9-тарау. Басқыштар және басқыш шабақтарын өрт-техникалық жіктеу
71. Басқыштар мен басқыш шабақтарын көлемді-жоспарлы және конструкциялық шешіміне қойылатын талаптарды анықтау үшін, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау жолдарында оларды қолдануға қойылатын талаптарды регламенттеу үшін жіктеледі.
72. Өрт кезінде адамдарды ғимараттар мен үй-жайлардан эвакуациялауге арналған басқыштар мынадай типтерге бөлінеді:
1) 1 типті – басқыш шабақтарында орналасқан ішкі басқыштар;
2) 2 типті – басқыштың іштей ашылуы;
3) 3 типті – басқыштың сырттай ашылуы.
73. Өртті сөндіру және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін мынадай типті сыртқы өрт басқыштары қарастырылуы тиіс:
1) П1 – шатырға шығу кезінде, ауданы болатын, 2,5 м биіктіктен басталатын, ені 0,7 м тік болат басқыштар;
2) П2 – кем дегенде 8 м сайын ауданы болатын және тұтқалары бар, жер деңгейінен 2,5 м биіктіктен басталатын, ені 0,7 м, көлбеуі 6:1 артық емес болат марш басқыштар.
74. Өрт кезінде түтіндеп кетуден оларды қорғау дәрежесіне қарай басқыш шабақтары кәдімгі және түтінделетін болып бөлінеді.
Кәдімгі басқыш шабақтары жарықтандыру тәсіліне қарай мына типтерге бөлінеді:
1) Л1 – әр қабаттағы сыртқы қабырғалардағы әйнектеу немесе ашық ойықтар арқылы табиғи жарықтандыруы болатын басқыш шабақтары;
2) Л2 – әйнектеу немесе жабындағы ашық ойықтар арқылы табиғи жарықтандыруы болатын басқыш шабақтары.
75. Өрт кезінде түтіндеп кетуден қорғау тәсіліне қарай түтінделмейтін басқыш шабақтары мына типтерге бөлінеді:
1) Н1 – ашық өтпелермен (лоджиялармен немесе балкондармен) түтіндемейтін сыртқы ауа аймағы арқылы қабаттан саты торына кіру жолы бар саты торлары;
2) Н2 – өрт болған кезде басқыш шабағына ауа тіреуі болатын саты торлары;
3) Н3 – үнемі немесе өрт кезінде ауа тіреуімен қамтамасыз етілетін тамбур-шлюзы арқылы әр қабатта оларға кірісі болатын саты торлары.
|
"Өрт қауіпсіздігіне
қойылатын жалпы талаптар"
техникалық регламентіне
2-қосымша
|
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |