білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымша
Банктік кепілдік
____________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге: ______________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№ _________ кепілдік міндеттеме
______________________________ ___ ж. «___» _________________________
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын _______________________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
___________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған
Білім беру ұйымдарының білім алушыларын тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау конкурсына
қатысатындығынан және_______________________________________________
(көрсетілетін қызметтердің атауы)
қызмет көрсетуге әзір екендігінен хабардармыз.
________ ж. «___» __________________ жоғарыда аталған конкурсты
өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің
банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі
көзделген.
Осыған байланысты біз _________________________ осы арқылы өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша
талабыңызды, сондай-ақ өнім беруші:
конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін
конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғанын;
конкурс жеңімпазы деп танылған өнім берушінің қызмет көрсету
туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
қызмет көрсету туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада
белгіленген шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе)
енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағанын не уақтылы
орындамағанын жазбаша растауды алысымен__________________________ тең
(сомасы цифрлармен және жазбаша)
соманы Сізге төлеуге қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді
ашқан күннен бастап күшіне енеді және өнім берушінің конкурсқа
қатысуға конкурстық өтінімі қолданылатын соңғы мерзімге дейін
қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына
дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе
қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін
жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл
кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар
мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Күні
Басшының қолы __________________________________________________
(Т.А.Ә., қызметін көрсету)
М.О.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
____________________________________________________________
(банк атауы)
_______________ (күнін көрсету) жағдай бойынша Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi
банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп
шоттарының үлгі жоспарына сәйкес аталған Банк қызмет көрсететін
____________________________________________________________________
(заңды (жеке) тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн)
банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан көп
созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.
Күні
Басшының қолы __________________________________________________
(Т.А.Ә., қызметін көрсету)
М.О.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Конкурс туралы хабарландыру
(конкурсты ұйымдастырушының атауы, почталық және электрондық мекенжайлары)
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Қызмет:
___________________________________________________________________
(қызмет көрсету орны және оның көлемі, көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының толық тізбесі және оның саны, қызмет көрсетуге бөлінген сома көрсетіледі)
көрсетілуі тиіс.
Қызметті көрсету мерзімі _____________________________________.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық
әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын __________ жылғы
"____" ___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай
бойынша: _______, бөлме № __ сағат ____-дан ____-ге дейін және/немесе
___________________________________ интернет-ресурсынан алуға болады.
Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді
әлеуетті өнім берушілер _____________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауын көрсету керек)
мына мекенжай бойынша_____________________________________________
(толық мекенжайы, бөлменің № көрсету керек)
жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі (уақыты мен күнін көрсету керек)
дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер ___________ (уақыты
мен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша
___________________________________________________________________
(толық мекенжайы, бөлменің №, уақыты мен күні көрсетілсін)
ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады: ____________________________ (телефон нөмірін көрсету керек).
-
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына
-
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |