Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»



бет2/4
Дата14.06.2016
өлшемі486.5 Kb.
#136116
1   2   3   4

___________________________




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2011 жылғы « 11 » ақпандығы

№ 46 бұйрығымен

бекітілген


Нысан


Өрт қауіпсіздігі саласындағы

тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган________________________________


Тағайындау туралы акт________________________________________________

(№, датасы)

Тексеріс өткізу уақыты________________________________________________
Тексеру мезгілі_______________________________________________________
Ұйым атауы__________________________________________________________
Объект атауы ________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _______________________________________________
СТН________________________________________________________________

ИИН/БИН (оның барында)







р/с

Тексерілетін мәселе

Орындау туралы белгі

орын-далды

орын-далмады

1. Ұйымдастыру іс-шаралары

1.

Мынадай:

1) сөндіру үшін әр түрлі өрт сөндіргіш құралдары қолданылатын заттар мен материалдарды сақтаудың белгіленген тәртібінің болуы;







2) өрт кезінде адамдарды ғимараттан немесе құрылыстан эвакуациялау қауіпсіздігіне кепілдік беретін мәндерге дейін олардың ғимараттардың немесе құрылыстардың ішіндегі санын шектеу бойынша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар.







2.

Әрбір ұйымда олардың өрт қауіптілігін, өртке қарсы режимді белгілейтін, тиісті бұйрығының немесе нұсқаулығының болуы, оның ішінде:

1) ашық отты пайдалану тәртібін және қауіпсіздік шараларын анықтау;







2) темекі шегуге арналған орынды анықтау және жабдықтау;







3) өрт сөндіретін автомашиналардың объектіге өту тәртібін анықтау;







4) үй-жайда бір мезгілде болатын шикізат, шала өнімдер және дайын өнімдердің орнын және рұқсат етілген мөлшерін анықтау;







5) жанғыш қалдықтар мен шаңды жинау, май болған арнайы киімді сақтау тәртібін белгілеу;







6) өрт жағдайында және жұмыс күні аяқталған кезде, электр жабдықтарын токсыздандыру тәртібін белгілеу;







7) уақытша отты және басқа өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеу;







8) үй-жайды жұмыс аяқталғаннан кейін қарап шығу және жабу тәртібін реттеу;







9) жұмыскерлердің өртті байқаған кездегі әрекеттерін реттеу;







10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқамадан өту тәртібі және мерзімі және өрт-техникалық минимум бойынша оқытуларды анықтау, сондай-ақ оларды өткізуге жауапты тұлғалар тағайындау.







3.

Әрбір жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті учаске (шеберхана, цех) үшін өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтың болуы.







4.

Өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарының (схемасының) болуы.







5.

Жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың (бұйрықтар, міндеттемелер, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар журналы) және өрттен қорғау жүйесін пайдалану үшін, электр шаруашылығы үшін, өрт автоматикасы үшін, алғашқы өрт сөндіру құралдарының сақталуы және іс-әрекеттерге дайындығы үшін жауапты тұлғалардың болуы.







6.

Адамдар жаппай жиналатын қоғамдық және өндірістік ғимараттарда, ұйымдарда, жарылыс, өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В санатты ғимараттар (құрылыстар), сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар орналастырылған аумақтарда өрт-техникалық комиссиясы мен өртке қарсы ерікті құрамаларының болуы.







2. Аумақты ұстау

7.

Өрт сөндіру автомобильдерінің:




1) екі бойлық жақтан - биіктігі 28 м және одан артық (9 қабат  және одан артық) көп пәтерлі тұрғын үйлердің ғимараттарына, биіктігі 18 м және одан артық (6 және одан артық қабатты) адамдар тұрақты тұратын және уақытша келетін өзге ғимараттарға, көрсетілім жасалатын және мәдени-ағарту мекемелерінің, халыққа қызмет көрсету ұйымдарының, жалпы білім беру ұйымдарының, стационарлық типті емдеу мекемелердің, мекемелерді басқару органдарының ғимараттарына;










2) барлық тараптардан - көп пәтерлі тұрғын үйлердің, жалпы білім беру мекемелерінің, балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, стационары бар емдеу мекемелерінің, ғылыми және жобалық ұйымдардың, мекемелерді басқару органдарының бір секциялы ғимараттарына кіреберіс жолдарының болуы.







8.

Өндірістік объектілердің ғимараттарына, құрылымдары мен құрылыстарына олардың бүкіл ұзына бойына өрт сөндіру машиналарының:

1) бір жағынан - ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың ені 18 м артық болмаған жағдайда;







2) екі жағынан - ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың ені 18 м артық болған жағдайда, сондай-ақ аулалар тұйықталып және жартылай тұйықталып салынған жағдайда;







3) жан-жағынан құрылысының ауданы 10 мың м 2 артық немесе ені 100 м артық өндірістік объектілер ғимараттарына өрт сөндіру техникасының кіреберіс жолдарының болуы.







9.

Азаматтардың бау-бақ, бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестік аумағында барлық бақша учаскелеріне, біріккен топтарға және жалпы пайдаланылатын объектілерге өрт сөндіру техникасының кіреберіс жолының болуы.







10.

Өлшемі 5 га артық алаңдары болатын өндірістік объектілерде (алаң өлшемдеріне қарамастан, жалпы тораптағы автомобиль жолдарына немесе қойманың немесе кәсіпорынның кіре беріс жолдарына шығатын екеуден кем болмайтын шығатын жолы болатын, I және II санатты мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларын қоспағанда) екеуден кем болмайтын шығу жолының болуы.







11.

Өндірістік объектінің 1 мың м артық болатын алаң бетінің өлшемі және осы бетте оны көше немесе автомобиль жолдары жағынан орналастыру кезінде, алаңға келетін екеуден кем болмайтын шығу жолының болуы.







12.

Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтыққа қойылатын талаптарды сақтау (уақытша құрылыстарды, ғимараттарды салу).







13.

Аумақты ұстау, жарықтандырылуы (жанғыш қалдықтардың, қоқыстың, түскен жапырақтардың, жанған қоқыстың және өзге де жанғыш материалдардың болмауы).







14.

Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды ұстау, техникалық жай-күйі, пайдалану (жылына кемінде екі рет тексеру, люктер қысқы уақытта қардан, мұздан тазартылуы және жылытылуы қажет).







15.

Өрт техникасының өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне өтуінің қамтамасыз етілуі.







16.

Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері орналасқан орындардың нұсқағыштармен қамтамасыз етілуі.







17.

Түнгі мезгілде аумақтарды, ғимараттарды, су көздеріне түнгі мезгілде өту жолдарын жарықтандырудың болуы.







18.

Объектіде мұнай өнімдері бар резервуарлық парктер болған жағдайда мынадай талаптарды қамтамасыз ету:







1) көршілес объектілерге дейін өртке қарсы аралықтарды сақтау;







2) өндірістік объектінің мұнай өнімдері, сұйытылған ыстық газдар, улы заттар болатын резервуарлық парктері өндірістік объектінің ғимараттарына, құрылымдарына және құрылыстарына қатысы бойынша барынша төменгі белгілеріне орналастыру және жанбайтын материалдардан орындалған үрленетін дуалмен қоршалған болуы тиіс (жер бедері ескеріліп);







3) резервуарларда авариялар кезінде төгілген сұйықтықтың ғимараттарға, құрылыстар мен құрылымдарға таралып кетуін болдырмау шараларын орындау;







4) өндірістік объектілердің мұнай өнімдерін ыдыста сақтау алаңдарының периметрі бойынша тұйықталған үйіп көму құрылғысы немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғаларының болуы;







5) тұйықталған жерде үйіп көму немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғалары жер үстіндегі резервуарлардың әрбір тобының жеке тұрған резервуарларының периметрі бойынша қарастырылған және жайылып кететін сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген болуы;







6) әрбір резервуарлар тобының топырақ үйіндісінің немесе қоршау қабырғасының биіктігінің, резервуарлар қабырғасынан бастап үйіндінің ішкі еңістерінің табанына дейінгі немесе қоршау қабырғаларына дейінгі арақашықтықтың сәйкестігі;







7) эстакадалар арқылы, жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын алаң ішіндегі транзиттік құбыр желілері, жанғыш материалдардан жасалған, жеке тұрған бағаналар мен тіреулер, сондай-ақ отқа төзімді I және II деңгейлі ғимараттарды қоспағанда, ғимараттардың қабырғалары мен төбелері арқылы өндірістік объект аумағында жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыруға жол бермеу;







8) галереяларда - жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын құбыр желілерін, егер осы өнімдерді араластыру жарылыс немесе өртті тудыратын болса, жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыруға жол бермеу;







9) жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын құбыр желілерін - жанатын жабындар мен қабырғалар бойынша, жарылыс өрті және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы ғимараттардың жабындары мен қабырғалары бойынша жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыруға жол бермеу;







10) жанғыш газдардың газ құбырлары - қатты және сұйық жанғыш материалдар қоймаларының аумағы бойынша жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыруға жол бермеу;







11) жеке тіреулер мен эстакадаларда қойылатын жанғыш сұйықтықтарға арналған жер үстіндегі құбыржол желілерін ойықтары болатын ғимарат қабырғаларынан 3 м кем болмайтын және ойықтары болмайтын ғимарат қабырғаларынан 0,5 м кем болмайтын арақашықтықта орналастыруды қамтамасыз ету;







12) өндірістік объектінің ғимараттарының, құрылыстары мен құрылымдарының астынан жанғыш сұйықтықтары бар сыртқы желілерді орналастыруды болдырмау.







19.

Автоқұю станцияларын орналастыру кезінде өртке қарсы қашықтықтарға сәйкестігі.







20.

Сұйылтылған көмірсутекті газдарымен резервуарлары бар объектілерді орналастыру кезінде өртке қарсы қашықтықтарға сәйкестігі.







3. Ғимараттар мен құрылыстарды ұстау

21.

Ғимараттардан, үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдарының саны және олардың жобалық шешімдерге сәйкестігі.







22.

Эвакуациялау жолдарының жай-күйі (қабырғалардың, едендердің, төбелердің жанатын қаптамасы; жарықтандырылуы, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарының өлшемдері мен көлемдік-жоспарлау шешімдері, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы; эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарының үйіп тасталуы, авариялық және эвакуациялық жарықтың болуы, көпшілік адамдар болатын үй-жайларда кілемдердің, кілем алашалардың және өзге де еден төсеніштерінің еденге сенімді бекітілуі).







23.

Есіктердің ашылу бағыты.







24.

Эвакуациялық шығу жолдары есіктерінде ғимарат ішінде болатын адамдардың тиектерді ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі.







25.

Көпшілік адамдар болатын объектілерде электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, қызмет көрсететін қызметкерде электрлік қолшамдардың болуы.







26.

Эвакуациялау жолдарында жанған кезде жанғыш және уытты өңдеу материалдарының, кілемдердің және үстіңгі жағынан жануды тез таратуға қабілетті басқа да еден төсеніштерінің болмауы.







27.

Саты торларының баспалдақтарының астында қойма және өзге де үй-жайлардың болмауы.







28.

Саты торының жертөле мен шатырдан оқшаулануы.







29.

Құрылыс құрылымдарының оттан қорғау жабындарының болуы және олардың жай-күйі.







30.

Жертөлеге немесе шатырға апаратын есіктер мен люктердің жай-күйі.







31.

Жертөлелердің, шатырлардың, техникалық үй-жайлардың жай-күйі және оларды пайдалану.







32.

Жертөлелер терезелері мен шұңқыршаларына (мекеменің қоймалық үй-жайларын, кассаларын, қару тұратын бөлмелерін, құпия бөлімдерін қоспағанда) тұйық торлар орнатуға жол бермеу.







33.

Лифті холлдарында қоймалар, дүңгіршектер, дүкеншіктер орналастыруға жол бермеу







34.


Өрт жағдайында қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарды, лоджиялар мен галереяларды шынылауға жол бермеу.







35.

Ғимараттардың өндірістік және қоймалық үй-жайларында (отқа төзімділігі V деңгейлі ғимараттардан басқа) антресолдар мен бөлгіштер, қызмет көрсететін қосымша бөлмелерді, қамбалар, конторкаларды және басқа жанғыш материалдардан салынған құрамдас үй-жайларды орналастыруға жол бермеу







36.

Нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге жол бермеу.







37.

Балкондар мен лоджияларда есіктерді, люктерді, аралас секцияларға өтетін жерлерді және сыртқы эвакуациялау сатыларына шығуларды жиһазбен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйіп тастауға жол бермеу.







38.

Жертөлелер мен цоколдық қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозольдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға жол бермеу.







39.

Қабаттардағы дәліздерден, холлдардан, фойеден, тамбурлар мен басқыш шабақтарынан эвакуациялық шығулардың жобада қарастырылған есіктерін, эвакуациялау жолында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға жол бермеу.







40.

Өндіріс үдерістерінде жарылыс өрт қауіпті көрсеткіштері зерттелмеген материалдар мен заттарды қолдануға, сондай-ақ оларды басқа материалдармен және заттармен бірге сақтауға жол бермеу.







41.

Барлық өндірістік және қоймалық үй-жайлар үшін жарылыс өрті және өрт қауіптілігі санаттарын, сондай-ақ аймақтар класстарын үй-жайлар есіктерінде тиісті белгілермен анықтау.







42.

Жоғары өрт қауіптілігі болатын жабдықтың жанында қауіпсіздік белгілерінің болуы.







43.

Автоматты өрт сигналы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы құлақтандыру қондырғыларымен жабдықтау (қажет болған жағдайда).







44.

Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін ұстау, пайдалану (егер құрылыс нормалары мен ережелері бойынша талап етілсе), атап айтқанда:

1) өртке қарсы ішкі су құбырының өрт сөндіру крандарын 1,35 м биіктікте орнату, түтік құбырлар мен ұңғымаларды жинақтау, пломбаланатын өрт сөндіру шкафтарына орналастыру;







2) шкафтың есігінде әріптік "ӨК" индексін, жақын өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірін көрсету;







3) өрт сөндіретін түтік құбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған  және крандар мен ұңғымаларға жалғанған күйінде күтіп ұстау;







4) сорғы стансасының үй-жайларында өртке қарсы сумен жабдықтаудың жалпы сұлбасы мен сорғыларды байлау сұлбасының болуы;







5) әрбір ысырмада және өрт сөндіргіш сорғы-көтергіште олардың тағайындалымын көрсету;







6) кәсіпорынның электрмен жабдықтауы өрт сөндіру сорғыларының электр қозғалтқыштарының үздіксіз қоректенуін қамтамасыз ету.







45.

Жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы.







46.

Объектінің өртке қарсы қабырғалары мен далдаларының отқа төзімділік дәрежесі бойынша сәйкестігі.







47.

Ғимараттарды, құрылымдарды, өрт сөндіру бөліктерін, сондай-ақ функционалдық өрт қауіптілік кластары әр түрлі үй-жайлар бөліктерін өзара отқа төзімділік шектері және құрастырылымдық өрт қауіптілік кластары нормаланған қоршау құрастырылымдарымен немесе өртке қарсы кедергілермен бөлу.







48.

Өртке қарсы қабырғаларда ойықтарды өртке қарсы қақпалармен, есіктермен, люктермен және терезелермен толтырудың болуы.







49.

Объектіде қайта жоспарлау, функционалдық мақсатын өзгерту немесе жаңа жабдық орнату кезінде нормалар мен ережелердің талаптарын сақтау.







50.

Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың шатырында жарамды сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршауларының болуы.







4. Желдету қондырғылары

51.

Желдету жүйесінің жобалық шешімге сәйкестігі.







52.

Әр түрлі қолданыстағы желдету жүйелерінің түтінге қарсы желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа арналар, жинағыштар, шахталар) ауа арналары мен арналарының құрастырылымдары отқа төзімді болуы және жанбайтын материалдардан орындалуы.







53.

Өртке қарсы қалыпты ашылатын клапандарда автоматты және қашықтықтан басқарылатын жетектердің болуы.







54.

Қоршайтын құрылыс материалдарының желдету жүйелерінің отқа төзімді арналарымен және тіреулер құрастырылымдарымен (аспалар) қиысатын тораптарының осы арналар үшін қажетті шектерден кем болмайтын отқа төзімділік шегіне сәйкес болуы.







55.

Желдету жүйесінің жарамды жай-күйі.







56.

Желдету камераларын, циклондарды, сүзгіштерді, ауа арналарын жанғыш тозаңдардан және өндіріс қалдықтарынан тазалау.







57.

Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті өндірісі (қондырғылары) болатын үй-жайларда гидравликалық, құрғақ сүзгілер, шаң ұстайтын және желдету (шаң-тозаң соратын) жүйелерінің жарамды жай-күйі.







58.

Пневматикалық көліктің құбыр желілерінде және жергілікті сору жүйелерінің ауа арналарында кезеңдік қарау, тексеру және өрт туындаған жағдайда, оны сөндіру үшін тығыз жабылатын люктердің болуы.







5. Электр желілерін, электр қондырғыларын және электр-техникалық бұйымдарын пайдалану

59.

Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейі мен түрі белгісі болмайтын электр жабдығын қолдануға жол бермеу.







60.

Дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кабельдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын), сондай-ақ бүлінген немесе қорғаныш қасиеттері мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға жол бермеу.







61.

Бүлінген және бекітілмеген розеткаларды, шаппа қосқыштарды, басқа электрлік қондырғы бұйымдарын пайдалануға жол бермеу.







62.

Электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайларда қолдануға жол бермеу.







63.

Стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма өндірмелерді және ток күшінің көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға жол бермеу.







64.

Электрлік қалқандар, электр қозғалтқыштар және іске қосу аппаратурасы жанында жанғыш (оның ішінде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (қоймалауға) жол бермеу.







65.

Электр сымдары мен кабельдердің жалғаулары мен ұштарын оқшаулаусыз қалдыруға жол бермеу.







66.

Электр шамдары мен шырағдандарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шырағданның құрастырылымында қарастырылған қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынып қалған шырағдандарды пайдалануға жол бермеу.







67.

Егер олардың болуы дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында қарастырылған болса, электр үтіктерді, электр плиткаларды, электр шәйнектерді және басқа электрмен қыздырылатын аспаптарды өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректену цокольдері, қыздырғыш дөңгелектер) пайдалануға жол бермеу.







68.

Құрастырылымда қарастырылған жылу реттегіштер болмаған немесе бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға жол бермеу.







69.

Үй-жай ішіне ыстық кендір қабығын алмай, сауытпен қапталған кабельдерді төсеуге жол бермеу.







70.

Ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар жобада қарастырылған найзағайдан қорғайтын ақаусыз құрылғыларының болуы.







71.

Найзағайдан қорғау құрылғыларының жерге қосатын құрылғысының электрлік кедергісіне білікті мамандар немесе мамандандырылған ұйым жылына кемінде бір рет өлшеу жүргізген актінің болуы.







72.

Тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш газдар айналатын, сақталатын немесе қайта өңделетін ғимараттардың ішінде және ашық кеңістікте орналасқан технологиялық аппараттардың барлық металл құрастырылымдарын, сұйық қоймаларды, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдерін өткізгіштерді және басқа құрылғыларды қайта пайда болатын найзағайдан және статикалық электр зарядтарынан қорғау үшін қорғанышты жерге қосқышының болуы.







6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет

(егер объект «Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 қаулысының күшіне қатыстыболған жағдайда)



73.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру.







74.

Жай-күйі, техникалық жарақтануы және жауынгерлік дайындығы.







75.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет туралы ереже (саны, құрылымы, жұмыс режимі).







76.

Кәсіби дайындықты ұйымдастыру.







7. Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды жылыту жүйесі

77.

Жылыту жүйесінің жарамдылығы.







78.

Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың от жағатын есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған еденді пеш жанындағы оның ұзындығында орналасқан тесіктерсіз 0,5 х 0,7 м кем болмайтын өлшемдегі оттық алдындағы металл табақпен қорғау.







79.

Елді мекендерде ұйымдарды және тұрғын үйлерді жылыту үшін қолданылатын орталық от қазандықтарын пайдалану.







80.

Жылу генераторы аппараттарын (пешпен жылыту) пайдалану.







81.

Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларының түтіндік құбырларында ұшқын сөндіргіштердің болуы.







82.

Жанғыш заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың пештер оттығының саңылауларына дейін кемінде 1,25 м дейін және пештің басқа қыздырылатын бөліктеріне дейін кемінде 0,7 м арақашықтықта болмауы.







83.

Ауа арналардағы автоматты от тұтқыш құрылғылары (қалқалағыштар, сұқпа жапқыштар, клапандар), автоматты өрт сигналын беретін немесе өрт сөндіру құрылғылары болатын желдету жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдетуді автоматты сөндіру құрылғылары жай-күйінің жарамдылығы.







8. Өрт автоматикасын пайдалану

84.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қолы қойылған өрт автоматикасын пайдалануға қабылдау актісінің болуы.







85.

Өрттен қорғау жүйесінің техникалық құралдарына осы жұмыстарды орындау бойынша білікті мамандардың немесе шарт бойынша мамандандырылған ұйымдардың техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасын және регламенттелген жұмыстарды жүргізу мерзімдерін ескере отырып, жылдық жоспар-кестеге сәйкес жүргізуі.







86.

Өрттен қорғау жүйесінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын ала жөндеу, өрт автоматикасын пайдалану және алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын және жай-күйін тексеру бойынша жұмыстарды есепке алу жөніндегі арнайы журналдың болуы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет