Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


Өрт қауіпсіздігі саласында жіктеу



бет2/25
Дата20.05.2022
өлшемі412.92 Kb.
#458276
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
405 тех регламент

Өрт қауіпсіздігі саласында жіктеу

1. Өрттерді және оның қауіпті факторларын жіктеу


1. Өрттерді жанғыш материал түрі бойынша жіктеу өрт сөндіру құралдарын қолдану саласын белгілеу үшін қолданылады.


Өрттерді сөндіру қиындығына қарай оларды жіктеу өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің және өрттерді сөндіруге тартылған басқа қызметтердің күштері мен құралдарының қажетті санын анықтау кезінде пайдаланылады.


Өрттің қауіпті факторларын жіктеу өрт кезінде адамдар мен мүлікті қорғау үшін өрт қауіпсіздігінің қажетті шараларын негіздеу кезінде пайдаланылады.


2. Жанғыш материалының түрі бойынша өрттер мынадай сыныптарға бөлінеді:


1) А – қатты жанғыш заттар мен материалдардың өрттері;


2) В – жанғыш сұйықтықтардың немесе балқитын қатты заттар мен материалдардың өрттері;


3) С – газдардың өрттері;


4) D – металдардың өрттері;


5) Е – кернеуде тұрған электр қондырғыларының жанғыш заттары мен материалдарының өрттері.


3. Адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ететін өрттің қауіпті факторларына мыналар жатады:


1) жалын мен ұшқындар;


2) жылу ағыны;


3) қоршаған ортаның жоғарғы температурасы;


4) жанатын және термикалық бөлшектенетін уытты элементтердің жоғарғы концентрациясы;


5) оттегінің төменгі концентрациясы;


6) эвакуациялау жолдарындағы түтіннің жоғарғы концентрациясы. Өрттің қауіпті факторларының құрылыс конструкцияларына, технологиялық жабдыққа және өрт сөндіру жөніндегі әрекеттерге әсер ететін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, материалдық құндылықтарға зиян келтіретін екінші зардаптарына мыналар жатады:


1) бүлінген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, конструкциялардың сынықтары, бөліктері;


2) бүлінген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивті және уытты заттар мен материалдар;


3) конструкцияның, аппараттардың, агрегаттардың ток өткізетін бөліктеріне жоғарғы кернеуді шығару;


4) өрт салдарынан болған жарылыстың қауіпті факторлары;


5) өрт сөндіретін заттардың әсері және өрттерді сөндіру жөніндегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің әрекеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет