Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы



бет8/8
Дата29.06.2016
өлшемі398 Kb.
#165976
1   2   3   4   5   6   7   8

Конверттерді ашу хаттамасы


____________________                  _____________________
(өткізілетін орын)                       (уақыты мен күні)

Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты,лауазымы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді: (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

Мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға


өтінімдері (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті
өнім берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі) негізінде (ашылмау себебі көрсетілсін) ашылмай қайтарылды.

Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:


(конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы,мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімді беру уақыты)

ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушы


және комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат берген адамдарға жарияланған
___________________________________________________________________

(конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқтығы туралы ақпарат және конкурстық өтінімдер ашылған кезде жарияланған басқаақпарат)

қамтиды     

Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты (олар қатысқан жағдайда):

___________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының,


мүшелерінің және хатшысының Т.А.Ә., қолдары

  1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына

  2. 4-қосымша



Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама


____________________________________________________________
         (білім беру ұйымының атауы)

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау конкурсы


__________________________                  _________________________


   (өткізілетін орны)                            (уақыты мен күні)

 1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

___________________________________________________________________
              (конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

___________________________________білім алушыларды тамақтандыруды


ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі конкурсқа
қатысуға ________________________________________ өтінімдерді қарады.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге
дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім
берушілердің: _______________________________________________________

(конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық


өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы,
конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты көрсетіледі)

      конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық комиссия отырысының


барлық қатысушыларына жарияланған.

3. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер


конкурсқа қатысуға жіберілмейді: __________________________________

___________________________________________________________________


(себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері
қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері)

көрсетіледі: конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді,


Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметті берушіні таңдау қағидаларының 19-тармағына
сәйкес келмейді)

4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың


талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері ___________________.

              (барлық әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетіледі)

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді
қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға


жіберілсін: ________________________________________________________.

(конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім


                         берушілердің тізбесін көрсету)

2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін: __________________________________________________________________.


                  (конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)

      3. Конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің конкурстық


құжаттамаларын қарау орны, күні, уақыты ________________ белгіленсін.

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру


туралы хаттаманы комиссия отырысы күнінен бастап күнтізбелік екі
күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырады.

      Осы шешімге дауыс бергендер:


      Жақтаушы дауыс _______ (конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
      Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)

     


Конкустық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелері
мен хатшысының қолдары.


  1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына

  2. 5-қосымша

Конкурс қорытындылары туралы хаттама


____________________________________________________________
        (конкурстың атауы)

___________________________                   ____________________

(өткізілген орны)                           (уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: _____________________.
                             (конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

2. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері конкурсқа қатысуға


жіберілді: _________________________________________________________.

(рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету)


3. Конкурстық комиссия өлшемдерге сәйкес қарастыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

1) конкурстың жеңімпазы ретінде _________________________________


                   (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін,
                сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету)
танылсын;

2) конкурс _____________________________________________________


                             (конкурс атауы)
өткізілмеді деп танылсын.

Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарастыру


кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық
өтінімдер қабылданбаса, тиісті себебін көрсету;

3) Конкурсты ұйымдастырушы ___________________________________

      (әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жерін көрсету)

________________ жылға дейінгі мерзімде _____________________________

(конкурс жеңімпазының атауын көрсету)

      - мен орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды


ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасассын;

4) Конкурсты ұйымдастырушы ___________________________________

                           (конкурсты ұйымдастарушының атауын көрсету)

Осы шешімге дауыс бергендер:

Жақтаушы дауыс _______ (конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)

Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)

Конкустық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелері
мен хатшысының қолдары.


  1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына

  2. 6-қосымша


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету туралы үлгі шарты

______________________ «___» ____________ _______ ж.

(Өткізілетін орын)

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ___________________________  (Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы) атынан,_____________________ (лауазымы, басшының Т.А.Ә) бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын__________________________________атынан (өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы) ____________________________________(жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, Жарғы және т.б.) негізінде әрекет ететін____

__________________________________________( лауазымы, басшының Т.А.Ә) 
екінші тараптан, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 20___жылғы «___» _______ өткен көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) білім беру ұйымында білім алушыларды, оның ішінде білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.

2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

3) «Көрсетілетін қызмет» - өндіріс процессі және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну.

4) «Тапсырыс беруші» – орган немесе орта білім беру ұйымы.
5) "Өнім беруші" - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.

6) «Форс-мажор» - бақылауға бағынбайтын және Тараптардың қалауына тәуелді емес күтпеген сипаттағы оқиға. Мұндай оқиғалар табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды, мемлекеттік билік пен басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының шарт міндеттемелерін Тараптармен орындауға кедергі келтіретін шешімдерін қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол форс-мажорлық жағдайдын нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.

3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) техникалық тапсырма;

3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағиадаларының 64-тармағында көзделген жағдайларда енгiзеді.

5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.

6. Шарт бір жылға жасалады және өнім беруші тарапынан Шартты орындауда бұзушылықтар болмаған жағдайда белгіленген мерзім өткеннен кейін ұзартылады. Шарт конкурс өткізбей келесі қаржы жылына, бірақ екі реттен артық емес ұзартылады.

7. Өнім беруші қызметті көрсетуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы _____санда (балалар санын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

Ақы төлеу нысаны_______(аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.) 

8. Төлеу мерзімі_____________________________________________

9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:___________________(шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi немесе т.б.)

10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс. 

11. Өнім берушінің орта білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметін төлеуді көрсетілетін қызметті іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың ____ және ____ тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.

12. Біржолғы мектептік тамақтандырудың құны_____теңгені құрайды.

13. Өнім берушімен қызметті көрсету Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.

14. Өнім беруші тарапынан қызметті орындауды кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, қызметті уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.

15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсетпесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

16.  Шарт талаптарын бұзғаны үшін, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып,:

а) егер Өнім беруші қызмет бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.

17. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

18. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.

19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот, төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.

Ас әзірлейтін бөлік қызметкерлері конкурс кезеңінде ұсынылған қызметкерлеріне сәйкес келмесе Шартты бұзудың негізі болады.

21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.

23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.

24. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.

25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.

27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді. 

30. Осы Үлгі шарт орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті Тапсырыс беруші жүзеге асыру процессінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгертулер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Қнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.

Егер тегін тамақтандыруды алуға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.».

31. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:


Тапсырыс беруші

______________________________

(толық атауы)


Өнім беруші

____________________________ (толық атауы)


______________________________

(мекен-жайы)



______________________________

(мекен-жайы)



_________________________________

(телефоны, факс)



_________________________________

(телефоны, факс)


________________________________

(Т.А.Ә.)

________________________________

(Т.А.Ә.)


_______________________________

(қолы)


_______________________________

(қолы)


«___»_____________________ ____ж.

М.О.


«___»_____________________ ____ж.

М.О.



Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет