«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар



бет27/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар.
5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасының білім алушыларға таныстығын алдын ала тексеру ұсынылады, сонымен қатар оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
6-сыныпта өтілген лексика мен грамматиканы қайталау және білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша 7-сыныпта грамматикалық тақырыптарды: шақ формаларын және сын есімдердің салыстырмалы шырайын қайталау ұсынылады, себебі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған тақырыптар өтілген болып саналады (2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар А1 high деңгейі бойынша оқиды, ағылшын тілінің Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар В1 low деңгейі бойынша оқиды). Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде
мәтіндер мен сөйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру ұсынылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған себептер бойынша білім алушыларға таныс емес грамматикалық құрылымдарға көңіл бөлген дұрыс. Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады.
8-сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау
ұсынылады. Сонымен бірге даралап оқыту технологиясын қолданған дұрыс.
Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады.
9-сыныпта коммуникативтік-мәдениетаралық құзыреттердің барлық
компоненттерін одан әрі дамыту жалғасады: грамматикалық және лексикалық
минимумдарды кеңейту, тілдік және сөйлеу дағдыларын нығайту, дискурстық
және әлеуметтік-мәдени білікті дамыту. Білім алушылардың жоғары ойлау
дағдыларын талап ететін оқыту мақсаттарын таңдау ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет