Ортағасырлық қала Ұтырлы (Үтіртөбе)



бет2/3
Дата07.02.2024
өлшемі26.54 Kb.
#491021
1   2   3
Үтіртөбе қаласы

Қолданылған әдебиеттер.



  1. Ғ.Байпақов, А.Нұржанов «Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан», Алматы, 1992ж.

  2. Қазақстанның тарихи ескерткіштерінің жинағы, І том.Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы, 1994ж.

  3. Ә.Нысанбаев «Қазақстан»: «Ұлттық энциклопедиясы», Алматы ІV том.1998ж.

  4. Ислам Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2010ж.


САЙРАМ ӨҢІРІНДЕГІ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІҢ ТАРИХЫ
(Ибраhим ата, Қарашаш ана кесенелері)

«Жол-көлік колледжі», Шымкент


Студент: Нұрлан Мұсабек, ТҰРАТ 9-181 тобы
Жетекшісі: Бекболат Айжан Құдайбергенқызы

«Түркістанда Түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб» демекші, Оңтүстік Қазақстан облысында киелі орындар көптеп кездеседі.


Сайрам –сансыз баптар мекені деп бекер аталмайды.Себебі, бұл өлке киелі де, шежіресі мол аймақ. Тарихы тереңде жатқан Сайрам қаласында мәдени-тарихи орындар көптеп кездесетіні баршамызға мәлім. Қазы Байзави әулие, Сүзік ата, Ибраhим ата кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қыдыр мешіт мұнарасы т.б. Сайрам қаласының аумағында тарихи мекендер мен қалашықтар, сонымен қатар архитектуралық және қала құрылысының ескерткіштері бар.Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан бұл көне қалада Ибраhим ата және Қарашаш ана кесенелері орналасқан.Бұл ескерткіштерді араламай, Түркістан саяхаты толық болмайды.
Ибраhим ата кесенесі- Орта ғасырларда ислам дінін насихаттау орталықтарының біріне айналған көне Сайрамда көптеген діни ғұламалар, ұстаздар пайда болған.Солардың бірі- атақты Қожа Ахмед Яссауидің әкесі Ибраhим ата діни көсем әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған.Ол жасаған ХІ ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болған. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Сонымен қатар ел арасында ол кісінің әулиелік, көріпкелдік кереметтері туралы аңыздар тараған. Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер өңдеуші болды. Халық арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы аңыздар тараған. Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады.
Сайрамда бүгінгі күнге дейін Ибраһим Ата мен оның зайыбы Айшаның мазарын құрмет тұтады. Ибраһим Ата – бізге жеткен аңызға қарағанда “төрт әділ халифтің” төртіншісі Әли Әбу Талибтің ұрпағы болып келетін Ысқақ бабтың 13-ші ұрпағы. Ибраһим Ата және оның баласы Қожа Ахмет Иасауи – қазақ жерінде исламды таратуда шешуші рөл атқарған.
Кесене бір камералы, шаршы түріндегі құрылыс. Ибраһим ата кесенесінің алаңы 7,2х7,2 м, ал ұзындығы — 8,25 м. Имарат бір орын-жайы бар екі деңгейлі болып келеді. Оңтүстік жағында кіреберіс, батыс жағында ағаш жақтаулы терезе орналасқан. Ішкі қабырғалары әрленген, еден кірпішпен қапталып үстінен цемент араластырылған балшықпен сыланған. 50-жылдары күмбез құлағаннан кейін кесене төбесі ақ жапырақты қаңалтырмен қапталып, ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Ұзақ уақыт бойы жолдың шетіндегі төбеде тұрған кесене қатерлі жағдайда болды. 90-жылдары жолды 20 метрге ауыстыруға және кесене негізін топырақ қатпарымен бекітуге қаржы бөлінді.
Қарашаш ана кесенесі- Қарашаш ананың шын есімі Айша бибі сайрамдық атақты Мұса шейхтің қызы болған. Айша бибі өмір сүрген ХІ ғасырда өлкемізде ғылым мен өнердің, мәдениеттің дамыған кезі еді.Ұлы ғұлама Қожа Ахмедтің анасы өз дәуірінің көзі ашық, әдепті, білімді әйелдерінің бірі болды.Қарашаш ананы бүкіл түркі әлемі ардақ тұтады.
Қарашаш ананың қабірстандағы ол кісіге қатысты Ибрагим қожа, Сүлеймен қожа, Сәлім қожа және Дәуіт қожа сынды жандардың да қабірлері қойылған.
Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай типі кейінгі ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ, құрылыс барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ. Құрылыста қолданылған ағаш бөлшектер және ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеді. Кесененің өлшемі 6,3 х 6,3 метр. Ғимарат бұрыш қалқандарына негізделген барабанда тұрған күмбезбен аяқталады. Күмбез биіктігі 7,08 метр. 1996 жылы күмбезді жапырақты ақ қаңалтырмен қаптады. Оңтүстік жіне оңтүстік-батыс қасбеттері ұзын сүйірленген текшелері бар порталдармен безендірілген. Алдыңғы жазықтықтары терең емес сүйірленген және тікбұрышты текшелермен әшекейленген. Кесененің оңтүстік және батыс жақтарында кіреберіс есіктер бар.
Ішкі бөлігінде күмбез ұшы сыланған, кіреберіс үстіндегі жарық саңылауы ағаштан жасалған панжар торымен жабылған. Құм тығырындағы едендер кірпіштен қаланған. Кесененің орталық бөлігінде мрамор тақтайшаларымен қапталған Қарашаш ананың бейіті орналасқан.
Осы жұмыстар барысында ашылған археологиялық сипаттағы элементтер мен құрылымдарды Оңтүстік Қазақстан облысының туристік нысандарына қосуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет