№
р/с
|
Тексерілетін мәселе
|
Орындау туралы белгі
|
орын-далды
|
орын-далмады
|
1.
|
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын сақтау.
|
|
|
2.
|
Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдану.
|
|
|
3.
|
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
|
|
|
4.
|
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз ету.
|
|
|
5.
|
Алдағы уақытта пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзу.
|
|
|
6.
|
Белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберу.
|
|
|
7.
|
Қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбау.
|
|
|
8.
|
Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсыну.
|
|
|
9.
|
Авариялардың, инциденттердiң туындау себептерiне талдау жүргiзуге, қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнiң және олардың зардаптарының алдын алу және жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру.
|
|
|
10.
|
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк факторлардың туындауы туралы дереу хабардар ету.
|
|
|
11.
|
Авариялардың, инциденттердің есебiн жүргiзу.
|
|
|
12.
|
Мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындау.
|
|
|
13.
|
Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеу.
|
|
|
14.
|
Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерi, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсыну.
|
|
|
15.
|
Қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру.
|
|
|
16.
|
Мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсыну.
|
|
|
17.
|
Өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету.
|
|
|
18.
|
Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялау.
|
|
|
19.
|
Жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз ету.
|
|
|
20.
|
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз ету.
|
|
|
21.
|
Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасу немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құру.
|
|
|
22.
|
Авариялардың, инциденттердiң салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшiн материалдық және қаржылық ресурстар резервiн ұстау.
|
|
|
23.
|
Қызметкерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария, инцидент бола қалған жағдайдағы қорғану әдiстерi мен iс-қимылдарын үйрету.
|
|
|
24.
|
Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария, инцидент бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және iс-қимылды қолдау жүйелерiн құру мен олардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
|
|
|
25.
|
Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне қауiптi заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулiк бұрын хабарлау.
|
|
|
26.
|
Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыру.
|
|
|
27.
|
Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергiлiктi жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк инспекторымен келiсу.
|
|
|
28.
|
Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде мемлекеттiк инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзу.
|
|
|
29.
|
Аварияларды жою жоспарының болуы, оның мазмұны.
|
|
|
30.
|
Оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар өткізу.
|
|
|
31.
|
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге құқық беретін аттестаттың болуы.
|
|
|