Негізгі бөлім
|
1. Тайм-менеджмент түсінігі: видеоны талқылау, тайм-менеджмент қағидаттарымен танысу.
|
Кез келген жағдайда, соның ішінде зерттеу жұмысы барысында тайм-менеджменттің қаншалықты маңызды екенін айқындау, талдау.
|
Оқушылармен бірге талқылайды, идеяны дамытуға алғышарттар жасайды; оқушылардың ойын қорытындылап «тайм-менеджмент» сөзіне түсінік береді.
|
Оқушылар видеоны қарайды, сын тұрғысынан ойлап, талқылайды, тақырыпты, тақырыптың мақсатын анықтайды.
|
Басты кілтті идея айтқан оқушыларға жасыл жалау алады.
|
4 мин
|
2. Зерттеу дағдыларымен танысу.
|
Зерттеу жұмысы барысында қажетті басты зерттеу дағдыларымен таныстыру.
|
Зерттеу дағдыларымен таныстырады, мысалдар келтіріп, түсіндіреді; «таратпа 2» материалдарын оқушыларға таратады.
|
Мұғалім тарапынан айтылған ақпаратты тыңдайды, бірге талқылайды.
|
-
|
6 мин
|
3. Тапсырма №1: Жұптық жұмыс: Жұбыңызбен ақылдасып, ұсынылған 11 дағдылардың кем дегенде 4-не мысал келтіріңіз.
|
Түсіндірілген зерттеу дағдыларын нақты оқушы түсінігінде бекіту.
|
Сыныптың жұпта жұмыс жасау картасын көрсетеді; «таратпа 3» материалдарын оқушыларға таратады; тапсырманы түсіндіріп, жұмыс барысында әр жұпқа барып идеяларын сұрап, талқылайды.
|
Жұпта берілген тапсырманы орындайды, бірлесіп талқылайды.
|
Үздік жұмыс жасаған жұптар жасыл жалау алады.
|
2 мин
|
|