Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар



бет1/25
Дата20.05.2022
өлшемі412.92 Kb.
#458276
түріРегламент
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
405 тех регламент






"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24045 болып тіркелді

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-23) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


1. Қоса беріліп отырған "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.


2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементтінің күші жойылды деп танылсын.


3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;


2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;


3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.


5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі




Ю. Ильин




"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Индустрия және инфрақұрылымдық


даму министрлігі


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Сауда және интеграция министрлігі


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрлігі



Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 405 Бұйрыққа
1-қосымша

"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті
1-тарау. Қолданылу саласы

1. Осы "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі – Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы", "Техникалық реттеу туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарына сәйкес әзірленген.


2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін айқындайды және:


1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген өрт және оның қауіпті факторларының, заттар мен материалдардың, сондай-ақ өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық орталардың; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдарының; құрылыс конструкциялары мен өртке қарсы тосқауылдардың; өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдығының, сыртқы қондырғылардың, ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың жіктегішін;


2) қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде өмірлік циклінің барлық сатысында әртүрлі мақсаттағы шаруашылық жүргізу объектілеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.


3. Осы Техникалық регламенттің ережелері мақсаты мен меншік нысанына қарамастан жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, функционалдық мақсатын өзгерту, техникалық қызмет көрсету, объектілерді пайдалану кезінде орындау үшін міндетті.


4. Арнайы мақсаттағы, оның ішінде әскери мақсаттағы объектілерге, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын қайта өңдеу, сақтау объектілеріне, химиялық қару мен жару құралдарын жою және сақтау объектілеріне, жерүсті ғарыш объектілері мен старттық кешендерге; тау-кен қазбалары объектілеріне қатысты осы Техникалық регламентпен қатар, Қазақстан Республикасының ведомстволық нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:


1) адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты – эвакуациялау жолының берілген көлемдік-жоспарлау және конструкциялық шешімдері кезінде адамдарды өрт туралы құлақтандырылған сәттен бастап ғимараттан, құрылыстан қауіпсіз аймаққа эвакуациялау аяқталған сәтке дейінгі уақыт аралығы;


2) авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа алып келетін, адамдарды құтқару үшін қосымша шығу ретінде пайдаланылатын, алайда эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің қажетті саны мен көлемінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау шарттарына сәйкестігін бағалау кезінде ескерілмейтін шығу жолы (есік, люк);


3) автоматтық автожанармай құю станциясы – технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін отын тарату колонкалары арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) түрде жіберумен сипатталатын стационарлық автожанармай құю станциясы;


4) бықсу – жалынсыз жану;


5) ғимараттың биіктігі (эвакуациялау және құтқару үшін) – ғимаратқа жақын өту жолының өту бөлігінің қабатынан бастап жердің жоспарлы белгілеу деңгейінің және жоғарғы техникалық қабатты (қабаттарды) санамағандағы жоғарғы қабаттың (мансард қабатын қоса алғанда) еденінің деңгейіне дейінгі белгілеулердің айырымы. Еңісі бар немесе бірнеше өту жолдары бар жер учаскелерінде орналасқан ғимараттың биіктігі жоспарлы белгілеуінің төменгі деңгейінің немесе өту жолының төменгі деңгейінің және жоғары қабаттың едені деңгейінің белгілеулерінің айырымымен анықталады;


6) жалын таралуының температуралық шегі (жалындау) – қаныққан бу тотықтырғыш ортада жалын таралудың сәйкесінше төменгі (төменгі температуралық шегі) және жоғарғы (жоғарғы температуралық шегі) концентрациялық шегіне тең концентрация жасайтын зат температурасы;


7) жалын таралудың қалыпты жылдамдығы – жалын фронтының оның бетіне перпендикуляр бағытта жанбаған газға қатынаста орын ауыстыру жылдамдығы;


8) жалын таралудың төменгі (жоғарғы) шоғырланған шегі – жалынның жану көзінен қоспа бойынша кез келген қашықтыққа таралуы мүмкін болатын қышқыл ортасы бар біртекті қоспада жанғыш заттың ең аз мөлшері;


9) жалындау – от алу көзінен басталған және оны жойғаннан кейін де жалғасатын заттың жалындап жануы;


10) жану – от алу көзінің әсерінен өртене бастауы;


11) жану жылдамдығы – аудан бірлігінен уақыт бірлігіне жанатын сұйықтық мөлшері;


12) жанғыш орта – тұтану көзі әсері кезінде жалындауға қабілетті орта;


13) жанғыштық – заттар мен материалдардың жалындауға, өздігінен жану және (немесе) бықсу қабілеттілігі;


14) жылу өздігінен жанудың шарты – қоршаған орта температурасы, зат (материал) саны және оның өздігінен жану сәтіне дейінгі уақыт арасындағы эксперименттік анықталған тәуелділік;


15) заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіптілігі – өрт жағдайында (немесе) физикалық-химиялық қасиеттерімен және қалпымен сипатталатын, заттар мен материалдардың жанғыш (өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті) ортаны жасау қабілеті;


16) конструкцияның отқа төзімділік шегі (өртке қарсы тосқауылдардың ойықтарын толтыру) – от әсерінің басынан бастап оттөзімділік бойынша осы конструкция үшін нормаланатын шекті күйге дейінгі уақыт;


17) қажетті эвакуациялау уақыты – өрттің қауіпті факторлары әсерлерінің нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірмей өрттің қауіпті факторлары жоқ аймаққа адамдар эвакуациялануы тиіс өрттің туындаған сәтінен бастап уақыт;


18) құтқару – ададмардың өміріне (денсаулығына) өрттің қауіпті факторларының әсер етуінен қауіп болған кезде өрттің қауіпті факторлары болмайтын аймаққа, оның ішінде тиісті техникалық құтқару және қорғау құралдарын пайдалана отырып, адамдарды жеке немесе ұжымдық ауыстыру процесі;


19) құтқару құралдары (құрылғылары) – адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер етуі және (немесе) олардың ілеспе көріністерінің болуы мүмкін және эвакуациялау өрттің қауіпті факторларымен немесе басқа да себептермен бұғатталған жерлерден адамдарды дербес немесе мәжбүрлі көшіруді қамтамасыз ететін техникалық құралдар;


20) объектінің өрт қауіпсіздігі – өрттің пайда болуы және дамуының, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адам және материалдық құндылықтарға әсерін алдын алу мүмкіндігін сипаттайтын объектінің жай-күйі;


21) объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі – өрттің алдын алу және объектіге одан келетін шығысты азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар кешені;


22) объектінің өрт қауіптілігі – өрт туындай және дамуы, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;


23) өндірістік объектілер – өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығына арналған, оның ішінде қоймалар, инженерлік және көлік инфрақұрылыс (теміржол, автомобиль, өзен, әуе және құбыржол көлігі), байланыс объектілері;


24) өрт бөлігі – өрттің ықтимал ауданын шектеу және оны жоюға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы аралықтармен (қабырғалармен, аймақтармен, қалқалармен және негзделген кезде басқа да тосқауылдармен) бөлінген ғимараттың бөлігі;


25) өрт секциясы – өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өрт бөгеттерімен бөлінген өрт бөлігінің бөлімі;


26) өрт ошағы – өрттің бастапқы пайда болған жері;


27) өрт пайда болуы – өртке алып келетін процестер жиынтығы;


28) өрт сөндірудің алғашқы құралдары – өрттің бастапқы өршуі кезінде өртпен күресу үшін пайдаланылатын адамдар алып жүретін немесе тасымалданатын өрт сөндіру құралдары;


29) өртке қарсы тосқауыл – оттөзімділіктің нормаланған шегі және конструкциядық өрт қауіптілігінің нормаланған класы бар құрылыс конструкцияы, ғимараттың көлемді элементі немесе ғимараттың (имараттың) бір бөлігінен екіншісіне немесе ғимараттар (құрылыс, екпелер) арасында өрттің таралуын болдырмауға арналған басқа тәсіл;


30) өртке қарсы үзіліс (өртке қарсы қашықтық) – өрттің таралуын болдырмау үшін белгіленген ғимараттар және (немесе) имараттар арасындағы нормаланатын қашықтық;


31) өртке қауіпсіз аймақ (қауіпсіздік аймағы) – ғимараттың, құрылыстың, өрт бөлігінің эвакуациялау мен құтқаруды жүргізу үшін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, тиісті уақыт ішінде (өрт туындаған сәттен бастап құтқару жұмыстары аяқталғанға дейін) адамдарды өрттің қауіпті факторларынан қорғау үшін өртке қарсы аралықтармен бөлінген бөлігі;


32) өрттен қорғау жүйесі – адамдар мен мүлікті өрттің қауіпті факторлары әсерінен қорғау және (немесе) олардың объектіге әсер ету салдарын шектеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;


33) өрттің алдын алу жүйесі – объектіде өрттің туындау жағдайларын болдырмауға бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;


34) өрттің қауіпті факторлары – әсері адамның жарақаттануына, улануына немесе өлімге және (немесе) материалдық шығынға алып келуі ықтимал өрт факторы;


35) технологиялық орта – технологиялық аппаратурада (технологиялық жүйеде) айналатын заттар мен материалдар;


36) түтінге қарсы қорғаныш жүйесі – өрт кезінде ғимараттар мен құрылыстардың түтіндеу қаупін, сондай-ақ оның қауіпті факторларының адамдар мен материалдық құндылықтарға әсерін болдырмау немесе шектеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары, көлемдік-жоспарлау шешімдері, инженерлік жүйелер және техникалық құралдар кешені;


37) тұтану – қысқа мерзімді көрінетін жарқырау қоса жүретін газ бу ауа қоспасының жанғыш зат бетінде тез жануы;


38) тұтану көзі – жанудың пайда болуын бастайтын энергетикалық әсер ету құралы;


39) тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары – өрттің қауіпті факторларынан адамдардың қауіпсіздігін және оларды қорғауды, оның ішінде оларды эвакуациялау, өзін-өзі құтқару және құтқару кезінде қамтамасыз ететін техникалық құралдары;


40) эвакуациялық жол (эвакуация жолы) – тікелей сыртқа алып келетін адамдардың қозғалыс және (немесе) орын ауыстыру жолы;


41) эвакуациялық шығу – эвакуация жолына немесе тікелей сыртқа алып баратын шығу.

3-тарау. Объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар

6. Объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі:


1) өрттің алдын алу жүйесін;


2) өртке қарсы қорғау жүйесін;


3) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін қамтиды.


7. Өрттің алдын алу, өртке қарсы қорғау жүйелерінің және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенінің құрамы мен функционалдық сипаттамалары объектінің функционалдық мақсатымен айқындалады және осы Техникалық регламентпен белгіленеді.


8. Егер осы Техникалық регламентте белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде, оның ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттарды, стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану арқылы орындалса, объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.

1-бөлім. Өрттің алдын алу жүйесіне қойылатын талаптар

9. Өрттің алдын алу:


1) жанғыш ортаның;


2) жанғыш ортада тұтану көздерінің түзілуінен алдын алу арқылы қол жеткізіледі.


10. Жанғыш ортаның түзілу жағдайларын болдырмау мынадай бір немесе бірнеше тәсілдермен қамтамасыз етілуі тиіс:


1) жанбайтын заттар мен материалдарды қолдану;


2) жанғыш заттар мен материалдардың салмағын және (немесе) көлемін шектеу;


3) жанғыш заттар мен материалдарды, сондай-ақ бір-бірімен өзара әрекеті жанғыш ортаның пайда болуына алып келетін материалдарды орналастырудың аса қауіпсіз тәсілдерін пайдалану;


4) жанғыш ортаны тұтану көзінен (оқшауланған бөліктерді, камераларды, кабиналарды қолдану) оқшаулау;


5) тотықтырғыш және (немесе) жанғыш заттар ортасында қауіпсіз концентрациясын ұстап тұру;


6) қорғалатын көлемдегі жанғыш ортада тотықтырғыш концентрациясын азайту;


7) жалынның таралуы болмайтын ортаның температурасын және қысымын ұстап тұру;


8) жанғыш заттармен жұмыс істеуге байланысты технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру;


9) жеке үй-жайларда немесе ашық алаңқайда өрт қауіпті жабдықты орнату;


10) жанғыш заттарды үй-жай немесе құрылғы көлеміне шығуын болдырмайтын, үй-жайда жанғыш ортаның пайда болуын болдырмайтын өндірістік жабдықтарды қорғау құрылғысын қолдану;


11) үй-жай, технологиялық жабдық және коммуникациялардан өндірістің өрт қауіпті қалдықтарын, шаң, мамық шөгінділерін жою.


11. Жанғыш ортада жану көздерінің пайда болу жағдайларының алдын алу мынадай бір немесе бірнеше тәсілмен қол жеткізіледі:


1) жарылыс қауіпті және (немесе) өрт қауіпті аймақ класына, жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына сәйкес келетін электр жабдығын қолдану;


2) конструкцияда тұтану көздерінің пайда болуына алып келетін электр қондырғысы мен басқа да құрылғылардың қорғаныш ажыратудың жылдам әсер ететін құралдарын қолдану;


3) статикалық электрдің пайда болуын болдырмайтын технологиялық процестерді жүргізудің жабдықтары мен режимін қолдану;


4) ғимараттарды, үй-жайларды және жабдықты найзағайдан қорғауды орнату;


5) жанғыш ортамен байланыста болатын заттар, материалдар және беттердің қызуының қауіпсіз температурасын ұстап тұру;


6) жанғыш ортада ұшқын разрядының энергиясын қауіпсіз мәнге дейін шектеу тәсілдері мен құрылғысын қолдану;


7) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдармен жұмыс істеген кезде, ұшқын қауіпсіз аспапты қолдану;


8) заттар, материалдар және бұйымдардың жылу, химиялық және (немесе) микробиологиялық өздігінен жануы үшін жағдайларды жою;


9) пирофор заттардың ауамен байланысының алдын алу;


10) жалынның бір көлемнен аралас көлемге таралу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғыларды қолдану.

2-бөлім. Өртке қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар

12. Өрттің қауіпті факторының әсерінен қорғау және (немесе) оның салдарын шектеуге мынадай бір немесе бірнеше тәсілмен қол жеткізіледі:


1) көлемдік-жоспарлық шешімдерді және ошақтан тыс өрттің таралуын шектеуді қамтамасыз ететін құралдарды қолдану;


2) өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау талаптарын қанағаттандыратын эвакуациялық жолдарды құру;


3) өртті анықтау, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру мен эвакуациялауды басқару жүйесін құру (өрт сигнализациясы қондырғысы мен жүйесі);


4) өрттің қауіпті факторларының әсерінен адамдарды түтінге қарсы қорғау жүйесін (оның ішінде түтінге қарсы) және жеке қорғау құралдарын қолдану;


5) құрылыстардың талап етілетін отқа төзімділігі дәрежесіне және оның құрылыс өрт қауіпсіздігі класына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында құрылыс конструкциядарының беткі қабаттарының (әрлеу, қаптама және оттан қорғау құралдары) өрт қауіпсіздігін шектеумен негізгі құрылыс конструкциядарын қолдану;


6) құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектерін арттыру үшін оттан қорғау құрамдарын (оның ішінде антипирендерді және оттан қорғау бояуларын) және құрылыс материалдарын (қаптамаларды) қолдану;


7) өртке қауіпті сұйықтықтарды авариялық төгу және жанғыш газдарды аппаратурадан авариялық отау құрылғысы;


8) жарылысқа қарсы қорғау жүйелерінің технологиялық жабдығына орнату;


9) өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдану;


10) өрт сөндірудің автоматты және (немесе) автономды қондырғыларын қолдану.


13. Әрбір ғимарат пен құрылыстың өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін эвакуациялық жолдарын көлемдік-жоспарлық шешімі және конструктивтік орындалуы болуы тиіс.


14. Адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін:


1) эвакуация жолдары мен эвакуациялық шығуларының қажетті саны, өлшемдері және тиісті құрылыстық орындалуы белгіленуі;


2) эвакуация жолдары бойынша және эвакуациялық шығулар арқылы адамдардың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілуі;


3) адамдарды құлақтандыру және олардың эвакуация жолдары бойынша қозғалысты басқару (оның ішінде жарық көрсеткіштерін, дыбыстық және сөйлеу құлақтандыруларды пайдалана отырып) ұйымдастырылуы тиіс.


15. Биіктігі 50 метрден (бұдан әрі – м) асатын функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1,5 кіші сыныпты ғимараттар кемінде 2 сағат ішінде адамдарды қорғауға есептелген өрт қауіпсіз аймақтармен қамтамасыз етіледі.


Ғимараттардағы өрт қауіпсіз аймақтарды жобалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


16. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары (өзін-өзі құтқарғыштар) ғимараттың сыртына немесе өрт қауіпсіз аймаққа эвакуациялау үшін қажетті уақыт ішінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.


17. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен (өзін-өзі құтқарғыштармен) 28 м асатын биіктікте орналасқан, функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1.5 және Ф4.3 кіші сыныпты ғимараттардың үй-жайларындағы адамдар қамтамасыз етіледі.


Жеке қорғау құралдарының (өзін-өзі құтқарғыштардың) саны жобалық құжаттамада көзделген, өрттен қорғауға жататын адамдардың санына сәйкес келуі тиіс. Жеке қорғау құралдары техникалық құжаттаманың талаптарын ескере отырып, желдету ойықтары бар пломбыланған, арнайы бөлінген шкафтарға орналастырылады. Жеке қорғау құралдарын (өзін-өзі құтқарғыштарды) орналастыру орындары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес нұсқағыштармен белгіленуі тиіс.


18. Биіктігі 50 м асатын функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2 және Ф1.5 кіші сыныпты ғимараттарды жеке және ұжымдық құтқару құралдарымен қамтамасыз ету сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


19. Ғимаратты немесе құрылысты түтінге қарсы қорғау жүйесі эвакуациялау жолдарында және қауіпсіз аймақтарда қауіпті өрт факторлары әсерінен адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға қажетті уақыт ішінде немесе өрттің өршу барлық уақыты және жанатын және термиялық бөлшектенетін өнімдерді жою және (немесе) олардың таралуының алдын алу арқылы өртті сөндірудің барлық уақытында адамдарды қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.


20. Түтінге қарсы қорғау жүйесі мынадай қорғау тәсілдерінің біреуін немесе бірнешеуін көздеуі тиіс:


1) өрт кезінде түтіндеумен күресу үшін ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлық шешімдерін қолдану;


2) өрт кезінде түтіндеумен күресу үшін ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялық шешімдерін қолдану;


3) қорғалатын үй-жайларда, тамбур-шлюздерде және саты торларында ауаның артық қысымын жасау үшін ағынды түтінге қарсы желдетуді қолдану;


4) жану және термикалық бөлшектену өнімдерін жою үшін механикалық және табиғи сору түтінге қарсы желдету құрылғылары мен құралдарын қолдану.


21. Ғимараттар мен құрылыстарда ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігінің талап етілетін дәрежесіне және олардың конструктивтік өрт қауіптілігі сыныбына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен негізгі құрылыс конструкциялары қолданылуы тиіс.


22. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі және өрт қауіптілігі сыныбы олардың конструктивтік шешімдерінің, тиісті құрылыс материалдарын қолдану, сондай-ақ оттан қорғау құралдарын пайдалану есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.


23. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесіне байланысты таңдалатын құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігінің талап етілетін шектері осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесінде берілген.


24. Өрттің өрт ошағы шегінен тыс таралуын шектеу мынадай тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен қамтамасыз етілуі тиіс:


1) өртке қарсы бөгеттер салу;


2) өрт бөліктерін және секцияларын салу, сондай-ақ мен құрылыстардың қабаттарын шектеу;


3) өрт кезінде қондырғылар мен кәріздерді апаттық ажырату және қайта қосу құрылғыларын қолдану;


4) өрт кезінде сұйықтықтардың төгілуі мен ағуының алдын алатын немесе шектейтін құралдарды қолдану;


5) жабдықта отты бөгейтін құрылғыларды қолдану;


6) өрт сөндіру қондырғыларын қолдану.


25. Қалалар, елді мекендер және шаруашылық объектілері жолға шығатын өрт техникасы бар және жолға шығатын өрт техникасы жоқ өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен қорғалуы тиіс.


26. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары үй-жайда (ғимаратта):


1) өрттің қауіпті факторларының сыни мәндері туындағанға;


2) құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі шектері пайда болғанға;


3) қорғалатын мүлікке барынша жол берілетін нұқсан келтірілгенге;


4) технологиялық қондырғыларды бұзу қаупі туындағанға дейін өртті жоюды қамтамасыз етуі тиіс.


27. Ғимараттар мен құрылыстар өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін қызмет көрсетуші персоналдың өртті жою қажеттігі жағдайларына сүйеніп, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.


28. Ықтимал өрттерді жою үшін меншік нысанына қарамастан ұйымның аумағында, ғимараттары мен құрылыстарында, сондай-ақ елді мекендерде өртке қарсы сумен жабдықтау көздері болуы тиіс.


29. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері ретінде табиғи және жасанды су қоймаларын, сондай-ақ сыртқы су құбырын (оның ішінде ауыз су, шаруашылық-ауыз су, шаруашылық және өртке қарсы) пайдалануға жол беріледі.

3-бөлім. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешеніне қойылатын талаптар

30. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені мынадай іс-шараларды қамтуы тиіс:


1) жұртшылықты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тарту;


2) өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларына халықты оқытуды ұйымдастыру;


3) өрт қауіпсіздігі саласында насихат жүргізу;


4) өрт қауіпсіздігінің алғашқы шараларын қамтамасыз ету;


5) өрт кезінде адамдарды ғимараттан немесе құрылыстан эвакуациялау қауіпсіздігіне кепілдік беретін мәндерге дейін олардың ғимараттардың немесе құрылыстардың ішіндегі санын шектеу;


6) ғимараттарда немесе құрылыстарда өрт туындаған кезде және адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру кезінде әкімшіліктің, персоналдың және халықтың іс-қимылдары;


7) мемлекеттің және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді, қалаларда және елді мекендерде, сондай-ақ әртүрлі жекеменшік нысандарының объектілерінде ерікті өртке қарсы құралымдарды құру және олардың жұмысын ұйымдастыру.


31. Кенттер мен қалалар, сондай-ақ ауылдық елді мекендер аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелерін орналастыру кенттер мен қалалардағы шақыру жасаған орынға алғашқы өрт бөлімшесінің жету уақыты 10 минуттан аспауы, ал ауылдық елді мекендер үшін – 20 минуттан аспауы тиіс деген шартқа сүйеніп анықталады.


Қалалар мен елді мекендер үшін өрт деполары мен өрт сөндіру автомобильдерінің саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.


Ұйымдар мен объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысымен бекітілген Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.


Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті техникалық жарақтандыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 10303 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

2-параграф. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
1-бөлім. Қала құрылысы қызметіне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

32. Қалалық және ауылдық елді мекендер осы Техникалық регламентте белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуді ескеріп жобалануы тиіс.


Ғимараттарды, құрылыстарды және құрылымдарды жобалау, кеңейту, реконструкциялау, өндірістің технологиялық процесін өзгерту кезінде осы Техникалық регламенттің, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің, сондай-ақ стандарттау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі құжаттардың талаптары сақталуы тиіс.


33. Қалалық және ауылдық елді мекендердің шекараларына жарылыс-өрт қауіпті объектілерді орналастыру кезінде өрттің қауіпті факторларының көрші объектілерге, климаттық және географиялық ерекшеліктерге, жергілікті жер бедеріне, өзендердің ағу бағытына және желдің басым бағытына әсер ету мүмкіндігі ескерілуі қажет.


34. Сұйытылған табиғи газдардың, сондай-ақ сұйытылған көміртекті газдардың және тез тұтанатын сұйықтықтардың кешендері елді мекендердің тұрғын аймағынан тыс, тұрғын үй аудандарына қатысты желдің басым бағытының желдетілетін жағынан орналастырылуы тиіс.


35. Сұйытылған көміртекті газдардың және тез тұтанатын сұйықтықтардың қоймаларын орналастыру бойынша жер учаскелері елді мекендерге, кемежайларға, өзен вокзалдарына, гидроэлектр станцияларына, кеме жөндейтін және кеме құрылысы ұйымдарына, көпірлер мен құрылыстарға өзен ағысымен төмен, егер көрсетілген құрылыстардан бастап Техникалық регламенттерде үлкен қашықтықтар белгіленбесе, олардан бастап кемінде 300 м қашықтыққа орналастырылуы тиіс.


36. Сұйытылған көміртекті газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтар қоймаларының құрылыстары көрші елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумақтарының белгілерімен салыстырғанда өте жоғары деңгейлі жер учаскелеріне орналастырылуы тиіс.


Көрсетілген қоймаларды көршілес елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағы белгілерімен салыстырғанда өте жоғары деңгейлі жер учаскелеріне, олардан 300 м астам арақашықтыққа орналастыруға жол беріледі.


37. Елді мекендерден, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарынан 100 м-ден 300 м дейінгі аралықтағы арақашықтыққа орналасқан сұйытылған көміртекті газдар мен жылдам тұтанатын сұйықтықтар қоймаларына елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағына сұйықтықтардың ағуын болдырмайтын шаралар (оның ішінде екінші топырақ үйіп бекіту, авариялық ыдыстар, ағызу каналдары, траншеялар) көзделуі тиіс.


38. Қалалық және ауылдық елді мекендерді тұрғын, қоғамдық-іскерлік, өндірістік аймақтарға, инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймақтарына, ауыл шаруашылығын пайдалану аймақтарына, рекреациялық мақсаттағы аймақтарға, ерекше қорғалатын аумақтар аймақтарына, арнайы мақсаттағы, әскери объектілерді орналастыру аймақтарына және өзге де аумақтық аймақтар түрлеріне бөлу кезінде оларды жоспарлау бойынша өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс.


39. Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдары мынадай:


1) екі бойлық жақтан – функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 сыныпты биіктігі 28-ден бастап 75 метрге дейін қоса алғанда, функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1.5. Ф2.1, Ф2.2, Ф3, Ф4.2, Ф4.3 сыныпты биіктігі 18-ден 50 метрге дейін қоса алғанда ғимараттар мен құрылыстарға;


2) барлық тараптардан (шеңберлік өту жолдары):


функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.1, Ф4.1 сыныпты ғимараттар мен құрылыстарға;


функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1.5, Ф2.1, Ф2.2, Ф3, Ф4.2, Ф4.3 биіктігі 50 метрден астам ғимараттар мен құрылыстарға;


функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 биіктігі 75 метрден астам ғимараттар мен құрылыстарға;


бір-бірімен функционалдық байланысқан (қосылған) ғимараттар мен құрылыстардың кешеніне;


3) бір бойлық жақтан – функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 сыныпты биіктігі 28 метрге дейін, функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1.5. Ф2.1, Ф2.2, Ф3, Ф4.2, Ф4.3 сыныпты биіктігі 18 метрге дейін ғимараттар мен құрылыстарға келуді қамтамасыз етуі тиіс.


40. Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдарының ені кемінде 6 м болуы тиіс.


41. Шағын қабатты тұрғын үй құрылысының жоспарлау шешімі (3 қабатқа дейін қоса алғанда) өрт техникасының ғимараттар мен құрылыстарға 50 м аспайтын қашықтықта өтуін қамтамасыз етуі тиіс.


42. Өндірістік объектілердің ғимараттары мен құрылыстарына олардың тұтас ұзындығы бойымен өрт сөндіру автомобильдерінің:


1) бір жағынан – ғимараттардың, құрылыстардың ені 18 м артық болмаған жағдайда;


2) екі жағынан – ғимараттардың, құрылыстардың ені 18 м артық болған жағдайда, сондай-ақ аулалар тұйықталып және жартылай тұйықталып салынған жағдайда, өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.


43. Құрылысының ауданы 10 мың м
2 астам немесе ені 100 м астам өндірістік объектілердің ғимараттарына өрт техникасының өтуі барлық жағынан қамтамасыз етілуі тиіс.

44. Өрт техникасының жүріп өтуін қамтамасыз ететін өту бөлігінің немесе жоспарланған үстіңгі бетінің шетінен өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларына дейінгі арақашықтық биіктігі 12 м дейінгі ғимараттардың қабырғаларына дейінгі арақашықтық 25 м артық болмауы тиіс, 12 м-ден 28 м дейінгі ғимараттар үшін – 8 м артық болмауы, биіктігі 28 м артық ғимараттар үшін – 10 м артық болмауы тиіс.


Автомобиль жолының өту бөлігінің шетінен өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың жақын қабырғаларына дейінгі қашықтықты өрт техникасының бұрылуына арналған алаңдары бар және осы алаңдарда өрт гидранттары орнатылған ғимараттар мен құрылыстарға тұйық жолдар салынған жағдайда, 60 м дейін ұлғайтуға жол беріледі. Бұл ретте өндірістік ғимараттар мен құрылыстардан бастап өрт техникасының бұрылуына арналған алаңдарға дейінгі қашықтық кемінде 5 м және 15 м аспауы, ал тұйық жолдардың арасындағы қашықтық 100 м аспауы тиіс.


45. Өту жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын орналастыру кезінде осы Техникалық регламенттің 39-тармағына сәйкес өту жолы жағынан өрт техникасының тұрғын және қоғамдық, оның ішінде жапсарлас-іргелес үй-жайлары бар ғимараттарға өту мүмкіндігі және өрт сөндірушілердің автосатылар мен автокөтергіштерден кез келген пәтерге немесе үй-жайға қол жеткізуі қамтамасыз етілуі қажет.


Өту жолының жиегінен бастап ғимараттың қабырғасына дейінгі қашықтықты 10-нан бастап 28 м дейін қоса алғандағы ғимараттар үшін 5-8 м және 28 м астам ғимараттар үшін 8-10 м етіп қабылдануы тиіс. Бұл аймақта ғимараттар мен құрылыстарды салуға, қоршаулар, электр бергіштің әуе желілерін орналастыруға және ағаштарды қатарлап отырғызуды жүзеге асыруға жол берілмейді. Көрсетілген қашықтықтар тұтас сыртқы қабырғалары бар қасбеттердегі ғимараттардың учаскелері үшін регламенттелмейді.


Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың 1, 2 және 3-қабаттарында жапсарлас және жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайлар немесе стилобаттар орнатылған жағдайда, жапсарлас салынған бөліктің ені (ғимараттың биік бөлігінің қабырғаларынан есептегенде) жердің жоспарлау белгісінен парапеттің жоғарғы жағына дейінгі 12 м аспайтын биіктікте 8 м аспауы тиіс. Бұл ретте, өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдарының ішкі шетінен жапсарлас бөліктің қабырғаларына дейінгі қашықтық кемінде 5 м болуы тиіс. Шығыңқы стилобаттар мен көп қабатты ғимараттарға жапсарлас-жанастыра салынған ғимараттардың шатырына кіру мүмкіндігі болған кезде Техникалық регламенттің 45 және 47-тармақтары орындалған жағдайда, олардың габариттері регламенттелмейді.


46. Өрт техникасына арналған өтпе жолдардың жол төсемінің конструкциясы өрт сөндіру автомобильдерінің түсіретін жүктемесіне есептелуі тиіс.


47. Тұрғын және көп салалы биік ғимараттардың стилобаты шатырын өрт техникасының өтуі үшін пайдалану кезінде стилобаттың конструкциялары өрт сөндіру автомобильдерінен оське кемінде 16 тонна жүктемеге есептелуі тиіс.


48. Өтпе жолдар, галереялар сияқты немесе ғимараттар (аркалар) арқылы тік өтетін жолдар биіктігі кемінде 4,5 м және саңылаудағы ені кемінде 3,5 м етіп орындалуы тиіс.


Ғимарат арқылы тік өтетін жолдарды ғимараттың ішкі контуры (периметрі) арқылы әрбір 300 м сайын орнату қажет.


49. Егер өрт сөндіру гидранттары бар сыртқы су құбыры желісі қасбеттердің бірінің тарабынан салынған болса, тұрғын үйлердің саты торлары (вестибюльдері) арқылы тік өтетін жолдарды бір-бірінен 100 м аспайтын арақашықтықта қарастыру қажет.


50. Тұйық жолдар өрт техникасы бұрылуы үшін өлшемі кемінде 15х15 м алаңдармен аяқталуы тиіс. Тұйық жолдың барынша ұзындығы 150 м аспауы тиіс.


51. Бау-бақша серіктестіктері мен саяжай кооперативтерінің аумағында барлық учаскелер мен жалпы қолданыстағы объектілерге өрт техникасының өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.


52. Қалалық және ауылдық елді мекендерінің аумағында сыртқы және (немесе) ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау көздері болуы тиіс.


Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне мыналар жатады:


1) өрт сөндіру гидранттары бар сыртқы су құбыры желілері;


2) табиғи және жасанды су көздері.


53. Өртке қарсы су құбыры қалалық және елді мекендерде, сондай-ақ өндірістік объектілерде көзделуі тиіс.


Шаруашылық-ауызсу немесе өндірістік су құбыры бар өртке қарсы су құбырын біріктіруге жол беріледі.


54. Резервуарлардан және (немесе) су қоймаларынан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды:


1) тұрғындарының саны 5 000 адамға дейінгі елді мекендер үшін;


2) сақиналы өртке қарсы су құбыры жоқ елді мекендерде орналасқан, көлемі 1 000 м
3 дейінгі жеке тұрған қоғамдық ғимараттар;

3) сыртқы өрт сөндіруге секундына 10 л су жұмсаған жағдайда өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша В1-В4, Г және Д санатты өндірістері бар өндірістік ғимараттар;


4) көлемі 1 000 м
3 дейінгі ірі жем қоймалары;

5) ғимараттарының көлемі 5 000 м
3 дейінгі ірі жем қоймалары;

6) радио-телевизиялық жеткізу станцияларының ғимараттары;


7) көкөністер мен жемістерге арналған тоңазытқыштар мен қоймалар ғимараттары үшін қарастыруға жол беріледі.


55. Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды мыналар үшін қарастырмауға болады:


1) биіктігі екі қабатқа дейін ғимараттарды салу кезінде 50 адамға дейін тұрғындар саны бар елді мекендер;


2) ғимараттарының көлемі 1 мың м
3 жеке тұрған, елді мекендерден тыс орналасқан қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және ауданы 150 м2 дейінгі сауда кәсіпорындары, сондай-ақ елді мекендерге орналасқан көлемі 250 м3 отқа төзімділік дәрежелері I және II қоғамдық ғимараттар;

3) өрт жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша Д санатты өндірістері бар көлемі 1 мың м
3 дейінгі I және II дәрежелі отқа төзімді өндірістік ғимараттар (көлемі 250 м3 дейінгі металл қорғалмаған немесе ағаш арқаулық конструкцияы бар, сондай-ақ полимер жылытқышы бар ғимараттардан басқа);

4) ғимараттардың көлемі 1 000 м
3 болған жағдайда ауылшаруашылығы өнімдерінің маусымдық әмбебап қабылдау-дайындау пункттері;

5) ауданы 50 м
2 дейін жанатын орауышқа салынған жанатын материалдар және жанбайтын материалдар қоймаларының ғимараттары үшін.

56. Бір мезгілдегі өрттердің есептік саны және елді мекенде сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын су құбыры желісінің магистралдық және сақиналы тораптарынан суының шығысы осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның кестесінде берілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.


57. Аймақтық сумен жабдықтау кезінде сыртқы өрт сөндіруге кететін су шығысы және әрбір аймақтағы бір мезгілдегі өрттер саны аймақта тұрып жатқан тұрғындар санына байланысты қабылдануы тиіс.


58. Топтық су құбыры үшін бір мезгілдегі өрттердің саны елді мекендердегі тұрғындардың жалпы санына байланысты қабылданады.


59. Топтық су құбыры бойынша өрт көлемін қалпына келтіруге кететін су шығысы мынадай жағдайларда өрт сөндіруге жұмсалатын ең үлкен шығысты талап ететін елді мекендер үшін (бір мезгілдегі өрттер санына сәйкес) су шығысының сомасы ретінде анықталады:


1) өртті сөндіру ұзақтығы 3 сағаттан кем емес, ал өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша Г және Д санатты үй-жайлары бар I және II дәрежелі отқа төзімді ғимараттар үшін 2 сағаттан кем емес уақыт болып қабылдануға тиіс;


2) тұрғындар саны 1000 адамға дейінгі ауылдық елді мекендерге өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша Г және Д санатты үй-жайлары бар отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі ғимараттар үшін, қабатының саны екеуге дейінгі және көлемі 1000 м
3 дейінгі тұрғын ғимараттар үшін өрт сөндіру ұзақтығы кемінде 1 сағ. болып қабылдануы тиіс;

3) судың өрт сөндіру көлемін қалпына келтірудің ең ұзақ мерзімі:


өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша А, Б, В1 - В4 санатты үй-жайлары бар елді мекендер мен өндірістік объектілер үшін – 24 сағаттан;


өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша Г және Д санатты үй-жайлары бар өндірістік объектілер үшін – 36 сағаттан;


ауылдық елді мекендер мен ауылшаруашылығы кәсіпорындары үшін – 72 сағаттан аспауы тиіс.


60. Елді мекенде сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығысы осы Техникалық регламентке 4-қосымшаның кестесінде берілген тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын су құбыры желісінің қосу және тарату тораптарынан суы шығысынан кем болмауы тиіс.


61. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын су құбыры желісінің қосу және тарату тораптарынан суы шығысы осы Техникалық регламентке 4-қосымшаға сәйкес қабылдануы тиiс.


62. Өртке қарсы қабырғалармен бөліктерге бөлінген ғимараттардағы өртті сыртқы сөндіруге жұмсалатын су шығысы судың көп шығысы талап етілетін ғимарат бөлігі бойынша қабылдануы тиіс.


63. Өртке қарсы қоршаулармен бөлінген ғимараттардағы өртті сыртқы сөндіруге жұмсалатын су шығысы ғимараттың жалпы көлемі және өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша аса қауіпті санаты бойынша анықталуы тиіс.


64. Арқалық болат конструкциялары және жанатын немесе полимер жылытқышты болат пішінделген немесе асбест-цемент табақтардан жасалған қоршау конструкциялары бар биіктігі 18 м артық емес бір және екі қабатты өндірістік ғимараттардағы және бір қабатты қоймалық ғимараттардағы сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын су шығысы осы Техникалық регламентке 5-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде көрсетілген нормативтерден 10 л/с-қа артық қабылдануы тиіс.


65. Кәсіпорында екі есептік өрт кезінде өрт сөндіруге жұмсалатын есептік су шығысы аса көп су шығысын талап ететін екі ғимарат бойынша қабылдануы тиіс.


66. Жеке тұрған көмекші ғимараттардың өртті сыртқы сөндіруге жұмсалатын су шығысын мәндері осы Техникалық регламентке 4-қосымшаның кестесіне сәйкес қоғамдық ғимараттарға, ал өндірістік ғимараттарға қосып салынған объектілер үшін осы Техникалық регламентке 5-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес, ал өндірістік ғимараттарға жапсарлас салынған объектілер үшін – ғимараттың жалпы көлемі бойынша қабылдау қажет.


67. Жабық және ашық ағаш материалдары қоймаларын өртке қарсы сумен жабдықтау МҚН 2.02-02-2004 "Ағаш материалдары қоймалары. Өртке қарсы нормалар" талаптарға сәйкес көзделеді.


68. Егер осы Техникалық регламентке 5-қосымшаның 1 және 2-кестелері бойынша көп су шығысы талап етілмесе, ғимараттардың көлемі мен елді мекендерде тұратын адамдардың санына қарамастан радио-телевизиялық беру станциялары ғимараттарының өртті сыртқы сөндіруге жұмсалатын су шығысын 15 л/с кем емес етіп қабылдау керек. Көрсетілген талаптар қолданыстағы және жобаланатын байланыс объектілеріне орнатылатын радио-телевизиялық ретрансляторларға таратылмайды.


69. Ағаш конструкциялы II дәрежелі отқа төзімді ғимараттар үшін сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығысы осы Техникалық регламентке 5-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде көрсетілгеннен 5 л/с артық қабылдануы тиіс.


70. 30 тоннаға дейін жүк көтеретін контейнерлерді сақтайтын ашық алаңдардардағы өртті сыртқы сөндіруге жұмсалатын су шығысы контейнерлер санына қарай қабылдануы тиіс:


1) кемінде 15 л/с - 30-дан 50-ге дейін контейнер;


2) кемінде 20 л/с - 50-ден артық 100-ге дейін контейнер;


3) кемінде 25 л/с - 100-ден артық 300-ге дейін контейнер;


4) кемінде 40 л/с - 300-ден артық 1000-ға дейін контейнер;


5) кемінде 60 л/с - 1000-нан артық 1500-ге дейін контейнер;


6) кемінде 80 л/с - 1500-ден артық 2000-ға дейін контейнер;


7) кемінде 100 л/с – 2000-нан астам контейнер.


71. Өндірістік объектілердегі бір мезгілдегі өрттердің есептік саны жобалау нормаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, олар алатын ауданға байланысты қабылдануы тиіс: ауданы 150 га дейін болған жағдайда бір өрт, ауданы 150 га артық болған жағдайда екі өрт.


72. Елді мекен және өнеркәсіптік немесе елді мекен пунктінен тыс орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорнының өртке қарсы біріккен су құбыры кезінде мыналар бір мезгілдегі өрттің есептік саны болып қабылдануы тиіс:


1) елді мекендегі тұрғындар саны 10 000 адамға дейін болған кезде 150 га дейін кәсіпорын аумағының ауданы кезінде – бір өрт (кәсіпорында немесе елді мекенде судың ең үлкен шығысы бойынша);


2) сол сияқты, елді мекенде 10 000 адамнан бастап 25 000 адамға дейін тұрғындар болған кезде – екі өрт (бірі – кәсіпорында және бірі – елді мекенде);


3) кәсіпорын аумағы ауданы 150 га жоғары және елді мекендегі адамдар саны 25 000 дейін болғанда – екі өрт (ең үлкен шығыс бойынша кәсіпорында екі немесе елді мекенде екі);


4) елді мекенде 25 000 артық адам болған кезде бір мезгілдегі өрттердің есептік саны және елді мекенде сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын су құбыры желісінің магистральдық және сақиналы тораптарынан суының шығысы осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның кестесі бойынша қабылданады, сонымен қатар су шығысы тұтынылатын үлкен шығыс сомасы (кәсіпорында немесе елді мекенде) және ең кіші шығыстың 50 % (кәсіпорында немесе елді мекенде) ретінде анықталуға тиіс;


73. Жер бетінен ғимаратқа кіруде ең көп шаруашылық-ауыз суын тұтынған кезде елді мекеннің су құбыры желісінде ең аз бос арыны 10 м кем емес бір қабатты құрылыс кезінде қабылдануы тиіс, үлкен қабаттар кезінде әрбір қабатқа 4 м қосылуы керек.


74. Су аз тұтынылған уақытта бірінші қабаттан басқа әрбір қабатқа арынды 3 м тең қабылдауға рұқсат етіледі, сонымен қатар сақтау үшін сыйымдылыққа су беру қамтамасыз етіледі.


75. Су үлестіру колонкалары желісінде бос арын кемінде 10 м болуы тиіс.


76. Төмен қысымды өртке қарсы су құбырын пайдаланылуы тиіс, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде регламенттелетін елді мекендер аумақтары мен объектілері үшін жоғары қысымды өртке қарсы су құбырын тиісті негіздемесі болған кезде ғана қабылдауға болады.


Жоғары қысымды су құбырында стационарлық өрт сорғысы өрт пайда болғаны туралы сигнал берілгеннен кейін 5 минуттан кейін кешіктірмей сорғыны іске қосуды қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталуғы тиіс.


77. Өрт сөндірген кезде төмен қысымды өртке қарсы су құбыры желісіндегі ең төменгі бос арын (жер беті деңгейінде) кемінде 10 м болуы тиіс.


78. Жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры желісінде минималды бос арын өрт сөндіруге судың толық шығысы кезінде және өрт бағаны ең жоғарғы ғимараттың жоғарғы нүктесі деңгейінде орналасқан кезде 20 м кем болмайтын шағын ағын биіктігін қамтамасыз етуі тиіс.


79. Біріккен су құбыры желісінде ең көп бос арыны 60 м аспауы тиіс.


80. Су құбыры желісі сақиналы болуы тиіс. Су құбырларының тұйық желілері желінің ұзындығы 200 м аспаған кезде өрт сөндіруге жұмсалатын су шығысына қарамастан, өртке қарсы немесе шаруашылық-өртке қарсы қажеттіліктерге су беру үшін қолданылады.


Сыртқы су құбыры желілерін ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбыры желілерімен сақиналауға жол берілмейді.


81. 5 000 адамға дейін тұрғыны бар және өртті сыртқы сөндіру үшін 10 л/с су шығысы бар елді мекендерде немесе ішкі өрт краны 12 бірлікке дейінгі ғимаратта өртке қарсы резервуар құрылғысы немесе су қоймасы, су арынды мұнара немесе тұйық соңында бақылау резервуары бар болғанда ұзындығы 200 м артық тұйық желіге рұқсат етіледі.


82. Өрт сыртқы сөндіру үшін судың 20 л/с және одан кем шығысы бар өндірістік объектілер үшін өрт сөндіру мақсаты үшін өртке қарсы резервуарда су қорын қалпына келтіру уақытын ұлғайтуға рұқсат етіледі:


1) 48 сағ. дейін – өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша Г және Д санатты үй-жай үшін;


2) 36 сағ. дейін – өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша В1-В4 санатты үй-жай үшін.


83. Қызыл желі 60 м шегінде және одан көп көшелердің ені кезінде су құбыры желісін көшенің екі жағынан төсеу қарастырылады.


84. Өрт гидрантын өтетін бөліктің шетінен бастап 2,5 м артық емес, бірақ ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларынан кемінде 5 м аралықта автомобиль жолы бойымен орнату қажет.


Өрт гидрантын өтетін бөлікте орналастыруға рұқсат етіледі, бұл ретте біріккен шаруашылық-ауыз су құбыры желісінен тармақтануда өрт гидрантын орнатуға жол берілмейді.


85. Су құбыры желісінде өрт гидрантын орналастыру өртті сыртқы сөндіруге 15 л/с және одан көп су шығысы кезінде екі өрт гидрантынан кем емес және 15 л/с кем су шығысы кезінде бір гидрант осы желі қызмет көрсететін кез келген ғимарат, құрылыс немесе оның бөліктерінде өрт сөндіруді қамтамасыз етуі тиіс.


86. Су құбыры желісінде өрт гидранты арасындағы 200 м аспайтын аралық қабылдануы және жобалау ұйымы өрт сөндіруге судың жиынтық шығысын және орнатылатын өрт гидранты типінің өткізу қабілетін ескеретін есептеу арқылы негізделуі тиіс.


87. Өрт сөндіру мақсатына арналған резервуарлардағы таза судың пайдаланылмаған су қоры өрт сөндіру үшін қажетті су мөлшерін сумен қамтамасыз ету көзінен тікелей алу техникалық мүмкін болмаған немесе экономикалық жағынан орынсыз болған жағдайда қарастырылуы тиіс.


Таза су резервуарындағы өрт сөндіруге арналған судың пайдаланылмаған қоры:


1) сыртқы гидранттан және ішкі өрт кранынан өрт сөндіруді;


2) өрт сөндірудің автоматты су және көбік қондырғысын;


3) өрт сөндірудің барлық кезеңінде ең көп шаруашылық-ауыз су және өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз етуден қабылдануы тиіс.


Резервуарлардағы судың өрт көлемін анықтаған кезде егер оған су келу I және II санаттағы сумен жабдықтау жүйесінен жүзеге асырылса, өрт сөндіру кезінде толтыруды есепке алуға жол беріледі.


88. Су арыны мұнарасының бағындағы өрт сөндіруге арналған судың пайдаланылмаған қоры басқа қажеттіліктер үшін бір мезгілдегі судың үлкен шығысы кезінде бір сыртқы және бір ішкі өртті сөндірудің он минуттық ұзақтығына есептелуі керек.


89. Өрт сөндіру резервуарларының немесе су қоймасының саны кемінде екеу болуы керек, бұл ретте оның әрқайсысында өрт сөндіру үшін судың кемінде 50 % көлемі сақталуы керек.


90. Өрт сөндіру резервуарлары немесе су қоймалары мыналар болған кезде:


1) өрт автомобилі, 200 м аспайтын қашықтықта;


2) өрт мотопомпасы, 100 м аспайтын қашықтықтағы радиуста тұрған ғимараттарға қызмет көрсеткен жағдайда орналасуы тиіс.


Қызмет көрсету радиусын ұлғайту үшін 200 м аспайтын ұзындығы бар тұйық құбыржол су қоймасы немесе резервуарсынан бастап төсеуге рұқсат етіледі.


Егер өрт сөндіру резервуарынан немесе су қоймасынан суды өрт автомобилі немесе мотопомпамен тікелей жинау қиындық тудырса, көлемі 3 м
3 бастап 5 м3 дейінгі қабылдау құдықтары қарастырылады. Резервуарды немесе су қоймасын қабылдау құдығымен қосатын құбырдың диаметрі өртті сыртқы сөндіруге жұмсалатын судың есептік шығысын өткізу жағдайына қарай, алайда кемінде 200 миллиметр (бұдан әрі – мм) етіп қабылданады. Қабылдау құдығы алдында қосатын құбыржолға ысырмасы бар құдық орнатылады, оның штурвалы люк қақпағы астына шығарылуы керек.

91. Резервуардан немесе су қоймасынан су жинау нүктесінен бастап отқа төзімділігі III, ІІІа, ІІІб, IV, IVа және V дәрежелі ғимараттарға және жанғыш материалдардың ашық қоймасына дейінгі аралық кемінде 30 м болуы, отқа төзімділігі I және II дәрежелі ғимаратқа дейін – кемінде 10 м болуы тиіс.

2-бөлім. Қалалық және ауылдық елді мекендердің аумағында ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтыққа қойылатын талаптар

92. Отқа төзімділік деңгейіне қарай тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрмыстық ғимараттары арасындағы өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 6-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес қабылдануы тиіс.


93. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстары арасындағы отқа төзімділік деңгейіне және жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс санаттарына байланысты өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 6-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес қабылдануы тиіс.


94. Отқа төзімділік деңгейіне қарай ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстары арасында өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 6-қосымшаның 3 және 4-кестесіне сәйкес қабылдануы тиіс.


95. Ғимараттар және құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтық болып ғимараттың сыртқы қабырғасы немесе басқа конструкциясы арасындағы аралық анықталады. Жанбайтын материалдан жасалған ғимараттар мен құрылыстар конструкциясының 1 м артық шығыңқылығы бар болса, осы конструкциялар арасындағы қашықтық қабылданады.


96. Терезе ойығы жоқ ғимараттар, имараттар және құрылыс арасындағы өртке қарсы қашықтықты оттөзімділіктің III, IIIа, IIIб, IV, ІVа және V деңгейлі ғимараттарды қоспағанда, 20 % кішірейтуге рұқсат етіледі.


97. Сейсмикалығы 9 балл және одан жоғары аудандарда тұрғын ғимараттар, сондай-ақ отқа төзімділіктің IV, ІVа және V деңгейлі тұрғын және қоғамдық ғимараттары арасындағы өртке қарсы қашықтықты 20 % арттыру қажет.


98. Отқа төзімділіктің V деңгейлі каркас және қаңқалы конструкциялы екі қабатты ғимарат, сондай-ақ жанғыш материалдан жасалған төбесі бар ғимараттар үшін өртке қарсы қашықтықты 20 % арттыру қажет.


99. Өрт техникасы үшін қажетті өту жолдары мен кіреберістерді қамтамасыз еткен жағдайда, оттөзімділіктің I және II деңгейлі тұрғын және қоғамдық ғимараттары арасындағы өртке қарсы қашықтықтар нормаланбайды, бұл ретте көршілес объектіге қарсы орналасқан, барынша биік немесе кең ғимараттың, құрылыстың қабырғасы 1 типті өртке қарсы болып табылады.


100. Бір пәтерлі, екі пәтерлі тұрғын үйлерді және шаруашылық құрылыстарды (сарай, гараж, монша) жапсарлас үй жанындағы жер учаскелерінде, олардың арасындағы құрылыс салынбаған алаңды қоса алғанда, тұрғын ғимараттарға арналған талаптарға сәйкес өртке қарсы қабырғаларсыз отқа төзімділік дәрежесіндегі бір ғимараттың (қабаттың) рұқсат етілген ең үлкен ауданына тең құрылыстың жиынтық алаңы кезінде бұғаттауға жол беріледі. Үйлер топтарының шеткі тұрғын үйлері арасындағы қашықтық осы Техникалық регламентке 6-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес айқындалады.


101. Тұрғын үй және шаруашылық құрылысы арасындағы, сондай-ақ үй маңындағы бір учаске шегінде шаруашылық құрылысы арасындағы өртке қарсы қашықтық нормаланбайды.


102. Отқа төзімділігі I және II деңгейлі Ф1, Ф2, Ф3, Ф4 өрт қауіптілігінің функционалдық сыныбының тұрғын, қоғамдық және әкімшілік (тұрмыстық) ғимараттарынан ең аз өртке қарсы қашықтығы:


1) Ф5 сыныпты өндірістік және қоймалық ғимараттардан, сондай-ақ оттөзімділіктің I және II деңгейлі гараждарына дейін кемінде 9 м;


2) Ф5 функционалдық өрт қауіптілігі сыныпты және С2, С3 конструкциялық өрт қауіптілігі сыныпты ғимараттарға дейін – кемінде 15 м;


3) отқа төзімділігі III, IIIа, IIIб деңгейлі ғимараттарға дейін – кемінде 12 м;


4) отқа төзімділігі IV, IVа және V деңгейлі ғимараттарға дейін – кемінде 15 м.


103. Ф1, Ф2, Ф3, Ф4 IV, IVа функционалдық өрт қауіптілігі сыныпты және отқа төзімділіктің V деңгейлі тұрғын, қоғамдық және әкімшілік (тұрмыстық) ғимараттардан бастап Ф5 функционалдық өрт қауіптілігі сыныбының өндірістік және қойма ғимараттарына, сондай-ақ отқа төзімділіктің сондай деңгейі бар гаражға дейінгі қашықтық кемінде 18 м болып қабылданады. Отқа төзімділігі III, IIIа және IIIб деңгейлі аталған ғимараттары үшін олардың арасындағы қашықтық кемінде 12 м болып қабылданады.


104. Функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.1, Ф4.1, сондай-ақ А және Б санаттарындағы Ф5 кіші класындағы ғимараттардан басқа, отқа төзімділігі I, ІІ, III, IIIа, IIIб дәрежелі ғимараттардың отқа төзімділік шегі кемінде RЕІ 150 болатын тұйық бүйір қабырғалары және көп қабатты жабық гараж-тұрақтар (оның ішінде автомобильдер баяу жүретін) арасындағы өртке қарсы қашықтық нормаланбайды.


105. Қалалық мекендер құрылысы шекарасынан бастап орман алқабына дейiнгi өртке қарсы қашықтық 100 м кем болмауы тиiс.


106. Қалалық мекендерде үй маңындағы учаскесi бар бiр-екi қабатты жеке құрылысы бар аудандар үшiн үй маңындағы учаске шекарасынан бастап орман алқабына дейiнгi қашықтық 50 м кем болмауы керек.


107. Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары аумағындағы ғимараттар мен құрылыстардан көрші объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 7-қосымшаның (бұдан әрі – 7-қосымша) 1-кестесі бойынша қабылданады.


Осы Техникалық регламентке 7-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген қашықтықтар:


1) ғимарат және құрылыстың сыртқы қабырғасы және конструкциясы арасындағы қашықтық ретінде ғимарат және құрылыстар арасындағы;


2) құю-төгу құрылғысынан бастап - құю-төгу эстакадасы бар теміржол осінен бастап;


3) автомобиль цистернасының құю-төгу құрылмасы үшін, сорғы, ыдыстар үшін алаңдардан (ашық және қалқа асты) бастап – осы алаңдар шекарасынан бастап;


4) технологиялық эстакададан және құбырдан бастап – шеткі құбырдан бастап;


5) алау қондырғысынан бастап – алау оқпанынан бастап анықталады.


108. Резервуарлық парктерден 200 м дейінгі қашықтықта орналасқан жалпы желідегі теміржол жолдары, көршілес елді мекендер және кәсіпорындар аумағы белгісін салыстыру бойынша жоғары белгілері бар алаңдарда мұнай және мұнай өнімдерінің резервуарлық паркті орналастырылған кезде, сондай-ақ су кемерінен 200 м және одан кіші (максималды деңгейде) қашықтықта өзен жағасында мұнай және мұнай өнімдері қоймасын орналастырған кезде резервуарның апаты кезінде мұнай және мұнай өнімдерінің елді мекен немесе кәсіпорын аумағына, жалпы желідегі теміржол жолына немесе су қоймасына төгілу ықтималдығын болдырмайтын қосымша шаралар қарастырылуы тиіс.


Мұнай және мұнай өнімдері қоймасы аумағы биіктігі кемінде 2 м жанбайтын материалдан жасалған үрленетін қоршаумен қоршалуы керек.


109. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардан бастап тұрғын және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсететін қазандық, дизельдік электр станцияларының және басқа да энергетикалық объектілердің құрамында көзделетін, жалпы сыйымдылығы 2 000 м
3дейін жанғыш сұйықтықтар қоймаларына дейінгі дейінгі өртке қарсы қашықтық осы Техникалық регламентке 7-қосымшаның 2-кестесінде белгіленгеннен кем болмайтындай етіп қабылдануы тиіс.

110. Елді мекен аумағында автоқұю станциясын орналастырған кезде өртке қарсы қашықтық авариялық резервуар және отын сақтауға арналған қабырғадан, отын және (немесе) оның буы айналатын жер үсті жабдығынан бастап, отын сақтауға арналған резервуар және авариялық резервуардың тыныс алу арқауынан, отын-үлестіру колонкасы тұрқы және сұйылтылған көмірсутекті газдар немесе сұйылтылған табиғи газ, автоцистерна және технологиялық құдыққа арналған алаңдар шекарасынан, тазарту құрылысының технологиялық жабдық қабырғасынан бастап және автоқұю станциясы ғимаратының сыртқы қабырғасы және конструкциясынан бастап:


1) мектепке дейінгі балаларға жалпы білім беретін мекемелер, жалпы білім беретін мекеме, интернат типті жалпы білім беретін мекеме, стационарлық типті емдеу мекемелері, бір пәтерлі тұрғын ғимарат жер учаскесінің шекарасына;


2) басқа мақсаттағы тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қабырғаларына дейін.


111. Автоқұю станциясынан автоқұю станциясының кешеніне жатпайтын ғимараттарға, құрылыстар мен өзге объектілерге дейінгі ең жақын қашықтықтар станция типіне байланысты болады және осы Техникалық регламентке 8-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес анықталады.


112. Жер үсті резервуары бар автоқұю станциясының ғимараттары және құрылыстары арасындағы ең қысқа өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 8-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес қабылданады.


113. Жер үсті резервуары бар автоқұю станциясы аумағында орналасқан ғимараттар және құрылыс арасындағы ең қысқа өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 8-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес қабылданады.


Автомобильдерге газ құю станцияларын жобалау және салу кезінде ең төменгі өртке қарсы қашықтықтар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылданады.


114. Көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету орындарынан (жер үсті және жер үсті-жер асты гараждар, жеңіл автомобильді тұрақты және уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтар және техникалық қызмет көрсету станциясынан) бастап тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ елді мекендердің тұрғын, қоғамдық-іскерлік және рекреациялық мақсаттағы аймақтарда орналасқан мектепке дейінгі балаларға жалпы білім беретін мекемелер, жалпы білім беретін мекеме, интернат типті жалпы білім беретін мекеме, стационарлық типті емдеу мекемелеріне дейін өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның кестесінде келтірілгеннен кем қабылданбауы керек.


115. Өртке қарсы қашықтықты тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, құрылысдар және құрылыстан бастап және мектепке дейінгі балаларға жалпы білім беретін мекемелер, жалпы білім беретін мекеме және стационарлық типті емдеу мекемесінен бастап гараж қабырғасы немесе ашық тұрақ шекарасына дейін анықтау қажет.


116. Осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның кестесінде келтірілген отқа төзімділігі I-II дәрежелі гараждар үшін қашықтықты гаражда ашылатын терезе, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттар жағына бағдарланған кірулер болмаған кезде 25 % азайтуға рұқсат етіледі.


117. Сұйылтылған табиғи газ резервуарынан бастап көршілес объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 1-кестесі бойынша қолданылуы тиіс.


118. Қысымы осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген мәндерден ерекшеленетін резервуарлардан бастап көршілес объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.


119. Қойма аумағында орналасатын сұйылтылған көмірсутекті газдардың резервуарларынан бастап қойма құрамына кіретін, сондай-ақ оның аумағынан тыс орналасқан басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.


120. Тауарлық-шикізат базасының құрамына кіретін сұйылтылған көмірсутекті газдар қоймалары резервуарларынан бастап басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.


121. Газ құбыры, мұнай құбыры және мұнай өнімдері құбырының жер асты және жер үсті (төгіндіде) осінен бастап елді мекендер және жеке тұрған өндірістік объектілер, елді мекендер аумағындағы ғимараттар мен құрылысдарға дейінгі өртке қарсы қашықтық осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген мәндерден кем болмайтындай етіп қабылдануы тиіс.


122. Шеткі резервуардан бастап жалпы сыйымдылығы 50 м
3 сұйылтылған көмірсутекті газдың резервуарлық қондырғысынан бастап елді мекен ғимараттары мен құрылыстарына және оның коммуникацияларына дейінгі қашықтықтар осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.

123. Жалпы сыйымдылығы 50 м
3 артық сұйылтылған көмірсутекті газдың резервуарлық қондырғысынан бастап қашықтықтар осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.

124. Бірлік сыйымдылығы 50 м
3 бойынша сұйылтылған көмірсутекті газдың екі резервуарын орнатқан кезде газ толтыру кіші станциясына жатпайтын ғимараттарға (тұрғын, қоғамдық, өндірістік) дейінгі қашықтықты:

1) жер үсті резервуарлары үшін – 100 м дейін;


2) жер асты резервуарлары үшін – 50 м дейін азайтуға рұқсат етіледі.


125. Сұйылтылған көмірсутекті газдардың жер үсті резервуарсынан бастап бір мезгілде 800-ден артық адам болуы мүмкін (стадион, базар, парк, тұрғын үй) орындарға дейінгі, сондай-ақ мектеп, мектепке дейінгі және емдеу-сауықтыру мекемелеріне дейінгі қашықтық орын санына қарамай, осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндермен салыстырғанда 2 есе арттыруға рұқсат етіледі.

3-параграф. Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезіндегі жалпы өрт қауіпсіздігі талаптары
1-бөлім. Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, реконструкциялау және функционалдық мақсатын өзгерту кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

126. Ғимаратқа, құрылысқа, құрылыс конструкцияларына, инженерлік жабдыққа және құрылыс материалдарына арналған жобалық құжаттамада осы Техникалық регламентте көзделген өрт-техникалық сипатамалар қамтылуы тиіс.


127. Ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік, көлемдік-жоспарлау және инженерлік-техникалық шешімдері өрт жағдайында мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:


1) адамдарды қауіпсіз аймаққа олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті өрт факторларының әсері салдарынан зиян келтірілгенге дейін эвакуациялау;


2) адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар өткізу мүмкіндігі;


3) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамының жол ашу және өрт сөндіру құралдарын ғимарат пен құрылыстың кез келген үй-жайына жеткізу мүмкіндігі;


4) өрт сөндіргіш заттарды өрт ошағына беру мүмкіндігі;


5) өртті көршілес ғимараттарға мен құрылыстарға таратпау.


128. Егер өрт анықталған сәттен бастап адамдарды сыртқа эвакуациялау процесі аяқталғанға дейінгі уақыт аралығы өрт кезінде адамдарды эвакуациялаудың қажетті уақытынан аспаса, өрт кезінде адамдарды ғимараттардан және құрылыстардан қауіпсіз эвакуациялау қамтамасыз етілді деп есептеледі.


Қажетті және есептеу уақыты, сондай-ақ адамдарды кедергісіз және уақтылы эвакуациялау шарттары стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.


129. Ғимаратта өртке қарсы тосқауылдармен бөлінген әр түрлі функционалдық өрт қауіпті бөліктер болған кезде, осындай бөліктердің әрқайсысы функционалдық өрт қауіптілігіне сәйкес келетін ғимаратқа қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беруі тиіс.


130. Ғимараттарда, құрылыстарда және өрт сөндіру бөліктерінде жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы үй-жайлар сыртқы қабырғаларда, ал көп қабатты ғимараттарда – жоғарғы қабаттарда орналасуы тиіс.


131. Ғимараттарды, құрылыстарды немесе оларда жекелеген үй-жайларды қайта жобалау, олардың функционалдық мақсатын өзгерту немесе жаңа технологиялық жабдықты орнату кезінде нормативтік құжаттар осы ғимараттардың, құрылыстардың және үй-жайлардың жаңа мақсатына сәйкес қолданылады.

2-бөлім. Ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғау жүйелерінің функционалдық сипаттамаларына қойылатын талаптар

132. Ғимараттар мен құрылыстардың өрттен қорғау жүйелері адамдарды сыртқа немесе өртке қауіпсіз аймаққа өрттің қауіпті факторларының шекті рұқсат етілген мәндері болғанға дейін эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.


133. Ғимараттар мен құрылыстардың электр жабдығы олар орнатылған жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың жанғыш қоспаларының санаттары мен топтарына сәйкес болуы тиіс.


134. Тәулік бойы адамдар келетін функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.1 шағын сыныпты ғимараттарда орнатылған өрттен қорғау жүйелерін үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін автономды резервтік электрмен жабдықтау көздері көзделуі тиіс.


135. Өрт сөндіргіш затты үй-жайдан, ғимараттан немесе құрылыстан оны бергеннен кейін алып тастау, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын монтаждауға арналған жобаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.


136. Ғимараттар мен құрылысдарда адамдарға өрт туралы құлақтандыру, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару және оларды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету, мынадай тәсілдердің біреуімен немесе олардың комбинациясымен мыналарды:


1) адамдар үнемі және (немесе) жарықты сигналдардың берілуін;


2) эвакуацияның қажеттігі, эвакуациялау жолдары, қозғалу бағыттары және өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін және үрейдің алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған басқа әрекеттер туралы арнайы әзірленген мәтіндердің берілуі;


3) эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің нормативтік уақыт ішінде орналастырылуын және жарықпен қамтамасыз етілуін;


4) эвакуациялық (авариялық) жарық түсірудің қосылуын;


5) эвакуациялық шығу есіктері тиектерінің қашықтықтан ашылуын;


6) диспетчерлік өрт сөндіру күзетінің өрт кезінде құлақтандыру аймақтарымен байланысының қамтамасыз етілуін жүзеге асыруы керек.


137. Өрт кезінде құлақтандыру және ғимараттан немесе құрылыстан эвакуациялауды басқару жүйесінің техникалық шешімдері эвакуацияланатын адамдардың денсаулығының жай-күйі мен жасын ескеруі қажет.


138. Өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерін іске қосу, өрт сөндіретін диспетчерлік күзет үй-жайында немесе өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін басқа арнайы үй-жайда іске асырылуы тиіс.


139. Көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге байланысты, ғимараттар мен құрылыстардан түтінді кетіру жүйесі табиғи немесе механикалық қозғалтумен орындалуы тиіс.


Қозғалту тәсіліне қарамастан, түтінді кетіру жүйесінің түтінге қарсы желдетудің атқарушы механизмдері мен құрылғыларын автоматты және қашықтықтан қолмен іске қосуы болуы тиіс.


140. Ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлау шешімдері жану өнімдерінің өрт сөндіру үй-жайының, өрт сөндіру бөлігінің және (немесе) секциясының шегінен тыс таралу мүмкіндігін болдырмауы керек.


141. Ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық мақсатына және көлемдік-жоспарлау және конструкциялық шешімдеріне байланысты, онда тартып-соратын немесе түтінге қарсы желдететін сору жүйесі қарастырылған болуы тиіс.


142. Түтінге қарсы желдетудің тартып-сору жүйесі сәулет-жоспарлау шешімдерімен немесе механикалық желдету көмегімен кетірілетін жану өнімдерінің көлеміне сәйкес келетін көлемде ауа ағыны қамтамасыз етілетін ғимараттар мен құрылыстарда қолданылады.


143. Түтінге қарсы желдетудің тартып-сору жүйесі сәулет-жоспарлау шешімдерімен кетірілетін жану өнімдерінің көлеміне сәйкес келетін көлемде ауа ағыны қамтамасыз етілетін ғимараттар мен құрылыстарда қолданылады.


144. Жану өнімдерін табиғи немесе механикалық түтінге қарсы желдету құрылғысынсыз, ғимараттар мен құрылыстар шегінен тыс ығыстыру үшін ағынды желдетуді пайдалануға жол берілмейді.


145. Түтінге қарсы соратын желдету өрт кезінде жану өнімдерінің өрт болған үй-жайдан, эвакуация жолындағы дәліздер мен холлдардан тікелей кетіруді қамтамасыз етуі тиіс.


146. Ғимараттар мен құрылыстарды түтінге қарсы қорғау жүйесінің ағынды желдетуі өрт шыққан үй-жаймен аралас үй-жайларда, басқыш шабақтарында, лифт холдары мен тамбур-шлюздарда ауа берілуін және артық қысым жасалуын қамтамасыз етуі керек.


147. Ғимараттар мен құрылыстардың түтінге қарсы желдететін атқарушы механизмдері мен құрылғыларының автоматты жетегі автоматты өрт сигнализациясы немесе автоматты өрт сөндіргіш қондырғылары іске қосылған кезде жүзеге асырылуы тиіс.


148. Ғимараттар мен құрылыстардың түтінге қарсы желдететін атқарушы механизмдері мен құрылғыларының қашықтықтан және қолмен басқарылатын жетегі түтінге қарсы қорғау жабдығын орнату орындарында, өрт сөндіру шкафтарында, эвакуациялық шығу жолдарда (қол өрт хабарлағыштарын қолдануға рұқсат беріледі) және өрт сөндіру бекеттерінің үй-жайларында немесе диспетчерлік персоналдың үй-жайларында орналасқан іске қосу элементтерінен жүзеге асырылуы тиіс.


149. Өрт кезінде ғимараттар мен құрылыстардағы түтінді кетіру жүйесін қосқан кезде, жалпы ауысымдық желдету және ауа баптау жүйелерінің міндетті түрде ағытылуы іске асырылуы керек.


150. Ұнтақты немесе газды автоматты өрт сөндіру қондырғыларының немесе өрт сөндіру үй-жайындағы түтінге қарсы желдету жүйелерінің бір мезгілдегі жұмысына жол берілмейді.


151. Ғимарат пен құрылыс сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, өрт сөндіру мақсаттары үшін қажетті су шығысын қамтамасыз ететін өртке қарсы ішкі су құбырымен жабдықталуы тиіс.


152. Өртке қарсы ішкі су құбыры өрт сөндіру мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін көлемде ішкі өрт сөндіру крандарымен қамтамасыз етілуі керек.

3-бөлім. Ғимараттардың, құрылыстардың және өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділігі және өрт қауіптілігі жөніндегі талаптар

153. Ғимараттардың, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділік деңгейі олардың қабатына, функционалдық өрт қауіптілігіне, өрт сөндіру бөліктерінің ауданына және онда орналастырылған технологиялық процестердің өрт қауіптілігіне байланысты белгіленуі тиіс.


154. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектері және жалынның таралуының ең жоғарғы шектері ғимараттардың, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділік деңгейіне сәйкес болуы керек.


Ғимараттардың, құрылыстаржың және өрт сөндіру бөліктерінің құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік дәрежесінің және отқа төзімділік шегінің сәйкестігі осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесі бойынша анықталады.


155. Ойықтарды толтырудың отқа төзімділік шектері (есіктерді, қақпаларды, терезелер мен люктерді, сондай-ақ қолшамдарды, оның ішінде учаскелердің зенитті және басқа жарық түсетін жабын төсемдерін) өртке қарсы кедергілердегі ойықтарды толтыруды қоспағанда, нормаланбайды.


156. Өртке қарсы аймақтардың және тамбур-шлюздардың өртке қарсы қабырғалары, аражабындары, жабындары, конструкциялары, сондай-ақ өртке қарсы кедергілердегі жарық түсіру ойықтарын толтырулар (өртке қарсы есіктер, қақпалар, люктер, клапандар, терезелер, перделер) жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс.


157. Ғимараттардың, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерінің конструктивтік өрт қауіптілік сыныбы олардың қабатына, функционалдық өрт қауіптілігіне, өрт сөндіру бөліктерінің ауданына және онда орналастырылған технологиялық процестердің өрт қауіптілігіне байланысты белгіленуі тиіс.


158. Құрылыс конструкцияларының өрт қауіптілік сыныбы ғимараттардың, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерінің конструкциялық өрт қауіптіліктің қабылданған сыныбына сәйкес болуы керек.


Ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөліктерінің құрылыс конструкцияларының конструктивтік өрт қауіптілігі сыныбының және өрт қауіптілігі сыныптарының сәйкестігі осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 2-кестесінде берілген.


159. Ғимараттың қоршайтын конструкцияларындағы ойықтарды толтырудың өрт қауіптілігі (есіктер, қақпалар, терезелер мен люктер) өртке қарсы кедергілердегі ойықтарды толтыруды қоспағанда, нормаланбайды.


160. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектері және өрт қауіптілік сыныптары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда келтірілген әдістер бойынша стандарттық сынаулар жағдайында анықталуы тиіс.


161. Құрылыс конструкцияларының отты сынаулардан өтілген нысаны, материалдары, құрылыс конструкцияларының конструтиктік орындауы бойынша ұқсас отқа төзімділік шектерін және өрт қауіптілік сыныбын белгіленген тәртіппен стандарттау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі құжаттарда белгіленген есептік-аналитикалық әдістер бойынша анықтауға болады.

4-бөлім. Ғимараттарда, құрылыстар мен өрт сөндіру бөліктерінде өрттің таралуын шектеу жөніндегі талаптар

162. Ғимараттардың, құрылыстардың, өрт сөндіру бөліктерінің, сондай-ақ функционалдық өрт қауіптілік сыныптары әр түрлі үй-жайлар бөліктері өзара отқа төзімділік шектері және конструктивтік өрт қауіптілік сыныптары нормаланған қоршау конструкцияларымен немесе өртке қарсы кедергілермен бөлінген болуы керек. Өртке қарсы кедергілердің осындай қоршау конструкциялары мен типіне қойылатын талаптар үй-жайдың функционалдық өрт қауіптілігі, өрт жүктемесінің шамасы, ғимараттың, құрылыстың, өрт сөндіру бөлігінің отқа төзімділік деңгейі және конструктивтік өрт қауіптілік сыныбы ескеріліп белгіленеді.


163. Өртке қарсы кедергілер қызметін орындайтын құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектері және типтері, ойықтар мен тамбур-шлюздарды толтыратын олардың тиісті типтері осы Техникалық регламентке 17-қосымшаның 1-кестесінде берілген.


164. Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырудың тиісті типтеріне арналған отқа төзімділік шектері осы Техникалық регламентке 17-қосымшаның 2-кестесінде берілген.


165. Әр түрлі типтегі тамбур-шлюздардың элементтеріне қойылатын талаптар осы Техникалық регламентке 12-қосымшаның кестесінде берілген.


166. Өртке қарсы қабырғалар ғимараттың, құрылыстың барлық биіктігіне салынып, өрттің аралық өрт сөндіру бөлігіне, оның ішінде өрт ошағы жағындағы конструкцияның бір жақты қирауы кезінде таралмауын қамтамасыз етуі тиіс. 1-типтік өртке қарсы қабырғалар 1-типтік өртке қарсы аражабындармен, ал 2-типтік өртке қарсы қабырғалар 3-типтік өртке қарсы аражабындармен қиылыспауы мүмкін.


167. Өртке қарсы қабырғалардың, аражабындар мен бөлгіштердің ғимараттың, құрылыстың, өрт сөндіру бөліктерінің басқа қоршау конструкцияларымен жанасатын жерлерінде кедергілердің отқа төзімділік шегінен кем болмайтын отқа төзімділік шегі болуы керек.


Өртке қарсы қабырғалардың ғимараттар мен құрылыстардың басқа қабырғаларымен жанасу орындарының конструкциялық атқарылуы өрттің осы кедергілерді айналып таралу мүмкіндігін болдырмауы керек.


168. Өртке қарсы кедергілерде терезелер ашылмайтын, өртке қарсы есіктер, қақпалар, люктер мен клапандардың өздігінен жабылуға арналған құрылғылары болуы тиіс.


Ашық күйінде пайдаланыла алатын өртке қарсы есіктер, қақпалар, перделер, люктер мен клапандар олардың өрт кезінде автоматты жабылуын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталған болуы қажет.


169. Өртке қарсы кедергілерде ойықтардың жалпы ауданы олардың ауданының 25 %-ынан аспауы тиіс.


170. А және Б санатты үй-жайларды басқа санаттағы үй-жайлардан, дәліздерден, басқыш шабақтарынан және лифтілік холлдардан бөліп тұратын өртке қарсы кедергілерде үнемі ауа тіреліп тұратын тамбур-шлюздар қарастырылуы керек. Жалпы тамбур-шлюздарды А және Б санатындағы екі және одан артық аралық үй-жайларда орнатуға жол берілмейді.


171. Өртке қарсы қабырғалар мен аражабындарда өртке қарсы есіктермен немесе қақпалармен жабыла алмайтын ойықтарды жобалаған кезде В1 - В4, Г және Д санатты аралық үй-жайлар арасында қатынасу үшін, осы ойықтар орындарында тамбурдың 1 м
2 еденінде 1 л/с судың көлемді шығысы болатын, ұзындығы 4 м учаскеде автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған, ұзындығы 4 м кем болмайтын ашық тамбурлар (есіктерсіз немесе қақпаларсыз) қарастырылуы керек. Тамбурдың қоршау конструкциялары RЕІ 45 отқа төзімділік шегі болатын өртке қарсы болуы тиіс.

172. Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтыру жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс.


173. 1-типті өртке қарсы қабырғалар мен аражабындарды арналармен, шахталармен және жанғыш газдарды, ауа-тозаң қоспаларда, сұйықтықтарды, өзге заттар мен материалдарды тасымалдауға арналған құбыр желілерімен кесіп өтуге жол берілмейді. Осындай өртке қарсы кедергілерді арналармен, шахталармен және түтінге қарсы жүйелердің арналарын қоспағанда, жоғарыда аталғандардан ерекше заттар мен материалдарды тасымалдауға арналған құбыр желілерімен қиып өтетін жерлерде жану өнімдерінің арналар, шахталар және құбыр желілері бойынша таралуының алдын алатын автоматты құрылғыларды қарастыру қажет.


174. Басқыш шабақтарынан және лифтілердің машиналық бөлімшелерінің (төбеде орналасқандарынан басқа) үй-жайынан, сондай-ақ коммуникацияларды төсеуге арналған арналар мен шахталардан тыс орналасқан лифті шахталарының қоршау конструкциялары өртке қарсы 1-типті аражабындарға және 3-типті бөлгіштерге қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.


Лифт шахтасы мен лифтінің машина бөлімшесі арасындағы қоршау конструкцияларының отқа төзімділік шегі нормаланбайды.


175. Биіктігі 28 м және одан артық ғимараттарда мен құрылыстарда олардан шығатын жерлерде ауа тіреліп тұратын тамбур-шлюздары болмайтын лифті шахталары өрт кезінде лифтінің шахтасында артық қысым жасау жүйесімен жабдықталған болуы керек.


176. Автоматты өрт сигнализациясы немесе өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарда лифтілердің кабинасының қозғалысының өрт кезінде негізгі төмен түсіру алаңына автоматты түрде оралуын, кабина есіктерінің ашылуын және шахтаның ашық күйінде ұсталуын қамтамасыз ететін жүктемесі мен бағытына тәуелсіз бұғаттауы болуы тиіс.


177. Басқыштардың және басқыш шабақтарының көлемдік-жоспарлық шешімдері мен конструкциялық атқарылуы өрт кезінде адамдарды ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге және өрттің қабаттар арасына таралуына кедергі жасауы тиіс.


178. Ғимараттар мен құрылыстардың цокольдық және жер асты қабаттарында лифтіге кіру өрт кезінде ауаның артық қысымы болатын 1-типті тамбур-шлюз арқылы іске асырылуы керек.


179. Барлық отқа төзімділік дәрежесіндегі биіктігі 50 метрге дейінгі ғимараттарда сыртқы қабырғалардың сыртқы қабаттарын қаптауды өрт қауіптілігі сыныбы К0, жанғыштық тобы Г1 материалдардан жасауға жол беріледі. Биіктігі 50 метр және одан жоғары ғимараттарда сыртқы қабырғалардың сыртқы қабаттарын қаптау жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс.


180. Ғимараттар мен құрылыстардың және өрт сөндіру бөліктерінің, өрт сөндіру бөліктерінің аудандарының отқа төзімділігі және ғимарат пен құрылыс ішінде өрттің таралуының алдын алудың басқа тәсілдері олардың функционалдық өрт қауіптілік сыныптарына байланысты осы Техникалық регламенттің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

5-бөлім. Эвакуациялау жолдарына, эвакуациялау және апатты шығуларға қойылатын талаптар

181. Ғимараттар мен құрылыстардың эвакуациялау жолдары мен шығулары адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуі тиіс. Эвакуациялау жолдары мен шығулардың есебі оған қолданылатын өрт сөндіру құралдарын есепке алмай жүргізіледі.


182. Адамдар көп болатын, оның ішінде балалар және қозғалыс мүмкіндігі шектеулі тұрғындар тобы бар үй-жайды орналастыру, эвакуациялау жолдарының конструкциялық элементтерінде өрт қауіпті құрылыс материалдарын қолдану осы Техникалық регламенттің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталуы тиіс. Бұл ретте эвакуациялық шығу жолдарының саны мен орналасуы шығу жолының бұғатталу мүмкіндігін ескере отырып, эвакуациялаудың есептік уақытымен тексерілуі тиіс.


183. Ғимараттардың және құрылыстардың өрт бөлігінен эвакуациялық шығуларға мыналарға:


1) бірінші қабаттың үй-жайынан сыртқа:


тікелей;


дәліз арқылы;


вестибюль (фойе) арқылы;


басқыш шабағы арқылы;


дәліз және вестибюль (фойе) арқылы;


дәліз, рекреациялық алаң және басқыш шабағы арқылы;


2) біріншіден басқа, кез келген қабат үй-жайынан:


тікелей басқыш шабағына немесе 3 типтік басқышқа;


тікелей басқыш шабағына немесе 3 типтік басқышқа алып келетін дәлізге;


тікелей басқыш шабағына немесе 3 типтік басқышқа шығуы бар холлға (фойе);


пайдаланылатын төбе немесе 3 типтік басқышқа алып келетін арнайы жабдықталған төбе учаскесіне;


3) дәл сол өрт бөлігіндегі сол қабатта орналасқан және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығулармен қамтамасыз етілген көршілес үй-жайға (А және Б санатты Ф5 сыныпты үй-жайдан басқа) алып келетін шығулар жатады.


Егер техникалық үй-жайда осы өрт қауіпті үй-жайға қызмет көрсету бойынша жабдық орналасқан болса, тұрақты жұмыс орны жоқ техникалық үй-жайдан А және Б санатты үй-жайға шығу эвакуациялау болып саналады.


184. Жертөле және цокольдық қабаттан эвакуациялық шығуларды тікелей сыртқа қарастыру қажет және ғимарат пен құрылыстың ортақ басқыш шабағынан оңашалануы керек.


185. Сондай-ақ мыналар:


1) бірінші және екінші қабаттар арасында жертөле еденінен бастап басқыш маршының аралық алаңдарына дейін басқыш маршы арасында орналасқан, басқыш шабағының қалған бөлігінен 1 типті өртке қарсы арақабырғамен бөлінген, сыртқа жеке шығуы бар тамбурға ортақ басқыш шабағы арқылы жертөледен шығулар;


2) В4, Г және Д санатты үй-жайы бар жертөле және цокольдық қабаттардан В4, Г, Д санатты үй-жайға және Ф5 сыныпты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан вестибюльге шығулар;


3) Ф2, Ф3, Ф4 сыныпты ғимараттардың жертөле немесе цокольдық қабаттарында орналасқан фойе, гардероб, темекі шегетін орын және санитарлық үй-жайдан және 2 типті жеке басқыштармен бірінші қабат вестибюліне шығулар;


4) үй-жайдан тікелей 2 типті басқышқа, осындай басқышқа алып келетін дәліз немесе холлға (фойе, вестибюль) шығулар;


5) теміржол және автомобиль көлігі кіруге (шығу) арналған қақпадағы ашылатын есіктер эвакуациялық шығулар болып саналады.


186. Ғимараттарда және құрылыстарда апатты шығуларға:


1) балкон (лоджия) бүйірінен бастап терезе ойығына (әйнектелген есіктер) дейінгі 1,2 м кем емес немесе балконға (лоджия) шығатын әйнектелген ойық арасында 1,6 м кем емес шет жатқан аралық қабырғасы бар балкон немесе лоджияға;


2) ені кемінде 0,6 м Ф1.3 сыныпты ғимараттың аралас секциясына немесе аралас өрт бөлігіне;


3) балкон немесе лоджияны қабатпен қосатын, сыртқы басқышпен жабдықталған балкон немесе лоджияға;


4) кемінде 4,5 м және 5,0 м жоғары емес өлшемдері 0,75 х 1,5 м кем емес есік немесе терезе арқылы, сондай-ақ өлшемдері 0,6 х 0,8 м кем емес люк арқылы таза еден белгісі бар үй-жайдан тікелей сыртқа шығатын. Сонымен қатар шұңқыр арқылы шығу шұңқырдағы басқышпен, ал люк арқылы шығу үй-жайдағы басқышпен жабдықталуға тиіс. Аталған басқыштар еңісі нормаланбайды;


5) өлшемдері 0,75 х 1,5 м кем емес есік немесе терезе арқылы, сондай-ақ өлшемдері 0,6 х 0,8 м кем емес люк арқылы тік немесе еңіс басқышпен С0 және С1 сыныпты оттөзімділіктің I, II және III деңгейлі ғимарат, құрылыс және құрылыс төбесіне алып келетін шығулар жатады.


187. Үй-жайдан, қабаттар және ғимараттан эвакуациялық шығуларының саны мен ені ол жерден көшірілетін адамдардың максималды ықтимал санына және адамдар ықтимал болатын алыс жерден бастап (жұмыс орны) жақын жердегі эвакуациялау шығуына дейінгі шекті рұқсат етілген аралыққа байланысты анықталады.


Ғимараттың өрт бөліктері, сондай-ақ әртүрлі өрт қауіптілігі класындағы ғимараттың бөліктері өртке қарсы тосқауылмен бөлінеді және өзіндік эвакуациялық шығуларымен қамтамасыз етіледі.


188. Үй-жайдан эвакуациялық шығулардың саны алыс жатқан нүктеден бастап (жұмыс орны) жақын жердегі эвакуациялық шығуға дейін шекті рұқсат етілген аралыққа байланысты белгіленуі керек.


189. Ғимараттан және құрылыстан эвакуациялық шығудың саны ғимарат, құрылыс және құрылыстың кез келген қабатынан эвакуациялық шығудың санынан кем болмауы тиіс.


190. Ғимарат қабатындағы пәтердің жалпы ауданы 500 м кем болған кезде (секция типті ғимаратқа арналған секция) функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 сыныпты ғимаратта және эвакуациялық шығудан басқа, 15 м артқы биіктікте орналасқан әрбір пәтер қабатынан бір эвакуациялық шығу жолында авариялық шығу қарастырылуы тиіс.


191. Эвакуациялау жолы осімен өлшенетін үй-жайдың алыс жатқан нүктесінен бастап (Ф5 сыныпты ғимарат, құрылыс және құрылыс үшін - алыс жатқан жұмыс орнынан бастап) жақын арадағы эвакуациялық шығуға дейінгі шекті рұқсат етілген аралық функционалдық өрт қауіптілігі сыныбы және ғимарат, құрылыс және құрылыстың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаты, үй-жайдың көшірілетін, геометриялық параметрлері және эвакуациялау жолдарының саны, конструкциялық өрт қауіптілігінің сыныбы және ғимарат, құрылыс және құрылыстың оттөзімділік деңгейіне қарай белгіленеді.


192. 2 типті басқышпен үй-жайға эвакуациялау жолының ұзындығы оның үш еселенген биіктігіне тең етіп анықталады.


193. Эвакуациялау жолдарына лифт, эскалаторлар, сондай-ақ:


1) лифт шахтасынан шығулары бар дәліздер арқылы, егер лифт шахтасының есігін қоса алғанда, лифт шахтасының қоршау конструкциясы өртке қарсы тосқауылдарға қойылатын талаптарға жауап бермесе лифт алдындағы тамбур және лифт холлы арқылы;


2) басқыш шабағы алаңы дәліз бөлігі болып табылған кезде басқыш шабақтары арқылы, сондай-ақ эвакуациялық болып табылмайтын 2 типті басқыш орналасқан үй-жай арқылы;


3) пайдаланылатын төбені немесе конструкция бойынша пайдаланылатын төбеге ұқсас арнайы жабдықталған төбе учаскесін қоспағанда, ғимарат төбесіне;


4) екіден артық қабатты (ярустерді) қосатын, сондай-ақ жертөле мен цокольдық қабаттардан алып шығатын 2 типті басқышқа;


5) жер асты және жер үсті қабаттардың арасындағы қатынасқа арналған басқыш және басқыш шабақтарына алып келетін учаскелер кірмеуі керек.

6-бөлім. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ететін өрт қауіпсіздігі талаптары

194. Ғимараттар мен құрылыстар үшін:


1) арнайы немесе біріккен функционалдық кірулер мен өтулері бар өрт техникасы үшін ғимараттар мен құрылысқа өрт өтулері және өту жолдарымен;


2) ғимарат пен құрылыс төбесіне және қабатына өрт техникасын және өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жеке құрамын көтерудің сыртқы өрт басқышы және басқа құралдарымен;


3) шаруашылықтық немесе арнайы біріккен, құрғақ құбыр және өрт сыйымдылығын (резервуар) қоса алғанда өртке қарсы су құбырымен қамтамасыз етілуі тиіс.


195. Биіктігі 10 м және өрт сөндіру машиналарының өтетін жерінің үстінің бетінен бастап, төбенің қаңқасына және сыртқы қабырғаның төбесіне (жақтау) дейінгі белгіден артық болатын ғимараттар мен құрылыстарда басқыш шабақтарынан тікелей немесе шатырдың асты арқылы, не 3-типті сатылар бойынша немесе сыртқы өрт сөндіру сатылары бойынша төбеге шығатын жерлер қарастырылуы тиіс.


196. Төбеге шығу санын (бірақ кемінде бір шығу) және олардың орналасуын ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық өрт қауіптілігіне және өлшемдеріне байланысты:


1) шатыр жабыны және кемінде бір шығу болатын ғимарат, құрылыс және құрылыстың әрбір толық және толық емес 100 м ұзындығында, Ф1-Ф4 сыныптарының ғимараттары үшін шатырсыз жабыны болатын ғимарат және құрылыстың төбесінің 1 мың м
2 ауданының толық және толық емес ұзындығына;

2) Ф5 сыныбының ғимараттар мен құрылыстардың периметрі бойынша әрбір 200 м сайын өрт сөндіру басқыштары бойынша қарастыру керек.


Егер ғимараттың негізгі қасбетке қарама-қарсы жағынан ені 150 м аспаса, өртке қарсы су құбыры желісі болатын болса, ғимараттар мен құрылыстардың негізгі қасбетінде өрт сөндіру сатыларын, сондай-ақ ауданы 100 м
2 аспайтын жабыны бар бір қабатты ғимараттар мен құрылыстардың төбесіне шығу жолдарын қарастырмауға жол беріледі.

197. Ғимараттар мен құрылыстардың шатыры астында, Ф 1.4 сыныбының ғимараттарын қоспағанда, өлшемі 0,6х0,8 м кем болмайтын есіктер, люктер немесе терезелер арқылы стационарлық басқыштармен жабдықталған төбеге шығатын жерлер қарастырылуы керек.


198. Басқыш шабақтарынан төбеге немесе шатыр астына шығатын жерлерді өлшемі 0,75х1,5 м кем болмайтын, өртке қарсы 2-типті есіктер арқылы шығатын жер алдындағы сатылық жайылмалар бойынша қарастыру керек. Аталған жайылмалар мен алаңдар жанбайтын материалдардан орындалып, 2:1 артық болмайтын еңісі және 0,9 м кем болмайтын ені болуы тиіс.


199. Биіктігі 15 м артық болмайтын, Ф1-Ф4 сыныптарының ғимараттар мен құрылыстарда бекітілген болат басқыштар бойынша өлшемі 0,6х0,8 м, өртке қарсы 2-типті люктер арқылы басқыш шабақтарынан шатыр астына немесе төбеге шығу орнатуға рұқсат етіледі.


200. Техникалық қабаттарда, оның ішінде техникалық еден астыларында және техникалық шатыр астыларында өту биіктігі 1,8 м кем болмауы; барлық ғимараттар мен құрылыстар бойындағы шатырларда – 1,6 м кем болмауы тиіс. Осындай өтетін жерлер ені 1,2 м кем болмауы керек.


Ұзындығы 2 м артық болмайтын жеке учаскелерде өтетін жердің биіктігін 1,2 м дейін, ал енін – 0,9 м азайтуға рұқсат етіледі.


201. Үйдің төбесінде бөлмелері болатын ғимараттар мен құрылыстарда шатыр асты қуыстарын қоршайтын конструкцияларда люктер қарастыру керек.


202. Биіктігі 1 м артық төбеден құлайтын жерлерде (оның ішінде төбеге жарық аэрациялық қолшамдарды көтеру үшін) өрт сөндіру сатыларын қарастыру қажет.


Егер төбенің ауданы 100 м
2 артық болатын әрбір учаскесінде төбеге шығатын жерлер болса немесе төменгі учаскенің биіктігі 10 м аспайтын болса, биіктігі 10 м артық болатын төбеден құлаған кезде өрт сөндіру сатыларын қарастырмауға рұқсат етіледі.

203. 10 м бастап 20 м дейінгі биіктікке көтеру үшін және төбе биіктігінен құлау орындарында П1 типті өрт сөндіру сатыларын, 20 м артық биіктікке көтеру үшін және биіктігі 20 м артық төбеден құлайтын орындарда – П2 типті өрт сөндіру сатыларын қолдану керек.


Өрт сөндіру сатылары жанбайтын материалдардан дайындалып, терезелерден 1 м жақын болмай орналастырылуға және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамының әскери киімде және қосымша жабдықпен қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ететін конструкциялық орындауы болуы керек.


204. Басқыш жайылмалары арасында және басқыш жайылмаларының қоршауларының тұтқалары арасында ені 75 миллиметрден (бұдан әрі – мм) кем болмайтын саңылау қарастырылуы тиіс.


205. Функционалдық өрт қауіптілік сыныбы Ф1.1, биіктігі 10 м артық болатын ғимараттар мен құрылыстардың, Ф1.3 сыныбының биіктігі 50 м артық ғимараттар мен құрылыстардың, функционалдық өрт қауіптілігінің өзге сыныптарының биіктігі 28 м артық, екі қабаттан артық жерасты автотұрақтары болатын ғимараттар мен құрылыстардың әрбір өрт сөндіру бөлігінде өрт сөндіретін бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілер қарастырылуы керек.


206. Төбесінің еңісі 12%-дан артық болмайтын ғимараттар мен құрылыстарда, сыртқы қабырғаның (жақтау) ернеуіне немесе төбесіне дейінгі 10 м артық биіктігін қоса алғанда, сондай-ақ төбесінің еңісі 12 %-дан артық, ал ернеуге дейінгі биіктігі 7 м артық ғимараттар мен құрылыстарда стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес, төбеде қоршау қарастырылуы керек.


Ғимараттың биіктігіне қарамастан, аталған қоршауларды пайдаланылатын жалпақ төбе, балкон, лоджия, сыртқы галереялар, сыртқы басқыштардың ашық жайылмалары мен алаңдары үшін қарастыру керек.

7-бөлім. Құрылыс-монтаждау және отты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

207. Құрылыс-монтаждау және отты жұмыстарды жүргізу кезінде осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да нормативтік құжаттардың талаптары сақталуы тиіс.

8-бөлім. Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждауға қойылатын талаптар

208. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау жұмыстары жобалау-сметалық және жұмыс құжаттамасына, жұмыс өндірісі жобасы мен дайындаушы-кәсіпорынның техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.


Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждауды тиісті біліктілігі және электр жабдығымен жұмыс істеуге рұқсаты бар жұмыскерлер жүзеге асырады.


209. Жобаның ерекшеліктеріне сәйкес келетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау кезінде қолданылатын жабдыққа, бұйымдар мен материалдарға сәйкестік сертификаттары, төлқұжаттары, (жинау, сынау және пайдалану жөніндегі) нұсқаулықтары ұсынылады.


210. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларында пайдаланылатын материалдар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қолданылады.


211. Монтаждау кезінде Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары сақталуы тиіс.


212. Газбен өрт сөндіру қондырғыларының баллондары мен қысыммен жұмыс істейтін басқа да ыдыстар монтаждау алдында тексеріледі және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 10303 болып тіркелген) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес куәландырылады. Куәландыру мерзімі өтіп кеткен баллондарды монтаждауға қабылдауға жол берілмейді.


213. Құбыр (тиек, реттегіш, сақтандырғыш) арматурасын монтаждауға қабылдаған кезде корпусында шартты немесе жұмыс қысымы таңбалауының және оның мақсаты мен материалына сәйкес арматураның айырым бояуының, сондай-ақ оны дайындаушы-кәсіпорынның жеткізгенін растайтын құжаттардың болуы және төзімділігі мен герметикалығына сынақ жүргізуі тексеріледі.


214. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау бойынша орындалатын жұмыстар ҚР ҚН 1.03-00-2011 "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру" талаптарына сәйкес ресімделеді.


215. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жеке және кешенді баптау жұмыстары (іске қосу-баптау жұмыстары) монтаждау жұмыстары аяқталған соң орындалады.


216. Іске қосу-баптау жұмыстары өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.


Іске қосу-баптау жұмыстарына монтаждаудың дұрыс орындалуын, олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру мақсатында аппаратурамен, аспаптармен және реттегіштермен бірге монтаждалған схемаларды жеке сынау, сондай-ақ жүйелер мен қондырғыларды жұмыс режиміне шығару мақсатында кешенді баптау жатады.


217. Монтаждалған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жекелеген элементтері мен тораптарын баптау жұмыстарын жүргізуді бастағанға дейін барлық реттегіш және тиек арматурасы жұмысқа қабілетті күйге келтіріледі.


218. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау, сондай-ақ олардың техникалық құжаттамасында көрсетілген қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін гидравликалық және электрлік сынақтар, оның ішінде герметикалығы мен суландыру қарқынына сынақтар жүргізе отырып, техникалық куәландыру жүзеге асырылады.

4-параграф. Өндірістік объектілерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
1-бөлім. Өндірістік объектілердің бас жоспарларына қойылатын талаптар

219. Өндірістік объектілер аумақтарының бас жоспарларын жобалау және белдемдеу кезінде осы Техникалық регламенттің талаптары сақталуы тиіс.


220. Өндірістік объектілерді жобалаған кезде, олардың аумақтарын белдемдеу орналастырылатын ғимараттар мен құрылыстардың қолданылу белгісі бойынша технологиялық байланыстар және өрт қауіпсіздігі талаптары ескеріліп қарастырылуы керек. Белдемдеу жобалық құжаттаманың өзіндік бөлімі болып табылатын өндірістік объектілердің бас жоспарларында бейнеленуі тиіс.


221. Өндірістік объектінің аумағы қолданылу белгісі бойынша мынадай аумақтарға бөлінеді:


1) зауыт алдындағы (кәсіпорынның қоршауы немесе шартты шекарасы шектерінде);


2) өндірістік;


3) қосалқы;


4) қоймалық.


222. Бөлімшенің өндірістік объектісінің аумағында осы бөлімшелердің өрт сөндіру техникасын және жеке құрамды орналастыру үшін, өрт сөндіру депосының өртке қарсы қызметін құру кезінде жалпы қолданыстағы жолдармен қиылысатын жер учаскелерінде орналасуы керек.


223. Объектілерді күзету жөніндегі өрт сөндіру деполарын орналастыру орындары қызмет көрсету радиустарының шегінде орнатылатын қолданыстағы өрт сөндіру деполарын (бекеттерін) ескере отырып, кәсіпорынның қызмет көрсету радиусы есебінен алынуы тиіс.


Өрт сөндіру деполарының қызмет көрсету радиусы жалпы қолданыстағы жолдар немесе өту жолдары арқылы едәуір қашық ғимаратқа немесе құрылысқа дейінгі жүріп өту жолының шартымен анықталуы тиіс және құрылыстың барлық ауданының 50%-ынан астамын А, Б және В санатты өндіірстері бар кәсіпорындар үшін 2 км, құрылыс ауданының 50%-ына дейін А, Б және В санатты өндірістері бар кәсіпорындар және Г және Д санатты өндірістері бар кәсіпорындар үшін 4 км етіп қабылдануы тиіс.


Көрсетілген радиустан асқан жағдайда, кәсіпорын алаңында қосымша өрт сөндіру бекеттері қарастырылуы қажет. Өрт сөндіру бекеттерінің қызмет көрсету радиустары өрт сөндіру деполарына арналған сияқты қабылданады.


Кәсіпорын алаңында ауданы кәсіпорын құрылысының барлық ауданының 50%-дан астамын құрайтын құрылыс ауданы бар, отқа төзімділігі ІІІ, ІІІб, IV, IVa, V дәрежелі ғимараттар мен құрылыстар болған кезде өрт сөндіру деполары мен бекеттерінің қызмет көрсету радиустары 40%-ға азаяды.


Өрт сөндіру бекеттерін А және Б санатты өндірістері бар өндірістік және қосалқы ғимараттарға жапсарлас салуға жол берілмейді.


224. Өрт сөндіру деполарынан шығу жолдары одан шығатын өрт сөндіру автомобильдері негізгі көлік ағынын қиып өтпейтіндей болып орналастырылуы керек.


225. Өлшемі 5 га артық алаңдары болатын өндірістік объектілерде, сондай-ақ I және II санатты мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларында кемінде екі кіру жолы болуы керек.


226. Өндірістік объектінің 1000 м артық болатын алаң бетінің өлшемі және осы бетте оны көше немесе автомобиль жолдары жағынан орналастыру кезінде, алаңға келетін екеуден кем болмайтын шығу жолы қарастырылуы қажет. Шығу жолдары арасындағы арақашықтық 1,500 м аспауы тиіс.


227. Объекті ішіндегі теміржолдар арқылы өтетін өткелдер немесе аралықтар өрт сөндіру автомобильдерінің еркін өтуі үшін әрқашан бос болуы қажет.


228. Автомобильдердің өндірістік объектінің алаңына шығатын жолдары қақпаларының ені негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі және кемінде 3,5 м құрауы тиіс.


229. Өндірістік объектілер сыртқы өрт сөндіретін сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілуі керек.


230. Біріктірілген су құбыры желісі шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері ескеріліп, су шығысын есептеуді және өрт сөндіру мақсаттарын қамтамасыз етуі тиіс.


231. Су құбыры желісіндегі өрт сөндіру гидранттарын орналастырып қою ғимараттың, құрылыстың немесе оның бөліктерінің аталған жүйемен кез келген қызмет көрсетумен өрт сөндіруді қамтамасыз етуі қажет.


232. Өрт сөндіру резервуарларында және басқа жасанды су көздерінде өрт сөндіру мақсаттарына арналған су қоры сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын есептік шығындарына және өрт сөндіру ұзақтығына негізделіп анықталады.


233. Өндірістік объектінің мұнай өнімдері, сұйытылған ыстық газдар, улы заттар болатын резервуарлық парктері өндірістік объектінің ғимараттары мен құрылыстарына қатысы бойынша барынша төменгі белгілерінде орналастырылуға тиіс және жанбайтын материалдардан орындалған үрленетін дуалмен (жер бедері ескеріліп) қоршалған болуы тиіс.


Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құйылған жер үстіндегі резервуарларды ғимараттарға, құрылыстарға және құрылыстарға қатысы бойынша барынша жоғары белгілерге орналастыру жағдайларында, резервуарларда апат болған кезде төгілетін сұйықтықтың аталған ғимараттар мен құрылыстарға жайылып кетуінен сақтау бойынша шаралар қарастырылған болуы тиіс.


234. Ыстық сұйықтықтар мен газдар болатын сыртқы желілерді өндірістік объектінің ғимараттары мен құрылыстарының астына орналастыруға жол берілмейді.


235. Өндірістік объектілердің мұнай өнімдерін ыдыста сақтау алаңдарының периметрі бойынша тұйықталған үйіп көму құрылғысы немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғалары қарастырылуы керек.


236. Тұйықталған жерде үйіп көму немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғалары жер үстіндегі резервуарлардың әрбір тобының жеке тұрған резервуарларының периметрі бойынша қарастырылған және жайылып кететін сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген болуы тиіс.


237. Жер астындағы резервуарлардың топырақ үйіндісін осы резервуарларда мұнайды және мазутты сақтаған кезде ғана қарастыру керек.


Үйіндінің ішкі еңістері арасында пайда болатын алаңдарды топтағы барынша үлкен жер асты резервуары көлемінің 10 %-ына тең болатын мөлшерде төгілген сұйықтықты ұстап қалу жағдайына сүйеніп анықтау керек.


238. Жеке тіреулер мен эстакадаларда қойылатын жанғыш сұйықтықтарға арналған жер үстіндегі құбыржол желілерін ойықтары болатын ғимарат қабырғаларынан 3 м кем болмайтын және ойықтары болмайтын ғимарат қабырғаларынан кемінде 0,5 м арақашықтықта орналастыру керек.


239. Мұнай және мұнай өнімдері қоймаларында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес көбікпен өрт сөндіру және сумен салқындату жүйелері көзделуі тиіс.

5-параграф. Заттар мен материалдарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
1-бөлім. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

240. Заттар мен материалдарды өндіруші өнімді қауіпсіз қолдану үшін қажетті ақпарат болатын техникалық құжаттаманы әзірлеуі тиіс.


241. Заттар мен материалдарға арналған техникалық құжаттамада (оның ішінде паспорттар, техникалық шарттар) заттар мен материалдардың жарылыс-өрт және өрт қауіпті көрсеткіштері туралы ақпарат болуы қажет.


Техникалық құжаттамаға қосу үшін міндетті көрсеткіштер мыналар болып табылады:


1) газдар үшін:


жану тобы;


өздігінен тұтану температурасы;


жалынның таралатын концентрациялық шектері;


2) сұйықтықтар үшін:


жану тобы;


тұтану температурасы;


жалындау температурасы;


өздігінен жалындау температурасы;


жалынның таралатын температуралық шектері;


3) қатты заттар үшін:


жану тобы;


жалындау температурасы;


өздігінен жалындау температурасы;


түтіннің түзілу коэффициенті;


жану өнімдерінің уыттылық көрсеткіші;


4) бытыраңқы қатты заттар үшін:


жану тобы;


жалындау температурасы;


жалынның таралатын концентрациялық төменгі шегі;


жарылыстың максималды қысымы;


жарылыс қысымының үдеу жылдамдығы;


жарылыс қауіптілігінің индексі.


Заттар мен материалдардың жарылыс-өрт және өрт қаупі көрсеткіштері туралы қосымша ақпаратты қосу қажеттігін құжаттаманы әзірлеуші анықтауы тиіс.

2-бөлім. Ғимараттар мен құрылыстарда құрылыс материалдарын қолдануға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

242. Ғимараттар мен құрылыстарда құрылыс материалдарын қолдануға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары осы Техникалық регламентке 13-қосымшаның кестесінде берілген осы материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштері бойынша белгіленеді.


243. Құрылыс материалдарына арналған техникалық құжаттамада осы Техникалық регламенттің 13-қосымшасының кестесінде берілген осы материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштері, сондай-ақ оларды пайдаланған көздегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат болуы керек.


244. Тез тұтанатын сұйықтықтар өндірілетін, қолданылатын немесе сақталатын А, Б және В1В санатты Ф5 сыныбының үй-жайларында едендерді жанбайтын материалдан орындау керек.


Үй-жайларда және эвакуациялау жолдарындағы аспалы төбелердің қаңқаларын жанбайтын материалдардан орындау қажет.


245. Функционалдық тағайындалымы, қабаттылығы және сыйымдылығы әр түрлі ғимараттардағы эвакуациялау жолдарында сәндік-өңдеу, қаптау материалдары мен еден төсеніштерін қолдану аймағы осы Техникалық регламентке 14-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде берілген.


246. Ұйықтайтын және палаталық үй-жайларда, сондай-ақ Ф1.1 қосалқы сыныбының балаларға мектепке дейінгі жалпы білім беретін мекемелерінің ғимараттарының үй-жайларында КМ2 қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын сәндік-өңдеу, қаптау материалдары мен еден төсеніштерін қолдануға жол берілмейді.


247. Балалардың мектепке дейінгі білім беретін мекемелерінде музыка және дене тәрбиесі сабақтары өтетін залдарының қабырғалары мен төбелерін өңдеу КМО сыныбының материалынан орындалуы тиіс.


248. Физиотерапевтік процедураларға арналған үй-жайларда КМ2 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.


Диагностикаға арналған үй-жайларда КМ3 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.


Операция және жан сақтау үй-жайларында КМ2 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.


249. Сынып тармағы Ф1.2 ғимараттардың тұрғындық үй-жайларында КМ4 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ4 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.


250. Сынып тармағы Ф2.1 ғимараттардың гардеробтық үй-жайларында КМ1 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ2 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.


251. Оқу залдарында КМ2 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.


252. Кітаптар сақтайтын және мұрағаттық үй-жайларда, сондай-ақ қызметтік каталогтар мен тізімдемелер болатын үй-жайларда қабырғалар мен төбелерді КМО сыныбының материалдарымен өңдеуді қарастыру керек.


253. Сынып тармағы Ф2.2 ғимарат үй-жайларының көрсету залдарында КМ2 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.


254. Би залдарында КМ2 қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және еденге төсеу үшін, КМ2 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қолдануға жол берілмейді.


255. Сынып тармағы Ф3.1 ғимараттардың сауда залдарында КМ2 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.


256. Сынып тармағы Ф3.3 ғимараттардың күту залдарында қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін, КМ0 сыныбының материалдарынан орындалуы керек.


257. Сынып тармағы Ф3.4 ғимараттардың процедуралық кабинеттері мен диагностикаға арналған үй-жайларында КМ2 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды қабырғаларды, төбелерді өңдеу және аспалы төбелерді толтыру үшін және КМ3 сыныбына қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын материалдарды еденге төсеу үшін қолдануға жол берілмейді.

3-бөлім. Оттан қорғау құралдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

258. Технологиялық жабдықты конструкцияның отқа төзімділік шектерінің артуынан қорғау, жанғыш беттер бойынша жалынның таралуын шектеу үшін, ойықтарды, электр сымдарын қорғау үшін, мынадай оттан қорғау құралдары қолданылуға тиіс: сылақ, қаптау, майлау, лактар, кепкен бояулар.


Оттан қорғау құралдарын таңдау мынадай есеппен жүргізілуі керек:


1) конструкцияның, жабдықтың немесе коммуникациялардың типі, орналасуы, отқа төзімділігіне немесе өрт қауіптілігіне қойылатын талаптар;


2) жабынды төсеу, пайдалану және ауыстыру технологиясының қажетті мерзімі;


3) қолданылатын жағдайлардағы жабынның пайдалану сипаттамалары (механикалық әсер, діріл мүмкіндігі);


4) температуралық-ылғалдылық режимі, агрессивті орта әсері;


5) жабын есебінен конструкцияға түсетін жүктеменің артуы;


6) эстетикалық талаптар;


7) техникалық-экономикалық негіздеме.


259. Оттан қорғау құралдарына арналған техникалық құжаттамада олардың қолданылу саласын, өрт қауіптілігін, бетті дайындау тәсілін, топырақтың түрлері мен маркалары, қорғалатын бетке төсеу тәсілі, кептіру шарттары, осы құралдардың оттан қорғау тиімділігі, қолайсыз климаттық әсерлерден қорғау тәсілі, оттан қорғау жабындарын пайдалану шарттары мен мерзімі, сондай-ақ оттан қорғау жұмыстарын жүргізген кездегі қауіпсіздік шараларын сипаттайтын техникалық көрсеткіштері туралы ақпарат болуы тиіс.


260. Оттан қорғау құралдарын оттан қорғау қабатына сәндік түр берілуін немесе оның қолайсыз климаттық әсерге орнықтылығын қамтамасыз ететін қосымша жабындары болатын материалдардан қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда, оттан қорғау тиімділігі осы қабат ескеріліп көрсетілуі керек.


261. Оттан қорғау құралдарын қолдану саласы және оттан қорғау тиімділігін бағалау әдістері стандарттау жөніндегі құжаттардың, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталуы тиіс.

6-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларына және инженерлік жабдығына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
1-бөлім. Құрылыс конструкцияларына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

262. Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс элементтерінің конструкциялық орындалуы ғимарат пен құрылыс бойынша жалынның жабық түрде таралу себебі болмауы тиіс.


Құрылыс конструкцияларының өзара бекітілген және біріктірілген тораптарының отқа төзімділік шегі түйісетін құрылыс элементтерінің қажетті отқа төзімді минималды шегінен кем болмауы тиіс.


263. Функционалдық қауіптілігі Ф2 сыныбының ғимараттары мен құрылыстарының үй-жайларында еден еңістігі пайда болатын конструкциялық элементтер осы ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарының арасындағы аражабындарға қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.


264. Қоршайтын құрылыс конструкцияларының кабельдермен, құбыр желілерімен және басқа технологиялық жабдықпен қиысатын тораптарының осы конструкциялар үшін белгіленген қажетті шектерден төмен болмайтын отқа төзімділік шектері болуы керек.


265. Ғимараттар мен құрылыстарда электр электр кабельдері мен өткізгіштерді төсеу үшін көлденең және тік арналардың өрттің таралуынан қорғанышы болуы тиіс. Кабель арналарының, қораптардың және өткізгіштердің отқа төзімділік шегі нормаланған құрылыс конструкциялары арқылы өтетін жерлерде отқа төзімділік шегі осы конструкциялардың отқа төзімділік шегінен төмен емес кабель өткізгіштері көзделуі тиіс.


266. Оттан қорғау құралдарын олардың жағдайын кезеңдік тексеру, ауыстыру немесе қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жерлерде қолдануға жол берілмейді.


267. Аражабындар мен жабындардың отқа төзімділік шектерін арттыру үшін қолданылатын конструкциялық элементтердің отқа төзімділік шегі және өрт қауіптілік сыныбы осы аражабындар мен жабындардың отқа төзімділік шегіне және өрт қауіптілік сыныбына қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.


268. Оттың құрылыс конструкциялары бойынша таралу шегі стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес болатын әдістеме бойынша есептеумен анықталуы тиіс.


269. Аспалы төбелері болатын үй-жайлардағы өртке қарсы аралық қабырғалар олардың үстіндегі кеңістікті бөліп тұруға тиіс.


Аспалы төбелер үстіндегі кеңістікте жанғыш газдарды, ауаға шаң бөлетін қоспаларды, сұйық және қатты материалдарды тасымалдауға арналған арналар мен құбыр желілерін орналастыруға жол берілмейді.


270. Аспалы төбелерді жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы үй-жайларда қарастыруға жол берілмейді.

2-бөлім. Желдету, ауа баптау, түтіннен қорғау жүйелерінің жабдығына және олардың конструкцияларына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

271. Әртүрлі қолданыстағы желдету жүйелерінің түтінге қарсы желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа арналар, жинағыштар, шахталар) ауа арналары мен арналарының конструкциялары отқа төзімді болуға және жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс.


272. Қоршайтын құрылыс материалдарының желдету жүйелерінің отқа төзімді арналарымен және тіреулер конструкцияларымен (аспалар) қиысатын тораптарының осы арналар үшін қажетті шектерден кем болмайтын отқа төзімділік шегі болуы керек. Отқа төзімі ауаарналар конструкциясының ажырайтын жалғануларын (оның ішінде ернемектік) тығыздау үшін, жанбайтын материалдарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.


273. Өртке қарсы қалыпты ашылатын клапандар автоматты және қашықтан басқарылатын жетектермен жабдықталуға тиіс. Жылу сезгіш элементтерді осындай жетектер құрамында пайдалануды қайталанатындар ретінде ғана қарастырылады.


Өртке қарсы қалыпты жабылатын және түтіндік клапандар үшін жылу сезгіш элементтері болатын жетектерді қолдануға жол берілмейді.


Әртүрлі типтегі өртке қарсы және түтіндік клапандардың конструкцияларының бір-біріне жанасу тығыздығы түтін-газ өткізуге минималды қажетті қарсылығын қамтамасыз етуі тиіс.


274. Тартымды табиғи түрде қозғалтатын сору желдетуінің түтіндік люктерін механикалық жүктемеге (оның ішінде қар және жел) шыдау үшін қажетті тарту күштерін қамтамасыз ететін жетектермен (жылу элементтерін қайталау мүмкіндігімен) автоматты және қашықтан басқаруды қолдану керек.


275. Ғимараттар мен құрылыстардың түтінге қарсы қорғау жүйелерінің сору желдеткіштері адамдарды эвакуациялау (эвакуациялау жолдарында адамдарды қорғау кезінде) үшін қажетті уақыт ішінде немесе өрттің белең алатын және сөндіретін (өрт қауіпсіз аймақтарда адамдарды қорғау кезінде) барлық уақыт көлемінде жоғары температуралы жану өнімдерін тарату кезінде жұмыс қабілеттілігін сақтауы тиіс.


276. Өртке қарсы түтін-газ өткізбейтін есіктер олардың қажетті отқа төзімділік шегі кезінде қажетті түтін-газ өткізуге қарсылық мәндерін қамтамасыз ететін бір-біріне жанасу орындарында тығыздау тораптарымен жабдықталуы керек.


277. Түтінге қарсы қалқалар (перделер, шымылдықтар) автоматты және қашықтан басқарылатын жетектермен (жылу элементтерінсіз) жабдықталуға және үй-жайда өрт болған кезде пайда болатын түтін қабатының қалыңдығынан кем болмайтын шығарылымның жұмыстық ұзындығымен жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс.


278. Желдету, ауа баптау және түтінге қарсы қорғау (оның ішінде отқа төзімділік және түтін-газ өткізуге қарсылық шектері) жүйелері параметрлерінің нақты мәндері сынау нәтижелері бойынша белгіленуі керек.


279. Сынауды өткізу әдістері осы Техникалық регламентке 19-қосымшаның 18-тармағында келтірілген стандарттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3-бөлім. Қоқыс жою жүйелерінің жабдығына және олардың конструкцияларына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

280. Қоқыс жинайтын жүйе ұңғымалары жанбайтын материалдардан дайындалып, отқа төзімділіктің және түтін-газ өткізуге қарсылықтың қажетті шектерін қамтамасыз етуі тиіс.


Қоқыс жинайтын жүйе ұңғымалары конструкциясының құрамында өрт кезінде жарылыс тәрізді қирауға бейім материалдарды қолдануға жол берілмейді.


281. Қоқыс жинау ұңғымаларының жүктеу клапандары жанбайтын материалдардан орындалуға және түтін-газ өткізуге қарсылықтың қажетті мәндерін қамтамасыз етуі тиіс.


282. Қоқыс жинау ұңғымаларының қоқыс жинайтын камераларында орнатылған сұқпажапқыштар өрт кезінде өздігінен жабылатын жетектермен жабдықталуы керек. Сұқпажапқыштардың қажетті отқа төзімділік шектері қоқыс жинау ұңғымалары үшін белгіленген шектерден кем болмауы тиіс.


283. Қоқыс жинау жүйелерінің конструкциясы мен жабдығы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4-бөлім. Лифтілерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

284. Лифтілер мен лифтілердің қауіпсіздігінің құрылғылары "Лифтілердің қауіпсіздігі" Кеден одағының Техникалық регламентінің (КО ТР 011/2011) талаптарына сәйкес болуы қажет.


285. Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілер (бұдан әрі – өрт сөндіру лифтілері) әр түрлі қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды инженерлік жабдықтау кешенінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің адамдарды құтқару, табу және өртті сөндіру бойынша жұмыстарды орындау үшін, әр түрлі қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) қабаттарына орын ауыстыруын қамтамасыз ететін өрт-техникалық құралдарының бір түрі болып табылуы тиіс.


286. Өрт сөндіру лифтілері:


1) биіктігі 75 метрге дейін қоса алғанда функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 сыныпты ғимараттардың, биіктігі 50 метрге дейін қоса алғанда функционалдық өрт қауіптілігі өзге сыныптардағы ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ екі қабаттан астам көп қабатты жерасты кеңістігінде өрт сөндіру бөлігінде біреуден;


2) биіктігі 75 метрден астам функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 сыныпты ғимараттардың, биіктігі 50 метрден астам функционалдық өрт қауіптілігі өзге сыныптардағы ғимараттар мен құрылыстардың өрт сөндіру бөлігінде екеуден кем емес көзделуі тиіс.


287. Өрт сөндіру лифтілері үшін, негізгі төмен түсіру қабаты ретінде ғимаратқа негізгі кіретін жердегі қабат қабылдануы керек.


Биіктігі 50 метрден астам ғимараттарда лифт холына біріктірілген басқа қолданыстағы лифтілер тобының құрамында өрт сөндіру лифтілерін орналастыруға жол берілмейді.


288. Өрт сөндіру лифтілері шахталарының түтінге қарсы сорып желдету жүйелері жер үстінде орналастырылған автономды желдеткіштердің негізгі темен түсіру қабаты деңгейінен сыртқы ауа берумен әрекет етуі тиіс.


289. Өрт сөндіру лифтілерін ғимараттың жер үстіндегі және жер астындағы бөліктеріне бірге қызмет көрсету үшін ғимараттың барлық биіктігінде қолдануға рұқсат етіледі.


Жер үсті бөлігінің әрбір қабатындағы өрт сөндіру лифтілері шахталарының есіктері отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ60 өртке қарсы болуға және жабылғанда тығыздаулармен жабдықталуы керек.


Әрбір жерасты қабатындағы өрт сөндіру лифтілеріне кіретін жерлер өрт сөндіру лифтісінің кабинасындағы "өрт қаупі" режимі кезінде қашықтан басқару болатын түтінге қарсы сорып желдетудің автономды жүйесі қызмет көрсететін тамбур-шлюздар арқылы қарастырылуы керек.

4-тарау. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету

290. Объектілер мен тыныс-тіршілік өнімінің (процестерінің) осы Техникалық регламентке сәйкестігі оның талаптарын тікелей орындаумен және Техникалық регламентке 18-қосымшада келтірілген Қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты стандарттар тізбесімен қамтамасыз етіледі.


291. Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын және техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі Техникалық регламентке 19-қосымшада келтірілген.

5-тарау. Сәйкестікті растау

292. Құрылыс конструкцияларының (оның ішінде ойықтарды толтыру конструкцияларының), сондай-ақ құрылыс материалдарының (оның ішінде өңдеу) өрт қауіптілігі көрсеткіштерінің сәйкестігін растау міндетті сертификаттау нысанында жүргізіледі.


Сертификаттауды сәйкестікті растау жөніндегі орган Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-нқ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 23364 болып тіркелген) Сәйкестікті бағалау қағидаларына сәйкес сертификаттау схемалары бойынша жүргізеді.

6-тарау. Ауыспалы кезең

293. Қазақстан Республикасының аумағында ережелері осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына қатысты бөлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің күші сақталады.


294. Осы Техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жарамды.


295. Өнімнің сәйкестігін бағалау туралы бұрын берілген құжаттардың қолданысы кезеңінде айналымға шығарылған өнімді дайындаушының белгілеген қызмет мерзімі және (немесе) осы өнімді пайдалану мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы аумағында айналымына жол беріледі.



"Өрт қауіпсіздігіне
қойылатын жалпы талаптар"
техникалық регламентіне
1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет