса алғанда, учаскедегі жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;

  • Олардың инфляцияға ұшырауы ескерілгендегі жер учаскесі игеруге, оны пайдалануға, қорғау шараларын жүргізуге, топырақ құнарлығын арттыруға байланысты шығыстың және басқа шығындардың құны;

  • Ала алмай қалған пайдасы қосылады.

Қазақстан Республикасы жер қойнауын шетелдік жер қойнауын пайдаланушының немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес жер қойнауын пайдаланушының үлестеріне пайдалы қазбаларды әлемдік бағасынан аспайтын бағамен бірінші кезекте сатып алуға сатып алуға құқығы бар. Саьып алынатын пайдалы қазбалардың шекті мөлшері, олардың бағасы мен төлем түрлерін анықтау тәртібін шартта ескеріледі. Орман қоры учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы орман ресурстарының сапасы мен арзанға түсуін, орман өніміне қолднылып жүрген бағаларды, бірақ олардың қолданылып жүрген кесімді бағадан кем болмауын ескере отырып белгіленеді.

Қазақстан Республикасында жалпы су пайдалану тегін жүзеге асырылады, ал арнайы су пайдалану ақылы болып табылады. Су ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы судың сапасы, су тоғанының орнатылған жері және суды пайдалану шарттары ескеріле отырып алынады.

 

Табиғи ортаны ластағаны, табиғи ресурстарын нормадан артық ысырап еткені, табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер.

 





Ерекше тиімді табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем




Төлемдердің негізгі түрлері




Табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдер




Геологиялық барлауға,жерді қалпына келтіру, орман өсіру,сумен қамтамасыз етілуі,мтабиғат қорғау төлемдері




Табиғат ресурсатының шектеулігі үшін төлемдері

Тәжірибелік сабақ 11.

Тақырыбы: Экологиялық төтенше жағдай зоналары. Табиғи ортадағы өзгерістерді бағалау өлшемдері.

 Экологиялық төтенше жағдай — қоршаған ортаға әсерін тигізетінін фактордың белгіленген мөлшерден тым ауытқып кетуі салдарынан организмдердің тіршілігіне туған апатты жағдай. Мысалы, топырақтағы тұздардың мөлшері көбейсе, топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы артады; бұдан физиологиялық құрғақшылық күшейеді де, ылғал жеткілікті болғанның өзінде өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуі қиындайды. Осылайша топырақта тұздың шектен тыс жиналуы өсімдіктің улануына және солып қалуына апарып соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет