Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Өнімді бөлу жөніндегі Казақстан Республикасының үлесі



бет38/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Өнімді бөлу жөніндегі Казақстан Республикасының үлесі, пайдалы өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесін шегере отырып, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлінуге тиісті пайдалы өнімнің жиынтық құны ретінде анықталады.

Өнімді бөлу туралы келісім шарт шарт болып табылады, оған сәйкес келісім-шарт аумағында ақылы негізде пайдалы қазбаларды өндіруге және өзінің есебінен осыған байланысты жұмыстар жүргізуге құқық беретін шарт болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 12-бөліміне – «Жер салығына» сәйкес жер салығы:

1)меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану қүқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын баскару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 каңтарыңдағы жағдай бойынша берген жерлердің меімлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есейтеледі.

ҚР Салық кодексінің 81-тарауына сәйкес мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергені үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 82-тарауына сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғамы үшін төлемақы жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады. Қүрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды түлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 84-тарауына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшін алынады. Жануарларды ен салу және сақина салу мақсаттары үшін үстап алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде төлемақы алынбайды.

Жануарлар дүниесінің мынадай санаттары:

аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;

балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;

сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлері;

өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлері (аңшылықтан және балық аулаудан басқа) үшін төлемақы белгіленеді.

ҚР Салық кодексінің 85-тарауына сәйкес орманды пайдаланғаны үшін төлемақы орманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосымша ағаш ресурстарын (қабықты, ағаш көгін және басқаларын) дайындау т.б.

ҚР салық кодексінің 86-тарауына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін өтемақы Қазақстан Рес-публикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.

ҚР ЭК-нің 101-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес алынады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет