Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулық


-параграф. Апелляциялық комиссияның міндеттері



бет5/8
Дата24.01.2024
өлшемі238.1 Kb.
#489618
1   2   3   4   5   6   7   8
5-параграф. Апелляциялық комиссияның міндеттері



  1. Апелляциялық комиссияның құрамына Апелляциялық комиссия төрағасы, сәйкес пәндер бойынша мектеп мұғалімдерінің арасынан тағайындалған апелляциялық комиссия мүшелері кіреді.

  2. Апелляциялық комиссия төрағасы келесі міндеттерді орындайды:

  1. апелляцияны өткізу кезінде тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

  2. апелляция басталар алдында апелляциялық комиссия мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

  3. осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша апелляциялық комиссия отырысының хаттамасына қол қояды;

  4. қабылданған шешім туралы аттестациялық комиссияны ақпараттандырады.

  1. Апелляциялық комиссия төрағасы аппеляция рәсімін ұйымдастыру мен өткізуге толықтай жауапты болады.

  2. Апелляциялық комиссия мүшелері келесі міндеттерді орындайды:

  1. нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күннің соңына дейін осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес білім алушылардан апелляцияға өтініштер қабылдайды;

  2. білім алушылардың тек қана нақты негізделген сұрақтары бойынша өтініштерін қарайды;

  3. қойылған балдар / бағалардың сәйкестігі туралы шешім қабылдайды. Тапсырмаларда техникалық қателер болған жағдайда білім алушылардың пайдасына шешім қабылдайды;

  4. апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын толтырады және қол қояды.

  1. Білім алушының өтініші бойынша апелляциялық комиссия мүшелері нақты шешім қабылдай алмаған жағдайда Апелляциялық комиссия төрағасы соңғы шешімді қабылдау құқығына ие болады.

  2. Апелляциялық комиссия шешімі емтихан және қорытынды бағаларды қою кезінде ескеріледі.

  3. Апелляциялық комиссия шешімі соңғы шешім болып табылады және қайта шағымдануға жатпайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет