Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


ЕКІНШІ ШЫҒЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (682-744 жж)



бет9/11
Дата24.09.2024
өлшемі3.14 Mb.
#503933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№7 Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік

ЕКІНШІ ШЫҒЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (682-744 жж)
  • 682 жылы Ашина тайпасының көсемі Құтлық Қытайға қарсы жаңа көтерілісті бастады. Қытаймен жүргізген азаттық соғыстың нәтижесінде Моңғолияда мемлекетін құрды. Қытайлар мен тоғыз-оғыздарды бірнеше рет ірі жеңіліске ұшыратты.
  • Орталығы Өтікенде (Хангай тауларында) орналасты.
  • Батыс шегарасы Алтайға жеттті.

САЯСИ ТАРИХЫ
Құтлық Елтеріс Білге
(682-693 жж.)
  • Екінші Шығыс Түрік қағанатының негізін қалаушы, алғашқы қағаны. Ашина тайпасынан шыққан.
  • Құтылық – оның шын есімі, ал «Елтеріс Білге»- елінің басын қосқан білгір данышпан деген лауазымға ие болады.
  • Оның рухани қолдаушысы данышпан Тоныкөк болды.
  • 700 адамнан тұратын көтерілісшілер Қарақұм қаласын басып алып, қатары 5000 –ға жетті. Қарақұмда Елтеріс қаған деген атпен таққа отырды.
  • Бөлініп кеткен түркілерді біріктіру үшін өзінің ордасын түркілердің байырғы отаны Өтікенге көшірді.
  • Тоныкөк ескерткішінде: «Бөд (тақ) киесі қалмады. Орман, тау арасында қалғаны жиылып жеті жүз болды. Екі бөлігі атты адам еді. Бір бөлігі жаяу еді....Біріктірушісі мен едім. Одан соң көктегі Тәңірі білік бергендіктен, өзім құдіретті қағанмен ұғыстым»- деп баяндалады.
  • Білге (Мойынчор) қағанның ескерткішінде: «...Тәңірі күш бергені үшін әкем-қағанның (Елтеріс қаған) әскері бөрі сияқты еді. Жаулары қой сияқты еді.....Жорыққа аттанды. Жиырма рет соғысты.Тәңірі жарылқағаны үшін елді елсіретпеді, қағандықты қағансыратпады.Жауын баз қылды. Тізелі бүктірді, бастыны жүгіндірді.Әкем-қаған елін, (төрін) орнатып, ұша барды»- деп жазылған.
  • «Күлтегін» жазбасы бойынша сыртқы жауға қарсы 47 жорық жасап, ірі-ірі 20 шайқаста түркілер қолын бастап жеңіске жеткен.
  • Құтлық қаған 691 жылы (кей деректерде 693 ж) қайтыс болады. Балалары Мойынчор мен Күлтегін жас болғандықтан, інісі Қапаған таққа отырады.
  • «Құтлық Елтеріс қағанға төрт құбыласымен бірдей шайқасуға тура келді. Табғаш шежірелеріндегі «бүлікші» деп бағалауының себебі де түсінікті де. Құтлық көшпелілердің соғыс тәсілін пайдаланып, қаша жүріп соғысып, күш-қуатын молайтты.... Ордос түбегінен Шығысқа қарай созылған Ұлы Қытай қорғанын бойлай шабуылға шығып, оның бойындағы барлық бекіністердің быт-шытын шығарды.....Ел-жұрты қырып-жоюға аттанған қалың әскердің алдынан шыққан Елтеріс қаған Синьчжоу деген жерде шайқасқа түседі. Өлім мен өмірдің тағдыры шешілетін қанды қырғында Елтеріс қағанның ер жүрек жасағы Қытай әскерін жеңеді». Оқиғаның мерзімі: VІІ ғасыр



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет