Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулық


-параграф. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері



бет6/8
Дата24.01.2024
өлшемі238.1 Kb.
#489618
1   2   3   4   5   6   7   8
6-параграф. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері



  1. Білім алушылардың:

  1. емтихан кезінде дәліз кезекшісімен бірге аудиториядан шығуларына;

  2. жеке парта/орынмен, емтихан материалдарымен қамтамасыз етілулеріне;

  3. емтихан жұмысына қойылған нәтижеге келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланғаннан кейінгі келесі күні Нұсқаулықтың 10-қосымшасында бекітілген үлгіге сәйкес аппеляциялық комиссияға өтініш берулеріне құқықтары бар;

  1. Білім алушылар:

  1. осы Нұсқаулықта бекітілген тәртіп нормаларын сақтауға;

  2. емтиханға бөлінген уақыт аяқталғанда емтихан жұмысын тапсыруға міндетті.

  1. Білім алушыларға:

  1. емтиханда тыйым салынған заттарды қолдануларына (анықтама материалдары, ұялы телефон мен сыртқы байланысты, сақтау және деректерді іздеуді қамтамасыз ететін басқа да кез келген электрондық құрылғыларды, т.б.);

  2. сөйлесулеріне, орыннан орынға ауысып отыруларына, емтихан материалдарын алмастыруларына, көшірулеріне, аудиторияға шпаргалка алып кірулеріне, шпаргалка, оқулықтар мен басқа да әдістемелік әдебиеттерді қолдануларына тыйым салынады.

  1. Осы Нұсқаулықта бекітілген нормаларды бұзған жағдайда емтихан комиссиясының шешімімен білім алушы аудиториядан шығарылады, емтихан жұмысының нәтижелері күшін жояды.

Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып
білім алушыларының қорытынды аттестаттауын
өткізу тәртібі туралы Нұсқаулықтың
1-қосымшасы


Ерекше қажеттілігі бар білім алушыларды ерекше жағдайлармен қамтамасыз ету

1. Растайтын құжаттары болған жағдайда (дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы (бұдан әрі – ДКК), тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы (бұдан әрі – МӘС) немесе мамандандырылған медициналық ұйым анықтамасы) туа біткен немесе жүре пайда болған сырқаттары бар (уақытша еңбекке жарамсыздық, мүгедектік) білім алушылар үшін ерекше жағдай ұйымдастырылады.


2. Ерекше жағдайды қамтамасыз ету бойынша рәсімнің мақсаты – білім алушылар өздерінің жетістіктерін мойындай алулары үшін стандартталған бағалауға қажетсіз барлық кедергілерді жою. Әр пән үшін белгілі бір ерекше жағдайдың түрін таңдауға болады.
3. Ерекше жағдайды ұйымдастыру қағидалары:

    1. Нәтижелер жетістіктердің шынайы көрсеткіші болуы үшін барлық білім алушылар жалпы балл қою кестесіне сәйкес бағаланады.

    2. Ерекше жағдайды ұйымдастыру рәсімі басқа білім алушыларға қарағанда әділетсіз артықшылықтарды ұсынбауы қажет.

    3. Ерекше жағдайды ұйымдастыру рәсімі бағалау құзыреттілігіне күмән туғызбау керек, яғни кейбір пәндер бойынша шектеулер болады (мысалы, оқылым бағалау пәні болып табылатын емтихандарда білім алушы дауыстап оқып берушінің көмегін пайдаланбауы қажет).

    4. Білім алушыны ерекше жағдаймен қамтамасыз ету рәсімінің сәйкестігін мектеп анықтау қажет. Егер сәйкес болатын болса, білім алушының белгілі бір қажеттілігіне қатысты қандай ерекше жағдайдың түрі ұсынылатындығын анықтау керек.

    5. Барлық өтініштер жекелей тәртіппен қаралады.

    6. Білім алушы үшін ерекше жағдайды ұйымдастыруды мақұлдау туралы шешімді мектеп директоры қабылдайды.

  1. Ерекше жағдайдың түрлері:

4.1 Қосымша уақыт: емтиханды аяқтау үшін әрбір білім алушыға берілетін қосымша уақыт жалпы емтихан ұзақтығының 25 %-ын құрайды. Қосымша уақыттың саны емтихан соңындағы білім алушының жалпы жағдайының дәрежесіне қарай анықталады.
4.2 Оқып берушінің көмегі: білім алушыға сұрақтарды оқып беретін жауапты тұлға.
4.3 Хатшының көмегі: білім алушы үшін оның жауаптарын жазып беретін жауапты тұлға.
4.4 Демалу үшін бақылауға алынатын үзіліс: білім алушының демалуы үшін емтиханды тоқтату. Бұл уақыт емтихан ұзақтығына кірмейді.
Жұмысты орындауға тұрақты немесе уақытша қабілетсіздігі байқалатын білім алушылар бақылауға алынатын үзіліс алуға құқылы. Бақылауға алынатын үзілісті емтихан өтіп жатқан аудиторияда/ аудиториядан тыс жерде өткізуге болады.
4.5 Жекелеген кезекшілік: басқа білім алушылардың мазасын алмау мақсатында кезекшімен бірге білім алушыға қолжетімді жағдайлармен жеке кабинетте ұйымдастырылады.
4.6 Лупаларды қолдану: көру қабілеті бұзылған немесе көру арқылы қабылдауында қиындықтары бар білім алушыларға лупа/ұлғайтқыш әйнектерді қолдануларына рұқсат етіледі.
4.7 Түстердің атауы: түстерді айыра алмайтын білім алушылар аудитория кезекшілерінен түстердің атауын сұрай алады, бірақ кезекшінің қандай да бір қосымша ақпаратты айтуына болмайды.
5. Оқып берушінің көмегі келесі жағдайларда:

    1. Тұрақты немесе уақытша көруі бұзылған жағдайда;

5.2 Оқылым дағдысын (сөздерді дұрыс дыбыстау, оқу шапшаңдығы, түсіну) мектеп психологі, осы саладағы маман (мысалы, логопед) тексеріп, оқып берушінің көмегінің қажеттілігін растаған жағдайда ұсынылады.
6. Оқылым дағдысы тексерілетін емтихандарда оқып берушінің көмегі ұсынылмайды. Бұл жағдайда білім алушыға қосымша уақыт беріледі.
7. Оқып беруші мектеп мұғалімдерінің арасынан тағайындалады. Білім алушының пән мұғалімі, туыстары, достары мен құрбы-құрдастары оқып беруші бола алмайды.
8. Басқа білім алушылардың мазасын алмау үшін білім алушы оқып берушімен бірге емтиханды жеке кабинетте тапсырады. Оқып беруші кезекші ретінде әрекет ете алмайды, сондықтан жеке кезекші талап етіледі.
9. Оқып беруші:
9.1 Жаза алмайды, алайда білім алушыға бұл рұқсат етілсе, оқып беруші жазып та, оқып та бере алады.
9.2 Білім алушының сұрағы мен жауабы жазылғанға дейін қанша талап етілсе, сонша оқу керек.
9.3 Ешқандай сөздің мағынасын түсіндірмеуі керек.

  1. символдардың мәнін түсіндірмеуі қажет (мысалы, 22 екінің квадраты екі түрінде оқылмайды, ол тек символды көрсетеді).

  2. қай сұрақтарға жауап беру қажеттігін, келесі сұраққа қашан ауысу керектігін немесе сұрақтарға жауап беру реттілігін айтпауы қажет.

  3. Цифрлармен берілген сандарды оқуы қажет (мысалы, 252 – «екі жүз елу екі», бірақ оқу алдында оны көрсету керек). Цифрды сөзбен жазу керек жағдайдарда ғана бұлай жасауға болмайды (мысалы, «3675 санын сөзбен жазыңыз»).

  4. Сұрақтағы сөзді әріптеп оқу талап етілсе, оқи алады. Бірақ басқа жағдайдарда сөздерді әріптеп оқуға болмайды.

10. Хатшының көмегі келесі жағдайларда ұсынылады:
10.1 Білім алушы жазбаша жауапты басқа жолдармен ұсына алмайтын жағдайда кейбір белгілі бір пәндер бойынша хатшының көмегіне рұқсат етіледі.
10.2 Тұрақты физикалық еңбекке жарамсыздық немесе жарақаты бар, сондай-ақ жас ерекшелігіне қарай жазу шапшаңдығы (минутына жазатын сөзі) ортадан төмен немесе қосымша уақыт берілген жағдайда да жазуға үлгере алмайтын білім алушыларға хатшының көмегі рұқсат етіледі.

  1. Жазу дағды ретінде ескерілетін болса, білім алушыға сөздердің дұрыс жазылуы мен жазу үшін пунктуация айтылады. Сөз ағыны/жазбаша мәтінді қайта тыңдауға көмектесетін жазба жүргізуге болады. Жауаптан соң жазбаны қайта тыңдап, сөздің дәл жазылуын тексеруге мүмкіндік болады. Мұндай жағдайда 100 % қосымша уақыт талап етіледі.

  2. Хатшы мектеп мұғалімдерінің арасынан тағайындалады. Білім алушының пән мұғалімі, туыстары, достары мен құрбы-құрдастары хатшы бола алмайды.

  3. Білім алушы хатшымен бірге басқа білім алушылардың мазасын алмау үшін емтиханды жеке кабинетте тапсырады. Хатшы кезекші ретінде әрекет ете алмайды, сондықтан жеке кезекші талап етіледі.

  4. Хатшы:

14.1 Білім алушының айтқан сөздерін мұқият жазып алып отыру керек.
14.2 Оқып бере алмайды, алайда білім алушыға бұл рұқсат етілсе, хатшы жаза да, оқи да алады.
14.3 Білім алушының өтініші бойынша жазбаның бөлігін оқып бере алады, бірақ пікір білдірмейді.
14.4 Білім алушының нұсқауы бойынша сурет салуға немесе карта, диаграмма, сызба қосуы керек.
14.5 Жауап толық болмаса, іс жүзінде білім алушыға көмектеспеу немесе сыбырламау керек.
14.6 Қай сұрақтарға жауап беру қажеттігін, келесі сұраққа қашан ауысу керектігін немесе сұрақтарға жауап беру реттілігін айтпауы қажет.
Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып
білім алушыларының қорытынды аттестаттауын
өткізу тәртібі туралы Нұсқаулықтың
2-қосымшасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет