Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Үй-жайларға жылу беру және кептiру қондырғыларын орнату және пайдалану тәртiбi



бет18/23
Дата12.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#129782
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

6-тарау. Үй-жайларға жылу беру және кептiру қондырғыларын орнату және пайдалану тәртiбi

1-параграф. Жалпы ережелер

      1758. Бiрыңғай жедел құрастырмалы (жедел жылжымалы) ғимараттарға жылу беру үшiн бу және су калориферлерi, сондай-ақ зауыттан шығарылған электр жылытқыштары пайдаланылады.


      1759. Киiм-кешек пен аяқ киiмдi кептiру осы мақсатқа арнайы лайықталған, орталықтан сумен жылытылатын немесе су калориферлерiн қолдана отырып, үй-жайларда, ғимараттарда немесе құрылыстарда жүргiзiледi.
      1760. Кептiргiштердi тамбурларда және ғимараттардан шығу жолдарында орналасқан басқа да үй-жайларда орнатуға болмайды.
      1761. Полимер жылытқыштары бар металл құрылымдардан жасалған ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардан тыс кемiнде 18 метр қашықтықта немесе өртке қарсы қабырғалардан кейiн оттық құрылғыларын орналастыра отырып, тек ауамен немесе сумен жылу беру жүйесi ғана қолданылады.
      Жылу тасығыштары бар құбырлардан бастап қоршау құрылымдарына дейiнгi қашықтықтың 100 метр болуына жол берiлмейдi.
      1762. Жылы будкаларда ашық отты пайдалануға, сондай-ақ отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге және электр калориферлерiн және инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын қолдануға болмайды.

2-параграф. Үй-жайларды инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларымен кептiру тәртiбi

      1763. Инфрақызыл сәулелi жанарғылары бар жылжымалы және тұрақты қондырғылар жанарғы сөнген кезде газ берудi тоқтататын автоматты бұғаттағышпен жабдықталады.


      1764. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын монтаждау мен пайдалануды арнайы бағдарлама бойынша газ iсi жөнiндегi техникалық минимумнен өткен және газ жұмыстарына жiберу құқығымен бiлiктiлiк куәлiгi бар персонал жүргiзедi.
      1765. Еденге орнатылатын инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар жылжымалы қондырғылар арнайы тұрақты тұғырмен қамтамасыз етiледi. Газы бар баллон қондырғы мен өзге де жылу беру аспаптарынан кемiнде 1,5 метр, ал электр есептегiштен, ажыратқыштардан, розеткалар мен өзге де электр аспаптарынан кемiнде 1 метр қашықтықта орналасады.
      Жанарғылардан бастап жанғыш материалдардан жасалған құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр, қиын жанатын заттарға дейiн кемiнде 0,7 метр, жанбайтын заттарға дейiн 0,4 метр етiп қарастырылады.
      Сұйытылған газдағы қондырғыны монтаждау кезiнде шлангiлердiң ұзындығы жұмыстың ыңғайлылығын қамтамасыз ететiндей мүмкiндiгiнше қысқа етiп қарастырылады. Едәуiр қашықтағы кептiру орнынан бастап қосу торабына дейiнгi қашықтық 30 метрден аспайтындай етiп қабылданады. Қондырғы газ торабынан алысырақ болғанда болат құбырдан жасалған уақытша газ құбыры төселедi, ал оған жанарғылар иiлгiш шлангiлермен қосылады.
      Иiлгiш шлангiлер қосқыштың герметикалығын қамтамасыз ететiн бұрандалары мен сомындары бар қамыттардың көмегiмен редуктормен және құбырлармен қосылады. Иiлгiш шлангiлердi олардың майысуы мен қысылып қалуына жол бермей, кемiнде 2 метр биiктiкте төселедi.
      1766. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар қондырғылар жұмыс iстеп тұрған орындарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға, сондай-ақ оларды пайдалана отырып жұмыс iстеуге болмайды.
      1767. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын пайдалану кезiнде:
      1) жұмыс iстеп тұрған қондырғыны қараусыз қалдыруға;
      2) керамикасы зақымдалған, сондай-ақ ашық жалын шығаратын жанарғыларды пайдалануға;
      3) егер үй-жайда газдың иiсi шықса, қондырғыны пайдалануға;
      4) жанарғылардың жылу сәулесiн тiкелей жанғыш материалдар, газы бар баллондар, газ құбырлары, электр өткiзгiштерi жағына бағыттауға;
      5) газ қондырғыларын қатты отынмен жылыту қондырғыларымен қатар пайдалануға болмайды.
      1768. Ашық алаңдарда жұмыс iстегенде (жұмыс орындарын жылыту үшiн және дымқыл жерлердi кептiру үшiн) тек желге тұрақты жанарғылар пайдаланылады.

3-параграф. Сұйық және газ тәрiздес отынмен жұмыс iстейтiн жылу генераторларын монтаждау және пайдалану тәртiбi

      1769. Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемiнде 5 метр қашықтықта орналастырылады.


      Көлемi 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемiнде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы берiледi.
      Отын өткiзгiштерде зауытта шығарылған, отынның ағуын болдырмайтын қосқыштар мен арматура қолданылады. Жұмсалатын бактың отын өткiзгiшiнде өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын берудi тоқтату үшiн ысырма вентиль орнатылады.
      1670. Газ отынымен жұмыс iстейтiн қондырғыларды монтаждау мен пайдалану кезiнде:
      1) жылу шығаратын қондырғыларға зауыттың паспорты бар, стандартты жанарғылар орнатылады;
      2) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесiн қажетi реттеу шегiнде оны жанарғыға өткiзбей тұрақты жұмыс iстеуi қажет;
      3) жылу шығаратын қондырғылары бар үй-жайлардағы желдеткiш 1 сағатта үш еселiк ауа алмасуды қамтамасыз етуi қажет.
      1671. Жылу шығаратын қондырғыларды пайдалану кезiнде:
      1) отын құбырларының герметикалығы бұзылған, форсунка корпусы жылу шығаратын қондырғымен нығыз орнатылмаса, үй-жайға жану өнiмдерiнiң өтуiне ықпал ететiн түтiн мұржалары ақаулы, электр қозғалтқыштары мен iске қосу аппаратурасы ақаулы болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және басқа да ақаулары болса, қондырғымен жұмыс iстеуге;
      2) форсунка ретке келтiрiлмегенде (отын қалыпты жанбаса) жұмыс iстеуге;
      3) отын құбырларын қосу үшiн резина немесе полихлорвениль шлангiлерi мен муфталарын пайдалануға;
      4) қондырғы мен отын бактары жанына жанғыш қоршаулар орнатуға;
      5) отын құбырларын ашық отпен қыздыруға;
      6) қысқа мерзiмге тоқтағаннан кейiн ауамен үрлемей жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға;
      7) жанғыш қоспаны бақылап қарау тесiгi арқылы жағуға;
      8) жылу шығаратын қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде шамдар электродтарының арасындағы саңылауды реттеуге;
      9) ауа жинау коллекторларында қорғағыш тор болмаған жағдайда жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға болмайды.

4-параграф. Электр калориферлердi монтаждау және пайдалану тәртiбi

      1772. Тек зауытта дайындалған, дабылы және желдеткiш жұмыс iстемеген кезде қыздыру элементтерiне электр энергиясын берудi болдырмайтын бұғаттағышы мен электр және жылу қорғағышпен көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы жарамды электр калориферлерiн ғана пайдалануға және монтаждауға болады.


      1773. Электр калорифердi монтаждау, жұмысқа дайындау, iске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.
      1774. Электр калориферi корпусы мен желдеткiш арасына жұмсақ қыстырма үшiн жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.
      1775. Электр калориферлерiн пайдалану кезiнде:
      1) дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндiруге;
      2) электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгiлеген ауа температурасын жоғарылатуға;
      3) желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электр калорифердi қосуға (бұғаттағышты қондырғыны әр iске қосар алдында тексередi);
      4) электр калориферде немесе оның жанында киiм немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге;
      5) жұмыс iстеп тұрған электр калориферi орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға болмайды.

7-тарау. Өртке қарсы сумен жабдықтауды, өрт сөндiру және байланыс құралдарын ұстау тәртiбi

      1776. Тұрақты сыртқы су өткiзу желiсiн төсеу және өрт гидранттарын орнату, сондай-ақ өрт сөндiретiн су айдындары мен басқа да су көздерiн салу негiзгi құрылыс жұмыстары басталғанда оларды өрт сөндiру үшiн пайдалана алатындай есеппен жүргiзiледi.


      1777. Тұрақты сумен жабдықтау көздерiн салу негiзгi құрылыс жұмыстарын жүргiзудi бастағанға дейiн аяқтау мүмкiн болмаған жағдайда уақытша өртке қарсы су құбырлары төселедi немесе өрт резервуарлары орнатылады.
      1778. Уақытша өрт резервуарларының (су айдындарының) сыйымдылығы, олардың саны, салынатын объектiде орналастыру орны жобалық құжаттамада анықталады.
      1779. Сейсмикалығы 8 және 9 балл аудандарда сумен жабдықтау жүйелерiнде бiр көздi (оның iшiнде бiр ысырмада су алу кезiнде сыртқысын) пайдалану кезiнде сыйымдылықтарда өрт сөндiруге су көлемiн «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнде және құрылыс нормаларында көрсетiлгеннен екi есе артық қарастырылады.
      1780. Құрылыс аумағында орналасқан жасанды су айдындары жылытылуы және өрт сөндiру автомобилдерiн маневрлеу үшiн ауданы 12х12 метр болатын кiреберiстермен қамтамасыз етiледi. Су айдындарындағы судың деңгейi өрт сорғыштарымен су алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Егер құрылыс маңында табиғи су көздерi (өзендер, көлдер, тоғандар) орналасқан болса, оларға өрт сөндiру автомобилдерiне арналған пирстер орнатылады. Қысқы уақытта оларға «қатып қалмайтын» ойықтар жасалады.
      1781. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен автоматты өрт сөндiру жүйесi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады. Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанға дейiн, ал автоматты өрт сөндiру және дабыл жүйелерi iске қосу-реттеу жұмыстарына дейiн (кабель құрылыстарында кабелдердi төсегенге дейiн) қолданысқа енгiзiледi.
      1782. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар осы Қағидаларға 8-қосымшада келтiрiлген нормаларға сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру құралдарын тiкелей мақсатынсыз қолдануға жол берiлмейдi.
      1783. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейiн өрт техникасы мен жеке құрамды орналастыруға арналған арнайы жылытылған үй-жайлар бөлiнедi.
      Өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады.
      1784. Ауданы 300 м2 және одан астам асханалар дабылды ғимараттың (құрылыстың) қасбетiне немесе тәулiк бойы персонал болатын үй-жайға шығарылған автоматты өрт дабылымен жабдықталады.
      Салынып жатқан әрбiр объектiде өрт сөндiру бөлiмдерiн шақыруға арналған байланыс құралдары қарастырылады. Тәулiктiң кез келген уақытында құрылыс аумағында байланыс құралдарына қол жетiмдiлiк қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефонның (радиостанцияның) жанына өртке қарсы қызметтi шақыру тәртiбi туралы тақтаны, жұмысшылардың өрт болған жағдайдағы iс-қимылдары туралы жадынаманы, мемлекеттiк емес өртке қарсы құралымдардың жауынгерлiк есептерiнiң тiзiмiн, өрт сөндiру үшiн күштер мен құралдардың тәртiбi iлiнедi. Құрылыс аумағының көрiнетiн жерлерiнде дабыл беру үшiн дыбыстық дабылдар  (қоңырау, сирена) қарастырылады, олардың жанында «Өрт дабылы» деген жазу iлiнуi қажет.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына


1-қосымша        

Эвакуациялау жоспарын құру жөнiнде ұсыныстар

      1. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бiр мезгiлде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзiрленедi.


      Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтiн бөлiмдерiнен тұрады. Графикалық бөлiм ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тiкелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетушi персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерiнiң, телефон аппараттарының, өрт сөндiру құралдарының (өрт сөндiру крандарының, өрт сөндiргiштердiң) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды.
      Мәтiн бөлiмiнде адамдарды эвакуациялаудың тәртiбi мен ретi, қызмет көрсетушi персоналдың мiндеттерi, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық iс-шараларына өрт туралы хабарлау және адамдарың эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөнiндегi күштерiн жұмылдыру жазылады.
      2. Эвакуациялау жоспарын әзiрлегенде өрттiң пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру iс-шараларын жүргiзу үшiн жұмылдырылған қосымша күштердiң болуына қарай адамдарды эвакуациялаудың бiрнеше (3-5) түрi қарастырылады.
      Эвакуациялау жоспарларының мәтiн бөлiмiнде әрбiр нұсқа бойынша мыналар:
      - өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесiн ұйымдастыру (эвакуациялау қажеттiлiгi, хабарландыру зонасы мен хабарландыру әдiстерi, хабарландыру құрамы туралы кiм шешiм қабылдайды);
      - қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылған қосымша күштердi (оларды жинау тәртiбi, жинау орындары, зоналар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары);
      - эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезiнде қозғалыс тәртiбi,  қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдiсiне қатысудағы қосымша күштердiң мiндеттерi);
      - эвакуациялау жолының соңғы пункттерi (эвакуацияланғандардың бөлiп жайғастыру тәртiбi, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету);
      - көрермендердi эвакуациялау үшiн қосалқы шығу орындарын қолдану, арнайы жабдықты қолдану мүмкiншiлiгi, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткiзуге арналған әр түрлi техника мен инженерлiк жүйелердi (түтiн жою жүйесiн, автоматты өрт сөндiру қондырғыларын, iшкi телефон және радио байланысын) қолдану қарастырылады.
      3. Жоспардың графикалық бөлiмiнде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары (эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткiштерi бар жасыл түстi тұтас сызықпен) көрсетiледi. Құрылыс iшiнде адамдардың жаппай жиналғаны болса, жоспарларда бұл зоналарды эвакуациялау бағыттары көрсетiлген, түрлi түстi реңктермен белгiленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түстi ирек жолымен) көрсетiледi.
      4. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтiн бөлiмдерi) көрнектi рәсiмделiп, өрт сөндiру посттары мен қызмет көрсету персоналының тәулiк бойлы кезекшiлiгi бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объекттiң басшылығында көзге көрiнетiн жерде тұрады.
      Графикалық бөлiмдегi белгiлердiң шешiмiн эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттiк және орыс тiлдерде берiледi.
      5. Жалпы құрылыс үшiн жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр зона (сектор, үй-жайлар тобы) зоналар мен секторлар бойынша жауапты кезекшiлердi болулары тиiс, өрт қауiпсiздiгi шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртiп ережелерi туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзiндiлермен (әр түрлi нұсқалар) қамтамасыз етiледi.
      Эвакуациялау жоспарының үзiндiсiнде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есiк, балкон, дәлiз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтардың белгiлерi бар бөлмелер көрсетiледi.
      Эвакуациялау жоспарынан үзiндi арналған үй-жай сектордың, зонаның әр қабаттық жоспарында «Сiз тұрған үй-жай...» деген жазумен белгiленедi. Эвакуациялау жолын бұл үзiндiде жасыл түстi тұтас сызықпен көрсетедi.
      Эвакуациялау бағытын көрсететiн сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауiпсiз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейiн жүргiзiледi.
      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзiндiнi үй-жайда көзге көрiнетiн жерде шынының (пленканың) астына iледi, жоспардан алынған үзiндiнiң көлемi 20 х 30 сантиметрден кем емес.
      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзiндiнiң астында қолданған белгiлердiң түсiнiгi берiледi.
      Үзiндiнiң мәтiн бөлiгiнде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердiң мiндеттерi мен әрекеттерiнiң бiрiздiлiгi көрсетiледi.
      Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзiндiнiң мәтiн бөлiгi зонадан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершiлiк атқаратын тұлғада болады.
      Эвакуациялау жоспарын кәсiпорынның, ұйымның басшысы бекiтедi.
      Үзiндiнiң мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендердi эвакуациялауға жұмылдырылған барлық көмекшi күштер танысады.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына


2-қосымша        

Дүңгiршектер мен павильондардың отқа төзiмдiлiк дәрежесi төмендегiдей болғандағы қашықтық, метр

I, II, III

IIIa, IIIб, IV, IVa, V

I, II, III

6

8

IIIa, IIIб, IV, IVa, V

8

10

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына
3-қосымша        

Операция жасайтын бөлмеде өрттер мен жарылыстардың алдын алу жөнiндегi қорғау шаралары

      1. Есiрткiнiң өздiгiнен тұтануын болдырмау үшiн жұмыстан кейiн оларды буландырғыштан герметикалық түрде жабылатын ыдысқа төгiледi. Эфирдi ақырын, шашыратпай төгiледi. Наркоздан кейiн қалған эфирдi раковинаға төгуге жол берiлмейдi.


      Эфирдi буландырғыштан қабылдау ыдысына бос құламалы ағыспен құюға жол берiлмейдi. Ол үшiн электр өткiзгiш материалдан жасалған май құйғыш қолданылады, май құйғыштар жерге қосылады, май құйғыштың шетi ыдыстың түбiне жетуi тиiс. Олай болмайтын жағдайда эфир ыдысқа осы өткiзгiш арқылы ағуы үшiн жерге қосылған өткiзгiштiң шетiн май құйғыш арқылы ыдыстың түбiне жеткiзу қажет.
      2. Есiрткiнi төккеннен кейiн буландырғышты, шлангтарды және наркоз аппаратының барлық алмалы бөлшектерiн жылы сумен шайылады.
      3. Ингаляция наркозының аппараттарын зарасыздандыру және тазартуды (жууды) ведомстволық нормалар талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      4. Операция жасау бөлмелерiнде газдарды бiр баллоннан екiншi баллонға құюға және қысымдағы газдары бар баллонға қосымша газдар мен есiрткiлердi кiргiзуге жол берiлмейдi. Бұл арнайы жабдықталған үй-жайда үйретiлген персоналмен жүргiзiледi.
      5. Операциялық және наркоз үй-жайларында ашық отты (спиртовка, газ оттықтары, тұтатылған сiрiңкелердi) қолдануға, темекi шегуге және электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi. Баллонның вентилiн жылыту үшiн жылытқы қолданылады.
      6. Наркоз және операция жасайтын үй-жайларда қолданылатын жабдықтардың ашық беттерiнiң температурасы 1200C аспайды.
      7. Эндоскопиялық құралдарының шағын шамдарының қатты қызуына жол берiлмейдi.
      8. Наркоз кезiнде бұзылған және ұшқын шашатын электр жабдығын пайдалануға жол берiлмейдi.
      9. Қауiптi зоналарда қолданылатын барлық электр медициналық жабдық жарылыстан қорғалған түрде орындалған болуы тиiс.
      10. Наркоз кезiнде термокаутердiң тұтанғыш анестетикасын, диатермия аппаратын, ЭН-57 типтi электр хирургиялық аппараттарды және басқа жарылыстан қорғалмаған түрде орындалған рентген аппараттарын, дефибрилляторларды қолдануға жол берiлмейдi.
      Ескертпе. Фторотан, азоттың шала тотығы, хлороформ және басқа тұтанбайтын қоспаларға көшу жағдайында жоғарыда аталған аппаратураны қолдануға жол берiледi, бұл ретте тұтанғыш дезинфекциялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
      11. Операция жасайтын бөлмелердiң статикаға қарсы материалдан жасалған едендерiн (лас шөгiндiлерiнiң негiзiнде) электр өткiзгiш қасиетiн жоғалта алатын өткiзбейтiн пленканың пайда болуын болдырмау үшiн үнемi жуып тұру қажет. Еденнiң бетiн балауызбен немесе лакпен өңдеуге жол берiлмейдi.
      12. Наркоз аппаратының бөлшектерiн (бейөткiзгiш) лейкопластырмен жабыстыруға, статикаға қарсы емес резинадан есiрткi қоспаларын атмосфераға жою үшiн шлангтарды пайдалануға, электр  ткiзгiш материалдың бұзылған бөлшектерiн бейөткiзгiштен жасалған бөлшектерге ауыстыруға жол берiледi.
      Ескертпе: Наркоз аппараттарының барлық бөлшектерi электр өткiзгiш материалдарынан жасалады: қаптар, шлангтар, маскалар, демалу трубкалары және аппараттың демалу контурының басқа бөлшектерi, сондай-ақ доңғалақтардың тысы мен төсемдерi электр өткiзгiш резинадан, ал өткiзгiштер – түстi металлдан немесе электр өткiзгiш пластмассадан жасалады.
      13. Наркоз аппаратының барлық бөлшектерi арнайы майлаумен майлануы тиiс. Эндотрахиалды трубкалар мен дәке тампондарын тек таза глицеринмен ғана майланады.
      14. Жабдықтың белдiк берiлiстерiн еденнен 0,25 метр қауiптi зоналар шегiнде (наркоз затының тым жоғары концентрациясында) орналастырылмайды. Белдiк берiлiстер қауiптi зонадан жоғары орнатылған жерлерде белдiктердi үлес қарсылығы 105 Ом/м статикаға қарсы материалдан жасау керек.
      Белдiктердi шайырмен, балауызбен және сыртқы қарсылықты арттыратын басқа да заттармен майлауға жол берiлмейдi.
      15. Қауiптi зоналарда қолданылатын тоқымалы маталарға тиiстi статикаға қарсы заттар сiңдiрiледi. Бұндай маталарға жуылғаннан кейiн қайтадан статикаға қарсы заттарды сiңдiру керек.
      16. Жабдықтың барлық металл және электр өткiзгiш металлды емес бөлiктерi статикалық электр зарядтарын шығару үшiн жерге қосылады.
      Жабдықтың металлды емес бөлiктерi егер олардың сыртқы және iшкi қабатының жерге қосу шинасына қатысты кез келген жерiнiң қарсылығы 107 Ом. асқанда электр статикалық түрде жерге қосылған болып саналады. Операцияның алдында наркоз аппаратының резинадан жасалған бөлiктерiн сумен сулау керек.
      17. Қызмет көрсету персоналының электрленуiн болдырмау үшiн келесi ережелердi сақтау керек:
      1) Операция жасау бөлмедегi қызмет көрсету персоналының киiмi мақта-матадан жасалады, жабық және толық қонымды, тым кептiрiлген және қатты крахмалданбаған болады. Пайдаланар алдында киiм мен аяқ киiмдi ылғалдығы 80% асқан үй-жайларда ұстау ұсынылады.
      Науқас мақта-матадан тiгiлген киiмде болуы тиiс. Операция жасайтын бөлмеде және басқа жарылыс қауiптi үй-жайларда қозғалғанда қатты электрленетiн, адамның денесiнде зарядтардың тез жиналуына соғатын жүн, жiбек, сондай-ақ нейлон, капрон және басқа да синтетикалық маталардан тiгiлген киiмдi киюге жол берiлмейдi.
      2) Қызмет көрсету персоналының аяқ киiмiнiң табаны былғарыдан немесе электр өткiзгiш резинадан жасалған болады, ол аяқ киiмнiң үстiнен мақта-матадан жасалған арнайы операциялық бахилдар киiледi. Операция жасайтын бөлмеде табаны резинадан, пластиктан немесе басқа бейөткiзгiштерден жасалған аяқ киiмдi киюге жол берiлмейдi.
      3) Операция жасайтын бөлмеде қызмет көрсету персоналының шаштары қалпақпен немесе мақта-мата бас жаулықпен жабылады.
      18. Операция жасайтын бөлменiң персоналына бiлезiк, жүзiк және басқа да металлды заттарды тағуға жол берiлмейдi.
      19. Наркоз аппараттарына қызмет көрсету персоналының қолдарында, сондай-ақ науқастың бетiнде майдың, помаданың iздерi болмау керек.
      20. Операция жасайтын бөлмедегi салыстырмалы ылғалдықты гигрометр немесе психрометр арқылы операция жасар алдында және операция барысында бақыланады. Ауа температурасын бақылау ұсынылады. Операция жасайтын бөлмеде ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55% болса, наркоз үшiн тез тұтанғыш есiрткi қоспаларын немесе анестетиканы қолдануға жол берiлмейдi.
      21. Тұтану мен жарылыстан кепiлдi сақтандыру – тез тұтанғыш есiрткi заттарын (фторотан, хлороформ, азоттың шала тотығы, центран) қолдану. Тұтанғыш анестетикалармен жұмыс iстегенде жарылыстардың алдын алу тұтанудың себептерi мен көздерiн жоюдан тұрады.
      22. Желдеткiш жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiгiн бақылау үшiн операция кезiнде, құрамында есiрткi булары болуына ауаның сынамасын алу керек. Сынамаларды операциялық бригаданың мүшелерi дем алатын аймақта орналасқан ауданнан алады. Анестетика буларының болуы белгiленген шектi рұқсат етiлген деңгейден аспайды.
      23. Ауаны тазартқыш сүзбелерiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн бақылау үшiн аптасына бiр реттен кем емес операция жасайтын бөлмеге жеткiзiлетiн ауаның тазалығын, салынды бөлшектердiң және бактериялы флораның болуы анықталады. Ауада бактериялы флора пайда болған жағдайда оның себептерi жойылғанша операция тоқтатылады.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына


4-қосымша      

Мұнай өнiмiмен қамтамасыз ететiн негiзгi және қосалқы кәсiпорындарға арналған алғашқы өрт сөндiру құралдарының қажеттiлiк нормалары

Ғимараттардың, үй-жайлардың және өндiрiстiк учаскелердiң атаулары

Қорғалатын аудан

Көмiр қышқылды өрт сөндiргiштер

Көбiктi өрт сөндiргiштер

ОПХ-10


Ұнтақты өрт сөндiргiштер

Құмы бар жәшiк

Көлемi 2 х 1,5м киiз немесе текемет

ОУ-2

ОУ-5 немесе ОУ-8

ОП-5 немесе ОП-10

ОП-100

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мұнай өнiмдерiн автоцистерналарға құю алаңы

-

-

-

4

-

-

1

1

Бiр жақты, екi жақты темiр жол ағызып құю эстакадасы

әрбiр 50 метр ұзындығына

-
-

-
-

2
4

1
2

-
-

1
2

1
2

Мұнай өнiмдерiн айдайтын сорғыш бөлмелер

50 м 2

-

2

2

-

-

1

1

БӨА және А үй-жайлары

50 м 2

-

2

-

-

-

-

-

Мұнай өнiмдерiн ыдыста сақтау қоймасы

200 м 2

-

-

1

2

-

-

-

Мұнай өнiмдерiн шағын ыдыста өткiзу орындары

-

-

-

1

-

-

1

1

Өзен және теңiз айлақтары

әрбiр 50 метрге

-

2

2

2

-

1

1

Құйылмалы мұнай өнiмдерi

50 м 2

-

-

2

-

-

1

1

Манифольд ғимараттары

50 м 2

2

-

2

-

-

1

1

Айдау станциясының электр қозғалтқыш үй-жайлары

әрбiр электр қозғалтқышқа

1

1

-

-

-

-

-

Қалқымалы сорғыш станциялары




-

2

4

-

1

1

1

Ыдыстың iшiндегi мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған қоймалар

100 м 2

-

-

3

2

-

1

1

Зертханалар

50 м 2

1

-

2

-

-

-

-

Газ электр дәнекерлеу үй-жайлары

50 м 2

-

-

1

1

-

1

1

АГТС:
Станция ғимараты
Сорғы-компрессорлық бөлiм
Автомашина баллондарын толтыруға арналған колонкалар

Үй-жайға

 

-


-
-

 

1


1
-

 

-


1
1

 

2


-
1

 

1


1
-

 

-


-
-

 

-


-
-

Регенерациялық қондырғылар

100 м 2

1

-

1

1

-

1

-

Қызметтiк-тұрмыстық үй-жайлар

200 м 2

-

-

1

-

-

-

-

Есептеу орталықтары, машина-есептеу станциялары (бюролары), мұрағаттар, кiтапханалар, Жобалық-конструкторлық бюро

100 м 2

 

-


 

1














 

1



Көшiргiш-көбейткiш машиналар үй-жайы

100 м 2

-

1

1

-

-

-

-

Материалдық қоймалар

50 м 2

-

-

2

1

-

-

-

Қазандықтар

100 м 2

1

-

2

1

-

-

-

Су сорғыш

әрбiр электр қозғалтқышқа

-

1

1

-

-

-

-

Авто гараждар

100 м 2

-

1

2

1

-

1

-

Электр станциялары мен шағын станциялар

100 м 2

2

2

-

1

-

1

-

Құрамында мұнай бар қалдықтардың канализациялық сорғы бөлмесi

50 м 2

1

1

1

-

-

1

-

Биологиялық тазарту станциясы

50 м 2

-

-

1

1

-

1

-

Озонаторлық бөлме

25 м 2

-

-

1

1

-

-

-

Басқа өндiрiстiк үй-жайлар
А және Б санатты В1-В4, Г санатты
Д санатты

200
300
400

-
-
-

-
-
-

2
2
1

2
1
-

-
1
-

1
-
-

1
-
-

      Ескертпе:
      1. Кәсiпорын аумағында әрбiр 5000 м2 жинағы бар қалқандар орнатылады: ұнтақты өрт сөндiргiштер – 2, құмы бар жәшiктер – 1, қалың төсем (асбест, киiз) – 1, сүймендер – 2, балталар – 2.
      2. Автоматты стационарлы өрт сөндiру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар осы қосымшада көрсетiлген санның 50% есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.
      3. Бағасы қымбат аппаратура мен жабдықтардың жинақталу орындарында өрт сөндiру құралдарының саны көбейтiлуi мүмкiн.
      4. Осы қағидада аталмаған қондырғыларды орнату үшiн алғашқы өрт сөндiру құралдарын басқа үй-жайлармен (қондырғылармен) ұқсастығы бойынша, олардың өрт қауiптiлiгi ескерiлiп қабылданады.
      5. А, Б, В1-В4 санаттағы кез келген үй-жайдағы өрт сөндiргiштердiң саны осы қосымшаға сәйкес қабылданады, бiрақ 2-ден кем емес, әкiмшiлiк, қызметтiк-тұрмыстық ғимараттарда – бiр қабатқа 2-ден кем емес болуы тиiс.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына


5-қосымша        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет