Орта мерзімді жоспарлау


Қысқа мерзімді жоспарлау бойынша



бет13/13
Дата04.09.2023
өлшемі0.61 Mb.
#476460
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
A есебі Калиаскарова

Қысқа мерзімді жоспарлау бойынша:
Қысқа мерзімді жоспар бойынша 7 «С» сыныбына «Зерттеу: түсінігі, кезеңдері, формалары» тақырыбы алынды. Сабақтың басты мақсаты «тайм-менеджментті ескере отырып, зерттеу жұмысын жүргізуде зерттеу әдістері мен дағдыларын қолдану қаншалықты маңызды?» зерттеу сұрағына сүйене отырып, тайм-менеджментті ескере отырып, зерттеу жұмысын жүргізу, мақсаттарға қолжеткізуді дамыту. Және де алдағы уақытта жүргізілетін «Түбі бір түркі халықтары» топтық зерттеу жоба жұмысына тікелей дайындық ретінде жоспарланды.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру, сыныптың назарын ортақ нүктеге аударту мақсатында «Біз білмейтін 5 қызықты факт» бөлімі өткізіледі. Бұл бөлімде алдын-ала келісілген тізім бойынша, әр сабақтың алғашқы минуттарында 1 оқушы 5 әлемдегі қызықты фактілермен бөліседі. Осы сабақта тізім бойынша Авокадо деген оқушының кезегі келеді. Осы ұйымдастыру бөлімі нәтижесінде оқушылар қызықты фактілермен танысып, ойлары жинақталады деп жоспарланды. Бұл жерде «оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулі көрініс табады. Себебі, оқушының аудиторияны қарата алуы, өз идеясын толық, нақты жеткізе алуы осы модуль арқылы іске асады. Сонымен қатар, «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі де қызықты фактілерді талдау, оны саралап таңдауда көрініс табады деп жоспарлап отырмын.
Миға шабуыл ретінді оқушыларға видео материал ұсынылады. «Видеода қандай әрекеттер орын алды?», «Видеодағы басты субьект кім? Неге?», «Осы субьектінің қандай да бір мақсаты бар ма?», «Осы субьектінің әрекетін 1 сөзбен қалай сипаттауға болады?» сұрақтарға жауап беріп, талқылау арқылы оқушылар «сыни тұрғыдан ойлануға үйрету» модулі бойынша тиісті сұрақ қоя білу дағдыларын дамытады (МАН, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016, 45 б.). Және де орындалатын тапсырмаларды дұрыс бағытта түсіну үшін командалық терминдерді қайталау жоспарланды.
Негізгі бөлімде жүргізілетін жұмыс 8 саты бойынша жоспарланып отыр. 1. Тайм-менеджмент түсінігі: видеоны талқылау, тайм-менеджмент қағидаттарымен танысу. Кез келген жағдайда, соның ішінде зерттеу жұмысы барысында тайм-менеджменттің қаншалықты маңызды екенін айқындау, талдау; 2. Зерттеу дағдыларымен танысу. Зерттеу жұмысы барысында қажетті басты зерттеу дағдыларымен таныстыру; 3. Тапсырма №1: Жұптық жұмыс: Жұбыңызбен ақылдасып, ұсынылған 11 дағдылардың кем дегенде 4-не мысал келтіріңіз. Түсіндірілген зерттеу дағдыларын нақты оқушы түсінігінде бекіту. Осы жұмыс барысында оқушылар ұсынылған зерттеу дағдыларын Флейвелл (1976) өткізген кең көлемді метатану зерттеулерінде ұсынған есте сақтау тапсырмасы ескеріді (МАН, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016, 35 б.). 4. Тапсырма №1: Жұптық бағалау: Оқушылардың өзара ой бөлісе отырып, бірін-бірі бағалай білу дағдыларын дамыту.

  • Келтірілген мысалдардың зерттеу дағдыларына сәйкестігі;

  • Кем дегенде 4 мысал;

  • Жұпта ұтымды шешім қабылданып, өнімді жұмыстың жасалуы;

  • Өз мысалдарын нақты, түсінікті жеткізу;

  • Уақытты тиімді пайдалану.

5. Зерттеу әдістерімен танысу. Зерттеу жұмысы барысында қажетті басты зерттеу әдістерімен таныстыру; 6. Тапсырма №2: Топтық жұмыс: ұсынылған зерттеу әдістері мен дағдыларды пайдалана отырып «Әлемде жоқ 1 жануар, 1 геометриялық фигура» ойлап тауып, сипаттама беріп, презентация дайындау. Сыныптағы оқушылардың зерттеу дағдылары мен әдістерін түсінгенін тексеру және зерттеуге деген мүмкіндіктері мен шектеуліктерін анықтау; Осы жұмыс барысында оқушылар екі модуль бойынша жұмыс атқарады. Яғни, өз идеяларымен бөлісу, оқу пирамидасы бойынша өзгелерді оқыту, тәжірибе жасау, талқылау сатыларын қолданады (МАН, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016, 31 б.). Сонымен қатар, топтық жұмыста ЖАДА тәсілі арқылы оқушылар топтық жұмыста бір-біріне қолдау көрсетеді және мұғалім тарапынан да сұрақ қою арқылы көмек беріледі (МАН, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016, 37 б.). Сонымен қатар, «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модульі бойынша оқушылар тапсырманы орындау барысында ортақ идея шығару үшін Месердің сыныпта талқылау кезінде ұсынған әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме дәйектеулерін қолданады (МАН, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016, 47 б.). 7. Тапсырма №2: жұмысты жариялау. Тапсырма №2 бойынша өз өнімдерін презентациялау барысында коммуникациялық дағдыларын дамыту. 8. Тапсырма №2: Топтық бағалау. Әр топ өз дауысын бір ғана топқа беру арқылы бағаланады. Оқушылардың өзара ой бөлісе отырып, бірін-бірі бағалай білу дағдыларын дамыту. Осы жұмыс барысында оқушылар «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модульі бойынша оқу практикасы және нәтижелерді бағалау мүмкіндіктерін қолданады (МАН, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016, 32 б.).
Критерийлері:

  • Өз идеясын түсіндіре білуі;

  • Шығармашылығы;

  • Баяндау шеберлігі;

  • Уақытты тиімді қолдануы;

  • Топ мүшелерінің қатысу деңгейі.

Қорытынды бөлімде сабақ барысында өткен ақпараттарды зерттеу сұрағына жауап беру арқылы талқылау жоспарланды. Яғни, «Тайм-менеджментті ескере отырып, зерттеу жұмысын жүргізуде зерттеу әдістері мен дағдыларын қолдану қаншалықты маңызды?» зерттеу сұрағына дәлдеме келтіріп, 2 сөйлеммен жауап беру.
Осы сабақ барысында оқшылар үйренген немесе дамытқан дағдыларын алдағы топттық зерттеу жұмысында ұтымды қолдана білуі және продуктивті жұмыс жасаулары жоспарланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет