«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


) іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету; 11)



бет26/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

10) іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;
11) әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану
5–9-СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ
БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Негізгі орта білім берудің «Ағылшын тілі», «Неміс тілі» және «Француз
тілі» оқу пәндері тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (Common
European Framework of Reference, CEFR) сәйкес шетел тілін негізгі орта білім
беру деңгейінде дайындауға бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты:
1) талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар;
2) кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмыс жасау
арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған.
Жаңартылған бағдарламалар білім алушылардың тілді шынайы өмір
жағдаятында қолданудың функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға
бағытталған. Оқытуға арналған жағдайлар өмірмен байланысты және оларға
түсінікті де таныс шындықты көрсетеді. Жаңартылған бағдарламалар ағылшын, француз және неміс тілін оқытуды тек лексикалық жиынтық, құрылымдық талаптар және тілді пайдаланудың коммуникативтік конвенцияларының дәрежесі шеңберінде ғана үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспект контекстке, қарым-қатынас жағдайына және коммуникацияға қатысушылар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас ережелеріне баса назар аудара отырып, тілдің барлық мүмкіндіктері мен бояуларын ашады. Лексикалық және грамматикалық материалды оқу білім алушының қандай да бір жағдайға өз көзқарасын зерттеу контексінде жатыр. Әдістер мен тәсілдер арқылы ойлау процестерін белсендіруді көздейтін белсенді оқыту тиімді және мақсатқа сай қолданылады. Бағдарламалардың әдебиеттер тізімімен шектелмейтінін, білім алушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес әртүрлі ресурстарды пайдалануға ұсынатынын атап өткен жөн.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұнына сәйкес келеді сонымен қатар, келесі тақырыптар оқытылады:
5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);
6-сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood;
7-сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters;
8-сынып – Entertainment and Media;
9-сынып – Charities and Conflict, Science and Technology.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет