Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Метрополитендерді ұстау тәртібі



бет13/22
Дата14.06.2016
өлшемі1.66 Mb.
#136063
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

2-тарау. Метрополитендерді ұстау тәртібі
      1257. Әрбір станцияда мыналар: жедел өрт сөндіру жоспары, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы талаптар, жолаушыларды эвакуациялау жоспары, түтінденген немесе өрт болған жағдайда тоннель желдеткішінің шахтасы жұмыс істегенде метрополитен жұмыскерлерінің іс-қимыл жасау тәртібі әзірленуі қажет. Бұл құжаттар станция кезекшісінің үй-жайында сақталады. Жедел өрт сөндіру жоспарының екінші данасы кассада аға кассирде сақталады және өрт сөндіру басшысының бірінші талабы бойынша беріледі.
      1258. Қолданыстағы тоннелдер мен станциялардың салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектілерге қабысу орындары жұмыс жүргізуді бастағанға дейін жанбайтын түтін өткізбейтін қалқалармен қоршалады. Қолданыстағы метрополитен желілеріне қабысу орындарында жұмысты ұйымдастыру кезінде кезекші персоналмен телефон байланысы орнатылады.
      1259. Станция қабырғаларын, эвакуациялау жолдарының (дәліздер, сатылы торлар, вестибюльдер, холлдар) төбелерін қаптау үшін, сондай-ақ жер асты үй-жайлары мен вестибюльдері қаптамасында жарнама орнату үшін тек жанбайтын материалдарды ғана қолдануға болады.
      1260. Метрополитендердің жер асты кеңістігінде орнатылатын көйлек ілетін шкафтар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.
      1261. Станцияның жер асты құрылыстарында әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрде аспайтын газ бар екі баллонды арнайы бөлінген орында сақтауға болады.
      1262. Метрополитеннің жер асты құрылыстарындағы отты жұмыстар қызметтердің басшыларының өкімі бойынша орындалатын авариялық сипаттағы жұмыстардан басқа, тек түнгі уақытта электр желісіндегі кернеуді алғаннан кейін жүргізіледі.
      1263. Қолданыстағы тоннельдерде газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жылжымалы көлікте орнатылатын арнайы агрегаттардан ғана жүргізіледі.
      1264. Тоннельдерге жанар-жағармай материалдарын әкелу осы мақсатта жабдықталған мото рельс көлігінде арнайы тарату сыйымдылықтарында түнгі уақытта (метрополитенде жолаушылар болмағанда) жүзеге асырылады.
      1265. Тоннельге жанар-жағармай материалдарын тасымалдау үшін бейімделген көлік алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
      1266. Станциялардың үй-жайлары мен кабель коллекторларындағы өртке қарсы режимді тексеру үшін станция кезекшілерінің кабиналарында авариялық тақтада үй-жайдың нөмірлеуі сәйкес таңбаланған кілттері болуы қажет. Осы үй-жайларды тексеру станция кезекшісінің немесе қызмет өкілінің қатысуымен өткізіледі.
      1267. Жер асты кеңістігіне орналастырылатын техникалық кабинеттердегі оқу сыныптарының сыйымдылығын 30 адамнан арттыруға жол берілмейді.
      1268. Метрополитендердің жер асты кеңістігінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде металлды тақтайлар қолданылады.
      1269. Қолданыстағы тоннельдерде:
      1)газ генераторларымен жұмыс істеуге;
      2) шпалдарға, төсемдерге, сыналарға креозот сіңіруге, сондай-ақ битум қыздыруға жол берілмейді.
      1270. Машина залдарының үй-жайларында, эскалаторлар мен бөлшектеу камераларында қосалқы бөлшектерді, майлау және өзге де материалдарды жинауға болмайды.
      1271. Тоннельдерде кабель желілерін бояды тек түнгі уақытта қызметтердің басшыларының рұқсатымен және мемлекеттік өрт бақылау органдарының келісімі бойынша жүзеге асыруға болады.
      1272. Электр пойыздарының вагондары жарамды «жолаушы – машинист» байланысы құрылғысымен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
      1273. Машинистердің кабиналарына орнатылатын электр пештері мықтап бекітілуі және дербес қорғағышпен қамтамасыз етілуі тиіс. Пештерде және олардың қасында әр түрлі жанғыш материалдарды орналастыруға болмайды.
      1274. Сауда дүңгіршектерін станцияның жер үсті вестибюльдері мен жол асты өткелдеріне ғана орнатуға болады. Дүңгіршектер жанбайтын материалдардан жасалуы қажет. Сауда дүңгіршектері жолаушылардың жүріс-тұрысына кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылады.
      1275. Дүңгіршектерге жылу беру үшін май электр радиаторлары немесе жылытқыш электр панельдері қолданылады.
      1276. Дүңгіршектер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшісі бар үй-жайға белгі беретін автоматты өрт дабылымен қамтамасыз етіледі.
      1277. Мыналарға:
      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, пиротехникалық бұйымдарды және өзге де от қауіпті материалдарды сатуға және пайдалануға;
      2) станциялардың үй-жайларында тауарды, орау материалдарын, сауда құрал-саймандарын сақтауға жол берілмейді.
3-тарау. Теміржол көлігін ұстау тәртібі
      1278. Қол жүктерін сақтау камералары мен жүк бөлімдеріндегі стеллаждар тек қана жанбайтын материалдардан жасалады. Антресольдер орнатуға жол берілмейді.
      1279. Паровоз деполары мен локомотив (паровоз) қорларының базаларында:
      1) отын бөлімі жұмыс істеп тұрған паровоздарды депоға қоюға, сондай-ақ оларды сорғыш зонттарының шегінен тыс жерде от алдыруға;
      2) депо тұрағында және арнайы белгіленбеген орындарда пештің оттығы мен күлін тазалауға;
      3) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары, қауіпті және басқа да жанғыш жүктері бар жылжымалы құрамды белгіленген паровоз оттығын тазалау орнынан 50 метрден кем қашықтықта орналастыруға;
      4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды, сондай-ақ көрсетілген сұйықтықтардан босаған ыдыстарды алдын ала булап алмай, депо тұрағында қоюға;
      5) отын мен майды шелектерге, қаңылтыр табаларға және қосалқы сыйымдылықтарға тікелей бокстарда (тұрақтарда) құюға;
      6) технологиялық үдерістермен белгіленбеген орындарда тепловоздарға отын мен жанармай құюға;
      7) отын бактарының ауыздарын ашық қалдыруға болмайды.
      1280. Шлак жинайтын орларды жанғыш материалдарды сақтау қоймаларынан, сондай-ақ отқа төзімділігі IV, IVa және V дәрежелі ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта орналастыру керек. Пеш оттықтарын тазалау орындарындағы шлак пен от қалдықтары сумен өшіріліп, үнемі алынып тасталуы қажет.
      1281. Локомотивтер (паровоздар) қорының базалары негізгі жолдардан қашық орналастырылып, берік қоршаумен және сыртқы жарықпен қамтамасыз етіледі.
      1282. Жуу-булау станцияларына (бекеттеріне) бөлінген алаңдар станциялардың тұрпатты технологиялық үдерісінің талаптарына жауап беруі және теміржол жолдарынан, жақын орналасқан станциялық және тракциялық жолдардан кемінде 30 метр, көршілес теміржол ғимараттары мен құрылыстарынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасады.
      Цистерналарды өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақтардың алаңдарында топыраққа мұнай өнімдерінің өтуіне жол бермейтін қатты жабыны болады.
      1283. Цистерналарды өңдеу орнына жеткізу тек ұшқын өшіргішпен жабдықталған тепловоздармен (мотовоздармен) атқарылады. Цистерналарды беру кезінде кемінде төрт шүлдікті екі вагоннан қоршау қойылады. Тепловоздардың жуу орнына 20 метр жақын келуіне болмайды, ол әрі қарай жүруге тыйым салатын сигналмен белгіленеді.
      1284. Жуу-булау станцияларына (бекеттеріне) өңдеуге берілетін цистерналардың құю аспаптары, қалпақтар мен тиеуіш люктерінің қақпақтары жабық болуы қажет. Өңдеуден өткен цистерналар жарамды тиек арматураларымен жабдықталады.
      1285. Цистерналардың құю аспаптарының клапандары толтыру жұмыстары жүргізілетін жолдар мұнай өнімдерінің қалдықтарын ұстап қалатын астаушалармен немесе басқа да құралдармен жабдықталады.
      Тұндырғыштар мен құбыр желілерінің люктері мен бұрандаларын үнемі қақпақтармен жауып отыру керек.
      Клапандарға май құйғанда тек аккумуляторлық шамдар мен ұшқын шығармайтын аспаптар қолданылады.
      1286. Теміржолдарды, эстакадаларды, құбырларды, резервуарларды, жанғыш газдары, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды ағызғанда және толтырғанда статикалық электрді бұру үшін сенімді жерге қосқышпен қамтамасыз етіледі.
      1287. Металл тасымал және жылжымалы сатылар мыс ілмекпен және жіктерінің астынан резина жастықшалармен жабдықталады.
      1288. Қазандықтар мен цистерналар ішінде тек аккумуляторлық фонарлармен ғана жарықтандыруға болады. Фонарды цистерналардан тыс іске қосу және ажырату қажет.
      1289. Эстакадалар мен алаңдарды мұнай өнімдері қалдықтарынан тазарту және ауысымында кемінде бір рет ыстық сумен жуылады.
      1290. Жуу-булау станцияларының аумақтарында:
      1) жарылыстан қорғалмаған фонарларды, шамдар мен шамшырақтарды қолдануға;
      2) қара металдан немесе соғылған кезде ұшқын шығаратын басқа материалдардан жасалған құрал-саймандарды пайдалануға;
      3) теміржолдардың, ғимараттардың және құрылыстардың үстінен әуе электр өткізгішін өткізуге;
      4) цистерна қазандығы ішінде жұмыс істеген кезде болат пластинамен немесе шегемен шегеленген аяқ киімді пайдалануға;
      5) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қалдықтарын сумен және конденсатпен бірге жалпы канализация желісіне, ашық жыраларға, шұңқырларға, беткейлерге төгуге;
      6) адамдардың цистернаға түсуі үшін ауыспалы болат сатыларды, сондай-ақ болатпен шегеленген ағаш сатыларды қолдануға;
      7) тексерілген цистерна ішінде және оның сыртында сүрту материалдарын қалдыруға;
      8) локомотивтердің тазалау депосы мен эстакада астына кіруіне жол берілмейді.
      1291. Теміржолдарды бөлу жолақтары қу шыбықтардан, ағаш шабындылары мен бұталардан, ескі бөренелерден және өзге де жанғыш қоқыстардан таза ұсталады. Көрсетілген материалдар бөлу жолағынан дер кезінде шығарылады.
      1292. Жолдарда төгілген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құммен, топырақпен жабылып, бөлу жолағынан тыс шығарылады.
      1293. Бөгендерде, станцияларда және звено жинақтау базаларында ағаштар мен қырлы бөренелерді уақытша сақтағанда қатарланып жиналады.
      Қатарлар тұрған алаң мен аумақ кемінде 3 қашықтықта құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан тазартылып, айдалады немесе жыртылады.
      1294. Шпалдар мен қырлы бөренелер жолға параллель, құрылыстар мен құрылымдардан кемінде 30 метр қашықтықта, пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан – 10 метр; өзге жолдардан – 6 метр және электр беру және байланыс желілері шүлдігінен тіректің кемінде бір жарым биіктігінен төселуі мүмкін. Шпал қатарлары арасындағы бөліктер кемінде 1 метр, ал қатарлардың әрбір жұбы арасында кемінде 20 метр болуы қажет.
      1295. Шпалдар мен қырлы бөренелерді ұзақ мерзімді сақтағанда немесе қойма сыйымдылығы 10000 текше метрден артық болғанда құрылыс нормаларының талаптары басшылыққа алынады.
      1296. Шөпті, сабан мен ағашты көпірлерден, жол құрылыстарынан және пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан, сондай-ақ электр беру және байланыс желілері сымдары астынан кемінде 50 метр қашықтықта жинауға болмайды.
      1297. Бөлу жолағында алау жағуға және шырпыларға, кесілген материалдарды өртеуге, сондай-ақ қураған ағаштар мен бұталарды қалдыруға болмайды.
      1298. Орман алқаптарында көпірлер бөлу жолағының ішкі периметрі бойынша ені кемінде 4 метр минералды жолақпен айналдыра жиектеледі.
      1299. Көпір астындағы жер учаскелері 50 метр радиуста құрғақ шөптен, бұтадан, шыбықтан, жанғыш қоқыстан тазартылады.
      1300. Теміржол үстінен орналасқан ағаш өтпе жолдар төменгі жағынан ені кемінде 4 метр екі жағынан 0,3 метр төмен түсірілген ернеуі бар болат қаңылтырмен қапталады.
      1301. Өзендер қатқанда барлық ағаш төсеніші бар ағаш және металл көпірлерде өрт сөндіру мақсатында қатпайтын ойықтар мен оларға өту жолдары орнатылады. Ойық жасалған жер көрсеткішпен белгіленеді.
      1302. Барлық көпірлер мен өтпе жолдарда:
      1) олардың астынан немесе олардың жанында материал қоймаларын, кемелер, салдар, баржалар мен қайықтар үшін тұрақтар орнатуға;
      2) керосин фонарлары мен бензомоторлы агрегаттардың бактарын толтыруға;
      3) аралық құрылыстар мен басқа да құрылымдарды мұнай өнімдерін тазартпай ұстауға;
      4) көпірлердің астында құрғақ шөпті жағуға, сондай-ақ бұта мен басқа да жанғыш материалды өртеуге болмайды.
      1303. Жол машиналары станциялары вагондарының тұруына арналған теміржол жолдары өрт болған жағдайда жылжымалы құрамды алып шығуды және бөліп жайғастыруды қамтамасыз ететін көрсеткіштерімен жабдықталады.
      1304. Өндірістік шеберханалар, мектептер, балалар мекемелері орналасқан вагондар тұрғын үйлерден кемінде 10 метр өртке қарсы бөліктері бар жеке топ болып қойылады.
      1305. Жол машинасы станциялары орналасқан орындарында жасанды және табиғи сумен жабдықтау көздері болмаған жағдайда вагондардың әр тобына (15-20 бірлікке) 50 м3 есебімен теміржол цистерналарында немесе өзге сыйымдылықтарда өрт сөндіру қажеттілігі үшін су қоры құрылады.
      1306. Әрбір жылжымалы құралым өртке қарсы қызметті шақыру үшін жақын орналасқан теміржол станцияларымен телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.
4-тарау. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тасымалдау тәртібі
      1307. Жүк жөнелтушілер қауіпті жүктерді сол өнімге ұлттық стандарттарда және техникалық шарттарда көзделген ыдыс пен бумада тасымалдауға ұсынады.
      Ескерту. 1307-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      1308. Төзімді және жарамды, жүктің ағуы мен шашылуын толықтай болдырмайтын, жүктің бұзылмауын және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ыдыс пен орамды ғана пайдалануға жол беріледі. Бұл ретте ішіндегісіне қатысты инертті материалдардан жасалған ыдыс пен орамды пайдалануға жол беріледі.
      1309. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын автоцистерналар сенімді жерге қосқышпен, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады және жүктің қауіптілік дәрежесіне сәйкес таңбаланады, ал пайдаланылған газ жүретін құбырлар жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.
      Автоцистерналар мен баллондарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сұйытылған көмірсутек газдарын, жеңіл көмірқышқыл шикізаты мен пентандар тобындағы көмірсутектерді автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасының талаптары орындалады.
      1310. Тез тұтанатын, улы, зәрлі, тотықтыру буын немесе газдарын бөлетін жарылыс, өрт қауіпті жүктер кепкен кезде жарылғыш болады, ауамен және ылғалмен қауіпті әсер етуі мүмкін, тотықтырғыш қасиеттері ие жүктерді герметикалық түрде буып-түйіледі.
      1311. Шыны ыдыстағы қауіпті жүктер бос кеңістікті тиісті жанбайтын төсем және сіңіру материалдарымен толтыра отырып, мықты жәшіктерге немесе торларға (ағаш, пластмасса, металл) буып-түйіледі.
      Жәшіктер мен торлардың қабырғалары тығындалған бөтелкелер мен банкалардан 0,05 метр биік болуы қажет. Ұсақ жөнелтілімдермен тасымалдау кезінде шыны ыдыстағы қауіпті жүктер қақпақтары бар тығыз ағаш жәшіктерге салынады.
      1312. Металл немесе пластмасса банкалардағы, бидондар мен канистралардағы қауіпті жүктер ағаш жәшіктерде немесе торларда қосымша оралады.
      1313. Қаптағы қатты сусымалы қауіпті жүктер, егер мұндай орауыш өнімге ұлттық стандарттарда немесе техникалық шарттарда көзделген болса, вагонмен жөнелтіліп тасымалданады.
      Мұндай жүктерді аз-аздап жөнелтіп тасымалдау кезінде оларды қатты тасымалдау ыдысына (металл немесе фанер барабандарға) қосымша орау қажет.
      Ескерту. 1313-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      1314. Бір вагонға немесе контейнерге әр түрлі топтағы қауіпті жүктерді, сондай-ақ бірге тасымалдауға рұқсат етілмеген, бір топқа жататын кейбір қауіпті жүктерді тиеуге болмайды.
      1315. Вагондарға қышқылдары бар ыдысты тиеу кезінде оны тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдысқа қарама-қарсы жаққа қояды. Вагондағы барлық ыдыс бір-біріне тығыз орналастырылып, мықтап бекітіледі.
      1316. Улы газдары бар (2.2-шағын сынып) және тез тұтанатын (жанғыш) улы газдары бар (2.4-шағын сынып) баллондарды, сондай-ақ осы газдардан босаған баллондарды заттар мен материалдарды бірге сақтау жөніндегі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес вагонмен жөнелтіп немесе контейнерлерде ғана тасымалдау қажет (5-қосымша).
      1317. Жанғыш және улы газдары бар баллондар сақтандыру клапандарымен бір жағына қарай көлденең жатқызылып тасымалданады.
      Барлық баллондарда қорғағыш сақиналары болғанда және баллондардың жылжу мен құлау мүмкіндігін болдырмайтындай етіп тығыз тиелген кезде ғана газдары бар баллондарды тігінен тиеуге болады. Есік ойықтары жүктің есікке қарай құлауын болдырмау мақсатында қалыңдығы кемінде 40 миллиметр тақтайлармен қоршалады.
      Ерекшелік ретінде тасымалдау кезінде қорғағыш сақиналары жоқ баллондарды тиеуге болады. Мұндай жағдайда баллондардың әрбір қатарының арасында баллондарға арналған ұяшық орындары бар тақтайлардан жасалған төсемдер болуы қажет.
      Баллондар (ыдыстар) арасындағы төсемдер ретінде шөп, сабан немесе өзге де тез тұтанатын материалдарды пайдалануға болмайды.
      Тез тұтанатын және басқа да жанғыш сұйықтықтар тасымалдауға стандартты герметикалық және пломбаланған бөшкелерде қойылады.
      Нитрат изопропилі мен саминді тасымалдауға арналған вагондармен тиелген және босатылған күйінде де жүк жөнелтуші (жүк қабылдаушы) мамандарының бригадасы ілесіп жүреді.
      1318. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары мен жанғыш газдарды берді орталықтан тасымалдау тәсілімен қарастырылады.
      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жұмыс орындарына беру үшін ашық ыдысты қолдануға болмайды.
      1319. Ғимараттар мен құрылыстарда жанғыш газдардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың құбырларын төсеу кезінде:
      1) құрылыс құрылымдары арқылы құбырлар өтетін жерлерде ойықтарды (саңылауларды, тығыз емес жерлерді) ғимарат құрылымының тұтас қалыңдығы бойымен жанбайтын материалдармен герметикалық жабу;
      2) арналар мен орлардың (ашық және жабық) бір үй-жайдан келесіне өтетін жерлерде жанбайтын материалдардан жасалған жарамды газ өткізбейтін бөгеттерді пайдалану;
      3) қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкес құбырларды бояу қажет.
      1320. Жанғыш газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды айдау үшін тығыздамасы жоқ сорғыштар мен кеспелтек тығыздағыштары бар сорғыштарды қолдану қажет.
      Жартылай қимамен жұмыс істейтін құбырларда гидроысырмалар орнатылады.
      1321. Сыйымдылығы 10 литр және одан астам тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары шыны ыдыс тоқылған себеттерге немесе ағаш торлы жәшікке, ал сыйымдылығы 10 литр дейінгі шыны ыдыс төсем материалдары бар тығыз ағаш жәшіктерге салынады. Соққыны жеңілдетуге арналған бұл материалдар ыдыс сынған кезде ағатын сұйықтықты сіңіруге қабілетке ие болуы қажет.
      1322. Транспортерлерді, норийлерді, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырларды тозаң бөлу орындарын жарамды және герметикалық жабындармен жапқанда ғана пайдалануға болады. Желдеткіш жабындардан тозаңды тұрақты және тиімді сору қамтамасыз етіледі.
      1323. Пневмотасымалдау және өздігінен ағатын құрылғыларды (өнім құбырлар арқылы өткенде) пайдалану кезінде құбырларда тозаңның жиналуына жол берілмейді. Құбырларды тазалау белгіленген кестеге сәйкес өткізіледі.
      1324. Транспортерлер мен пневмотасымалдау құрылғыларын олардың жай-күйін бос жүрісте, оларда бөгде заттардың жоқтығын, мойынтіректерде майлаудың болуын, барлық қорғау құрылғысының жарамдылығын мұқият тексергеннен кейін ғана іске қосуға болады.
      1325. Тиісті пневмотасымалдау желісіне өнім түсетін ауа үрлеу машиналарының электр қозғалтқыштарымен техникалық жабдықтың электр қозғалтқыштарының автобұғаттағышы жарамды күйде ұсталады және жабдық әр іске қосқан сайын тексеріледі.
      1326. Жабдықтың тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәріздес) өнімдермен үймеленуін және тірелуін болдырмау үшін транспортерлерді авариялық тоқтату үшін автобұғаттағышы болуы қажет.
      1327. Ақаулы бұрама транспортерлер мен норийлерді (бұрама мен науа қабырғасы арасында саңылаудың болмауы, таспалардың үйкелуі және шөміштердің науа қабырғасына тиюі) пайдалануға болмайды.
      1328. Транспортерлердің роликтері мен тарту барабандары еркін айналуы қажет. Таспалардың бір орында тұрып қалуына, сондай-ақ жетек барабандарын битуммен, шайырмен және өзге де жанғыш материалдармен майлауға болмайды.
      1329. Норийлерде, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырларда және өзге де транспортерлерде тұтану болғанда цехтің технологиялық жабдығының жұмысын тоқтату және аспирациялық және желдету жүйелерін ажырату үшін әр қабатта саты торының жанында арнайы түймелер орнатылады.
      1330. Автоматты от бөгегіш құрылғылары ажыратылған немесе ақаулы аспирациялық желілер мен ұсақ материалдарды тасымалдау желілерін пайдалануға болмайды.
      1331. Транспортерлерді, конвейерлерді өткізу үшін өртке қарсы қалқалардағы ойықтар от бөгегіш құрылғылармен (есіктермен, қақпалармен, су шымылдықтарымен, шашу құрылғыларымен) жабдықталады.
      1332. Жарылыс, өрт қауіпті заттарды тасымалдағанда көлік құралында, сондай-ақ осы заттар бар әрбір жүк орнында қауіпсіздік белгілері ілінеді.
      1333. Жарылыс, өрт қауіпті заттардың ірі партияларын елді мекен аумағында автокөлікпен тасымалдау қауіпсіздік талаптарына сәйкес және тек тәуліктің түнгі уақытында ғана жүргізіледі.
      1334. Жарылыс, өрт қауіпті заттарды тасымалдау кезінде:
      1) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдары бар цистерналарды тәуліктің күндізгі уақытында елді мекенмен тасымалдауға;
      2) соқтығысуға, қатты тежеуге жол беруге;
      3) сақтандыру башмактарысыз жанғыш газдары бар баллондарды тасымалдауға;
      4) көлік құралын қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
      1335. Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тиеу және түсіру орындары:
      1) өрт шығуға қатысты қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы бұйымдармен (тіреуіштер, тағандар, қалқандар, траптар, зембілдер) жабдықталады. Бұл ретте шыны ыдыс үшін арбалар немесе ұяшықтары бар арнайы зембілдер қарастырылады.
      2) өрт сөндіру және авариялық жағдайларды жою құралдарымен;
      3) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес аймақтың класына сәйкес келетін жарамды тұрақты немесе уақытша жарықтандырумен жабдықталады.
      1336. Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарын істеу орындарында ашық отты пайдалануға болмайды.
      1337. Пайдаланылатын тиеу-түсіру тетіктері жарамды күйде ұсталады.
      1338. Тиеуді немесе түсіруді күтіп тұрған жүргізушілер мен машинистерге, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде көлік құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды.
      1339. Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тиеуге берілетін көлік құралдары (вагондар, шанақтар, тіркемелер, контейнерлер) жарамды ұсталады және бөгде заттардан тазаланады.
      1340. Ыдыстың (орамның) зақымданғанын, шашылған немесе төгілген заттарды байқаған кезде зақымданған ыдысты (орамды) дереу шығарып, еденді тазалап, шашылған немесе төгілген жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар жиналады.
      1341. Жарылыс, өрт қауіпті заттармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылардың орамдардағы таңбалау белгілері мен ескерту жазуларының талаптары сақталады.
      1342. Автомобильдердің қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрғанда, сондай-ақ егер заттар мен материалдар сумен өзара әсер еткенде өздігінен тұтануға бейім болса, жаңбыр жауғанда жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті заттармен және материалдармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге болмайды.
      1343. Вагондарда, контейнерлер мен автомобильдердің шанақтарында жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті жүктер қозғалыс кезінде олардың орнынан жылжуын болдырмау мақсатында сенімді бекітіледі.
      1344. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды толтырумен және ағызумен байланысты технологиялық операцияларды жүргізу кезінде:
      1) люктер мен қақпақтарды ақырын, жұлқымай және соқпай, ұшқынға қауіпсіз аспаптарды қолдана отырып, ашқан жөн. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары төгілген ыдыстармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге болмайды;
      2) арматура, шлангілер, алмалы-салмалы қосқыштар, статикалық электрден қорғау техникалық жарамды күйде болуы қажет.
      1345. Резервуарларға, цистерналарға, ыдыстарға сұйықтық толтырмас бұрын өлшеу құрылғысының жарамдылығы тексеріледі.
      1346. Резервуардағы сұйықтық деңгейін өлшеу және сынама алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі. Тәуліктің түнгі уақытында жұмыс істейтіндер жарылысқа қауіпсіз күйдегі аккумулятор фонарлары ғана пайдаланылады.
      Найзағай кезінде, сондай-ақ өнімді толтыру немесе ағызып шығару кезінде қолмен деңгейді өлшеуге немесе сынама алуға болмайды.
      Сынама алу құралдары ұшқын бермейтін материалдан дайындалады және жерге қосылады.
      1347. Ыдыстарды тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен толтыру және босату жарамды қосқыштары бар құбырлар мен шлангілер арқылы және тиісті ысырмалардың дұрыс ашылып-жабылуын, шлангілер мен құбырлардың тығыз қосылуын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Тиек арматурасын ашу толықтай жүргізіледі.
      1348. Резервуарларға, сыйымдылықтарға өнімді «құлама ағыспен» беруге болмайды. Резервуарды толтыру (босату) жылдамдығы резервуарға орнатылған тыныс алу және сақтандыру клапандарының (немесе желдеткіш келте құбырлардың) жиынтық өткізу қабілеттілігінен аспайды.
      1349. Жарылыс, өрт қауіпті немесе өрт қауіпті жүктерді түсіруді аяқтағаннан кейін вагонды, контейнерді немесе автомобиль шанағын қарап, заттардың қалдықтары мен қоқысты мұқият жинап жойылады.
      1350. Осы тармақтың талаптары мынадай сұйытылған көмірсутек газдары мен олардың қоспаларын: пропан, н-бутан, изобутан, пропан-бутан, пропилен, изопентан н-пентан, бутадиен, изопрен, н-бутилен, пропан-бутилен, альфа-бутилен, бета-бутилен, бутан-дивиниль фракциясын, изабутан, изабутан-изобутилен, пиперилен, бутан-изабутилен фракциясын, пайдаланылған бутан-изабутилен фракциясын, пентан-изопентан, пентан-гексан, изоамилен, рефлюкс, тұрақсыз газды бензин, бутан-бутилен фракциясын, пропан-пропилен фракциясы, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тасымалдауға рұқсат етілген басқа да ұқсас өнімді тасымалдауға арналған арнайы теміржол вагон-цистерналарын пайдалану және қызмет көрсету кезінде орындалады.
      1351. Ағызу-құю эстакадаларында құю және ағызу көлеміне сәйкес жолының дамуы болуы қажет. Жеткізуші зауыттарда (дайындаушыларда) қабылдау-жөнелту жолдары, тәуліктік босату есебінен цистерналардың тұру жолдары және цистерналарды қарау және құюға дайындау эстакадасы болуы қажет.
      1352. Ағызу-құю эстакадаларының құбырлары манометрлермен жабдықталады.
      1353. Ағызу-құю операцияларын жүргізу үшін осы үдерістің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олар үшін белгіленген стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес қосқыш жеңдері қолданылады.
      1354. Цистерналарға әрбір құю (ағызу) алдында қосылатын жеңдерге сыртынан қарап тексеру жүргізіледі. Жетек шылбырының жіптерінде тесіп өтетін зақымдары бар жеңдер ауыстырылады.
      Қосу құрылғыларының механикалық зақымдары бар және бұрандасы тозған жеңдерді пайдалануға болмайды.
      1355. Цистерналар мен коммуникациялардың артық қысыммен жұмыс істеп тұрған бұранда және фланецті қосқыштарын, жеңдердің қамыттарын қатты тартуға және бұрап босатуға, сондай-ақ сомындарды бұрап бекіту және босату кезінде соққы аспабын қолдануға болмайды.
      1356. Сұйытылған көмірсутекті газдардың құбырлары мен резина-маталы жеңдер жерге қосылады.
      1357. Ағызу-құю операцияларын жүргізу кезінде ағызу және құю жүргізілмесе, цистернаны коммуникацияларға қосып ұстауға болмайды. Сұйытылған көмірсутектерді ағызу немесе құю кезінде ұзақ мерзімді үзіліс болған жағдайда қосқыш жеңдерді цистерналардан ажыратылады.
      1358. Сұйытылған көмірсутекті газдарды ағызу және құю кезінде:
      1) цистернадан кемінде 100 метр қашықтықта өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге және темекі шегуге;
      2) цистерналарда және олардың жанында жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ ағызу-құю операцияларымен байланысты емес өзге де жұмыстарды жүргізуге;
      3) автомобиль және маневрлік теміржол көлігінің өтуіне;
      4) ағызу-құю эстакадасында ағызу-құю операцияларына қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына болмайды.
      1359. Кіреберіс жолдар мен жолдарда теміржол жолы жағынан құю (ағызу) учаскесінде мөлшері 400х500 мм, «Тоқта, өтуге болмайды, цистернаға құю (ағызу) жүргізіліп жатыр» деген жазуы бар сигналдар қойылады.
      1360. Цистерналар ағызу-құю операциялары басталғанға дейін рельс жолында арнайы башмактармен бекітіледі және жерге қосылады.
      1361. Ағызу-құю операцияларын найзағай кезінде орындауға болмайды.
      1362. Алғаш рет құйылатын немесе қазандығы газсыздандырылып, жөндеуден кейінгі цистерна инертті газбен үрленеді. Үрлегеннен кейін қазандықтағы оттегінің қосылымы 5 % (көлемінен) аспауы қажет.
      1363. Мынадай жағдайларда:
      1) жүріс бөлшектерін зауыттық және деполы жөндеу мерзімі өтсе;
      2) арматураны алдын ала немесе жоспарлы жөндеу, цистерна қазандығын техникалық куәландыру немесе гидравликалық сынау мерзімі өтсе;
      3) дайындаушы кәсіпорын қарастырған сақтандыру, тиек арматурасы немесе бақылау-өлшеу аспаптары болмаса немесе жарамсыз болса;
      4) белгіленген таңбалары, жазулары жоқ және трафареттері анық болмаса;
      5) қазандықтың цилиндр бөлігі немесе түбі (сызат алуы, майысуы, пішіннің көрінетіндей өзгеруі) зақымданса;
      6) цистернаға сұйытылған көмірсутек газдарына жатпайтын өнімдер толтырылса;
      7) алғаш құйылатын немесе жөндеуден кейінгі цистерналардан басқа, сұйытылған көмірсутекті газдар буының артық қалдық қысымы 0,05 МПа кем болса (бу серпімділігі қысқы уақытта 0,05 МПа төмен болуы мүмкін сұйытылған көмірсутекті газдар үшін артық қалдық қысым жергілікті өндіріс тік нұсқаулықпен белгіленеді) цистерналарға құюға болмайды.
      1364. Құю үдерісінде цистерна қазандығындағы газ деңгейі бақыланады. Цистернаға құю кезінде өнімнің ағуы анықталған жағдайда құю тоқтатылады да, өнім ағызылады, қысым түсіріліп, ақаулықтарды анықтау және жою шаралары қабылданады.
      1365. Құйылған цистерналарды қабылдау кезінде олардың дұрыс толтырылуын тексеру қажет. Цистерналарды толтырудың ең жоғарғы дәрежесі цистерналардың қазандық көлемінен 85% артпауы қажет. Шамадан тыс толтырылған цистерналардан өнімнің артық бөлігі ағызылып алынады.
      1366. Ағызу-құю эстакадасы алғашқы өрт сөндіру құралдарымен: ұнтақты өрт сөндіргіштермен, құмы бар жәшіктермен, шөміштермен (асбест қабатымен) қамтамасыз етіледі.
      1367. Станциядағы сұйытылған көмірсутекті газы бар цистернамен байланысты өрт қауіпті жағдай туындаған кезде осы цистернаны пойыздан (құрамнан) ағыту және оны қауіпсіз орынға шығару шаралары қолданылады.
      1368. Цистерна қазандығын, оның элементтерін жөндеуге, сондай-ақ оны ішінен тексеруге қазандық көлемін газсыздандырғаннан және жұмыс басшысы тиісті рұқсатты рәсімдегеннен кейін ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
      1369. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
      1) қазандықты тиелген күйінде, сондай-ақ оның көлемін газсыздандырғанға дейін бос күйінде жөндеуге;
      2) қазандықты соққылауға;
      3) ұшқын беретін аспапты пайдалануға және цистернаның жанында ашық отпен (алау, тұтқалы таба, керосин фонары) болуға;
      4) цистернаның астынан дәнекерлеу және отты жұмыстарды жүргізуге болмайды.
      Отты, дәнекерлеуді және соққыны қолдана отырып, арбаларды түзету жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда арбалар цистернаның астына домалатылуы және одан кемінде 100 метр қашықтықта бөлінеді.
      1370. Цистерна қазандығының ішінде жұмыс істеу кезінде (ішкі тексеріс, жөндеу, тазалау) кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарамды жарылысқа қауіпсіз жасалған шамшырақтар қолданылады. Шамшырақты қосу және ажырату цистерна қазандығынан тыс жүргізіледі.
      1371. Цистерна қазандығының ішінде жұмыс істеу кезінде қазандық көлемінде қауіпті көмірсутек қосылымының бар-жоғына және оттегі құрамына ауа ортасын талдау жүргізіледі.
      Оттегі құрамы шамамен 19-20 % (көлемінде) болуы қажет. Қазандық көлеміндегі жанғыш заттардың қосылымы сұйытылған көмірсутекті газдар жалыны таралуының төменгі қосылым шегінің мәнінен 20 % аспауы қажет.
      1372. Жұмыс істемеген жағдайда цистерна вентильдері жабық болады және өшіріледі. Қажет болған жағдайда толтырылған цистерна вентильдерінің тығыздама толтырғышын ауыстыру клапан толықтай жабылғанда және бұқтырмалары алынғанда орындалуы мүмкін.
      1373. Сұйытылған көмірсутек газдарымен вагон-цистерналары бар жылжымалы құрамда өрт қауіпті жағдай немесе өрт туындаған кезде теміржол станцияларында, аралықтарда, ағызу-құю эстакадаларында, өнеркәсіптік кәсіпорын жолдарында, маневрлік жұмыстарды өткізу кезінде басшыларға, диспетчерлерге, машинистерге және теміржол көлігінің өзге де жұмысшыларына өрт қауіпті жағдайларды шектеу және жою жоспарына сәйкес іс-әрекет жасау қажет.
      Жоспарлар 5 жылда кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс. Технологияда, аппаратуралық рәсімдеуде, метрологиялық қамтамасыз етуде өзгерістер болғанда, тасымалдауды ұйымдастыруда өзгерістер болғанда,орын алған өрт қауіпті жағдайлар мен тасымалдау кезіндегі өрттер туралы деректер болғанда жоспарлар 15 күндік мерзімде нақтыланады. Жоспарларға өзгерістер мен нақтылаулар жоспарлардың өздері сияқты тәртіппен бекітіледі және келісіледі.
      1374. Жоспар мынадай негізгі ережелерді:
      1) өрт туралы аумақтық өртке қарсы қызмет бөлімшесінің орталық өрт байланысы бекетіне, желілік ішкі істер органына және темір жол учаскесінің диспетчеріне хабарлау тәртібін;
      2) өрт қауіпті жағдай немесе өрт шығу орнына өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарын шақыру тәртібін;
      3) басқару аудандарын анықтау және вагондар мен құрамдарды бөліп жайғастыру және қауіпті аймақтан шығару, сондай-ақ өрт қауіпті жағдайды немесе өртті бастапқы сатысында шектеу бойынша міндеттерді станция жұмыскерлері арасында бөлу тәртібін;
      4) барлық қажетті деректерді көрсете отырып, объектінің (теміржол учаскесінің) нақты схемасын (жоспарын);
      5) теміржол көлігі мен өрт сөндіру бөлімшелері жұмыскерлерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібін қамтуы қажет.
      1375. Станция жұмыскерлері орындайтын, өрт қауіпті жағдайлар мен өрттерді шектеу және жою жоспарында көзделген бірінші кезектегі жұмыстар тізбесі:
      1) өртті байқаған сәттен бастап 15 минут ішінде вагондар мен құрамдарды өрт ошағынан (жанып жатқан вагоннан, төгілген және жанған сұйытылған көмірсутек газдары орнынан) қауіпсіз қашықтыққа бөліп жайғастыру;
      2) жылжымалы құрамнан екі жағынан өрт ошағынан кемінде үш көршілес жолдарды босатып, құрамды қауіпті аймаққа шығару. Көршілес жолдарда жылжымалы құрамды қорғау қамтамасыз етілген кезде жанып жатқан құрамды бірден шығаруға болады;
      3)өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатқан учаскелерде байланыс желісін тоқтан ажыратып, жерге қосу:
      4) қауіпсіз аймақта өрт ошағынан жел жақтан екі жолды босату, бірақ келетін өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарын қабылдау үшін төртінші-бесінші жолдардан алыс болмауы керек;
      5) ең алдымен адамдары мен қауіпті жүктері бар жылжымалы құрамды созылған жолдар жағына станция паркінің негізгі массивіне, станция ғимараттарына, құрылыстарға, құрылымдар мен станция маңындағы объектілерге тікелей қауіп төндіретін өрттің ықтимал даму бағытын ескере отырып, эвакуациялауды жалғастыру;
      6) келген өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік қанат жаюы және жең желілерін төсеу;
      7) жанып жатқан және оған қатар орналасқан цистерналар қабырғаларын салқындатуға, ал қажет болған жағдайда салалық өртке қарсы қызметтің, ерікті өртке қарсы құрамалардың және станция жұмыскерлерінің күштерімен алғашқы өрт сөндіру құралдарының және қолда бар өрт-техникалық қару-жарағының көмегімен өрт сөндіруге кірісу, жең желісін жақын орналасқан су көздерінен төсеу. Көрсетілген операциялар осы операцияларды орындайтын адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жүргізілуі қажет;
      8) қажет болған жағдайда шаруашылық қажеттіліктерге су тұтынуды қысқартып, объектінің су өткізу желісінде қысымды нормативтік шамаға дейін жоғарылату үшін шара қолдану;
      9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қарсы алуды қамтамасыз ету және келген аға бастыққа өрт қауіпті жағдайдың немесе өрттің сипаты туралы баяндау. Егер өрт басталғаннан кейін 15 минут ішінде жану ошағын шектеу мүмкін болмаса, өрт аймағында (цистернадан 100 м дейінгі қашықтықта) тек өртке қарсы қызмет бөлімшесі ғана бола алады.
      1376. Аға теміржол бастығы (жол, бөлімше, станция бастығы немесе олардың орынбасарлары) немесе қалпына келтіру пойызының бастығы өртке қарсы бөлімшелер келгенге дейін өрт қауіпті жағдайды немесе өртті шектеу және жою жөніндегі жұмыстардың басшысы болып табылады.
      Өртке қарсы бөлімшелер келгеннен кейін өрт сөндіруге басшылық ету аға жедел бастық – өрт сөндіру басшысына жүктеледі, жылжымалы құрамды эвакуациялау және бөліп жайғастыру бойынша станция жұмысшыларының әрекеті жұмыс басшысының нұсқауы бойынша және өрт сөндіру басшысының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      1377. Сұйытылған көмірсутек газдары аққан кезде сұйытылған көмірсутек газдарын ағызу және құю бойынша барлық технологиялық операцияларды, сондай-ақ пойыздардың қозғалысын және өрт қауіпті жағдайларды шектеуге және жоюға жатпайтын маневрлік жұмыстарды тоқтату қажет. Әлеуетті тұтану көздерін (от, ұшқын) қалпына келтіріледі. Сұйытылған көмірсутек газдар төгілген аймақтан жанғыш заттарды жинап алу керек.
      Мамандар болған жағдайда егер қауіп төндірмесе, ағуын қалпына келтіру немесе цистерна ішіндегіні сақтандыру шараларын сақтай отырып және авариялық жұмыс орнында өртке қарсы қызмет бөлімшелері болған жағдайда, жарамды цистернаға қотарып құю қажет. Сұйытылған көмірсутек газдары бар вагон-цистернаны қауіпсіз орынға апару керек.
      Газ қарқынды түрде аққан кезде оны цистернадан толықтай ағызу керек, бұл ретте газ тарамағанша 200 метр радиуста ықтимал газдану аймағы түзілуі тұрақты бақыланады.
      Тоннельдерге, жертөлелерге, канализацияларға сұйытылған көмірсутек газдарының өтуіне жол берілмейді.
      1378. Авария орнында өртке қарсы қызмет бөлімшесі болмағанда ағатын сұйытылған көмірсутек газдары жанған кезде өртті шектеп, зақымданған цистернадан немесе эстакада коммуникациясынан ағатын өнімнің қауіпсіз жануы үшін жағдай жасалады.
      1379. Кейбір жағдайларда өрт қауіпті жағдайды шектеу және жою жөніндегі жұмыстың басшысы егер бұл адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе, басқа объектілердің бұзылуына және өрттің стихиялық өршуіне әкелмесе, ағатын сұйытылған көмірсутек газдарын тұтандыру туралы өкім беруі мүмкін. Газды тұтандыруды белгі беретін пистолеттің, петарданың көмегімен жабыннан қашықтықтан жүзеге асырылады.
      Ағатын сұйытылған көмірсутек газдарын жағу жұмыстары авария орнына өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қажетті және есептік саны келгеннен кейін жүргізіледі.
      1380. Егер орын алған жағдай теміржол көлігі жұмыскерлерінің, авариялық топ мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмыс дереу тоқтатылып, адамдар қауіпсіз орынға шығарылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет