Түркілер отырықшы бағынышты халықты тат, яғни тәуелдi алым-салық төлеушiлер деп атады. Түрік қоғамында «Бассыз бөрік болмас, татсыз түрік болмас» деген сөз тіркесі болған.
Экономикасы
Батыс Түрiк қағанаты көшпелiлік дәстүр басым болған Шығыс Түрiк қағанатынан әлдеқайда өзгеше еді. Батыс Түрiк қағанатында көшпелi және отырықшы-егiншiлiктiң бiртұтас жүйесi дамыды. Қағанат халқы қолөнер, сауда, егiншiлiк және малшаруашылығымен айналысты.
Батыс Түрік қағандығында отырықшылық пен көшпелілік қатар дамыды.
VI–VIII ғасырларда Шу алқабында түркі, соғды, сириялықтар мен парсыларқоныстанған 20-ға жуық iрi қалалар мен қоныстар болды. VII ғасырдағы Қытай саяхатшысы Жетiсу өңірінде жер өңдеушілер мен қолөнершілердің көп екенін жазады. Бұл Жетiсуда сауда мен қолөнердің дамығанын көрсетеді.
Түркі рулары мен тайпаларын түркілердің шығу тегінің ортақтығы мен барлық түркілердің бірлігі идеясы байланыстырды. Ол ру жерінің ортақтығымен және әскери олжа мен салықтардан үлес алу құқығымен нығайтылды. Барлық ерлер, оның ішінде бектер мен патшалар да жауынгерлер болып есептелді.
Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бұдұндардың қаған билігіне қарсы көтерілген бірде-бір оқиғасын кездестіре алмады.