2-тарау. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру
1-параграф. Білім басқармасының міндеттері
Білім басқармасы:
білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізуге арналған емтихан материалдарын бекітілген спецификацияларға сәйкес әзірлеу мен сараптауды;
10% резервтік материалдарды есепке ала отырып, білім алушылар санына сәйкес емтихан материалдарын тираждау және қаптауды;
білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру үшін емтихан материалдарын мектептерге өз уақытында жеткізуді;
емтихан материалдарын әзірлеу мен жөнелту кезінде құпиялылық пен қауіпсіздікті;
емтихан материалдары мен осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес емтихан бағасын және қорытынды бағаны қою ведомосінің электрондық формасын мектепке жіберуді;
білім алушылардың құрамы мен қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша ақпаратты жинақтау мен дайындауды қамтамасыз етеді.
Білім басқармасы қорытынды аттестаттауды өткізуге дейін және/немесе өткізгеннен кейін осы Нұсқаулыққа сәйкес білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты емтихан материалдарының қауіпсіздігін сақтау талаптарының іс жүзіндегі сәйкестігіне орай мектептерді тексереді және қажеттілігіне қарай мектептерге ұсыныс жасайды.
2-параграф. Мектептің міндеттері
Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау барысында мектеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен бекітілген құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Емтихан, аттестаттау және апелляциялық комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Мектеп:
Білім басқармасына осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес білім алушылардың құрамы мен таңдау пәндері бойынша тізімді жасап, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 2 айдан кешіктірмей жіберуді;
білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу барысында дәрігер/медбикелердің кезекшілігін ұйымдастыруды;
емтихан материалдарының қауіпсіздігін сақтауға арналған орын / кабинет, сондай-ақ білім алушылар санына сәйкес емтихандарды өткізуге арналған аудиторияларды дайындауды;
емтихан материалдары мен жұмыстарын 3 айдан кем емес уақытта сақтауды қамтамасыз етеді.
Сақтау мерзімі аяқталған соң емтихан материалдары мен жұмыстары жойылады.
Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізуге арналған аудиториялар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
әр білім алушыға арналған парта/орынның болуы, парта/орынның ортасынан келесі парта/орынның ортасына дейінгі ара қашықтық 1,25 метрден кем болмауы керек;
тиісті жарық, желдеткіш, дыбысоқшаулағыш және температуралық режимнің болуы;
әрбір білім алушының көру аймағында қабырға/электрондық сағаттың болуы;
тақтаның болуы;
қосымша кеңсе құрал-жабдықтарының болуы;
емтихан пәндері бойынша анықтамалық-танымдық ақпараттары бар стенд, плакат, әдебиеттердің жоқ болуы. Бар болған жағдайда оларды уақытша алып тастау немесе жауып қою керек.
Достарыңызбен бөлісу: |