«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Шетел тілі» пәні бойынша оқу үдерісін жоспарлау



бет23/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Шетел тілі» пәні бойынша оқу үдерісін жоспарлау
Тақырып 5
Жоспар
1. Жаңартылған білім беру мазмұны жүйесі бойынша жоспарлау процесінің құрылымын және ерекшеліктері.
2. Бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.
3. Орта және жоғары сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Жоспар
1. Жаңартылған білім беру мазмұны жүйесі бойынша жоспарлау процесінің құрылымын және ерекшеліктері.
2. Бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.
3. Орта және жоғары сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Қолданылатын әдебиет:
  • Әдістемелік нұсқау хат «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы, 2019. – 441 б.
  • Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам. Пособие для учителя.- М.: АРКТИ, 2015. - 165 с.
  • Займолдина Ж.Г. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа амалдары»: әдістемелік құрал. - Ақтөбе: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының баспа бөлімі, 2017. -77 б.
  • Шабажанова С.К. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудың инновациялық бағдарлары: әдістемелік ұсыным. - Павлодар: ФАО «НЦПК «Өрлеу», 2017. - 66 б.

1-4-СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ
БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен біліктер бірте-бірте өсіп, дағдылар күрделеніп отырады;
- оқыту мен тәрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
- үштілді білім беруді іске асыру көзделген;
- пәндер бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттарының жүйесі берілген;
- пәндік білім, білік және дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға бағытталған: білімдерін функционалды және шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
- ортақ тақырыптардың болуы;
- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу».
Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары – әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және сөйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сөйлеу қызметін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік тәсіл болып табылады.
Тілдерді оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім алушылардың сөйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи жағдаяттар негізінде оқыту ортасын құру маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет