4. Тапсырма №1: Жұптық бағалау:
|
Оқушылардың өзара ой бөлісе отырып, бірін-бірі бағалай білу дағдыларын дамыту.
|
Жұптық бағалау процессін бақылайды.
|
Өзара жұптық бағалау жасайды.
|
Үздік жұмыс жасаған жұптар жасыл жалау алады.
|
4 мин
|
5. Зерттеу әдістерімен танысу.
|
Зерттеу жұмысы барысында қажетті басты зерттеу әдістерімен таныстыру.
|
Зерттеу әдістерімен таныстырады, мысалдар келтіріп, түсіндіреді; оқушылардың назарын «таратпа 2» материалына аудартады.
|
Мұғалім тарапынан айтылған ақпаратты тыңдайды, бірге талқылайды.
|
-
|
10 мин
|
6. Тапсырма №2: Топтық жұмыс: ұсынылған зерттеу әдістері мен дағдыларды пайдалана отырып «Әлемде жоқ 1 жануар, 1 геометриялық фигура» ойлап тауып, сипаттама беріп, презентация дайында.
Нұсқаулық:
Аты, атауы;
Сыртқы бейнесі;
Ерекшеліктері(мінезі, қоғамға қажеттілігі, позитивті, негативті жақтары);
Ақпаратты қайдан, кімнен жинақтадыңыз?
Қалай және неге ойлап таптыңыз?
Қандай қорытынды жасай аласыз?
|
Сыныптағы оқушылардың зерттеу дағдылары мен әдістерін түсінгенін тексеру және зерттеуге деген мүмкіндіктері мен шектеуліктерін анықтау.
|
Сыныптың топтық жұмыс жасау картасын көрсетеді; «таратпа 4» материалдарын оқушыларға таратады; тапсырманы түсіндіріп, жұмыс барысында әр топқа барып идеяларын сұрап, талқылайды.
|
Топқа берілген тапсырманы орындайды, бірлесіп талқылайды, өнім жасайды.
|
Үздік жұмыс жасаған топ мүшелері жасыл жалау алады.
|
15 мин
|
|