3-тарау. Технологиялық орталардың өрт қауіптілігін жіктеу және оның көрсеткіштері
28. Өрт-жарылыс қаупі мен өрт қаупі бойынша технологиялық орталарды жіктеу технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіз параметрлерін белгілеу үшін қолданылады.
29. Технологиялық орталардың өрт қауіптілігі технологиялық процесте қолданылатын заттардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерімен және технологиялық процесс параметрлерімен сипатталады.
30. Технологиялық орталардың құрамына кіретін заттардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін анықтау әдістері осы Техникалық регламенттің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
31. Өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша технологиялық орталар мынадай топтарға бөлінеді:
1) өрт қауіпсіз;
2) өрт қауіпті;
3) өрт-жарылыс қауіпті;
4) жарылыс қауіпті.
32. Технологиялық орталардың өрт-жарылыс қауіптілігі көрсетілген орталардың (технологиялық жүйеде қолданылатын шикізат заттары мен материалдарының, шала өнімдері мен өнімдерінің) физикалық-химиялық қасиеттері мен параметрлеріне байланысты өрттің және (немесе) жарылыстың туындау және (немесе) даму мүмкіндігімен анықталады.
33. Технологиялық орталарды өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша топтарға жатқызу тәртібі осы Техникалық регламенттің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
4-тарау. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу
34. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу көрсетілген аймақта өрт-жарылыс қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін параметрлері бар электр-техникалық және басқа жабдықты таңдау үшін қолданылады.
35. Аймақтарды өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті аймақтарға жатқызу тәртібі және осы аймақтардың сыныбын анықтау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – № 230 бұйрық) талаптарына сәйкес анықталады.
36. Өрт қауіпті аймақтар мынадай сыныптарға бөлінеді:
1) П-І – тұтану температурасы 61оС жоғары жанғыш сұйықтықтар қолданылатын үй-жайларға орналасқан аймақтар;
2) П-ІІ – тұтанудың төменгі концентрациялы шегі ауа көлеміне 65г/м3 артық жанғыш газдар немесе талшық бөлетін үй-жайлардағы аймақтар;
3) П-IIa – қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайлардағы аймақтар;
4) П-ІІІ – тұтану температурасы 61оС жоғары жанғыш сұйықтықтар немесе қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайларға орналасқан аймақтар.
37. Жарылыс қауіпті аймақтар, жарылыстан қорғау деңгейі бойынша электр жабдығы, сондай-ақ жарылыстан қорғалған электр жабдығын таңбалау "Жарылыс қауіпті орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы Техникалық регламентінің (КО ТР 012/2011) талаптарына сәйкес айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |