Доңғалақ жұбының құрылысы, ТПЕ талаптары Әр доңғалақ жұбы Жылжымалы құрамның доңғалақтар жұптарын
тексеру, куәландыру, жөндеу және қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта
белгіленген талаптарды қанағаттандыруы және оның өсінде доңғалақ
жұбының қалыптастырылуының және толығымен куәландырылуының
уақыты мен орны туралы анық қойылған белгілері, сондай-ақ оның
қалыптастырылу кезіндегі қабылданғаны жөніндегі таңбасы болуы тиіс.
Белгілер мен таңбалар белгі салу ережелерімен қарастырылған тұстарына қойылады. Доңғалақ жұптары белгіленген тәртіппен жылжымалы құрамның астындағы тексеруден, дағдылы және толық куәландырудан өтуі, ал домалатып қою кезінде (подкатка) тиісті журналдарда немесе паспорттарда тіркелуі тиіс.
Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырларының
арасындағы қашықтық 1440мм болуы тиіс. Жылжымалы құрамды, сонымен қоса арнайы жылжымалы құрамды, егер оның доңғалақ жұбы өсінің кез келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжы-
малы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұптарының
келесі тозулары және зақымдануы кезінде пайдалануға беруге және поездармен жүруіне жіберуге тыйым салынады;
а) қозғалыс жылдамдықтары 120 км/сағ жоғары, 140 км/ сағ дейін кезінде:
локомотивтердің, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы вагондарының домалау шеңбері бойынша желінуі 5 мм-ден астам болғанда; жалдың биіктігі 30мм кезінде жалдың басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жалының биіктігі 28 мм жылжымалықұрамда — жалдың басынан 18мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалындығы 33 мм-ден астам немесе 28мм-ден кем болғанда;
б) қозғалыс жылдамдықтары 120 км/сағ дейін кезінде:
домалау шеңбері бойынша желіну локомотивтерде, сондай-ақ моторвагондық жылжымалы құрамда және алыссапарлы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында — 7 мм-ден астам, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда, жергілікті және қаламаңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында — 8 мм-ден астам, тоңазытқыштық парк вагондарында және жүк вагондарында — 9 мм-ден астам болғанда; жалдың биіктігі 30 мм кезінде жалдың басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жалының биіктігі 28 мм жылжымалықұрамда - жалдың басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың 60 қалындығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса;
в)арнайы қимаүлгімен өлшенетін жалдың вертикальді қиылуының биіктігі 18 мм-ден астам болғанда;
г)локомотивтерде, моторвагонды және арнайы жылжымалы құрамда,
сондай-ақ роликтік букс подшипниктері бар паровоздардың тендерлерінде және вагондарда 1 мм-ден астам, ал тендерлерде 2 мм-ден астам сырғақ(ойық) сырғанау бетінде болғанда.
Роликтік букс подшипниктері бар моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонынан немесе тендерден басқа вагонның жолда келе жатқанында тереңдігі 1 мм-ден асатын, бірақ та 2 мм-ден астам емес сырғағы (ойығы) анықталғанда, мұндай вагонды (тендерді) поездан ағытпай (жолаушы поезын 100 км/сағ аспайтын жылдамдықпен, жүк поезын — 70 км/сағ аспайтын жылдамдықпен) доңғалақ жұптарын ауыстыру құралдары бар ең жақын техникалық қызметкерсету пунктіне жеткізуге рұқсат беріледі.
Сырғақтың мөлшері, моторвагонды жылжымалы құрамның вагонынан басқа вагондарда 2-ден 6 мм-ге дейін, моторвагонды жылжымалы құрамның локомотивінде және моторлы вагонында, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда 1-ден 2 мм-ге дейін болғанда, поездың ең жақын станцияға дейін 15 км/сағ жылдамдықпен жылжуына, ал сырғақтың мөлшері тиісінше 6-дан жоғары 12 мм-ге дейін және 2-ден жоғары 4 мм-ге дейін болғанда - 10 км/сағ дейінгі жылдамдықпен, доңғалақ жұбы ауыстырылуы тиіс ең жақын станцияға жетуіне рұқсат етіледі. Сырғақтың мөлшері вагон мен тендерде 12 мм- ден астам, моторвагонды жылжымалы құрамның локомотивінде және моторлы вагонында 4 мм-ден астам болғанда доңғалақ жұбының көтерілуі немесе доңғалақ жұбының айналуына мүмкіндік бермеу шарты орындалған жағдайда 10 км/сағ жылдамдықпен жылжуына рұқсат беріледі. Бұл ретте локомотив поездан ағытылуы, ал зақымданған доңғалақ жұбының тежегіш цилиндрлері және тартымлық электрқозғалтқышы (электрқозғалтқыштарының тобы) істен ажыратылуы тиіс.
Жүк вагондарын жолаушы поездарының құрамына қосқанда олардың доңғалақ жұптарын күтіп ұстау нормалары жолаушы поездары үшін белгіленген нормаларын қанағаттандыруы тиіс.