12 Тәжірибелік сабақ.
Тақырыбы: Экологиялық салық.
ҚР Экологиялық Кодексініңнің 102-бабына сәйкес табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi. Жер, Су, Орман кодекстерінде және өзге де саладық нормативтік актілерде тиісті табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы баптар бар, олар да Салық кодексіне сілтеме жасайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-П қолданысқа енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Казақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу тәртібі мен төлеу жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындаумен байланысты мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастарды реттейді.
Атап айтқанда, экологиялық төлемдерге келетін болсақ, онда ҚР Салық кодексінің 60 және 62-баптарына сәйкес құқықтық қатынастардың осы саласында мынадай салықтар мен төлемдер көзделген:
1 Экспортталатын мұнай шикізатына, газ конденсатына салынатын рента салығы;
2 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
3 Жер салығы.
4 Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5 Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
6 Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы
7 Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8 Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
9 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
ҚР Салық кодексінің «Экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының» 9-1 бөліміне сәйкес шикі мұнайды экспортқа өткізетін жеке және занды тұлғалар, өнімді бөлу туралы келісімшарттар жасасқан жер пайдаланушыларды қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының төлеушілері болып табылды. Бұл жағдайда рента салығын салу объектісі экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі болып табьшады.
ҚР Салық кодексінің 10-бөлімі - «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу», өндірумен байланысты емес мұнай операциялары мен жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі салық қызметінің ерекшеліктерін реттейді және:
1) үстеме пайда салығын;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін: бонустарды: (қол қойылатынын, коммерциялық табуды); роялтиді; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |