«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»



бет24/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Ұзақ мерзімді жоспар сыныптар және тоқсандар бойынша оқыту
мақсаттарын қамтиды.
Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің еркіне қарай өзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқу мақсаттары, сабақта
ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту әдістемесі бойынша), оқу ресурстары берілген.
Бастауыш сыныптарда сабақтың форматы оқыту процесінде білім
алушыларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдауын және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалауда пікірлерін айтуын, өзін бағалауды, өзара бағалауды және т.б. болып табылады.
Сабақтың міндетті элементі кері байланыс болуы тиіс, ол мұғалімнің білім алушыны қолдауға бағытталған іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік береді және білім беру процесін жетілдіруге себін тигізеді. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін өздігінен анықтайды.
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мұғалімге пәнаралық байланыстарды іске асыратын ортақ тақырыптарға көңіл аудару қажет.
Шетел тілі бағдарламалары білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы
тілді меңгертуге бағытталған:
- талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына
ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар;
- ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмыс жасау.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 66 сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;
3) 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;
4) 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
Бастауыш білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар шетел тілін
тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес А1 тілдік деңгейінде меңгеруі тиіс.
Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, саяхат, транспорт, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, аңыздар, зерттеушілер мен өнертапқыштар тақырыптарына байланысты
лексиканы меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет